Қазақ қыздарының қарым - қатынас жасау аймағындағы психологиялық ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Мамандығы Психология
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы : ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ЖАСАУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ -ҚАТЫНАС ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Қарым- қатынас мәселесінің шетелдік және кеңестік ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуы
- Қазақ қыздарының қарым - қатынас жасау аймағындағы психологиялық ерекшеліктері
- ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ҚАРЫМ -ҚАТЫНАС ЖАСАУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУҚазақ қыздарының қарым - қатынас жасау аймағындағы әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістерін, процедурасын және базасын негіздеуҚазақ қыздарының қарым - қатынас жасау аймағындағы әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің нәтижелерін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ А «Өзіңіздің коммуникация деңгейін тексеріңіз» әдістемесі
ТІРКЕМЕ Ә Ф. Ряховскийдің « Қарым - қатынас деңгейін бағалау» әдістемесі
ТІРКЕМЕ Б«Аяқталмаған сөйлемдер немесе сіздің жалпы өмірге, адамдарға деген қатынасыңыз» тесті
КІРІСПЕ
Қазақ дүниетанымынан тәңірге табынған көзқарасты, шешендікке бет бұрған шығармашылық дәстүрді, көптің көңілінен шыққан тұлғалық әулие тұтқан ағартушылық дәстүрді көреміз. Бұдан қазақ халқының ежелден ойшыл, сезімтал, сыршыл халық болды деген түйінді тілге тірек етеміз. Қазақ - дала кеңістігіндегі әрбір көріністің, әрбір іс-әрекет пен мінез-құлықтың байыбына жетуге, олардың түйінді жағын анықтауға мән берген халық. Қазіргі кездегі психология ғылымында жалпы қазақ халқының психологиясын зерттеуге көп зейін аударылып отыр. Осы зерттеулердің бір саласын - қазақ жастарының, әсіресе қазақ қыздарының психологиясын зерттеуге арналған мәселелер құрайды.
Адамның жыныстық ерекшеліктеріне және онымен байланысты психологиялық, айырмашылықтарға қатысты мәселелер соңғы уақыттарда зерттелушілердің қызығушылығын туындатып отыр. Ол әйелдер мен ерлердің тең құқылығымен, әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруімен, әйел табиғаты жайлы көзқарастардың өзгеруімен байланысты. [ 15, 41б. ]
Жастық шақ кезеңінде адам өзі туралы, адамдармен қарым-қатынасындағы алатын орны туралы мәселелерге ерекше мән беретінін ескерсек, жастардың белгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа жататындығына байланысты анықталған қоғамдық қатынастар мен қасиеттерінен олардың индивидуалды ерекшеліктері көрінетіндігін байқасақ, олардың ұлттық ерекшеліктерінің қарым-қатынас жасау аймағына тигізетін әсерін анықтау үшін біз бітіру жұмысының тақырыбын «Қазақ қыздарының қарым -қатынас жасау аймағындағы психологиялық ерекшеліктері» деп алу көкейтесті мәселе екендігін анықтадық.
Бұл мәселеге назар аударған себебіміз, өйткені қазіргі таңда заман өзгерістеріне байланысты қазақ қыздарының ұлттық ерекшеліктері сақталмай, өзгерістер болып жатыр. Қазақ халқы өз дәстүрлерін ұстанатын халық, дегенмен де мұндай өзгерістердің болуы заман талабына, қоғамның дамуы, әлеуметтік орта да әсер беріп отыр. Қазақ қыздарының қарым -қатынас жасау ерекшеліктерінде қазіргі таңда бұрынғымен салыстырғанда оларда ұялшақтық, қарапайымдылық, биязы мінезділік, сыпайылық тән болса да, барлық қазақ қыздарын осылайша сипаттай алмаймыз. әртүрлі ортада өскен, әртүрлі тәрбие көрген, атап айтсақ, ауыл мен қалада өскен қыздардың да қарым -қатынас жасау ерекшеліктері түрліше болып, айырмашылықтар байқалады. Қазақ қыздарының қарым -қатынас жасауда, психологиялық өзгеріске түсуде ашық болуға, үйірсектікке, яғни жағымды жағына өзгерсе өте дұрыс болары анық. Осындай мәселелер қоғам үшін маңызды.
Өзара тұлғалық қарым -қатынас өзара әрекеттің құрамдас бөлігі болып табылып, сол контексте қарастырылады (А. А. Леонтьев, А. А. Петровская, А. А. Бодалев, Б. Ф. Ломов) .
Өзара тұлғалық қарым -қатынас - адамдар арасындағы әртүрлі саналылық деңгейінде сезілетін өзара байланыс. Осы байланыстардың негізінде өзара әрекет жасайтын адамдардың әртүрлі эмоционалды жағдайлары мен психологиялық ерекшеліктері жатыр.
Өзара тұлғалық қарым - қатынастардың дамуы адамның жынысына, жасына, ұлтына және басқа да факторларға байланысты. Әйелдердің қарым -қатынас жасау аймағы ерлерге қарағанда шектеулі. Өзара тұлғалық қарым -қатынас кезінде әйелдер өзін -өзі ашу, басқаларға өзі туралы мәлімет беру қажеттілігін бастан өткереді. Әйелдер көбінесе жалғыздық сезімін сезінеді. Әйелдер үшін өзара тұлғалық қарым -қатынастан көрінетін ерекшеліктер маңызды болса, ерлер үшін іскерлік қасиеттер маңызды болып келеді. Әртүрлі ұлттық қоғамдарда өзара тұлғалық байланыстар адамның қоғамда алатын орны, жыныстық, жас ерекшелігіне байланысты статустар, өмір сүретін әлеуметтік ортасын есепке ала отырып құрылады.
Зерттеу мақсаты: қазақ қыздарының қарым - қатынас жасау аймағындағы әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу обьектісі: мектептің жоғарға сыныбында оқитын қазақ қыздары
Зерттеу пәні: қазақ қыздарының қарым - қатынас жасау ерекшеліктері
Зерттеу міндеттері:
- қазақ қыздарының психологиялық ерекшеліктерін, қарым - қатынастың ғылыми әдебиеттерде қарастырылуын талдау
- қазақ қыздарының қарым -қатынас жасау аймағындағы әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелерді қарастыру
- қазақ қыздарының қарым - қатынас жасау аймағындағы әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу
- зерттеу нәтижелерін өңдеу
Зерттеу болжамы: қазақ қыздарының қарым - қатынас жасау аймағындағы әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері олардың ұялшақтық, ұяңдық, сыпайылық, қарапайымдылық қасиеттерімен сиптатталады.
Зерттеу әдістері:
- Психодиагностикалық әдістер:
1. 1 «Өзіңіздің коммуникация деңгейін тексеріңіз» әдістемесі
1. 2 Ф. Ряховскийдің « Қарым - қатынас деңгейін бағалау» әдістемесі
1. 3 «Аяқталмаған сөйлемдер немесе сіздің жалпы өмірге, адамдарға деген қатынасыңыз» тесті
- Математикалық әдістер:
2. 1 орта тенденция табу;
2. 2 пайыздық үлесті табу;
2. 3 квадраттық ауытқуды табу;
2. 4 Стьюденттің t критерийі.
3. Эмпирикалық әдістер:
3. 1 сауалнама
Зерттеу базасы : Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы № 44 Оралхан Бөкей атындағы мектеп - лицейінде 11-ші сыныпта білім алатын 20 қазақ қыздары және Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы № 42 аралас орта мектебінде 11-ші сыныбында білім алатын 20 қазақ қыздары
Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және тіркемелерден тұрады.
1 ҚАРЫМ -ҚАТЫНАС ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Қарым- қатынас мәселесінің шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуы
Қарым - қатынас дегеніміз- тіл арқылы пікір алысу. Адамның ерекшеліктерінің бірі - оның сөйлеу қабілеттілігі. Сөз - адам факторының бір бөлігі. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адамдар толығымен дами алмайды. Адам миының белсенділігі екінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты. Сондықтан адамның барлық психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп, өмір сүреді. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады. Жалпы қарым-қатынаста тұлғаның өзін-өзі ашу мен өзін-өзі көрсетуін қарастыратын болсақ, тұлға ең алдымен коммуникация арқылы қарастырылады. Адам үнемі әлеуметтік ортада болады, оның іс-әрекеті басқа адамдармен қарым-қатынасқа жетуіне және тәрбиесінен, сондай-ақ қақтығыс деңгейінің болуымен анықталады.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым- қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамуын талдау мүмкін емес. Психологияда қарым-қатынас мәселесін А. А. Леонтьев, А. А. Петровская, А. А. Бодалев, Б. Ф. Ломов зерттеп, анықтама береді. К. Маркс «қарым-қатынаста ғана индивидтер бірін- бірі физикалық және рухани толықтырады, қарым-қатынас адамдардың адамдарды өңдеуі»деп есептеген. [ 41, с. 102 ]
Бодалев А. А. қарым-қатынас барысында әрбір жан тұлға болып келеді және қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп, қарым-қатынасты адамның және іс-әрекет субьектісі ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап көрсетеді. Қарым - қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынаста қалыптастырады. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық. М. Л. Лисинаның қарым-қатынас жайлы концепциясында қарым-қатынасқа түскен әр адамда аффективті жеке адамның байланысы қалыптасады. Ал жеке адамның аффективті байланысының болмауы оған бейжай қарау, адам ішіндегі көңіл-күйін үлкендермен бөлісі алмауы, егер көңіл-күй болған кезде олар терең, мағыналы болмайды. Осындай нәтижеде жеке тұлға болып қалыптасуында дұрыс емес бағыт алады.
Қарым-қатынастың динамикалық қыры мимика мен ым - ишарадан байқалады. Мимика дегеніміз - қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым -ишара дегеніміз - психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасқан қимыл.
Соңғы кездерде психологиялық зерттеулерде қарым-қатынас жасаушылардың арасындағы қашықтықтың партнерлердің отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы зерттеулерге проксемика деп ат қойылған.
Психологияда ара қатынастың өзара түсіну мен қабылдау механизмдерін мынадай түрлерге бөледі.
Перцепция - адамның адамды сыртқы белгілері арқылы қабылдауы:
- идентификация - өзіңді басқа адаммен теңестіру;
- эмпатия - бұл басқаның қуаныш, қайғысына ортақтаса білу;
- рефлексия - бірін - бірі түсіну;
- аттракция - қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастың пайда болуы.
Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым-қатынаста болып, өзінің мәнін түсінеді. Қарым- қатынастың негізгі 4 түрі көп аталынады: көңілдестік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшіліктік. Алғашқы екі ара қатынас жақын, достық байланысты білдіреді, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік ара қатынас бөтен адамдармен араласу.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында болса онда олар жеке қатынастар деп аталады. Ал ара қатынас жүйеленіп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталынады. [ 13, с. 98 ]
Күнделікті өмірде, тұрмыста жеке адамның ерекшелігіне қарай қарама -қарсылықты, бейтараптық, жанжалдық, амбивалентті, үйлесімді, альтруистік қатынастар кездеседі.
Адам жасы ұлғайып, дамыған сайын қарым-қатынасы тұрақталып қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады.
Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып отыруға болады. Қарым-қатынастың тұлға қалыптасуындағы рөлі зор. Қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды фактор формаларының маңызды жағы болып табылады. Өзара тұлғалық және қоғамдық қарым-қатынастың байланыс анализі адамның сыртқы әлеммен байланысында барлық қиын жүйеде қатынас орны туралы сұрақтағы акцентті дұрыс қоюға рұқсат береді. Алайда алдымен қатынас мәселесі жайлы тұтастай бірнеше сөз айтып кету қажет. Бұл мәселені шешу отандық әлеуметтік психология аймағында ерекше болып табылады.
Дәстүрлі әлеуметтік психологияда” қарым-қатынас” деген терминнің нақты аналогы жоқ, бұл жай кезде қолданылатын” коммуникация” деген ағылшын терминіне толық эквивалентті еместігінен ғана емес, сонымен қатар оның ерекше психологиялық теорияның мағынасы тек қана түсінік сөздігінде қаралуы мүмкін, нақты айтқанда қызмет ету теориясында. Әрине төменде қарастырылатын қарым-қатынас құрылымында, әлеуметтік-психологиялық білімінің басқа жүйесінде жазылған немесе зерттелінген жақтары ерекшеленген болуы мүмкін. Мысалы өзара тұлғалық қатынасқа байланысты санаға қасиетті мәннің 3 тобын келтіреді.
- бірлестік, қауым құру, біртұтастылық( жақсы компания, достар)
- хабарлама беру, мағлұматтармен алмасу ( сұхбаттасу, әңгімелесу)
- қарама -қарсы әрекет (бірін -бірі терең түсіну)
Бұнда қарым-қатынас ұғымында әртүрлі 3 үрдістің қалай бірігетіні көрсетілген. [ 15, с. 48 ]
Адамның екі жақты қатынасы- қоғамдық және тұлғалық тек қарым- қатынаста ашылады және іске асырылады. Сонымен қатар қатынас тамырлары- индивидтердің материалдық өмір әрекетінің өзінде. Қарым- қатынас - адамның барлық қарым-қатынас жүйесінің жүзеге асуы болып табылады. Қалыпты жағдайда адамның өзін қоршаған заттық әлемге әрқашанда оның адамдарға, қоғамға қатынасы негізделген. Бұл жерде өмірдегі қарым-қатынаста тек қана адамдардың өзара тұлғалық қарым-қатынасы берілгендігі ғана емес, тек қана олардың эмоционалдық бағыныштылығы сонымен қатар қарым-қатынасқа өзінің табиғатында қоғамдық жеке тұлғалық емес қарым- қатынастар кіреді деген ойды көрсету қажет. Қарым -қатынассыз тұлғалық қоғам қалыптастыру мүмкін емес. Бұнда қарым-қатынас индивидтерді байланыстыру амалы болып, сонымен қатар бұл индивидтерді дамыту амалы болып табылады.
Қарым - қатынас әртүрлі спецификалық формада жүзеге асырылады. Қарым- қатынас өзара тұлғалық қатынас сияқты әлеуметтануда топтар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу уақытындағы әлеуметтік психологияда зерттелінетін үрдіс. Қарым-қатынас өзара тұлғалық қатынас жүйесінде адамдардың біріккен өмір іс-әрекетінде пайда болған. Сондықтан ол әртүрлі дара тұлғалық қатынаста жүзеге асырылады. Өзара тұлғалық қатынастың типі қарым- қатынастың қалай пайда болатынына немқұрайсыз қарамайды, бірақ ол қатынас тым күрделенген кезде спецификалық формаға ие болады. Ол да қоғамдық қарым-қатынасты іске асыру яғни жоғарғы деңгейдегі қатынас сипаттамасына жатады. Бұл жағдайда әлеуметтік топтардың өкілдері ретінде топтар немесе индивидтер қарым-қатынас жасайды. Егер топтардың пікірлері қарама-қайшы болса да қарым-қатынас актісі міндетті түрде жасалу керек. Бұндай қарым- қатынастың қос мағынасы бар : өзара тұлғалық қарым- қатынас және топтық қарым- қатынас. [ 9, с. 98]
Қарым - қатынас категориясы басқа категориялар сияқты психология ғылымында негізгі орынды алады. Тұлға аралық қарым-қатыас дегеніміз - екі адамның өзара әрекет жасау үрдісі. Ол өзара танымға, көзқарасқа, мінез-құлыққа және осы үрдістің қатысушыларының іс- әрекетінің бірлесуіне бағытталады. Соңғы 20-25 жылдары қарым-қатынас мәселесін оқыту психология ғылымында және әсіресе әлеуметтік психология зерттеулерінде жетекші бағыт болып табылады. . Қарым-қатынас психикалық зерттеуінің пәні болып есептелінбейді, сондықтанда міндетті түрде бұл категорияның спецификалық психологиялық аспектісі көрінеді. Сонымен қоса қарым-қатынас байланысының іс-әрікетінің сұрағы ең негізгі болып табылады. Методологиялық принциптерінің бірі - бұл өзара байланыстардың ашылуы, қарым-қатынас бірлігі мен іс-әрекет болып табылады. Ол адамның бірлескен іс-әрекетінің қандай болсын формаларын болмайды. Бірақ та бұл байланыстың мінезі әртүрлі ұғынылады. Кейбір кезде қарым-қатынас және іс-әрекет адамның әлеуметтік болмысының екі жағы сияқты қарастырылады; басқа жағдайларда қарым-қатынас қандай да бір іс-әрекеттің элементі болып табылады, ал ақырғысы жалпы қарым-қатынас жағдайы ретінде қарастырылады. Енді, соңында қарым-қатынас ерекше іс-әрекет түрі деп интерпритациялауға болады. Көбінесе психикалық іс-әрекет трактовкаларында барлық анықтамаларында және категориялы ұғыну аппаратының қарым-қатынасында “субъект - объект” құрайды. Ол адамның әлеуметтік болмысында тек қана бір жағын қамтиды. Жалпылай алғанда теориялық және эксперементальді өңдеулерде қарым-қатынас принципі әлеуметтік психологияда ұжымдық жұмысының қатарымен, және “қарым-қатынас психологиялық зерттеулері”, “Таным және қарым-қатынас” жұмыстарында көрсетілген. А. В. Брушмен және В. А. Поликарповтың жұмыстарында берілген методологиялық принциптерінің сынауы және де көбінесе танымал зерттеу циклдері атап көрсетілген. Оның ішінде отандық қарым-қатынасысың барлық көп аспектілі мәселесі психология ғылымында талданған. [ 21, с. 47]
Қарым-қатынастың құрылымына келетін болсақ, кеңестік әлеуметтік психологияда қарым-қатынас құрылымы ең маңызды орынды алады. Қарым-қатынас құрылымының мәселесіне әртүрлі әдістемелер арқылы жүзеге асырылады.
- Бұл құбылыстың анализдің деңгейлері арқылы бөлініп шығуы.
- Оның негізгі функциялары арқылы атап өтуі. Әдетте анализдің үш деңгейін бөліп көрсетеді:
- Макро деңгей: Индивидтің басқа адамдармен қарым-қатынасын оның өмір образы ең негізгі жағы қарастырылады. Бұл деңгейде қарым-қатынас процесі уақыттың интервалымен оқытылады, адам өмірінің ұзақтығына сәйкес. Бұнда қарым-қатынас индивид басқа адардармен және әлеуметтік топтар мен ауыр дамитын байланыстар торы ретінде шығады.
- Меза деңгей (орташа деңгей) : Қарым-қатынас мақсатқа жететін логикалық аяқталған контактілердің өзгеру жиынтығы ретінде қарастырылады. Қарым-қатынас оқытудың деңгейіндегі ең негізгі акцент мазмұнды компоненттердің қарым-қатынас жағдайында болады - “не үшін?” және “қандай мақсат үшін?”. Осы деңгейде қарым-қатынас пәнінде қарым-қатынас динамикасы ашылады, қолданған құралдарды (вербальді, вербальді емес) мен фазаларды талдайды.
- Микро деңгей: бұндағы ең негізгі акцент қарапайым қарым-қатынас бірлік актцінің анализінде немесе трансакция. Әрбір аталған анализдің деңгейлері арнайы теориялы - методологиялық және методологиялық қамтамасыздығын талап етеді. Қарым-қатынас функцияларына адамның әлеуметтік болмыс процесінде қарым-қатынас жатады. Қарым-қатынас функциялары көп образды және олардың классификацияларында әртүрлі негіздер бар. [ 13, с. 147]
Соның ішіндегі классификацияның негізінің бірі бұл қарым-қатынастағы үш бір-бірімен байланысқан жақтары көрінеді немесе мінездемелері - информациялық, интерактивті, перцептивті. Осыған байланысты келесі функциялар көріне бастайды: информациялық - коммуникативті, регуляциондық - коммуникативті және аффективтік - коммуникативті.
Информациялық - коммуникативті қарым-қатынас функциялы индивидтер арасындағы әртүрлі түрінде информациялармен алмасу.
Адамның қарым-қатынастарында информациямен алмасу өзінің спецификасы бар: біріншіден, екі индивидінің қарым-қатынасы. Әрбіреуі белонді субъект болып табылады. Екіншіден, информациямен алмасу міндетті түрде партнердің мінез-құлқы, ойлары сезімдері қатысу керек. Үшінші деп, олар бірдей немесе ұқсас кодификация жүйесімен, декодификация байланысымен икемделулері керек.
Қандай да бір информацияны беру әртүрлі жүйелік белгілер арқылы жүзеге асуы мүмкін. Көбінен вербальді (жүйелік белгі ретінде сөз қолданылады) және вербальді емес коммуникация (әртүрлі сөздік емес жүйелік белгілер) .
Вербальді емес коммуникацияның бірнеше формалары бар:
- Кинетика (оптика - кинетикалық жүйе, ол өзіне жест, мимика, пантомимиканы қосады)
- Паралингвистика (дауыстың вокализациялық жүйесі, пауза, жөтену және т. б. )
- Проксемика (кеңістік ұйымның нормалары және қарым-қатынастағы уақыты)
- Визуальді қарым-қатынас (көзбен контакт жүйесі, кейбір кезде белгілік жүйе ретінде қарым-қатынас кезінде партнерлер иістермен немденеді)
Реттеушілік - коммуникативті (интерактивті) қарым-қатынас функциясы мінез-құлық тұрақтылығымен және тікілей ұйымның адамдардың бірмекен әрекеттерінің процесінде тұжырымданады. [ 32, с. 56 ]
Өзара әрекет ұғымы екі түрде қолданылады: біріншіден, адамдардың контактілердің мінездемесі (әрекеттері, контрәрекеттері, соәрекеттері) іс-әрекет бірлігінің процесінде, екіншіден, өзара әсерлердің бейнелеуі.
Аффективтік - коммуникативті қарым-қатынас функциясы адамның эмоционалды сферасының реттелуімен байланысты. Қарым-қатынас адамның эмоционалды күйлердің ең негізгі детерминанты болып табылады. Адамның барлық эмоциялардың спектрі адамның қарым-қатынас жағдайымен дамиды және пайда болады.
Бірқатар психологиялық концепцияларда қарым - қатынас пен іс - әрекет қарама - қарсы қойылған тенденция болып табылады. Мысалы мұндай мәселеге Э. Дюркгейм тоқталды, С. Г. Тард қоғамдық қозғалыстың динамикасына емес статистикасына көңіл бөлді. Оның пікірінше қоғам динамикалық жүйе ретінде іс - әрекеттегі топ және индивид емес, қарым-қатынас статистикалық формада болды. Қарым-қатынас факторы детерминацияда көрсетіледі, бірақ іс-әрекеттің оқудағы рөлі көрсетілмеді. Қарым - қатынас процесінің өзі рухани ауызша қарым-қатынас процесіне әкеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz