Жеті Жарғы заңының жеті бабы


"Жеті Жарғы" заңының жеті бабы төмендегіше:
1. Бүкіл дүниені жаратушы Алла алдында барлық
тең қүқықты. Ислам пенделер (адамдар) дінін таныған, мойын ұсынған, өз
ықтиярымен Мүсылмандық жолды ұстанған əрбір адам Алланың
дін қағидаларын, бүйрықтарын орындайды жəне орындап отыруға парыз.
2. Тіл - əрбір адамның тіршілікте түсініп, бір-бірімен жақсы
қарым-қатынас жасау құралы. Əрбір халықтың өзімен бірге
дүниеге келген ана тілі бар. Ана тілін білу, қадірлеу - адам
жанының сұлулығы, Алла алдындағы борышы. Тіл иманның
кілті. Əрбір адам отбасында, ел алдында көпшілікке түсінікті
Алланың берген ана тілімен хақ-тағалаға сыйынып, тəубеге келіп,
жақсы сөздер айтса, ол адамның тəубесі қабыл болып, күнəсі
жеңілдейді. Туған анасынан үйренген ана тілін, халықтың
тілін терең біліп, қадірлеп өсу - жас үрпақтың борышы.
3. Бүкіл əлемді жаратқан Аллаға қүлшылық істеу, Алла парыз
етіп міндеттеген қағидаларды орындап отыру - əрбір
Мұсылманның борышы.
4. Өмір - Алланың адамға берген сыйы мен бақыты. Өсімдік,
жан-жануар, тау, теңіз, су, оларды көтеріп түрған жер - Құдайдың
адам өмірі үшін жасаған қажеттілігі. Əрбір адам жер
бедерін, табиғатпен байланысын бүзбай, Алланың жаратқан
тіршілік теңдігін қастерлей сақтап отыруға міндетті.
5. Туысқандық арасы жеті атадан өтпей қүда-жекжат болып,
қыз алып, қыз беруге тыйым салынсын.
6. Əрбір адамның қаны таза, жүрегі мейірімді, ұлтжанды,
парасатты, туған халқының лайықты азаматы болып өсуін, кемелге
келуін сақтап отыруы үшін аралас некеге тыйым салынсын.
7. Əрбір отбасындағы келіспеушілік, ел ішіндегі, ру, қауым
арасындағы жесір, жер дауы, тағы басқа да тұрмыстағы
үйлеспеушіліктер "Жеті жарғының" қағидаларын, низамын
басшылыққа алған билер, Əзіреттер алдында қаралып, шешімін тапсын.
Бұндай мəселелерді жеке адамдардың, батырлардың, өзімшілдікке
барып өш алу, қан төгу жолымен қарымта қайтарып шешуіне
тыйым салынсын. Отбасының, руының, қауымының, бүкіл елдің
бірлігін сақтап, үлтына адал болып өсу - əрбір адамға Алланың
берген зердесі. Алланың берген ана тілін аялап, парасатты, діні
берік, қайратты, ұлтжанды үрпақты тəрбиелеп өсіруден ауытқымау -
əрбір адамның келешек алдындағы парызы.
«Қазақстан-ZAMAN» газетіне 2009 жылы 26 ақпанғы санында т. ғ. к Зікірия Жандарбек«Қазақ тарихының ашылмаған қырлары мен сырлары» атты сұхбаты жари тің яланды. Сұхбатты басынан аяғына дейін мұқият оқып шығып, автордың көшпелі қазақ өркениетінің құқықтық жүйесі мен құқықтық мәдениетінен хабары жоқ екендігін аңғардым.
Сұхбаттың мазмұнын түгел талдауға уақытым да, зауқым да жоқ. Бірақ, Ұлы даланың аса ірі мемлекет басшысы - ханы, заманының ірі реформаторы дарынды қолбасшы, қазақ елін бір орталықтан басқаратын мемлекет құрған, көзі тірісінде «Әз Тәуке» (діни ұғым бойынша Құдайдың нұры түскен - дана, данышпан адам) атанған, билігін қырғыздар мен қарақалпақтарға да жүргізген, қазақ мемлекетінің құқықтық парламенті - «Билер кеңесін» құрған Әз Тәуке ханға қарсы ешқандай тарихи ақиқатқа сай келмейтін пікірлер айтуын ғылыми тұрғыдан кешіруге болмайды. Тағы да тарихты бұрмалау, қисынсыз, ғылыми негізсіз тұжырым жасау, ақиқаттан алшақ кету Зікірия Жандарбек мырзаның абыройын арттырмайтыны сөзсіз.
Автор Әз-Тәуке хан туралы мынандай ақылға симайтын, ғылыми негізсіз пікір білдіреді: «Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сырттай қарағанда қазақ қоғамының қажетін өтеуге толық лайықталған заң болып көрінгенмен, Яссауи тариқаты өкілдерінің рухани билік жүйесін ысырған, сөйтіп, дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымдық жүйесін бұзған заң жобасы ретінде тарихта қалды . . . ». «Жеті жарғы» қабылданғаннан кейін рухани билік Нахшбанди тариқатының өкілдерінің қолына беріліп, қоғамдық қатынастарды реттеу құралы болған «әдеп заңы» әр ру, әр тайпа, жүзден шыққан билердің қолына берілді. Бұл қоғамдағы әділдік принциптерінің бұзылуына әкелді . . . ». «Жеті жарғыда дәстүріл қазақ қоғамын ыдыратуға бағытталған саясаттың жемісі болған бұл жерде мемлекеттік мүдде емес, рулық, тайпалық мүдденің басым болғандығын көруге болады . . . ». «Тәуке хан қабылдаған Жеті-жарғыда дәстүрлі қазақ қоғамын ыдыратуға бағытталған баптардың тікелей ықпалы болғанына тарих куә».
Мынандай тұжырымды оқыған соң Әз-Тәуке хан мен Жеті-жарғы туралы терең мазмұндағы мәлімет беріп, 30-ші жылдардағы Кеңес Үкіметі жүргізген либкезді қайта жандандыруды жөн көрдім.
Біріншіден, көшпелі қазақ қоғамында Нахшбандия тұрмақ, жалпы ислам дінінің таралуының өз ерекшеліктері және қиындықтары болды. Зікірия Жандарбек мырзаның сауатын ашу үшін елімізге танымал, бірнеше зертеушілеріміздің пікірлерін келтірейін:
Шоқан Уалиханов: «Мұсылмандық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңіп бола қойған жоқ. Біздің бақсыларымыз қырдың көп жерлерінде мәнін жоғалта қойған жоқ».
Менің ұлағатты ұстазым академик С. Зиманов: «Исламская религия имела весьма незначительное распространение в Казахстане горазда меньше чем в среднеазиатских ханствах. Это обьяснялось многими причинеоми. Отдаленность от центре ислама, кочевой образ жизни народа отсутствие . . . городов».
Көрнекті тарихы Е. Бекмаханов: «Слабое внедерение ислама в казахской степи обьясняется экстенсивно пастибищным кочевым хозейством. Три постоянных перекочевках не давало возможности стройт мечети и медресе».
А. Байтұрсынов: Қазақ шала мұсылман. Билік туралы жазылғанда қазақтың дін істерін. Басқа дүниеуи, яғни, тіршілік істері шариғатқа қарамай, билік қарауында болуы керек».
Орыс зерттеушісі И. Гейер: Сличком поверхностиое знакомство с арабским языком, на котором изложень магаометские молитвы и основание ислама - Коран обуславливаст самое туманное представление верующих в их религозных обязанностях».
Екіншіден, сұхбат авторының «Тәуке хан қабылдаған «Жеті жарғыда» дәстүрлі қазақ қоғамын ыдыратуға бағытталған баптардың тікелей ықпалы болғанына тарих куә» - деген пікіріне керісінше бүкіл қазақ фольклорында қалған деректер, жазба ескерткіштер айқын куә - Тәуке хан ұлы реформатор ретінде бүкіл қазақ даласының территориялық тұтастығы мен бірлігін сақтап, бір орталықтан басқарылатн көшпелі қазақ мемлекетінің классикалық үлгісін жасады. Ал оны құқықтық жағынан қорғау мен реттеумен тиімді қамтамасыз еткен бостандық пен еркіндіктің хартиясы «Жеті жарғы» - жорылған Конституциямыз. Айқап журналы 1913 жылы «Қазаққа алалалықтың алғаш кіруі үш жүзді билеп тұрған Тәуке хан опат болған күннен басталады . . . үш жүздің басын біріктіріп хан болып тұрған Тәукедей дана хандар өліп, жұрт пайдасын ескермей бір ғана қара басынының қамын ойлайтұғын хандарға жұрт тізгіні тиген соң кірген. Сол алалықтың салдары Әбілхайырды кіші жүздің балаларымен Россия қойнына . . . тыққан», - деп нақтылы жазған.
Қазақ хандығы тарихына қалам тартқандардың негізгі дені «хандық» дәуірдің «алтын ғасыры» ретінде Тәуке хан билік құрған кезеңді атайды. Ендеше, Тәуке хан билік жүргізген дәуір несімен ерекшеленеді деген заңды сауалға сол дәуірдің алғышарттарымен жауап беріп көрсек.
XVII ғасырдың екінші жартысында «Қазақ хандығының» ішкі және сыртқы қал-ахуалы сын көтермейтін тым ауыр жағдайда болатын. Ішкі жағдайда ру-тайпалардың жайылымға таласып, бір-бірімен қырқысуы толастамай, билікке деген сұлтандар мен төрелердің сепаратистік іс-әрекеттері өршіп тұрды. Сыртқы жағдайға келер болсақ, хандықтың төрт құбыласы көкпарды бүріп әкетердей анталаған дұшпанға толы болатын. Осындай тығырыққа тірелген тұста Құдай қазаққа Тәукедей қыйыннан жол табатын көреген, қыран мінез, қайсар ұлды берді. Тәуке хан өз кезегінде Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайында орын алып отырған солқылдақтықты еңсеру жолында қаранарға жүк болардай талай істің басын қайырды.
Тәуке хан Қазақ хандығымен 200 жылдай Сыр бойындағы қалалар үшін арпалысқан Бұқар хандығымен соғысты тоқтатып, олармен жоңғарларға қарсы одақтасуға күш салып бақты. Алатауды мекендеген қырғыздардың Тиес, Қоқым билерімен анда болып, жоңғарларға қарсы күресте қырғыз халқын протекторат жағдайында Қазақ хандығы құрамында ұстап отырды (Шоқан Уалиханоа. Таңдамалы, 1985, Алматы, 252-бет) . Амудария мен Сырдарияның сағасын жайлаған Қарақалпақтардың Сасық биін бауырына тартып, қарақалпақ қандастарымызға пана бола білді. Есім хан тұсында (1598-1628) Тәшкентте уалаяатында Тұрсын хан қатаған-жайманы бұра тартып өз алдына хандық құрған болатын (Я Н. Г. Аполлова. Присоединение Казахстана к Росии. Алматы, 1948, 116) . Яғни, XVII-дың басында Орта Азияда қатаған-жайма өз алдына дербес мемлекет болып танылғанды. Тәуке хан шебер дипломатиялық қабілетінің арқасында қатаған-жайманы да Қазақ хандығы құрамына кіргізді.
1694 жылы Тәуке хан Түркістанда Феодор Скибин, Матвей Трошихин деген Ресей елшілерін сән-салтанатпен қабылдап, қазақ қосынының айбарын көрсетеді. Келіссөз барысында Тәуке хан: «Түрік сұлтаны мен Қызылбас (Парсы) шахының менен қай жері артық. Олар да
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz