Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқу – тәрбие үдерісінде пайдалану


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. …… . . . …. . 2-4
1. Бөлім. Жаңашыл педагогтардың шығармашылық тәжірибелерін оқу - тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
1. 1. Оқу - тәрбие үдерісінде жаңашыл педагогтардың шығармашылық тәжірибелерін қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері . . . … . . . …5-12
1. 2. Жаңашыл педагогтардың шығармашылығын оқу - тәрбие үдерісінде қолдану жолдары . . . … . . . 13-25
ІІ. Бөлім. Жаңашыл педагогтардың шығармашылық тәжірибелерін оқу - тәрбие үдерісінде пайдалану әдістемесі.
- Оқу - тәрбие үдерісінде жаңашыл педагогтардың педагогикалық тәжірибесін пайдаланудың әдіс - тәсілдері . . . . . . 25-38
- Жаңашыл педагогтардың озық тәжірибелерін оқу - тәрбие үрдісінде қолдану . . . . . . …39-54
- Сабақ жоспарының үлгілері . . . . . . 55-57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58-59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60-61
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Республикада білім берудің жаңаша жүйесі жасалып әлемдік білім беру кеңістігіне өту мақсаты қойылуда. Бұл жағдай барлық ғылым салалары сияқты педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісінде соңғы жылдары елеулі өзгерістер жасауды талаптауда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында “Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді” - деп көрсетілгендей білім берудің жолы оқытуды тиімді етуге нұсқау жасалған.
Білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске ала отырып өскелең жастарға білім мен тәрбие беру ісін қоғам талабына сай дамыту және жетілдіру білім мен тәрбие берудің бүгінгі таңдағы негізгі, жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жаңарту, жетілдіру мәселесі болып табылады десек, онда мектеп оқушыларының білім негіздерін қалыптастыру, осы мәселенің түп қазығы, яғни негізгі сатысы болып саналады. [1]
Осы мәселелерді шешуде білім беру мазмұнында жаңару, жаңаша көзқарас, басқаша менталитет, өзгеше қарым-қатынас пайда болуы керек. Білім мазмұны, жаңарған біліктіліктермен білім беру саласындағы ғылыми шығармашылық жұмыстардың нарықтық қатынастар талабына сай нақтылана және даралана түсуі қажет. Әсіресе балалар дүниесінің жан-жақты, рухани баюына, азамат, жеке тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліну ерекше қажеттілікке айналуда. Өйткені білім негіздерін оқушы бойына қалыптастыру біріншіден, мұғалімнің негізгі жұмысы болса, екіншіден ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Осы зерттелгелі отырған тақырыптың ең өзекті мәселесі болып табылады.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылыққа қабілеттерін арттыруға, қажетті іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Мектеп практикасының тарихында оқытуды ұйымдастырудың сыныптық оқу жүйесін зерделеу және қорытуды, сабақтың орнықты ғылыми теориясын жасауды алғаш рет қолға алған Я. А. Коменский болды.
Я. А. Коменский “Ұлы дидактика” атты әйгілі еңбегінде сабақтың бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі бір ұзақтығы; сабақ арасындағы үзіліс; сабақты белгілі бір ұйымдастырылған түрде өткізу; мұғалімнің түсіндіруіне оқушылардың назарын аудару; оқушыларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізудің топтық түрінің тиімділігін және қажеттілігін теория жүзінде негіздеді. . [2]
Оқу теориясын дамытуда К. Д. Ушинскийдің ролі ерекше болды. Ол сабақты барлық негізгі жақтарын, “сабақтың әрбір құрамдас бөлігі мағынаға толы қызметке сай болуын, өйткені онсыз оқушының көптеген жақсы қасиеттерін дамыту мүмкін еместігін” талап ете отырып, талдау жасады және шығармашылықпен жұмыс істеді.
Сабаққа және оны жетілдіруге қатысты проблемаларды К. Д. Ушинскийден кейінгі белгілі педагогтар Д. Д. Семенов, Н. К. Корф, М. И. Демков, А. Әбілқасымова, Т. Сабыров, және басқалар зерттеді.
Ж. Б. Қоянбаев, Қ. Р. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева және С. Бабаевтың қазақ тілінде жарық көрген педагогикалық еңбектерінде сабақтың түрлері, оларды талдау, ұйымдастыру мәселелері қарастырылған.
Ғылыми педагогикалық зерттеулерде, баспа материалдарында сабақ, оны жетілдіру бойынша еңбектер кеңінен көрініс тапқан десек те, мектепте оқыту формасы сабақта оқушылардың үлгермеушілігі орын алып отыр. Ол мәселені теориялық тұрғыдан зерделеп, қайшылықты шешуге ұмтылыс жасау ниетімен зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жаңашыл педагогтардың шығармашылық тәжірибелерін оқу - тәрбие үдерісінде пайдалану» - деп таңдауды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқу - тәрбие үдерісінде пайдалану.
Зерттеу нысаны: Оқу - тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Жаңашыл педагогтардың тәжірибелерін оқу - тәрбие үдерісінде пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқу - тәрбие үдерісінде жаңашыл педагогтардың шығармашылық тәжірибелерін теориялық, педагогикалық негіздерін қолдану мұмкіндіктерін анықтау .
2. Жаңашыл педагогтардың шығармашылық тәжірибелерін оқу - тәрбие үдерісінде пайдалану әдістемесі.
3. Оқу - тәрбие үдерісінде озық тәжірибелерді қолдану жолдары.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша түрлі әдебиеттерге талдау жасау, қорыту, жүйелеу және озық тәжірибелерді қолдану.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, 2 бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
1. Бөлім. Жаңашыл педагогтардың шығармашылық тәжірибелерін оқу - тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
1. 1. Оқу - тәрбие үдерісінде жаңашыл педагогтардың шығармашылық тәжірибелерін қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері
Бүгінгі күні оқыту технологиясы деген ұғым дәстүрлі педагогикада қолданысқа енген түсінік. Оқыту технологиясы терминін оқытушы практикада жаңадан қолданып жүргенімен және ол дәстүрлі оқыту процесінде бұрын бар нәрсе.
ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы - барлық оқыту процесінің жүйелік әдісін құру, қолдану және анықтау ретінде техникалық және адам ресурсы есебінен білімді меңгеру, оқыту формасын ықшамдау міндеті қойылған, өзара қатынас әрекеті, деп көрсетеді.
Бірқырынан қарағанда оқыту технологиясы - оқулық информацияның пайда болуы, өзгерулер, елестету, өңдеу мүмкіндігі және әдістердің жиынтығы болса, екінші жағынан техникалық немесе информациялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, оқу процесінде оқытушының шәкіртке әсер ету әдістері мен тәсілдері туралы ілім.
Оқыту технологиясы - неғұрлым ұғымды жетістіктерге жету мақсаты қойылған, оқытудың мүмкіндіктерінің, әдістерінің және формаларының жүйесін көрсететін, оқу бағдарламаларында қарастырылған, оқытудың мазмұнын жүзеге асырудың тәсілдері. Сонымен оқыту технологиясындағы, оқытудың мазмұны, әдістері және мүмкіндіктері өзара шарттастық түрінде болып табылады. Оқытушының педагогикалық шеберлігі қажетті білім мазмұнын таңдап алумен, ұтымды әдістерді қолданумен және бағдарламада қойылған педагогикалық міндеттерге сәйкес оқыту құраладарын мүмкіндіктерін айқындап алуынан көрінеді.
Н. Ф. Талызинаның пікірінше: Оқыту технологиясы термині халықаралық дидактикада бекітілген. Ол үш аспектіде бейнеленеді: оқу-тәрбие жұмыстарын және оқыту әдісі мен технологиясын, оның техникалық жабдықтауын ұйымдастыру, яғни мұғалімнің конструктивті шешім қабылдауына қажетті білім жиынтығы - деп түсіндіреді.
Оқыту технологиясы - білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастыруды, білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің саналылығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді.
Оқыту технологиясы - оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы.
Жаңашыл педагогтардың негізгі мақсаты -оқытудың тиімділігін, сапасын жасарту. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен реттеудің жүйесі, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады.
Оқыту технологиясы білім беру тәжірибесінде бір-біріне байланысты 3 түрлі деңгейде қолданылады.
- Жалпы педагогикалық (жалпы дидактикалық) деңгей. Мұнда оқыту технологиясы педагогикалық жүйемен синоним ретінде жалпы білім беру процесін сипаттайды.
- Жеке әдістемелік (жеке пәндік) деңгей. Жеке пәндік технология оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын бір пәннің шеңберінде іске асыру әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
- Модульдік деңгей. Модульді технология оқу-тәрбие процесінің жеке дидактикалық мақсаттарын шешуде қолданылады.
Оқыту технологиясының құрылымы:
- оқытудың мақсаты.
- оқытудың мазмұны.
- оқытудың әдістері мен тәсілдері.
- оқытудың нәтижесін айқындайды.
Технология жоба, үлгі ретінде берілгенде ғана тиімді. Оқыту технологиясы әдістеме ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы “Нені оқыту?”, “Не үшін оқыту?”, “Қалай оқыту?” деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы “Қалай нәтижелі оқытуға болады?” деген мәселенің шешімін іздейді.
Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Әдістеме ғылымы теорияның қосымшасы оны іске асырудың амалы болса, оқыту технологиясы - дидактикалық мақсатқа жеткізудің жолын көрсететін схема, үлгі.
Оқыту технологиясында оқытудың психологиялық негіздері де басшылыққа алынады. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болғандықтан, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру ілгеріде басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К. Д. Ушинскийде назар аударған. Ол өзінің “Адам тәрбие пәні” атты еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өз өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л. С. Выготскийде зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынады:
- оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
- оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;
- оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
- оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.
Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:
- Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептеді;
- Н. А. Менчинская, Д. И. Богоявленкая, Е. А. Кабанова - Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;
- Л. В. Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы жеткізуге болады деп тұжырымдайды;
- П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;
- Т. В. Кудрявцев, А. М. Мотюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың рөлін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.
Психологиялық және педагогикалық теорияларды қорытындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі түсініктер енгізілді:
- даму - бұл организмнің жүйке жүйесінің психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерістерінің көрінісі;
- оқыту - қоғамдық тарихи тәжірибені мақсатты жеткізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруді ұйымдастыру процесі.
Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлттық, көпқырлы дәстүрді, ұлттық психологияны сипаттайды. [4]
Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын психологиялық тұжырымдарға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін біртұтас құрылымды жасайтын элементтер жиынтығын құрайды. Жүйенің сипаттамасы мақсаттың, білім мазмұнының, дидактикалық процестердің, оқытудың әдістері, құралдары, формаларының және оның ұстанымдарының сипаттамаларына сәйкес. Дидактикалық тұжырымдамалардан үшеуін бөліп алу қажет: дәстүрлі, педоцентристикалық және дидактиканың қазіргі жүйесі.
Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты рөлді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я. А. Коменский, И. Песталоцци, И. Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды. [5]
Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты рөл оқуға баланың іс-әрекетіне беріледі. Бұл тәсілдің негізінде Д. Дьюдің жүйесі, Г. Кершейнштейнердің еңбек мектебі, В. Лайдың ХХ ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теориясы жатыр. Г. Кершенштейнер халықтың “ еңбек мектебі” баланы қазіргі мемлекеттің талабына үйрету және әлеуметтік шығу тегіне сәйкес алдағы кәсіби іс-әрекетке дайындауы керек деген ұғымына сәйкес “азаматтық тәрбие” тұжырымдамасын жасады. В. Лай тәрбие мен оқыту оқушыларға сырттай әсер ету мен олардың оған сурет, модельдеу, сызу, ән-күй, би сабақтары, түрлі ауызша және жазбаша жұмыстар мен жануарларды бағып-қағу түріндегі жауапты реакцияларының кезектесуі ретінде қарастырылуына сәйкестендірілген “әсер ету” формуласына негізделген “әрекеттегі педагогика” тұжырымдамасын ұсынады.
Қазіргі таңдағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу - оқытудың іс-әрекетін құрайды, ал олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Қазіргі таңдағы дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған тұжырымдаманы (Л. В. Занков, З. И. Калмакова, Е. Н. Кабанова-Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы (Г. А. Цукерман, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, С. А. Смирнов) ерекше атауға болады.
Л. В. Занковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды:
- қиыншылықтың жоғары деңгейінде оқыту;
- бағдарламалық материалды оқытудың жоғары қарқындылығы;
- бастапқы теориялық білімнің маңызды рөлі;
- оқушылардың оқу процесін ұғынуы;
- барлық оқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.
З. И. Калмакованың тұжырымдамасы бойынша, өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамыту болып есептеледі. Өнімді ойды оқып білім алудың негізі деп қарастыра отырып З. И. Каламакова өнімді ойлаудың ерекшеліктерінің сырттайғы көрінісі - жаңа білімді өзбетінше игеру және оны іс-әрекетте қолдана білу деп біледі. Мұндай ойдың негізі көрсеткіштері:
- ойдың жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;
- ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және дамуы;
- мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімі;
- ойдың жүйріктігі - кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігінде пайда болатын ассоцияциялық идеялардың саны.
З. И. Калмакованың дәлелдеуі бойынша, дамудағы оқыту төмендегі дидактикалық ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:
а) оқытудың мәселелігі;
ә) оқытудың жекелілігі және даралығы;
б) ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақтылық және абстрактылы және теориялық) үйлесімде дамуы;
в) ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;
г) есте сақтау әрекеттерін арнайы ұйымдастыру.
Е. Н. Кабанова-Миллердің тұжырымдамасы, өзі оқу жұмысының тәсілдері деп атаған, ойлау операцияларын қалыптастырумен байланысты. Оқу жұмысының тәсілдеріне салыстыруды, қортындылауды, себеп-салдар байланысын ашуды бақылауды, зерттеліп отырған құбылыстың сипаттамасын құрастыруды, ұғымның мәнді және мәнсіз белгілерін ажыратуды кіргізеді.
Е. Н. Кабанова-Миллердің тұжырымдамасындағы шарттары ретінде төмендегілер белгіленеді:
- Оқытудың барлық қатары оқушыларда түрлі деңгейлерде толықтырылған оқу жұмысының тәсілдерін қалыптастыру идеясына сәйкестендірілуі керек.
- Әрбір оқу пәнінде оқу жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы және оларды оқушыларда қалыптастыру маңызды.
- Оқушылар жағынан өздерінің оқу әрекеттерін басқару тәсілдерін қалыптастыру қажет.
Сонымен жоғарыда қарастырылған тұжырымдамалар жалпы психиканы дамыту мақсатында оқушылардың психикалық қызметін (негізінен ойды) дамуымен Л. В. Занков, шығармашылық ойын дамытумен (З. И. Калмыкова) немесе ойлау операцияларын қалыптастырумен (Е. Н. Кабанова-Миллер) байланысты. Оқу әрекеттерін ұйымдастыруға бағдар ретінде оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту тұжырымдамасы кең таралған. [6]
Г. А. Цукерман тұжырымдамасына сәйкес, оқытудағы маңызды міндеттердің бірі - оқушыларды оқу бірлестігі дағдыларына оқыту. Оқу процесі мұғалім мен баланың бірлестігінің негізінде жасалады. Ол оқу бірлестігіндегі үш басты сипаттамаларды ажыратады:
- өзара әсердің симметриясыздығы (бала үлкен адамды қабылдамайды, ол өзіне қажетті білімді іздестіреді, ал мұғалім баланың ізденісін реттеп, тиімдендіреді) ;
- баланың танымдық инициативасы;
- жаңа білімге сұраныс жасау.
В. В. Давыдовтың және Д. Б. Элкониннің тұжырымдамалары бойынша оқушыларды дамыта оқытудың негізінде теориялық білімді сараптау, жоспарлау және рефлексия арқылы меңгеру процесінде оқу әрекетін оның субъектісінде қалыптастыру теориясы жатыр. В. В. Давыдовтың және Д. Б. Элькониннің тұлғаны дамыта оқыту тұжырымдамасы, бірінші оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған.
Берілген шығармашылықтың әдістемесін бейнелейтін, С. А. Смирновтың тұжырымдамасында, педагогикалық процестің негізгі мақсаты ретінде, әлеуметтік тәжірибенің қарқынды жинақталуымен және баланы ішкі психологиялық тыныштық пен өз-өзіне деген сенімді қалыптастыру үйлесіміндегі қабілетін мүмкіндігінше дамытудың шарттарын жасау жағдайы қарастырылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:
- оқушының мұғаліммен және бір-бірімен әрекеттерін ұйымдастыру;
- сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кеңінен пайдалану;
- оқушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру.
Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сақтау, ойлау және ұғым қалыптастыру, теориялық толықтыру және ақыл-ой инициативаларын) дамытуға ерекше көңіл аударды. [7]
Оқыту технологиясының құрамына кіретін жүйелілік категория: оқытудың мақсаты; оқытудың мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттің мүмкіндігі (оқыту және мотивация мүмкіндігі) оқыту процесін ұйымдастыру; оқушы немесе мұғалім ара қатынасы; іс-әрекет нәтижесі соның ішінде кәсіптік дайындық деңгейі.
Сонымен, оқыту технологиясы - оқыту процесін ұйымдастыруды, басқаруды және бақылауды қарастырады. Оның үстіне бұл процестің барлық жағы бір-бірімен өзара байланысты және бір-біріне әсер етеді.
1. 2. Жаңашыл педагогтардың шығармашылығын оқу - тәрбие үдерісінде қолдану жолдары
Педагогикалық технология педагогика және техника ұғымдарының негізінде пайда болған түсінік. Педагогика - біріншіден ғылымның адаммен байланысты бір саласы, болса, екіншіден белгілі бір мақсатқа (білім, тәрбие алуға немесе беруге) бағытталған ұстаз бен шәкірттің өзара байланысты іс-әрекетін зерттейтін ғылым, үшіншіден алғанда педагогика белгілі бір мақсатқа яғни білім мен тәрбие алуға немесе беруге бағытталған ұстазбен шәкірттің өзара байланысты іс-әрекеттің білімдерін, іскерлік пен дағдыларын, үйренуді көздейтін болашақ мұғалімге білім мен тәрбие берушілерді дайындайтын оқу пәні болып табылады. Техника дегеніміз - біріншіден ғылымның бір саласы болса, екіншіден белгілі бір іс-әрекетті ұтымды түрде орындауға арналған құрал сайман, мүмкіндік болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі психологиялық-педагогикалық әдебиеттер ғылым-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізумен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болып және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік. Өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім «шығуында» белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп атайды.
Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сөзді енгізу «индустриялық» технология (Ф. Б. Гильбрейт, Ф. У. Тейлор және т. б. ) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В. П. Беспалько, П. И. Пидкасистый және т. б. ) қолдады. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғаліммен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т. А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс-әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдап істелген конструкциялар ретінде жасалынады. Ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың жеке дара мәселелерге, білім меңгеруге бағытталған оқу моделінің жағынан өлшемі ретінде қарастырады. [8]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz