Ағзалардың жеке дамуы – онтогенез


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

АҒЗАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ДАМУЫ - ОНТОГЕНЕЗ

Лекцияның мақсаты:

1. Гаструла.

2. Мүшелердің дамуы.

3. Постэмбриондық даму.

Ұрықтанғаннан кейінгі жасушаны зигота деп атайтындығы баршамызға белгілі. Ағзаның жеке дамуы немесе онтогенез - ұрықтанудың соңынан жүретін күрделі өрекет.

Онтогенез екі кезеңнен тұрады: эмбриондық (ұрықтық) даму және постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму, яғни ағзаның жұмыртка қабығын жарып шыкқаннан кейінгі кезеңі.

Сары уызы мол жұмыртқа жасушаларының тек цитоплазманың ядро орналасқан үстіңгі жақ бөлігі ғана бөлшектенеді, ал сары уызы бөлшектенбейді. Бұған құс жұмыртқасының жасушасы мысал бола алады. Сары уызы аз жұмыртқа жасушалары толық бөлшектенеді, оны қандауыршаның жұмыртқа жасушалары мысалында қарастырайық. Зигота митоз жолымен бөліне отырып, бірінен соң бірі үлкендіктері бірдей бөлшектерге айналады - осы әрекетті бөлшектену деп атайды.

Ұрықтанған жасуша, яғни зигота 52-суреттен көріп отырғандай әуелі бойлай бөлініп екіге, одан кейін осылардың өрқайсысы бойлай бөлініп төрт жасуша түзіледі. Бұдан кейінгі бөліну көлденен бағытта жүріп сегіз жасуша қалыптасады. Одан әрі бойлай бөліну мен көлденен бөліну кезектесіп, нәтижесінде 16, 32, 64, 128, т. б. бластомерлерге айналады. Осындай митоз жолымен бөлінудің нөтижесінде пайда болған белшектерді бластомерлер деп атайды. Алғашқы бластомерлердің санының өсуі геометриялык прогрессияға сай келеді. Бөлшектену жедел жүретін болғандықтан, бластомерлер өспейді, керісінше олардың көлемі кішірейе түседі. Бөлшектенудің нәтижесінде пайда болған жасушалардан іші қуыс шар түзіледі. Бұл бір қабатты ұрық - бластуланың қалыптасқандығын көрсетеді. Сонымен, бөлшектену кезеңі шар тәрізді бластуланың қалыптасуымеи аяқталады. Жасушалар әрі қарай бөліне береді де, дамудың келесі кезеңі басталады.

Дамудың келесі сатысында бластула қабатының қабырғасы ішке қарай жиырылу арқылы жасушаның ішкі қабаты пайда болады. Осының нәтижесінде қос қабат қалыптасады. Мұндай қос қабатты даму сатысын гастурал деп атайды. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары депте аталады. Гаструладағы жасушаның сыртқы қабатын- эктодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды.

Ішкі кабат - энтодерма немесе ішкі ұрық жапырақшасы деп аталады. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішек қуысы болып саналады, ат оның сыртқа ашылатын тесігі бірінші реттік ақуыздың бастамасы.

Губкалар және ішекқуыстылардан басқа көпжасушалы жануарлардың ұрығында үшінші ұрық жапыракша қалыптасады, оны мезодерма қабаты деп атайды. Мезодерма сыртқы және ішкі ұрық жапырақшасының, яғни эктодерма және энтодерма қабаттарының арасында калыптасады.

Гаструла сатысы аяқталғаннан кейін де жасушаның бөлінуі жүре береді, бұдан кейінгі сатыны - нейрулла деп атайдыі Бұл сатының негізгі ерекшелігі, осы кезден бастап келешек дернесілдің (личинканың) немесе ересек ағзаның жеке мүшелері қалыптаса бастайды. Нейрулла сатысында эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі. Осы жасушалардан жүйке тақташасы түзіледі де, соңынан ол жүйке түтігіне айналады. Бұл ми мен жұлынның дамуына бастама береді. Мидың дамуына байланысты эктодерма кабатының басқа бөлімінен ер түрлі мүшелер пайда болады. Мәселен, ми бөлімінің алдыңғы жағынан бокал тәрізді екі кездің бастамасы біліне бастайды. Сыртқы жабын тері мүшесі, есту мүшесі және иіс сезім мүшелері пайда болады, осыдан кейін ұрықтың дамуы жеделдей түседі екен. Дәл осы мерзімде энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен ішкі мүшелерінің бастамасы алғашқы ішектің асқорыту жүйесі, екпе, бауыр, ұйқыбез, т. б. дами бастайды.

Ортаңғы қабат мезодермадан алдымен желі, бұлшықет, шеміршек жене каңқа, бүйрек сол сияқты болашақ ағзаның қантамырлар жүйесі дамиды.

Жасушадағы эмбриондық даму басталған кезде мүшелердің дамуын қамтамасыз ететін хромосомалардың әр түрлі кесіндісінің (әр түрлі ген) жұмысы күшейе түседі. Осының нәтижесінде жасушадағы акуыз синтезінің қарқыңдылығы да артады. Көптеген жануарлардың ұрықтық дамуының алғашқы сатылары өзара ұқсас болады. Мұның өзі жер шарындағы тірі ағзалардың шығу тегінің бір-біріне байланысты екенінің бір делелі болып табылады.

Постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады. Постэмбриондық даму екіге белінеді:

1) дұрыс даму, мұнда ағза ересек түріне ұқсап туады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтогенездің генетикалық негіздері
Геннің әрекеті
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Эволюциялык идеялар
Генетикалық ақпарат және онтогенез
Жеке даму түсінігі және оның кезеңдері
Дамудың қатерлі кезеңдері
Онтогенез және филогенез
Төлдің даму кезеңдері
Жасушалардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz