Қазақстан Республикасының бюджет заңдары



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған.
Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі түсініктемесі бар;
1) мемлекеттік бюджет –экономикалық категория ретінде қарастырылады.
2) мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде.
3) мемлекеттік бюджет-қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы.
Айта кетететін жайт, қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде мемлекеттік бюджет өз кезегінде экономикалық категория болып табылады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық – заттық түрінде болады; бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады.
1. Әжібеков Қ. Бюджеттің жүгі зіл батпан. /// Қаражы-қаражат; 7/2003 жыл.
2. Құрмашева Қ. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы /// Егемен Қазақстан: -2004 ж. №115-14 маусым.
3. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жалпы бюджет термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның
аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен
шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал мемлекеттік дегеніміз-ол, сол
есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен
тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-
экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады.
Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси
мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды.
Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен
экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде
қаржыландыруға бағытталған.
Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі
түсініктемесі бар;
1) мемлекеттік бюджет –экономикалық категория ретінде қарастырылады.
2) мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде.
3) мемлекеттік бюджет-қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы.

Айта кетететін жайт, қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы
және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде мемлекеттік бюджет өз
кезегінде экономикалық категория болып табылады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық –
заттық түрінде болады; бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып
жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын
және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады.

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді. Қазақстан Республикасы бюджет заңдары
қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады
және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше
республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша
бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы
ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған
жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске
асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа
енгізіледі.Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе,
онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларының орындалуы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, Заң шығарушы билік, басқару
аппаратын ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмсалуды қамтамасыз ететін бюджеттік тармақтарының желісі
құралады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды процесінде заңмен отыратын белгілі қаржылық өзара
–қатынастар пайда болады. Осы элеметтердің барлығы-бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен құрудың қағидаттарры, оның буындарының өзара қатынастары
мен байланыстарының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы-бюджет
құрылысын қарайды. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы
мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму
денгейіне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеледі. Бюджет құрылысында басты
орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқытық
нормаларға негізделген түрлі деңгейлерді бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген
түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық
құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет үш буынан тұрады; мемлекеттік бюджет
немесе федералдық бюджет орталық мемлекеттің бюджеті, федерация мүшелерінің
(АҚШ-та штаттардың , ГФР да жерлердің (ландраттардың) Канада
провинциялардың Ресейде федерация субьектілердің бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер:
Унитарлық (бірліктер) мемлекеттерде екі буынды жүйесі қолданылады;
орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да
бюджеттердің оқшалануы мен дербестігін түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ
әдеттегідей, әлеуметтік –экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру
деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатысы бойынша белгілі бір
реттеуші роль орталық бюджетке сақталады[1].
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюжет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық есем, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға тиісті
құқытық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлерді бюджетті қамтиды.
Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық
бюджеттер дербес жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет
жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік
бюджеті, басқа одақтас республикаларының мемлекеттік бюджеттері сияқты,
КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кіреді, онда ел аумағының барлық бюжеттері,
соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттерде қамтылып көрсетіледі. Ол
одақтық бюджеттен 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады. Одақты бюджетке 1970-
1990 жылы мелекеттік бюжет ресурыстарының жалпы ауқымының 52-50 пайыз
тийді, оның 35 пайызы республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15
пайыз жергілікті қарамағында болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің басты республикалық
бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет-бұл түсімдер мен бюджет
тапшылығын қаржыландыру (профециті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын
және өзіне Қазақстан Республикасының Конситетуциясы мен заңнамалық
актілерге жүктелген міндеттерді жүзеге асыру Үкімет анықтайтын
республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан
Республикасының заңмен бекітілген орталықтандылырған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)
–облыстық бюджттер, қалаларрдың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы),
аудандардың (қаладағы аудандардың қоспағанда) бюджеттері. Қаржы жылына
арналған республикалық бюжет Қазақстан Республикасының заңмен, жергілікті
бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджет жүйесінің жұмыс
істеу бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді.

2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға
негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан
Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан
Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының
өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-
мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық
құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан
тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің
орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-
да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация
субъектілерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріңғай бюджеттік сыныптама
Бюджет балансы, бюджет табысы
Құқық негізінің түсінігі
Жергілікті бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру
Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiктерi
Қазақстанның бюджет жүйесінің экономикалық мәні
Мемлекеттік бюджет шығындары құралы мен кұрылымы
Саяси институттар. Негізгі заңдар
Жергілікті билік органдары бюджеттері
Әлеуметтік сфераны бюджеттік қаржыландыру
Пәндер