Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...3
1 Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
1.1 Коммерциялық емес ұйымның ұғымы мен ерекшеліктері ... ... ... ... .7
1.2 Коммерциялық емес ұйымдар мәртебесін реттейтін нормативтік актілер ... ... ..10
1.3 Коммерциялық емес ұйымдарының ұйымдастыру.құқықтық нысандары ... ... .12
2 Коммерциялық емес ұйымды құру, қайта ұйымдастыру және тарату
2.1 Коммерциялық емес ұйымды құру ... ... 32
2.2 Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... 42
2.3 Коммерциялық емес ұйымды тарату .
3 Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
3.1 Корпорациялық табыс салығы ... ...51
3.2 Әлеуметтік салық ... ... ... ... ... ... ..62
3.3 Жер салығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
Қорытынды ... ... ... ... ... .69 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ..72
Қосымшалар ... ... ... ... ..74

XX ғасырдан XXI ғасырға аяқ басар алдында Қазақстанда орын алған демократиялық тың өзгерістер экономика, саясат және сонымен бірге, құқық саласын да қоса қамтығаны белгілі. Бұл реформалардың ең басты бағыттарына мыналарды, яғни жеке меншікке құқықты тану, жеке меншікке кепілдік беру, жеке меншікті қорғау, азаматтардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігін құқықпен қамтамасыз ету және әлеуметтік құрылымға әлемнің озық үлгідегі жаңа әрі маңызды институттарын ендіру, оларды нығайтуға, дамытуға бағытталған шараларды т.б. жатқызуға болады.
Осы бір кезеңдер аралығында Қазақстанның цивилистика саласында да тарихи маңызы бар тың өзгерістер орын алған болатын, мәселен, мүліктік қатынастардың субъектілер құрамы өзгеріп, дәстүрлі заңды тұлғалар институты елеулі өзгерістерге ұшырады. Алайда, еліміздің тәуелсіздігінің осы алғашқы жылдарында коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын айқындап, олардың қызметін реттейтін біршама азаматтық заңдарда елеулі олқылықтар мен сан-түрлі қарама-қайшылықтар көптеп кездесіп жатты. Өкінішке орай, тіпті сол кемшіліктердің кейбіреулері бүгінгі күнге дейін өзінің оң шешімін тапқан жоқ. Бұл мәселелер әрине, байсалды құқықтық сараптауды қажет етіп, сөзсіз кешенді ғылыми зерттеулерге сұраныс тудырады. Айтылған бұл мән-жайлар осы ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін айқындайтын басты негіздердің бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазақстандық авторлардың коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандарының кейбір жеке мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми еңбектерін есепке алмағанда, өкінішке орай, коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы Қазақстанда бүгінгі күнге дейін кешенді түрде әлі терең зерттеліп, дербес ғылыми зерттеудің пәні болған емес.
Біріншіден, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қоғамымызда қалыптасқан сол кездегі объективті әлеуметтік, экономикалық, саяси және құқықтық факторлар коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын зерттеуге нақты әлеуметтік, экономикалық, сәйкесінше, қандайда бір құқықтық қажеттілік, басқаша айтқанда, жалпы қоғамдық сұраныс туындаған жоқ. Мұндай жағдай әрине, тек Қазақстанда ғана қалыптасып қойды деуге болмайды, мәселен, ТМД-ға мүше елдердің басым көпшілігіне тәне құбылыс еді.

1.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім)
1994жыл 27 желтоқсан №269-XIII
2.Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001жыл 16 қаңтар №142-11 Заңы
3.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
4.Қазақстан Республикасының Салық Кодексі
5. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996жыл 31 мамыр №3-1 Заңы
6.Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» 2002 жыл 15 шілде №344-2 Заңы
7.Қазақстан Республикасының «Кәсіби одақтар туралы» Заңы
8.Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік мекеме ережесін дайындау және мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің үлгілі жарғысын бекіту туралы» 1999жыл 12қаңтар №112 Қаулысы
9.Қазақстан Республикасының «Ауыл тұтыну кооперациясы туралы» Заңы
10.Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы
11.Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы
12.Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы»Заңы
13.Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы
14.Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы»
15.Қазақстан Республикасының «Бағалау қызметі туралы» 2000жыл 30 қарашадағы Заңы
16.Қазақстан Республикасының«Діни бірлестіктер туралы»1992 жылғы 15қаңтардағы Заңы
17.Қазақстан Республикасының «Тұтыну кооперативтері туралы»2001жылғы 8мамыр №197-2 Заңы
18.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
19.Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы»Заңы
20.Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге төленетін төлемдердің ставкаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 19желтоқсан №1660 Қаулысы
21.Ғ.Тілеуғалиев Азаматтық құқық (Жалпы бөлім) Жеті жарғы 1том,2002ж. 131-137б
22.«Гражданское право» 1том Ответ.ред: М.К.Сулейменов,Ю.Г.Басин Алматы «КазГЮА» 2000г. 200-215ст.
23.«Гражданское право» Ответ.ред: А.Т.Диденко,Ю.Г.Басин,О.С.Иоффе и др. Алматы «КазГЮУ» 1999г. 60-66ст.
24.«Гражданское право Республике Казахстан» 1том. Ответ.ред: Г.И.Тулеугалиев, К.С.Мауленов Алматы 1998г.146-147ст.
25.«Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика его применение» Материалы семинаров Алматы 1996г. 74-75ст.
26.«Гражданское право» Под ред: Док.юрид.наук,проф. Ю.Толстого, Док.юрид.наук,проф. А.П Сергеева Санк Петербург 1996г. 144-151ст.
27.«Гражданское право» 1том Ответ.ред:Е.А.Суханов Москва 1994г. 88-89ст.
28.«Гражданское право»Учебник Под ред: Док.юрид.наук,проф. Ю.Толстого, Док.юрид.наук,проф. А.П Сергеева Москва 1999г. 1771-183ст.
29.«Азаматтық құқық» Н. Батырбаев Түркістан
30.Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры акционерлік қоғамын құру туралы» 2004ж. 27 ақпандағы №237 Қаулысы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
1.1 Коммерциялық емес ұйымның ұғымы мен ерекшеліктері ... ... ... ... .7
1.2 Коммерциялық емес ұйымдар мәртебесін реттейтін
нормативтік
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 10
3. Коммерциялық емес ұйымдарының ұйымдастыру-
құқықтық
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...12
1. Коммерциялық емес ұйымды құру, қайта ұйымдастыру және тарату
2.1 Коммерциялық емес ұйымды
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.2 Коммерциялық емес ұйымды қайта
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... 42
2.3 Коммерциялық емес ұйымды тарату
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
3 Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
3.1 Корпорациялық табыс
салығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 51
3.2 Әлеуметтік
салық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...62
3.3 Жер
салығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..67
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 74
Кіріспе
Диплом жұмысының өзекті мәселелері. XX ғасырдан XXI ғасырға аяқ басар
алдында Қазақстанда орын алған демократиялық тың өзгерістер экономика,
саясат және сонымен бірге, құқық саласын да қоса қамтығаны белгілі. Бұл
реформалардың ең басты бағыттарына мыналарды, яғни жеке меншікке құқықты
тану, жеке меншікке кепілдік беру, жеке меншікті қорғау, азаматтардың
кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігін құқықпен қамтамасыз ету және
әлеуметтік құрылымға әлемнің озық үлгідегі жаңа әрі маңызды институттарын
ендіру, оларды нығайтуға, дамытуға бағытталған шараларды т.б. жатқызуға
болады.
Осы бір кезеңдер аралығында Қазақстанның цивилистика саласында да
тарихи маңызы бар тың өзгерістер орын алған болатын, мәселен, мүліктік
қатынастардың субъектілер құрамы өзгеріп, дәстүрлі заңды тұлғалар институты
елеулі өзгерістерге ұшырады. Алайда, еліміздің тәуелсіздігінің осы алғашқы
жылдарында коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын айқындап, олардың
қызметін реттейтін біршама азаматтық заңдарда елеулі олқылықтар мен сан-
түрлі қарама-қайшылықтар көптеп кездесіп жатты. Өкінішке орай, тіпті сол
кемшіліктердің кейбіреулері бүгінгі күнге дейін өзінің оң шешімін тапқан
жоқ. Бұл мәселелер әрине, байсалды құқықтық сараптауды қажет етіп, сөзсіз
кешенді ғылыми зерттеулерге сұраныс тудырады. Айтылған бұл мән-жайлар осы
ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін айқындайтын басты
негіздердің бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазақстандық авторлардың
коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандарының кейбір
жеке мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми еңбектерін есепке алмағанда,
өкінішке орай, коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы Қазақстанда
бүгінгі күнге дейін кешенді түрде әлі терең зерттеліп, дербес ғылыми
зерттеудің пәні болған емес.
Біріншіден, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қоғамымызда қалыптасқан
сол кездегі объективті әлеуметтік, экономикалық, саяси және құқықтық
факторлар коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын зерттеуге нақты
әлеуметтік, экономикалық, сәйкесінше, қандайда бір құқықтық қажеттілік,
басқаша айтқанда, жалпы қоғамдық сұраныс туындаған жоқ. Мұндай жағдай
әрине, тек Қазақстанда ғана қалыптасып қойды деуге болмайды, мәселен, ТМД-
ға мүше елдердің басым көпшілігіне тәне құбылыс еді.
Екіншіден, осы аталған кезеңдер аралығында, Қазақстанда жарық көрген
ғылыми еңбектерде, негізінен коммерциялық ұйымдарға басым көңіл бөлініп,
өкінішке орай, коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан цивилистерінің назарынан
тыс қалып қойғанды. Соның салдарынан коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық
жағдайын зерттеуге ғылыми негіз боларлықтай отандық цивилистикалық
ізденістер нәтижелерінің қоры әлі аз болатынды. Алайда, отандық заңгер
ғалымдар тарапынан байқалған мұндай енжарлық, коммерциялық емес ұйымдардың
қоғам өміріндегі рөлі мен маңызын кем бағалауға негіз бола алмайды.
Үшіншіден, соңғы жылдары елімізде, саяси, әлеуметтік және нарықтық
экономикалық қатынастардың жылдам қарқынмен дамуы коммерциялық емес
ұйымдардың қызметін реттейтін, ертеректе қабылданып, қазірге дейін
қолданыстағы кейбір заңнамалардың мазмұндық сапасының ескіруі біздер
қарастырмақ болып отырған бұл тақырыптың өзектілігінің басты себептерінің
бірі болып табылады. Төртіншіден, зерттеу тақырыбының өзектілігін
коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу мәселесінің, бүгінде,
тек ұлттық заңнама шеңберінде ғана қалып қоймай, сондай-ақ халықаралық-
құқықтық өлшем сипатына ие болып отырғандығы және де коммерциялық емес
ұйымдардың тек мемлекеттің ішкі саясатына ғана емес, сыртқы саясатына да
елеулі ықпал ете бастағандығы айқындайды. Сонымен бірге коммерциялық емес
ұйымдар қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде де төтенше маңызды
рөл атқаруда.
Міне осы аталған және өзге де мән-жайлар Қазақстандағы коммерциялық
емес ұйымдардың қызметінің құқықтық реттелуінің өзектілігін айқындап, осы
құрылымдардың құқықтық жағдайының теориялық мәселелері кешенді зерттеуді
қажет ететіндігін көрсетеді.
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметінің құқықтық реттелуі жалпы
азаматтық құқықтың заңды тұлға институтының ең ауқымды әрі күрделі, өткір
де өзекті мәселелердің бірі деп қарастыруға толық негіз береді. Қазақстанда
коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы азаматтық құқық ғылымы
тұрғысынан кешенді түрде әлі күнге дейін толыққанды зерттелген емес, сол
себептен де бұл салада ғылыми зерттеу сипатындағы арнайы кешенді еңбектер
мен диссертациялық зерттеулер жоқ. Ал кеңес дәуірі кезінде заңнамада
коммерциялық емес ұйым деген ұғым мүлдем қарастырылмаған болатын, сол
себептен де, мұндай құрылымдарды құқықтық-теориялық тұрғыдан қарастыру
мүмкін болмады. Мұндай мүмкіндік, тек 90-шы жылдардың басында, яғни
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, нақты
айтқанда, 1994 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі (жалпы бөлім) қабылданғаннан кейін ғана пайда болды, яғни осы
кезеңнен бастап ресми түрде, кодексте алғаш рет коммерциялық емес
ұйымдар деген заңды тұлға түрі қарастырылды. Міне тек осы кезден бастап
жағдай оң бағытта едәуір өзгерді деп айтуға болады, яғни қазақстандық
цивилистердің назарына алғаш рет, ішінара болса да коммерциялық емес
ұйымдар деген феномен іліге бастады. Мәселен, 1998 жылы М.С. Уақпаев
Правовое регулирование деятельности товарных бирж в Республике Казахстан
тақырыбына, 1998 жылы Ж.Қ. Сүтемгенова Правовой режим профсоюзной
собственности тақырыбына, ал 2000 жылы А.Т. Жусупов Исправительные
учреждения и предприятия уголовно-исполнительной системы МВД Республики
Казахстан как субъект гражданского права тақырыбына диссертациялық зерттеу
жүргізді. Алайда, осы диссертациялық зерттеулердің тақырыптары көрсетіп
отырғандай, аталған жұмыстарда коммерциялық емес ұйымдардың жалпы
құқықтық жағдайы емес, тек осы құқықтық құрылымдардың жекелеген ұйымдық-
құқықтық нысандарының құқықтық мәртебесін немесе олардың қызметіне қатысты
жекелеген азаматтық-құқықтық мәселелері ғана зерттелгенін айта кету керек.
Тағы бір айтарымыз, бұл ғылыми еңбектер тек орыс тілінде ғана жарық көрген-
ді. Міне осылардың негізінде біздер Қазақстандағы коммерциялық емес
ұйымдардың құқықтық жағдайының зерттелу деңгейін бұл күнде қанағаттанарлық
деңгейде емес деп бағалаған болар едік.
Жалпы Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық
жағдайын зерттеумен, дәлірек айтқанда осы салаға қызығушылық танытып,
аталған ұйымдардың жалпылай немесе кейбір ұйымдық-құқықтық нысандарының
жекелеген құқықтық-теориялық мәселелерін қарастырғандардың қатарында,
отандық авторлардан: Ю.Г.Басин, М.Т.Балкен, И.П.Грешников,А.Г.Диденко,
Д.М.Еспаева, И.У. Жанайдаров, А.Б. Жанабилова, А.Т. Жусупов, Б.Г. Жүсіпов,
Н. Жотабаев, З.Н. Зайруллина,С.М. Золотников, К.М.Ильясова, С.И.Климкин,
Т.Г. Квятковская Ө.С.Қыстаубай, А.К.Кусаинова, А.Г.Косиченко, Г.М.
Кужукеева, А.И. Карномазов, Р.А. Маметова, В.В. Момонов, Қ.С. Мәуленов,
В.П. Ни, Р.А. Подопригора, З.Ш. Рашидова, С.Т. Раисова, М.К.Сүлейменов,
С.В.Скрябин, Ж.Қ.Сүтемгенова, У.М.Стамкулов,Ғ.И.
Төлеуғалиев, Ф.А. Тлегенова, Ж. Татимова, М.С. Уақпаев,
О. Фоменко т.б. бар. Ал, Ресейлік және ТМД-ға мүше өзге елдердің
авторларынан С.С.Алексеев, М. Брагинский, В.В.Бараненков, С.Н.
Братусь, А.В. Венедиктов, В.В. Витрянский, Д.М. Генкин, О.Г. Доркин, А.А.
Дарков, Н.Д. Егоров,И.В. Елисеев, А.Г. Жафияров, В.В. Залесский, О.С.
Иоффе, А.А. Игнатенко, С.В. Изотова О.А. Красавчиков, О.П. Кашковский, Н.В.
Козлова, Ю.Г. Лескова, В.В. Лапаева, Д.И. Мейер, М.Л. Макальская, Б.В.
Муравьев, Д.В. Мухоморов, В.А. Мовчан, С.К. Мадреимова, Е.А.Суханов, А.П.
Сергеев, Ю.К. Толстой, Ю.А. Тихомиров, Ю.М. Тихомиров, А.Н. Худайбердиева,
Г.Ф. Шершеневич, И.С. Шиткина, А.И. Щиглик, С.С. Юрьев, Т.В. Юрьева, В.Ф.
Яковлеваны т.б. атап кетуге болады. Зерттеудің объектісі болып Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлға ретінде коммерциялық емес
ұйымдардың азаматтық айналымдағы қызметінің азаматтық-құқықтық тұрғыдан
реттелуі табылады.
Зерттеудің пәні ретінде азаматтық құқықтың субъектісі болып табылатын
коммерциялық емес ұйымдардың, соның ішінде оның жекелеген ұйымдық-құқықтық
нысандарының, атап айтқанда, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, қоғамдық
қордың, тұтыну кооперативінің, нотариалдық палатаның құқықтық жағдайы
қарастырылған. Сондай-ақ осы дипломдық жұмыс аясында, коммерциялық емес
ұйымдарды түрлі негіздер бойынша жекелеген түрлерге жіктелуінің құқықтық-
теориялық негіздері, коммерциялық емес ұйымдардың құқықсубъектілігі, меншік
құқығының режімі, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, коммерциялық емес
ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты құқықтық мәселелер,
коммерциялық емес ұйымдарды қайта құру, тарату және коммерциялық емес
нысандағы заңды тұлғалардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының
кейбір азаматтық заңдарының сапалық мазмұны т.б. мәселелер кешенді
сипатта сарапталды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамаларына сәйкес, заңды тұлға ретінде коммерциялық емес ұйымдардың
құқықтық табиғатының ерекшелігін құқықтық және теориялық тұрғыдан айқындау
осы коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандарының,
атап айтқанда, мекеменің, қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдық қордың, тұтыну
кооперативтерінің, нотариалдық палатаның құқықтық жағдайына қатысты өзекті
құқықтық-теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттеу, оларға талдау
жасау, тұжырымдау және коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын
реттейтін қолданыстағы кейбір азаматтық заңдардың сапалық мазмұнын саралау
арқылы, олардың мазмұнында орын алған жетіспеушіліктерді анықтау, сондай-ақ
коммерциялық емес ұйымдардың қызметін реттейтін жалпы және арнайы сипаттағы
ұлттық заңнамалар мазмұнын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстар
жасау т.б.
Дипломдық жұмыстың міндеттері.
-азаматтық құқықтың субьектісі ретінде коммерциялық емес ұйымдардың
құқықтық табиғатының ерекшеліктерін және осы ұйымдарға тән белгілерді
анықтап оларды саралау;
-коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына,қайта
ұйымдастырылуына,таратылуына теориялық талдау жасау;
-коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайына қатысты өзге де өзекті
құқықтық және теориялық мәселелерді қарастыру.
Зерттеу жұмысының нормативтік негізін Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және осы
кодекстің негізінде қабылданған қолдану аясы арнайы немесе жалпылама
сипаттағы коммерциялық емес ұйымдардың қызметін реттейтін әртүрлі азаматтық
заңдар мен азаматтық заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, сондай-ақ кейбір
халықаралық нормативтік-құқықтық актілер т.б. құрады.

1.1 Коммерциялық емес ұйымның ұғымы мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 34бабы коммерциялық емес
ұйымды өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздемейтін
және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым деп атайды.
Бұл белгілер бойынша коммерциялық емес ұйым коммерциялық ұйымдардан
ажыратуға болады. Қолданыстағы заң құжаттарына сәйкес коммерциялық емес
ұйымдар қатарына мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалардың
ассоциациялары (одақтары), тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес
акционерлік қоғамдар, пәтер меншік иелерінің кооперативі, нотариалдық
палаталар, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы және басқа ұйымдар кіреді
[1].
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру,
қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және
ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды
шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен
спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi
және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге
бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн. Негізінен коммерциялық
емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.
Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың
заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға, мемлекеттiк және
орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi,
сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына,
меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес
балансы немесе сметасы болуға, мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды
иемденiп алуға және жүзеге асыруға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе,
басқа заңды тұлғалар құруға, филиалдар мен өкiлдiктер ашуға,қауымдастықтар
мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға,жарғыда
көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға, сотта талап
қоюшы және жауапкер болуға, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы
келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар [2].
Коммерциялық емес ұйымдардың міндеттеріне келер болсақ, Қазақстан
Республикасының заңдарын сақтауға, белгiленген тәртiппен салық және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге, өз мiндеттемелерi
бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен (мекемелердi қоспағанда) жауап
беруге, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте
болуға мiндеттi.
ҚР заң құжаттары коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік емес және
мемлекеттік коммерциялық емес үйымдарға бөледі. Мемлекеттік емес
коммерциялық емес ұйымдар азаматтармен және мемлекеттік емес заңды
тұлғалармен құрылған коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Олардың
қатарына барлық қоғамдық және діни бірлестіктер, тұтыну кооперативтері,
коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, пәтер меншік иелерінің кооперативі,
тұтыну кооперативтері, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы, қоғамдық
қорлар, жеке мекемелер. Коммерциялық емес ұйымдардың жеке түрлері тек ғана
мемлекеттік болу тиісті – мемлекеттік қорлар және мемлекеттік мекемелер.
Кең қолданыстағы құқықтық түсініктемесі әлі белгіленбеген сонда да
қосымша пайдаланатын үкіметтік емес ұйым терминды айта кету керек. Көп
сәттерде үкіметтік емес ұйым деп саяси партияларды, діни бірлестіктерді,
коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды, тұтыну кооперативтерді және тағы
бір қатар ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдардың бір бөлігін
түсінеді. Халықаралық тәжірибеде әдетте ҰЕҰ қатарына тек зайырлы саяси
мақсаттарды көздемейтін (саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар
ж.т.б.) немесе негізінде экономикалық мақсаттарды көздемейтін
(коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, КСК, тұтыну кооперативтер ж.т.б.)
коммерциялық емес ұыймдар кіреді. Қазақстан Республикасының бір қатар
заңдарында үкіметтік емес ұйым термины Қазақстанда қызмет атқаратын шет
елдік және халықаралық мемлекеттік емес комерциялық емес ұйымдарды белгілеу
үшін колданылады . Жалпы бұл термин Қазақстанда әр түрлі мағынада
қолданылады соның бір айғағы мемлекеттік коммерциялық емес ұйымды арнайы
мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін құру және оны ресми түрде
үкіметтік емес деп аталуы.
Коммерциялық емес ұйымдардың коммерциялық ұйымдардан елеулі бір
айырмашылығы табыс келтіру мақсатына жатпайтын және әдетте жарғылық деп
аталатын нақты орнатылған қызмет мақсаттары болуға тиісті [3].
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасы заңының 4 бабында
коммерциялық емес ұйымдардың атқара алатын кейбір жарғылық мақсаттары
орнатылған - олар әлеуметтік, мәдениеттік,ғылыми, білім беру,
қайырымдылық, басқармалық мақсаттар; құқықтарды азаматтардың және
ұйымдардың мүдделерін қорғау; дауларды және конфликттерді шешу;
азаматтардың рухани және басқа қажеттерін қанағаттандыру; азаматтардың
денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыруды және спортты
дамыту; құқықтық көмек көрсету.Коммерциялық емес ұйымдардың барлық қызмет
мақсаттары тек бір заңда ескерілуі мүмкін емес себебі олардың негізін
қоғамда орын алған және жаңадан пайда болатын көптеген әлеуметтік
сұраныстар мен коммерциялық емес мүдделер құрайды. Сондықтан коммерциялық
емес ұйымдар туралы Заңда жоғарыда айтылған тізім толық емес және
коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің
(қатысушыларының) ігіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да
мақсаттармен құрылуы мүмкін.
Заңда бекітілген табыс келтіруге бағытталмауының арнайы белгісі іс
жүзінде коммерциялық емес ұйымдарға құрылтай құжаттарында өз қызметтерінің
мәні мен мақсаттарын міндетті түрде белгілеу талабын орнату арқылы жүзеге
асырылады.Құрылтай құжаттарында олар белгіленгеннен кейін коммерциялық емес
ұйым осы шеңберлерінен шықпай қызметін атқаруға міндетті. Осыдан басқа
коммерциялық емес ұйымда пайда болатын құқықтар мен міндеттері қызметінің
мәні және жарғылық мақсаттарымен айқындалады сондықтан олар тек
жарғыларында белгіленгенмен айналысуларына жол беріледі. Мысалы Қоршаған
ортаны қорғау туралы заңының 6 бабында бұл саладағы қоғамдық
бірлестіктердің бір қатар арнайы құқықтары бекітілген алайда осы құқықтарды
жұзеге тек жарғыларында қоршаған ортаны қорғау сұрақтары қосылған
экологиялық қоғамдық бірлестіктер асыра алады.
Коммерциялық емес ұйымдар коммерциялық ұйымдарынан айырмашылығының тағы
бір негізін қалаушы белгісі таза табысын өзінің қатысушыларының арасында
үлестіруге заңда тиім салынуы. Бұны коммерциялық емес ұйымда құрылтай
құжаттарына сәйкес немесе іс жүзінде өз қатысушыларына дивиденттер төлеуге
жол берілмейді деп. Осындай жағдайда ұйымның қызметінен пайда болған таза
табысы жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін жаратылады. Бұл заңдағы жалпы
қағида белгілі бір жағдайларда қатаң сақталмайтынын айта кету керек,
мысалы тұтыну кооперативке, жеке ұйымға және коммерциялық емес акционерлік
қоғамға келгенде. Бұл ұйымдарды коммерциялық емес ұйымдарға толық
жатқызуға болмайды (себебі қатысушылары заңды түрде осы ұйымдардың
экономикалық қызметінің нәтижелерін өз пайдаларына аударулары киынға
сокпайды) оған қарамастан кезінде тарихи Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексіне коммерциялық емес ұйымдар қатарына қосылған. Себебін
бұрынғы КСРО-да коммерциялық емес ұйымдарды құқықтық реттеудің ешқандай
тәжирибенің болмауында табуға болады. Сондықтан бүгін осы заңды
тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары шекаралас нысандар деп атауға
болады олар азаматтық құқықта коммерциялық емес ұйымдарға жатады бірақ
салық заң құжаттарына сәйкес олар коммерциялық емес ұйымдарға арналған
жеңілдіктермен пайдаланбайды. Бүгінгі күндері ақылға сыйятын осы ұйымдарды
азаматтық заң құжаттарында коммерциялық емес ұйымдар қатарынан шығару
уақыты да алыс емес.
Коммерциялық емес ұйымының табыс келтіруге арнайы бағытталмау белгісі
кәсіпкерлік қызмет атқаруға толық тиім салу деп түсінуге болмайды. Заң
құжаттарында коммерциялық емес ұйымдарға кәсіпкерлік қызметіне бір белгілі
шектеу койылған – олар кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына
сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Жоғарыдағы заңды шектеу
коммерциялық емес ұйым тек өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін
кәсіпкерлік қызметінің түрлерімен айналыса алатынын көрсетеді. Мысалы
балалар мәселелерімен айналысатын қоғамдық бірлестігі спирттік ішімдіктер
мен темекіні сатумен айналыса алмайды. Басқа жағынан қарасақ бұл шектеудің
мәні кәсіпкерлік қызметтен түскен таза табыс коммерциялық емес ұйымда
дивиденттер төлеуге жіберілмей ұйымның жарғысында бекітілген мақсаттарды
жүзеге асыру үшін арналады.
1.2 Коммерциялық емес ұйымдар мәртебесін реттейтін нормативтік
құқықтық актілер
Коммерциялық емес ұйыдардың құру, қызмет атқару, қайта құру және тарату
жалпы мәселелері Азаматтық кодекспен реттеледі. Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексінде коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдардың
айырмашылықтары белгіленеді сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдардың
негізгі ұйымдастыру-құқықтық нысандары орнатылған. Азаматтық кодексі 2
Тарауының 7 бөлігі коммерциялық емес ұйымдарға арналған және коммерциялық
емес ұйымдардың негізгі ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қатысты ережелер
мен нормаларды қосады [4].
Коммерциялық емес ұйымдар туралы арнайы заңы 2001 жылдың 16
қаңтарында қабылданған. Бұл заң мемлекеттік емес және мемлекеттік
коммерциялық емес ұйымдарды реттеуге арналған қалыптық заң құжаты болып
табылады. Осы заң баптарының басым көпшілігі коммерциялық емес ұйымдарының
барлық ұйымдастыру-құқықтық нысандарына және түрлеріне колданады. Онда
қызмет мақсаттары, құқықтар мен міндеттер, коммерциялық емес ұйымдарды
құру, қызмет атқару, қайта құру және таратуға қатысты арнайы ережелер
ескерілген, КЕҰ басқару мәселелері толық камтылған, мемлекет пен
коммерциялық емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынастрадың негіздері
орнатылған.Ұйымдастыру-құқықтық нысандарының кейбір түрлері жөніндегі
ережелер мен нормалар Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңында Азаматтық
кодекске қарағанда толығырақ берілген. Соңғы жағдай қорларға және
ассоциациялар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктеріне
тиесілі.
Коммерциялық емес ұйымдардың жеке түрлері және ұйымдастыру-құқықтық
нысандары туралы Қазақстанда арнайы заңдар қабылданған. Олар қатарына Діни
сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы 1992 жылғы 15 қаңтар Заңы,
Кәсіби одақтар туралы 1993 жылғы 9 сәуір Заңы, Қоғамдық бірлестіктер
туралы 1996 жылғы 31 мамыр Заңы, Саяси партиялар туралы 2002 жылғы 15
шілде Заңы, Тұрғын-үй карым қатнастары туралы 1997 жылғы 16 сәуір Заңы,
Ауылдық тұтыну кооперациясы туралы 1999 жылғы 21 шілде Заңы және Тұтыну
кооператив туралы 2001 жылғы 8 мамыр Заңы жатады. Қазақстан
республикасының заң құжаттарында ескерілген жағдайларда коммерциялық емес
ұйымдар акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылуы мүмкін
дейтін Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамыр Заңын ерекше айта
кету керек. Жоғарыда келтірілген заң құжаттарында коммерциялық емес
ұйымдарының барлық түрлері мен ұйымдастыру-құқықтық нысандарын құру,
мемлекеттік тіркеу, қызмет атқару, қайта құру мен таратуға байланысты
мәселелерді өте тиянақы және толық реттеледі.
Қоғамдық бірлестік заң құжаттарында ең толық реттелетін коммерциялық
емес ұйымы болып табылады. Қазақстан республикасының бір қатар заңында
қоғамдық бірлестіктердің жеке түрлері жөнінде арнайы ережелер
камтылған.Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы 1991 жылғы 21 мауысым
Заңында – мүгедектер қоғамдық бірлестіктері, Жастар жөнінде мемлекеттік
саясат туралы 2004 жылғы 7 шілде Заңы – қоғамдық бірлестіктер нысанында
жастар ұйымдары, Қоршаған ортаны қорғау туралы 1997 жылғы 15 шілде
Заңында – қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер. Бұл
заңдар тиесілі қоғамдық бірлестіктерді құру, мемлекеттік тіркеу, басқару,
қайта құру және таратуға қатысты арнайы ережелер орнатпайды алайда олар
қызметіне қатысты салаларда арнайы құқықтар мен міндеттерді ұсынады немесе
белгілі нысандарда мемлекет тарапынан қолдауды камтамасыз етеді.
Әдетте экономиканың жеке салалары мен секторларына қатысты заңдарға
тиесілі салаларда қызмет атқаратын заңды тұлғалардың бірлестіктерін құру
мүмкіндігі туралы арнайы ережелер қосылады. Мысалы заңды тұлғалар
ассоциацияларды (одақтарды) құру мүмкіндігі Кіші кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау туралы 1997 жылғы 19 мауысым Заңында, Банкілер мен
банктік қызмет туралы 1995 жылғы 31 тамыз Заңында, Ауыл шаруашылық
серіктестері және олардың ассоциациялары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25
желтоқсан Заңында, Туристік қызмет туралы 2001 жылғы 13 мауысым заңында
және тағы басқа заңдарда табуға болады. Бұл заңдарда Азаматтық кодексінің
ассоцияциялар (одақтар) нысанында заңды тұлғалардың бірлестіктеріне қатысты
110 бабына қарағанда кандай болмасын арнайы ережелер мен нормалары жоқ
олар тек ғана әр жағдайға орай ассоциациялар (одақтар) қызметінің мәні мен
мақсаттарын нақты айқындайды.
Бөлек топқа Нотариат туралы 1997 жылғы 14 шілде Заңы, Адвокаттық
қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсан Заңы, Аудиторлық қызмет туралы 1998
жылғы 20 қараша Заңы, Бағалау қызметі туралы 2000 жылғы 30 қараша Заңын
жатқызуға болады. Бұл заңдар әр қайсысы озіне сәйкес келетін нотариат,
адвокатура, аудиторлық және бағалау қызметін реттеуге арналған сонымен
қатар олар коммерциялық емес ұйымдарының жеке ұйымдастыру-құқықтық
нысандарында нотариустар, адвокаттар, аудиторлар мен бағалаушылар кәсіби
бірлестіктерін құру, тіркеу, қызмет атқару, қайта құру және тарату
мәселелерін реттейді.
1.3 Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары
Қазақстан Республикасының заң құжаттарына сәйкес коммерциялық емес
ұйымдар тек белгілі ұйымдастыру-құқықтық нысандарында құрылуы мүмкін. Олар
қатарына Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы мекемелер, қоғамдық
бірлестіктер, қорлар, діни бірлестіктер, заңды тұлғалар ассоциациялары
(одақтары), тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар,
пәтер иелерінің кооперативтері, нотариалдық палаталар, адвокаттар алқасы,
аудиторлар палатасы, сауда-өнеркәсіптік палатасын жатқызады. Коммерциялық
емес ұйымдар ұйымдастыру-құқықтық нысандарының басқа түрлері заң
құжаттарымен еңгізілуі мүмкін [5].
Коммерциялық емес ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысандары өзара қызмет
мақсаты мен сипаты бойынша, қатысушылар санымен, мүшелік қолдану немесе
қолданбау, мүлік қалыптастыру және иелік ету тәртібімен, басқару және
қадағалау жүйесімен және тағы басқа белгілермен ажырасады сол себептермен
оларға әр-түрлі құқықтық реттеу тәртібі қолданады. Кей бір жеке
коммерциялық емес ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысандары туралы бүгүнгі
күні арнайы заңдар қабылданып қолданыста атап айтқанда қоғамдық және діни
бірлестіктер туралы, тұтыну кооперативтер туралы ал басқа нысандар бойынша
арнайы заңдар әлі қабылданбаған.
Жарғылық мақсаттарына, қатысушылар құрамына және тағы басқа белгілері
бойынша бір ұйымдастыру-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар түр-
түріне бөлінеді. Мысалы қоғамдық бірлестіктер арасында саяси партияларды,
кәсіби одақтар, тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдары, ұлттық-мәдениет
орталықтары т.б. ажыратуға болады. Осылардың арасындағы кей біруелерінің
құру және қызмет атқару ерекшеліктері арнайы заңдармен реттелуі мүмкін. Осы
орайда бір ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы коммерциылық емес ұйымының
ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен түрлерін ажырату керек. Мемлекеттік
емес коммерциялық емес ұйымдарының ұйымдастыру-құқықтық нысандары арасында
ұйымдастыру және құқықтық айырмашылықтар әдетте бір ұйымдастыру-құқықтық
нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар түрлерінің арасындағы
айырмашылықтардан әлде қайда елеулі болып табылатынын да айта кеткен жөн.
Коммерциялық емес ұйымдарының жеке ұйымдастыру-құқықтық нысандарының
құқықтық реттеу сұрақтарын қарастырайық.
1.Қоғамдық бірлестік
Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің
ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған ұйымы болып табылады
[6].
Келтірілген түсінік негізінде коммерциялық емес ұйым ұйымдастыру-
құқықытық нысаны ретінде болып табылатын қоғамдық бірлестіктің келесі
ерекшеліктерін айқындауға болады. Біріншіден, қоғамдық бірлестік азаматтар
бірлестігі болып табылады. Бұл орайда заңды тұлғалар оның құрылтайшысы
немесе мүшесі бола алмайтынын көрсетеді. Ерікті негізде ұйымдасу қағидасы
осы коммерциялық емес ұйымдастыру-құқықтық нысанының ең маңызды ерекшелігі
болып табылады. Әдетте қоғамдық бірлестік бірлесу бостандығын жүзеге
асыруға арналған ең негізгі ұйым нысаны болып танылады. Осы ұйымдастыру-
құқықтық нысаны шеңберінде азаматтардың бірлесуге конситуциялық құқықтары
бірлестіктерді құруға сондай ақ оларды құрмауға құқықтары әрі қызмет
атқарып жүрген бірлестіктер қатарына кірмеу құқықтары жүзеге асырылады.
Екіншіден, бірлескен қатысушылардың мүдделерінің бірлестігі. Қоғамдық
бірлестік қаржылары және мүліктері емес негізінде мүдделері ортақ (жақын)
азаматтардың күштерін біріктіру бірлестігі болып табылады сонымен қатар
бірлескен қатысушылары (мүшелері) өз ұйымдарының қызметінде белсенді
қатысуы қарастырылған.
Қоғамдық бірлестік мүшелігі шектелмеген (ашық) ұйым болып табылады
және ұйымға жаңа қатысушылар кіру жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. Ол
үшін олар құрылтай құжаттарына қол қоюға міндетті емес. Әдетте олар жазбаша
арыздарын жолдайды әрі қарата бірлестіктің құзіретті органы қарап оларды
бірлестіктің мүшелігіне қабылдау жөнінде тиісті шешімін қабылдайды.
Бірлестік мүшелерінің құқытары мен міндеттері ортақ әрі тең болып
табылады. Мүшелердің бірлестік қызметінде қаржылай қатысуы кіру және
мүшелік жарналар төлеу арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық бірлестікте
міндетті түрде кіру және мүшелік жарналар төлеу талабы қойылмайды сол
себептен жарналар мөлшері және төлеу мәселелері ұйыдар өздері шешеді.
Қоғамдық бірлестіктің коммерциялық емес ұйымдарының басқа ұйымдастыру-
құқықтық нысандарына қарағанда маңызды ерекшелігі аумақтық мәртебесі
(республикалық, аумақтық, жергілікті) қарастырылғаны болып табылады.
Республикалық мәртебені иелену үшін қоғамдық бірлестік Республика
облыстарының жартысынан астам аумақтарында филиалдарды (өкілдіктерді)
тіркеуге тиісті; аумақтық мәртебеге - облыстарының жартысынан кем
аумақтарында. Бір облыста, мемлекеттік маңызы бар қалада, астанада
тіркелген жағдайда қоғамдық бірлестік жергілікті мәртебесіне ие болады және
қызметі облыс, мемлекеттік маңызы бар қала, астана аумағымен шектеледі.
Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестікті құру және мемлекеттік
тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының кем дегенде 10 азаматы қатысу
керек. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар егер жарғыларында
қарастырылса саяси партиялардан басқа кез келген қоғамдық бірлестіктерге
кіруге құқықтары бар. Саяси партиялар жанындағы жастар қоғамдық
бірлестіктер мүшелері (қатысушылары) 16 жас толған азаматтар болуы мүмкін.
Басқа жастар және балалар қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің жасы
жарғыларымен (ережелерімен) белгіленеді.
Қоғамдық бірлестіктің басқару жоғарғы орғаны ұйым мүшелерінің жалпы
жинылысы (съезі, конференциясы ) болып табылады. Жоғарғы басқару органының
құзырына жарғыны қабылдау, коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына
өзгертулер мен толықтырулар еңгізу; өз еркімен қайта құру және тарату;
ұйымның басқару органдарын құру және құзыретін тоқтату тәртібі; құзыретін
белгілеу, ұйымдық құрылымын белгілеу; басқа заңды тұлғаны және өзінің
филиалдары мен өкілдіктерін құру және қызметінде қатысу жөнінде шешім
қабылдау; атқару органымен қаржылық есеп беру мерзімін және тәртібін
белгілеу, сондай ақ қадағалау органымен тексеріс жүргізу мен оның нәтижесін
бекіту жатады.
Құру, мемлекеттік тіркеу, қызметін атқару, қайта құру мен таратуға
қатысты ең негізгі сұрақтар Азаматтық кодекс пен Коммерциялық емес
ұйымдар туралы заңымен қатар Қоғамдық бірлестіктер туралы заңымен
реттеледі. Жалпы қарасақ қоғамдық бірлестік ұйымдастыру-құқықтық нысаны
көптеген танымал коммерциялық емес ұйымдарының түрлерін біріктіреді соның
қатарында саяси партияларды, кәсіби одақтарды, мүгедектер қоғамдарын,
ардагерлер ұйымдарын, қоршаған ортаны қорғау қоғамдарын, кәсіп бойынша
құрылған бірлестіктер, мүдделер бойынша ұйымдасқан қлубтар, ұлт-мәдениет
орталықтары, әйелдер, жастар мен балалар бірлестіктері және т.б. Заң
қабылдаушылар саяси партияларға және кәсіби одақтарға ерекше көңіл аударды
олар Қоғамдық бірлестіктер туралы заңымен қатар Саяси партиялар туралы
2002 жылғы 15 шілде Заңы және Кәсіби одақтар туралы 1993 жылғы 9 сәуір
Заңымен реттеледі. Бұл ұйымдардың құру және қызмет атқаруға қатысты жеке
сұрақтар бойынша арнайы талпатар қойылады мысалы саяси партияны тіркеу
үшін оның қатарында барлық облыстарда, мемлекеттік маңызы бар қалада және
астанада мүшелердің саны арқайсынында жеті жұзден кем емес құрылымдық
бөлшектерін (фиилалдар мен өкілдіктерін) өкіл ететін елу мыннан кем емес
партия мүшелері болуға тиісті [7], ал кәсіби одақтар өндірістік-салалық
қағида негізінде құрылуға тиісті [8].
2.Қор
Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар
негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де
қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым
қор деп танылады.
Қор мүшелігі жоқ ұйым болып табылады. Бұл қор азаматтар және (немесе)
заңды тұлғалар бірлесу негізінде емес мүліктік жарналар негізінде құрылуын
көрсетеді. Мысалы қорды өсиет қалдыру арқылы яғни құрылташыларсыз құру
осыны білдіреді.
Қор қызметінің мақсаттары коғамдық пайдалы болуға тиісmі. Заң
қабылдаушылар қорға қатысты орнатқанның бірі осы ұйымдастыру-құқықтық нысан
шеңберінде әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де
қоғамдық пайдалы мақсаттар көзделеді. Яғни коммерциялық емес ұйымды осы
ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрған кезде құрылтайшылары жеке мүдделерін
жүзеге асыру мақсаттарын көздемей белгілі қоғамдық мәселелерді шешуге
немесе әлеуметтік жағынан жағдайлары нашар азаматтарға көмек көрсетуге
бағытталғаны ескерілген. Сол себептен қор қызметінің мақсаттары тек қана
коммерциялық емес болмай оның үстіне коғамдық пайдалы болуға тиісті.
Қосымша қызмет мақсаттарына сәйкес заң қорларды әлеуметтік, қайырымдылық,
мәдени, білім беру және басқа қорларға бөлетінін айта кеткен жөн [9].
Қор – бірлескен қызмет атқару мақсатымен азаматтардың бірлесуі емес
мүлікті біріктіру басымды болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Яғни осы
ұйымдастыру-құқытық нысаны қаржыны жинауға және әрі қарай коғамдық пайдалы
бағдарламаларды қаржыландыруға немесе тікелей қор шеңберінде барлық қоғамға
пайдалы қызмет атқаруға қолайлы. Қордың мүліктік базасы ерікті мүліктік
жарналар, құрылтайшылардың түсімдерін қосқанда, қайырымдылық көмек,
қайырымдылықтар, гранттар, спонсорлық көмек және т.б. негізінде
қалыптасады.
Қоғамдық қорлар құрылтайшылары ретінде азаматтар немесе заңды тұлғалар
болуы мүмкін. Құрылтайшылар құрамына байланысты қорлар келесі түрлеріне
бөлінеді: корпоративтік, қоғамдық, және мемлекеттік. Жеке қорды бір жеке
тұлға немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын бірнеше жеке тұлғалар.
Ол жеке тұлғаның нотариалдық куәләндырылған өсиеті негізінде құрыла алады.
Корпоративтік қор бір немесе бірнеше заңды тұлғалармен құрылады. Бір
отбасының мүшелері саналмайтын азаматтармен және (немесе) заңды тұлғалар –
қоғамдық бірлестіктермен құрылған қор қоғамдық қор деп танылады. Осыны
аяқтай отыра мемлекеттік қор мемлекеттік органдар шешімі бойынша
құрылатынын айта кету керек.
Қор басқаруын жүзеге асыру үшін заң құжаттарының талаптарына сәйкес
басқару жоғарғы органы, тұрақты түрде қызмет атқаратын алқалы басқару
органы, атқару органы және қадағалау органы құрылуға тиісті. Қордың жоғарғы
басқару органы құрылтайшы немесе құрылташылардың жалпы жиналысы болып
табылады және бұл органның ерекше құзырына коммерциялық емес ұйымның
құрылтай құжаттарын қабылдау, өзгертулер мен толықтырулар еңгізу; өз
еркімен қайта құру және тарату; ұйымның басқару органдарын құру және
құзыретін тоқтату тәртібі; құзыретін белгілеу, ұйымдық құрылымын белгілеу;
басқа заңды тұлғаны және өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құру және
қызметінде қатысу жөнінде шешім қабылдау; атқару органымен қаржылық есеп
беру мерзімін және тәртібін белгілеу, сондай ақ қадағалау органымен
тексеріс жүргізу мен оның нәтижесін бекіту жатады. Қорда тұрақты түрде
қызмет атқаратын алқалы орган – қамқорлық кеңес, заң оның құзырына атқару
органын тағайындауды, қор қызметінің жарғылық мақсаттарына сәйкестігін
қадағалауды және жарғымен осы органға бекітілген басқа да өкілетіліктерді
бекітеді. Әдетте қордың қамқорлық кеңес қатарына лаузымды тұлға болып
табылмайтын немесе штаттағы қызметкерлерге жатпайтын бөтен тұлғаларды
шақырады. Заң құжаттарында ондай талап жоқ бірақ қордың қамқорлық кеңес
мүшелерінің басым көпшілігі өзара неке немесе туысқандық байланыстары және
осы қордың штаттық қызметінде болмау керек. Қордың атқарушы органы қордың
жоғарғы органның және қамқорлық кеңес шешімдері негізінде және оларды
орындау үшін қызмет атқарады әрі олар алдында есеп береді сонымен қатар осы
органның өкілеттігіне қор атынан мәміле жасау, сотта қорды өкіл ету,
мелекеттік органдарда және басқа ұйымдарда сенімхатсыз өкіл ету. Қор
басшысы және есепшісі өзара неке, жақын туыстық қатынастарда болмауы тиіс
және бір тұлғаға екі қызмет атқаруға тыйім салынған.
Құрылтайшылармен қорға берілген мүлік қор меншігі болып табылады. Қор
бұл мүлікті жарғысында орнатылған қоғамға пайдалы мақсаттарға жаратады. Қор
құрылтайшыларында қор мүлігіне ешқандай мүліктік құқықтары жоқ. Әғни
құрылтайшыларда қор мүлігіне не меншіктік не міндеттемелік құқықтары жоқ,
олар ешқандай мүліктік талаптар қоя алмайды оның ішінде қаржыларды қайтару
туралы. Құрылтайшылар қор қарыздары бойынша жауап бермейді алайда қор
құрылтайшылар қарыздары бойынша жауап бермейді.
Қор мүлігін пайдалану жөнінде өкілетті органдарымен қатар қоғам да
қызығушылық білдіреді. Сол себептен заң құжаттарында қорларға қор мүлігін
пайдалану жөнінде жылда есеп жариялау міндеті жүктелген.
Қәзіргі таңда
Қазақстан Республикасында тиімді жұмыс атқарып жатқан қорларды атап кетуді
жөн көрдім.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ - жарғылық капиталына
мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры"
акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы
республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені
құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы
заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің
шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.
2004 жылдың 21 сәуірінде Қор заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу
туралы куәлік №16157-1901-АО). 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-
беру Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және
пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне
берілді. Жарғылық капиталы 45 950 000 теңге болғанда акция шығару көлемі
номиналды құны 1 000 (бір мың) 45 950 мың теңгені құрайды.Шығарылған
акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды KZ1С51240014, шығу формасы
құжатсыз. Акция шығару толықтай төленген, Қорда орналастырылмаған акция
жоқ.
Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және
жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады.
Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады. Жалғыз
акционердің құқықтары мен міндеттері әлеуметтік сақтандыру туралы Заңмен
белгіленген шектеулері ескеріле отырып, Акционерлік қоғамдар туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 Заңымен
белгіленеді. Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады.
Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қор Жарғысына
жататын жалғыз акционердің ерекше құзырларынан басқа Қор қызметіне жалпы
жетекшілікті жүзеге асырады. Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты
жүргізетін Қор Президенті атқарушы орган болып табылады.Мемлекеттiк
әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет
болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.
Қор әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін
қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер
төлеуді жүргізеді.
Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен
мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қордың негізгі қызметтерi: әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды
жүзеге асырады,міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыларға
асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел
туған жағдайда әлеуметтік аударымдарды жинап, әлеуметтік төлемдерді төлеуді
жүргізеді,Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына
Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді
Қордың мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен
айналысуға; қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға; қаржы
қозғалысы туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан ақпарат
алуға; мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор
қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
Қор: зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтiк
төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз
етуге; қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
арқылы қаржы құралдарына орналастыруға; Жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз
етуге; Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi
атқаруға мiндеттi.
Қор активтерiн кепiлге беруге, кәсiпкерлiкпен және Заңмен көзделмеген
өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
Ұлттық инновациялық қоры АҚ
Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) елдегі жалпы инновациялық белсенділікті
арттыру мақсатымен 2003 жылы құрылған.
ҰИҚ міндеттері:
-отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру
- түрлі даму кезеңдерінде венчурлық қаржыландыруды іске асыру (идеялар мен
прототип жасаудан өндірісті кеңейтуге дейін)
-инновациялық белсенділікті арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру ;
Инвестициялау шарттары
-Инновациялық жобаларға инвестициялар (үлестік қатысуы 49 % аспайтын 5 млн.
долларға дейін)
-Тәжірибелік-құрылымдаулық зерттемелерді гранттық қаржыландыру (250 мың
долларға дейін)
- Венчурлық қорларға инвестициялар (үлестік қатысуы 49 %-ға дейін)
Технопарктер құруды қаржыландыру (үлестік қатысуы 500 мың долларға дейін)
Қордың артықшылығы
-Дамудың бастапқы сатыларында жаңа және әрекет ететін инновациялық
компанияларға кепілдіксіз инвестициялар .
-Жаңа ашылған компаниялардың халықаралық рынокқа шығуына жәрдемдесу.
-Жобаларды іске асыру үшін бүкіл Қазақстан бойынша технопарктердің
базасында жұмыс алаңдарын беру.
-Технопарктер мен бизнес-инкубаторларда жаңа технологияларды коммерциялау
үшін құқықтық, ұйымдастыру, патенттік қызметтерді алуға жәрдемдесу.
-Бизнес жоспар дайындауда кеңес беру және жобаның кәсіби менеджментін
жүзеге асыруда көмек көрсету.
-Ұлттық инновациялық қор 2005 жылдан бастап 5 шетелдік венчурлық қордың
акционері болып табылады.
-Құрылып жатқан венчурлық индустрия Қазақстандағы инновациялық бизнесті
белсендетеді, ал шетелдік венчурлық қорларға қатысу озық технологиялардың
трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
-Инновациялық инфрақұрылым
-Инновациялық инфрақұрылымның басты объектілері – технопарктер
инновацияларды құру және енгізу үшін сервистік және өндірістік база болып
табылады, оның шеңберінде жаңалық табушылар арнайы қызметтер кешенің ала
алады.
-2006 жылы Алматыдан 25 километр қашықтықта ақпараттық технологиялардың
Alatau IT city бірінші ұлттық паркі ашылды, сондай-ақ Қазақстанда үш
өңірлік технопарк жұмыс істейді – “UniScienTech” (Қараған-ды қаласы),
“Алгоритм” (Орал қаласы) және “Алматы өңірлік технопаркі”.
-Сонымен қоса, Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық универ-ситетінің
базасында оның алаңында орналасқан жеке және заңды тұлғаларға
консалтингтік, заңдық, лизингтік және басқа қызметтер көрсететін
технологиялық парк жұмыс істейді.
Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады.
Қазақстанның инвестициялық қоры
Инвестициялық қордың мақсаты қайта құрылған және күшіндегі ұйымдардың
жарғы капиталына қатысу жолымен экономиканың шикізаттық емес секторында
бәсекеге қабілетті өндіріс ашу туралы жеке сектор ынтасына қаржылай қолдау
көрсету болып табылады.
Қор қызметінің концептуалдық жағдайы.
Қор тура инвестор жобасына 49% акцияны иелене отырып шыға алады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатының неғұрлым тиімдірек жолы
жобаның технико-технологиялық жағын және 50 проценттік акцияны бақылауды
жүзеге асыру үшін жеткілікті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар
жобаны орындаушы ұйымдардың сәйкес деңгейін қамтамасыз ететін стратегиялық
инвестор болуы тиіс кәсіпорындардың жарғы капиталына қатысу болып табылады.
Кәсіпорынның жарғы капиталына қатыса отырып, Қор инвестор сияқты жобаны
іске асырумен байланысты тәуекел мен түсімдерді бөледі. Қор стратегиялық
инвесторларға локальды қауіптерді азайту мен мемлекеттік мекемелермен және
сол аймақтағы инвестициялық индустрияның басқа да қатысушыларымен қарым-
қатынасты үйлестіруді қамтиды.
Инвестициялық жобалар
-Қаржыландырушы жобалар
-Перспективалық жобалар
Жоба инициаторына қарауына инвестициялық жоба бойынша ұсынысты қабылдау
үшін бірінші кезекті міндетті түрде бекітілген формада өтініш толтырып
беруі тиіс.
Инвестициялық жобаларды қарау мен іске асыру регламенті
Инвестициялық құжаттар жинағы
Бүгінгі күні Қор қызметінің акценті құрылымтудырушы маңызы бар ірі
перспективалық жобалардың кезеңдік қаржылануына ауыстырылған және ол жаңа
әрі жималық экономикалық кластерді толтыруға әсер ететін болады.
Қазақстанның инвестициялық Қоры АҚ Қазақстанның даму институты
ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-
2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.
Қазақстанның инвестициялық Қоры АҚ ның Жалғыз акционері – Самрук-
Қазына Ұлттық Әл-ауқат Қоры АҚ.
Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды
жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес
секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.
Қордың мәселелері:
1. Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа
технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен
бірге келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс
әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс
істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге
асыру;
2. Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономиканың
шикізат емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың
жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды
басқаруға қатысу;
3. Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік
ұйымдар арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан
Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлескен қаржыландыру
арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін
көтеруге ықпал ету;
Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры акционерлік қоғамы Ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету
жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008
жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және Қазақстан Республикасы
Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы
№ 962 қ аулысы на сәйкес Қазына орнықты даму қоры акционерлік қоғамы мен
Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі
акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды. Самұрық-Қазына ұлттық әл
ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын
арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге
ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Қор қызметінің негізгі мақсаттары:
1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу;
3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан
Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясын, Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы
бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді
іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар
қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде
жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту
жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz