Әкімшілік құқық — құқықтың мемлекеттік басқару процесі


Әкімшілік құқық - құқықтың мемлекеттік басқару процесінде, атқарушы билік құрылымдарын құру, олардың құзыреттерін белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру кезінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттеуші саласы.
Әкімшілік-құқықтық нормаларды мемлекет белгілейді. Әкімшілік-құқықтық нормалардың үлкен бөлігі сан алуан нормативтік құқықтық актілерде: заңдарда, Президенттің жарлықтары мен өкімдерінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінде, министрлердің, мемлекеттік комитеттердің, агенттіктердің, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының қаулыларында мазмұндалған. Мұндай актілер әкімшілік құқықтың бастаулары деп аталады. Бұлардың ішінен ең маңыздылары: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1996 жылғы 9 желтоқсандағы Конституциялық Заңы, 1997 жылғы 24 ақпанда, 1999 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен, ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Қазақстан республикасының ішкі істер органдары туралы" заң күші бар Жарлығы, өзгерістері және толықтыруларымен, Қазақ КСР-інің 1984 жылғы 22 наурыздағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, өзгерістері және толықтыруларымен, 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Төмендегідей әкімшілік-құқықтық қатынастарды ерекшелеуге болады:
а) басқарма аппараты ішіндегі қатынастар (атқарушы билік органдарының жүйесі, органдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметшілердің құзыреті, олардың қарым-қатынастары, жұмыстың нысандары мен әдістері) ;
ә) атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы қатынастар;
б) қоғамдық тәртіп саласындағы азаматтар арасындағы қатынастар.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері азаматтар, атқарушы билік органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке кәсіпорындар болуы мүмкін. Бірақ атқарушы билік әрбір әкімшілік-құқықтық қатынаста, не тікелей субъект ретінде, не жанама субъект-қадағалаушы ретінде нақты немесе заңды түрде қатысып отырады.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары жүйесін құрайды. Оған: Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктер, республиканың мемлекеттік комитеттері мен ведомостволары, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың әкімшіліктері жатады. Бұл органдардың құқықтық жағдайының маңызды белгісі олардың заңға бағыныштылығы болып табылады. Мемлекеттік қызмет атқарушы қызметті сыртқы жағынан сипаттайды. Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардағы азаматтардың кәсіби іс-әрекеті. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң күшіне енген "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі заңдылық қағидаты болып табылады: қазақстандық патриотизм, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделерінен басымдығы, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігі мен құзыреті, т. б.
Мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік органда мемлекеттік бюджеттен төленетін қызметті атқаратын және қызметтік өкілеттіктерін мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүргізетін Қазақстан Республикасының азаматы танылады. Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен мемлекеттік қызметшілердің төмендегідей дәрежелері айқындалады. Ең алдымен, саяси қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер. Оларға ҚР Президенті тағайындаған мемлекеттік қызметшілер, олардың орынбасарлары, сондай-ақ ҚР Парламенті және Парламент Палаталары төрағалары тағайындаған және сайлаған мемлекеттік қызметшілер, олардың орынбасарлары жатады. Сонымен қоса - Президент пен Үкімет өкілдері, орталық атқарушы органдар мен ведомостваларды басқаратын мемлекеттік қызметшілер және олардың орынбасарлары. Басқа бір санат - әкімшілік мемлекеттік қызметшілер.
Мемлекеттік қызметтен өтуге мемлекеттік қызметке тұру, өту және тоқтату енеді. Міндетін дұрыс орындамаған қызметшіге жаза-шаралар қолданылады: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, толықтай қызметтік сәйкессіздігі туралы ескерту және қызметтен босату.
Әкімшілік құқық бұзушылық деп белгіленген мемлекеттік басқару тәртібіне немесе қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік немесе жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтіру; құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда) әрекеттер мен әрекетсіздіктер танылады, олар үшін заңдылықтармен әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылған. Әкімшіліктің құқық бұзушылықтың заңдық белгілеріне: құқыққа қайшылық - Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен тыйым салынған: кінәлілік - әрекет қасақана немесе байқамай жасалынған; қоғамдық зияндылық- міндетті ережелермен сақталушы қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіру; әкімшілік жауапкершілік - тиісті әкімшілік жазалар қолдану.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі мен субъектісі, әкімшілік құқық бұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары құрайды.
Оқымысты-заңгерлер әкімшілік құқық бұзушылықтарды темендегідей түрлерге бөледі: тұлғаға қарсы, мемлекетке қарсы, қоғамдық өмірге қарсы, меншікке нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.
Әкімшілік жауапкершілік заңмен, сондай-ақ заңға бағынышты актілермен де белгіленеді. Әкімшілік жауапкершілікке негіз әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Әкімшілік жауапкершіліктің субъектілері нақты тұлғалар да, ұжымдық бөліністер де бола алады.
Заң шығарушы әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайларын да қарастырған, олар - аса қажеттілік, қажетті қорғану және есі дұрыс еместік.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазалар қарастырылған. Әкімшілік жазаларды өкілді органдар мен лауазымды тұлғалардың үлкен бөлігі қолданады.
Әкімшілік жазаны қолдану соттылыққа және жұмыстан босатуға әкеп соқпайды.
Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде жасы он алтыға толған тұлғалар жатады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның төмендегідей түрлері қолданылуы мүмкін: ескерту, айыптар, құқық бұзушылықтың тікелей объектісі немесе құралы болған мүліктерді қайтарымсыз алу немесе тәркілеу, азаматқа берілген арнаулы құқығын (көлік құралдарын жүргізу құқығы, аң аулау құқығы) алып тастау, әкімшілік қамауға алу (15 күнге дейін), кәсіпкерлік қызметке бақылау қою (1 жылға дейін), белгілі бір қызметпен шұғылдануға рұқсат ететін лицензиясын, патентін алып қою (6 айға дейін) .
Ұсақ бұзақылық - қоғамдық орындардағы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзушы бейпіл балағат, азаматтарды қорлау және басқа да осыған ұқсас әрекеттер - заңдылықтармен белгіленген 20-дан 100 пайыз есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппен жазаланады. Ал егер істің жай-жапсары бойынша, бұзақының жеке басының есебімен, бұл шараларды қолдану аздық ететін болса, онда жазалау шарасы ретінде 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу қолданылуы мүмкін.
Басқаның мүлкін ұрлық, алаяқтық, иемденіп кету, ысырап ету, қызмет бабын асыра пайдалану жолымен ұсақ ұрлау (ұрланған мүліктің құны 10 еселік есептік көрсеткіштен аспайды) заңдылықпен белгіленген есептік көрсеткіштің 10 еселік көлемінде айыпқа тартылады.
Әкімшілік жауапкершілік шараларынан басқа атқарушы билік органдары әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін. Әкімшілік мәжбүрлеу - атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың заңға негізделген және қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері.
Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары соттан тыс тәртіппен қолданылады. Дегенмен, жекелеген жағдайларда оларды соттар да қолданады - әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін барынша қатаң әкімшілік жаза белгілеген жағдайларда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz