Жыныс тіркесіп тұқым қуалау


Жыныс тіркесіп тұқым қуалау
Жоспары: 1. Жынысты анықтаудың хромосомалық теориясы.
2. Жыныспен тіркес тұқым қуалау.
Табиғатта кездесетін барлық дара жынысты ағзаларда аналық және аталық даралардың арақатынасы шамамен 1 : 1 - ге тең болады. Мұндай ажырау Мендель тәжірибелерінде талдай шағылыстыру кезінде, жыныстардың бірі гомозиготалы, бірі гетерозиготалы болған жағдайда байқалады. Шын мәнісінде, дара жынысты ағзалардың басым көпшілігінде аналық және аталық даралардың хромосома жиынтығы біркелкі болмайды. Мұны дрозофила шыбынын мыфсалға алып, оның хромосомалар жиынтығындағы ерекшеліктерге байланысты сомалық жасушаларында 4 жұп хромосома болатыны белгілі. Олардың үш жұбы аталық және аналық дараларда біркелкі ұқсас болады, оларды аутосомдар деп атайды. Ал соңғы жұбы екі жыныста екі түрлі болып келеді және соларға байланысты даралардың жынысты анықталады. Оларды жыныс хромосомалары деп атайды.
Аналық шыбынның жасушаларындағы жыныс хромосомалары өзара ұқсас келеді, оларды Х - хромосомалары деп белгілейді. Енднше диплойдты жиынтығы бар сомалық жасушаларда жыныс хромосомалары - ХХ болады. Аталық шыбынның сомалық жасушаларындағы жыныс хромосомалары бір - біріне ұқсамайды. Олардың біреуін Х - хромосома деп, екіншісін У - хромосома деп белгілейді. Сондықтан аталық ағзаның жыныс хромомомаларының жиынтығы ХУ болып шығады.
Осыған сай аналық ағзаның барлық жұмыртқа жасушалары хромосомалар жиынтығы бойынша біркелкі болады, өйткені олардың әрқайсысында үш аутосома және бір Х - хромосома бар. Х - және У - хромосомалардың бір - бірінен айырмасы - тек екі түрлі құрылысында ғана емес, олардағы орналасқан гендердің жиынтығы да екі түрлі. Ұрықтану кезінде хұмыртқа жасушасының Х хромосомалы сперматозойдпен де У - хромосомалы сперматозойдпен де кездесу мүмкіндігі бірдей. Суретте көрсетілгендей, бірінші жағдайда ұрықтанған жұмыртқадан аналық дара, ал екінші жағдайда аталық дара дамып жетіледі. Олай болса, ұрықтану нәтижесінде түзілетін жыныстар арақатынасы 1 : 1-ге тең болады.
Сүтқоректілердің көпшілігінде, соның ішінде адамды да аталықтарының жыныс хромосомалары бір Х - және бір У - хромосома, ал аналықтарында екі Х-хромосомадан болады. Соған байланысты аталық дараны гетерогометалы, аналық дараны гомогаметалы дап атайды. Құстарда да және көбелектерде де керісінше: аналықтарының хромосомалары - ХУ, аталықтарынікі - ХХ. Кейбір қоңыздарда, мысалы, тура қанаттыларда У - хромосома тіпті жоқ, яғни аталықтардың генотипі - ХО.
Сүтқоректілердің аналығында ұрық дамуының алғашқы сатысында Х - хромосомалардың екеуі де жұмыс істейді. Соңынан жұмыртқа және аналық бездері дамитын жасушалардан басқаларының барлығында екі Х - хромосоманың біреуі жұмысын тоқтатады. Белсенділігінен айырылған бұл хромосома жинақталып, тығыздалған дене түрінде қалады. Мұны Бпрр денешігі деп атайды екен. Осы Барр денешігінің болуы болмауына байланысты жынысты анықтайды. Әдетте ол әйел жынысына тән.
Жыныс хромомомалары арқаылы тұқым қуалайтын белгілерді - жыныспен тіркес тұқым қуалау деп атайды. Мысалы, дрозофила шыбынының Х - хромосомасында оның көзінің түсін еаықтайтын ген орналасқан. Адамда да жыныспен тіркес тұқым қуалайтын бірқатар белгілер бар. Олардың қатарына рецессивті қасиет көрсететін дальтонизмді - жасыл мен қызыл түсті ажырата алмасу, гемофилияны - қанның ұйымауы, бұлшықет дистофиясының бір түрін, т. б. жатқызуға болады. Адамда еркек жыныс гетерогометалы болғандықтан, бұл аурулардың белгілері көбінесе ер адамдарда орналасқан. Ал ер адамдарда бір ғана Х - хромосома бар. Егер ер адамның генотипінде бұл ген бар болса, оның ауру болғаны, ген жоқ болса - сау болғаны. Гемофилияның генін әйелдер гетерозиготалы күйде сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа тасымалдайды. Мысалы, гетерозиготалы, яғни тасымалдаушы дене сау әйел, сау ер адамға тұрмысқа шықса, бұл жағдайда қандай ұрпақ күтуге болаптынын анықтайды екен. Медицинада гемофилчның генін һ әріпімен, қанның дұрыс ұюының доминантты генін Н әріпімен белгілейді.
Медициналық колледж «Мейірбике »
Жыныс генетикасы
Дайындаған: Шылымова К. С.
Тексерген: Кожакова Г. А.
2008 жыл.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz