Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні

2. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы курсының кезеңдері

3. Діни-мифологиялық көзқарастар және Ежелгі Шығыстағы саяси-құқықтық ойлар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Саяси және құқықтық iлiмдер тарихы пәнi заң ғылымы жүйесiнде жеке пән болып есептелiнедi. Бұл пәннiң зерттеу нысаны мемлекет, құқық, саясат және заң шығару туралы iлiмнiң пайда болуы мен дамуы. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихы пәнi заң, тарих, философия, саясаттану ғылымдарын да қамтиды. Құқықтық ғылым ретiнде бұл пән сонымен бiрге мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, конституциялық құқық, халықаралық құқық, жалпы құқық және т. б. салалық заң ғылымдарымен де тығыз байланысты. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихы таза түрiндегi заң пәнi ғана болып табылмайды. Мемлекет және құқық тарихын оқытатын заң пәнiнен бұл пәннiң негiзгi айырмашылығы саяси-құқықтық институттар мен мекемелердiң пайда болуы, қалыптасуы және даму тарихының тақырыбы емес, осылардың теориялық тану формалары мен iлiмi оқытылады. Сонымен бiрге саяси-құқықтық идеялар мен iлiмдердiң және мемлекеттiк-құқықтық нысандар мен мекемелердiң өзара байланысы мен өзара ықпалы ескерiледi. Өйткенi, мемлекет және құқық тарихының бiлiмiнсiз соған сәйкес саяси-құқықтық теорияның нақты мазмұнын анықтау мүмкiн емес. Немесе, бұған керiсiнше саяси-құқықтық теориялар мен концепцияларсыз сол кезеңдегi мемлекет және құқық тарихының нақты шындығын бағалау қиынға соғады. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихына заңгерлермен қатар гуманитарлық пәндер өкiлдерi, ең алдымен философтар едәуiр үлес қосты. Философиялық ойдың бүкiләлемдiк ойшылдары Пифагор, Гераклит, Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Эпикур, Фома Аквинский, Падуанский, Спиноза, Гобсс, Локк, Кант, Фихте, Гегель, Бердияев, Н. Макиавелли, жаңа дәуiрдiң ойшылдары Ж. Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Пейн, Бентам, Штейн және т. б. ойшылдар саяси-құқықтық iлiмге зор мұра қалдырды.

1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні

Саяси-құқықтық ілімдер тарихында адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси-құқықтық ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, құқық, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.

Саяси-құқықтық ілімдер тарихының пәні - заң ғылымы жүйесіндегі жеке тарихи-теоретикалық пән болып табылады. Пәннің зерттеу нысаны мемлекет, құқық, саясат және заң шығару туралы ілімнің пайда болуы мен дамуы.

Мемлекет пен құқықтың сан ғасырлы тарихында көптеген саяси-құқықтық ілімдер қалыптасқан.

Әртүрлі ойшылдар өздерінің концепцияларын және оларды халыққа жеткізудің көптеген жолдарын қалыптастырды (теретикалық трактат, философиялық шығарма, конституция жобасы және т. б. ) .

Теоретикалық деңгейде саяси-құқықтық ілімдердің даму заңдылықтарына сол кезеңдегі әртүрлі саяси-құқықтық проблемалар, саяси және идеологиялық күрестер ықпалын тигізді.

2. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәнінің кезеңдері

Саяси-құқықтық ілімдердің негізгі кезеңдері:

1. Ежелгі замандағы саяси-құқықтық ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б. з. д. 3 мың жылдықтан - б. з. V ғасырға дейін) .

2. Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер тарихы (V-XVII ғғ. ) .

3. Буржуазиялық революциялар кезеңіндегі саяси және құқықтық ілімдер тарихы (XVIII-XIX I жартысы) .

4. XIX II жартысы - қазіргі уақыт.

3. Діни-мифологиялық көзқарастар

Алғашқы саяси-құқықтық ілімдер Египетте, Үндістанда, Қытайда пайда болды. Саяси ойлар Ежелгі Шығста ұзақ уақыт бойы діни-мифологиялық көзқарастар негізінде дамыды. Айтылған ойлар мен көзқарастар белгілі бір күшке құдайға келіп тірелді және олар міндетті құқықтық нормалар ретінде қабылданды.

Мифология - ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштердің жетілмегендігінен әлемді, оның заңдылықтарын түсіну қиянға соқты. Сондықтан да ежелгі дүние адамдары әлемгі екіге бөліп қарастырды:

1) Өздері өмір сүріп отырған әлем;

2) Олардан тыс жатқан дүние.

Мифтік көзқарастарда табиғаттан тыс адамның еркі мен әрекетінен жоғары тұрат ын күш туралы айтылады. Осыған байланысты ерте таптық қоғамның саяси санасындағы негізгі орынды құдайылық сипаттаға қоғамдық тәртіптер иеленді.

Қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, ел билеу мәселесі, адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың міндеттері мен құқықтары құдай ісі деп саналды.

Патша, абыздар, соттар және т. б. билік өкілдері құдайдық ұрпағы немесе қызметшілері деп есептелініп, олар көптеген «Қасиетті» артықшылықтарды иеленді.

Мысалы, Қытайды - аспан астындағы билеуші туралы айтылады, Египетте - күн құдайның ұлы, Хамурапи өзін жерде әділдік орнату үшін Шаман құдайы жіберген билеуші ретінде жариялайды, Зорастризм бойынша Мемлекет Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі монарх - Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері.

Саяси көзқарастар жалпыдүниетанымдық, моральдық түсініктермен тығыз байланысты болды.

Көне құқықтық тыйымдар, бір уақытта жалпыдүниетанымдық қағидалар (бүкіл әлем заңы), діни уағыз және мораль ержелері болып табылды. Мұндай көзқарастар Хамураппи заңдарында, құқықтық жазба - ташуда және үнділердің діни кітаптарында кездеседі.

Тән сипаттар:

1. Ежелгі Шығыстағы саяси-құқықтық ілімдер өте көне, алғашқы ілім болып табылды. Олардың негізгі мазмұнын басқару өнеріне, билікті және әділсотты жүзеге асыру механизміне қатысты мәселелер құрады. Көптеген ілімдерде мемлекеттік билікті патша билігімен байланыстырады.

2. Ежелгі Шығыстың саяси ілімі моральмен тығыз байланыста болып - этика-саяси доктринаны құрады. Көптеген шығыстық ілімдерде қоғам мен мемлекеттегі өзгерістер мен қайта құрулар адамның моральдық тұлғасының өзгеруінен деп түсіндірілді.

3. Саяси-құқықтық ілімдерде діни-мифологиялық көзқарастар сақталып қана қоймай, ақыры ары қарай дамыды. Мысалы, Қытайда Аспан астындағы билеушінің болғандығы туралы айтылады. Египет - Ма-ат, Үндістанда - «рта», Қытайда дао, гректерде дике ұғымдары өмір сүрді. Бұл ұғымдар шындық пен мінез-құлық - Ка принципіне сәйкес болу керек.

Ежелгі Египеттегі «Птахотеп өсиеті» (б. з. д. XVIII ғ. ) Өлілер кітабы (б. з. д. XXV-XXIV ғ. ғ. ) Осирис құдайына есе беру.

Ежелгі Вавилонда Хамураппи (б. з. д. 1792 - 1750 жж) Шаман құдайы жіберді.

Парсыларда - зорастризм. Діни-этникалық ағымның негізін қалаушы б. з. д. VIII ғ. өмір сүрген Заратустра болып саналады.

Қайырымдылық - Ормузда құдайы, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшасы - Ариман құдай деп көрсетіледі. Зорастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі - Монарх - Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері. Мемлекет билеушісі перғауын - құдайлар патшасы күн құдайының ұлы.

Қоғамның ерте даму сатысында саяси-құқықтық ойдың ғылымға негізделе қоймағын кезінде сана бүкіл әлемге мифтік тұрғыда қалыптасты. Айтылған ойлар мен көзқарастар белгілі бір күшке құдайға келіп тірелді және олар міндетті құқықтық нормалар ретінде қабылданды. Ежелгі Шығыстың саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне қарай құқық саласында өзіндік ерекшеліктер болды. Оған жеке меншік құқығының әлсіз дамуы, патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа ру, қауым болып жауап беру, жазалаудың қатаң принципі.

Саяси-құқықтық ойлар мифтік тұрғыдан болса да алғаш рет Ежелгі Шығыста қалыптасты. Саяси-құқықтық ойлар діни сипатта қалыптасқанымен онда таптық мүддені қорғайтын белгілер басым болды және заңдар қаталдығымен әйгіленді.

Ежелгі Шығыстың әлеуметтік-саяси теориялары діни догмалардан, моральдық танымдардан және сяасат пен құқық туралы алғашқы ілімдерден тұратын күрделі идеологиялық құрылым.

Бұл элементтердің ара қатынасы әртүрлі ілімдерде әрқилы өрбіді.

Діни догмалары басым ілімдерді билеуші тап ойшылдары шығарды (фараонның жеке басына табыну) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси процесс
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Дәрістер - Тарих
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz