Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықарарлық қатынас


2. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықарарлық қатынас
2. 1 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты. Германияның Польшаға шапқыншылығы. КСРО-нің саясаты
1939 жылы 1 -қыркүйегінде фашистік Германия соғыс жарияламай, Польшаға баса - көктеп кірді. Ол үш бағытта болды: батыс, солтүстік және оңтүстік. Польшаға немістің бес әскері енді. Осыған орай, Польшаның одақтастары Ұлыбритания мен Франция, Германияға үшінші қыркүйекте соғыс жариялады. Соғысқа сонымен бірге Англия мен Францияның доминондары мен отарлық иеліктері де енді. Осылайша екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Польшаның әскері қажырлы түрде соғыс қимылдарын жүргізді, бірақ саны аз, қару-жарақпен нашар жабдықталған поляк әскері, немістің танкілі дивизиясына, мықты авиациясына төтеп бере алмады. Соғыстың басталғанынан екі жұмадан соң Польшаның әскері талқандалды.
Бұл уақытта Кеңестер Одағы 1939 жылғы 23 - тамызындағы келісімінің құпия хаттамасында белгіленгендей, Польшаға қарсы шықты. 1939 жылы 17- кыркүйекте КСРО басшылығы Польша мемлекетінің және басшылығы өз қызметін тоқтатты және осыдан келе кеңес әскері Польшаның Шығыс шекарасынан өтті. Ол негізінен «Батыс Украина және Батыс Белоруссияның тұрғындарын өз қоластына алу» мақсатымен жүзеге асқан шара деп жариялады. Польшаның шамамен 200 мың офицер мен солдаттары кеңестердің қоластына түсті. Ал 1940 жылдың көктемінде олардың шамамен 20 мыңы құпиялы түрде, Катынь аймағында (Смоленск маңында) НКВД-ның ұйымдарымен атылды.
1939 жылы 28 қыркүйекте Мәскеуде герман - кеңес достық және шекара жөнінде келісім жасалды. Ол Германия мен КСРО - нің Шығыс Еуропадағы біріккен іс-әрекеттерін бекіте түсті. Сонымен, онда КСРО мен Германияның арасындағы жаңа мемлекеттік шекара орнатылды.
Польша мемлекеті жойылды. Батыс Украина мен Батыс Белоруссия КСРО -нің құрамына енді. Германиямен шектескен Польша жерлері, ендігі кезекте басшылығы Берлинде орналасқан неміс генерал-губернаторлығына айналды.
1939 жылдың 23 тамызындағы кеңес-герман құпия хаттамасына сәйкес, кеңес басшылығы осы жылы күзде ультиматум түрінде Эстония, Латвия және Литвадан Кеңестер Одағымен өзара көмек және бірлестік, олардың территорияларында кеңес гарнизондарын орналастыруды мойындайтын келісім-шарт жасауды талап етті. Бұл талаптар қабылданды. Сонымен бірге, Кеңестер Одағы Ленинградтан фин территориясын оның орнына ол Финляндияға екі есе үлкен, бірақ аз қоныстанған Кеңестік Кореядан территория ұсынды. Ұзақ келіссөздерден кейін Финляндия ұсынысты қабылдамады.
1939 жылы 30-қарашада кеңес әскері Финляндияға қарсы әскери қимылдарды бастады. Осылайша ұзаққа созылмаған, бірақ ауыр кеңес-фин соғысы басталды. Ұлттар Лигасы КСРО - нің мұндай қимылдарын сынға алып, оны құрамынан шығарып тастады.
Осы тұста, Батыс майданда тыныштық орнап тұрған еді. Онда орналасқан ағылшын-француз әскері Германияға қарсы ешқандай қимылдар жасады, саны жағынан одан әлдеқайда көп болғандығына қарамастан, оған себеп, неміс әскерінің негізгі бөлігі әлі де Польша территориясында орналасқандықтан еді. Батыс майдандағы әскери қарама-қайшылық 1940 жылы көктеміне дейін созылған «отырықты» деп аталған. Бұл соғыста ағылшын және француз басшылығы қорғанушылық стратегияны ұстанды. Олардың есептеуі бойынша теңіздегі ағылшын-француз басымдылығы оларға Германияны блокада құрсағында ұстауға мүмкіндік береді, ал франк-герман шекарасында салынған «Мажино линиясы» немістердің батысқа жорығына жол бермейді деп шешті. Англия мен Францияның басшылықта отырғандардың бір бөлігі герман-кеңес келісіміне қарамастан, Германия мен КСРО-нің әскери қақтығысына сенді.
1940 жылы көктемге таман кеңес әскері үлкен қиыншылықтарға қарамастан қорғанушылық Маниергейім линиясын» бұзып шыға алды. Финляндия жеңіліске ұшырап, 1940 жылы 12 мамырда ол кеңес-фин бейбіт келісіміне қол қоюға мәжбүр болды. Ал бойынша Кеңес Одағына Карель территориясы мен Выборг қаласы берілді.
1940 жылдың көктемінде неміс әскері Батыс майданда іс-қимылдарын бастады, 1940 жылы 9 сәуірде Данияны оккупацияға алып, Норвегияға басып кірді. Норвегияға оккупацияны аяқтаған соң, Германия, Бельгия, Голландия және Францияға қарсы жорықты бастады. 1940 жылы 10 мамырда неміс әскері солтүстіктен «Мажино линиясын» айналып өту үшін, соғыс жариялаусыз Бельгия мен Голландия территориясына енді. Осылайша 14 мамырда Голландия, ол 28 мамырда Бельгия алынған енді. Белгияға көмекке келген ағылшын-француз әскері Дюнкерк қаласының маңында қоршауға алынды. Өте күрделі жағдайда қоршауда қалған әскердің негізгі бөлігі Англияға оралады, бірақ олардың қару-жарақтарының барлығы дерлік немістердің олжасына айналды.
Ағылшындар мен француздар бұл соғысты жеңіліске ұшырады деген оймен, 10 маусымда Италия соғысқа енді.
22 маусымда франк-германдық келісім шарт жасалды, ал 25 маусымда -Франция Италияның келісім жасасты. Бұл келіссөздерге сәйкес Франция барлық әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға мәжбүр болды. Оның территориясының 3, 2 бөлігі Парижді қосқанда неміс әскерімен оккупацияланған. Сонымен бірге, Франция үлкен мөлшерде оккупациялық қаражат төлуге мәжбүр болды. Ал оккупацияланбаған аймақтарда және француз отарланған иеліктерде билікті Петэна, басшылығы жүзеге асырды. Оның орталығы Виши қаласында орналасты. Кейін Виши басшылығы Германиямен жұмыс жасайтындығын айтты.
Бас кезінде Францияның барлық ірі саяси қызметкерлері мен Францияның отарлық империяның әкімшілігі Виши басшылығын қолдаған еді. Тек қана сол тұста танымал болмаған генерал де Голль келісім шартты және Виши басшылығын мойындамаған. Англияға барып, ол «Тәуелсіз Франция» қозғалысын ұйымдастырып, Германияға қарсы күресті жалғастыра түсіреді.
3. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы (1945 ж. -1950 ж. соңы) . Отарлық жүйенің құлауы
3. 1 Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп
Қырым конференциясы. БҰҰ-ның құрылуы, одақтастардың қимылдарының жемістері мен фашистік блоктың күйреуі Германияның жақын арада жеңілісін білдірді. Оның толығымен күйреуін жүзеге асыру жөнінде және босатылған Еуропадағы саясат жөнінде шешімдер шығару үшін, Сталин, Рузвельт және Черчилль 1945 жылы ақпанда Ялтада конференцияда ұйымдастырылды. Алдарына қойған мақсаттарға жету үшін олар Германияны оккупациялауды шешті. Әрбір үш держава (сонымен бірге Франция) үшін оккупациялауға тиесілі территориялар белгіленді. Қырым конференциясы барысында Сталин, Рузвельт және Черчилль құпия келісім жасасты: Кеңестер Одағы Еуропадағы соғыс қимылдардың аяқталасымен 2-3 айдан кейін Жапониямен соғысқа қатысуға уәде берді. Сонымен бірге Моңғол Халық Республикасының сол қалпында қалуын, КСРО-ге Оңтүстік Сахалин және Курил аралдарын беруді және Порт-Артурда кеңестік әскери базаны құру (Қытай) талаптарын орындаған жағдайларда ғана жүзеге асуы мүмкін болды. Қырым конференциясының жұмыс барысында жалпы халықаралық ұйымын құру мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Ол ұйым негізінен дүниедегі тыныштық пен бейбітшілік орнатуға қажет болды, кейін ол Біріккен Ұлттар Ұйымы атауын алды. Үш ірі державалардың басшылары БҰҰ-ның қағидаларының жобасына келісті, онда ең қажетті жағдайлар қарастырылды: негізгі мәселелерді шешуді бірауыздылық заңы жұмыс істеді, яғни олардың әрбіреуі вето заңын иеленді. Бұдан кейін 1945 жылы 25 сәуірде, яғни кеңестік және американдық әскерлерінің Германия территориясында біріккен күні, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында конференция ашылды. Бұл халықаралық тарихтағы бірден-бір ірі конференция болып табылады. Оның негізгі міндеті - бейбітшілікті сақтауға арналған халықаралық ұйым құру болды. Сан-Францискодағы конференцияны Германиямен соғыстың аяқталмас бұрын шақырылуының өзі одақтастардың арасындағы жаңа халықаралық ұйымды құрудағы негізгі мәселелердің шешімін тапқандығын білдірсе керек. Бұл конференцияда 1942 жылдың 1 қаңтарында Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойған мемлекеттердің барлығы қатысты. КСРО, АҚШ, Англия және Қытай атынан конференцияға шақыру жіберілді, олардың арасында 19 мемлекет латынамерикандық, 4 мемлекет британ доминиондары болды. Ал бейтарап саясатын ұстанған елдер (Эйре, Исландия, Португалия, Швеция), сол тұста Германия мен Жапония оккупацияланған елдер, Дания (оккупанттардан босатылғаннан кейін дат басшылығы да конференцияға шақырылды), Австрия және Тан (Сиам) конференцияға қатыспады. Сонымен қатар ағылшын және американ басшылығының арасындағы қарама-қайшылықтардың салдарынан кейбір елдердің басшылықтарын АҚШ және Англияның мойындамағандығынан (Албания, Польша, Моңғол Халық Республика-сы) олар да қатыспады.
Кеңестер делегациясының іс-әрекеттерінің арқасында конференцияға Украина мен Белоруссия өкілдері қатысуына қолдары жетті. Сонымен бірге кезінде Германия мен Жапонияның одақтастары болған, бірак соғыс барысында оларға қарсы шығып, соғыс жариялаған: Италия, Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндия да конференцияға шақырылмады. Конференция барысында Аргентинаға қатысуға, мүше болуға мүмкіндік берілді. Барлығы конференцияға 50 ел қатысты. Конференцияның төрағалары ретінде шақырушы төрт делегацияларының басшылары болып тағайындалды: КСРО( В. М. Молотов), АҚШ( Э. Стеттиниус), Англия(А. Иден) және Қытай (Сун Цзывень) .
Конференцияның негізгі және де жалғыз қарастыруға тиіс мәселесі -БҰҰ-ның жарғысының құрастырылуы болған еді. Сонымен оның жұмысының барысында 4 комиссия құрылды: бірінші комиссия - жалпы жағдайлар бойынша, ол негізгі «Мақсат және принциптерін», «Мүшелік және негізгі ұйымдарын» қарастырады, екіншісі мәселелерін және төртіншісі (заңдық) - халықаралық сот және басқада заңдық мәселелерді қарастырады. Көптеген мәселелерді қарастырып, 1945 жылы 26 маусымда БҰҰ-ның Жарғысын қабылдаумен конференция өз қызметін аяқтады. Потсдам конференциясы, 1945 жылдың 4 - шілдесінде Берлин маңындағы Цецилиенхоф сарайында үш державалардың (КСРО, АҚШ және ¥лыбритания) үкімет басшыларының жаңа конференциясы ашылды.
Конференцияға КСРО-ның Халкомсовының өкілі И. В. Сталин, АҚШ президенті Г. Трумен, Ұлыбритания премьер-министрі У. Черчилль (оны 28шілде күнінен бас-тап жаңа сайлауда жеңген үкіметінің басшысы К. Этлли ауыстырды), үш елдің сыртқы істер министрлері, штаб басшылары қатысты. Потсдам конференциясы Еу-ропада соғыс қорытындысын, негізінен Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс орындарын толық жою шараларын белгіледі. Конференцияның қаулылары нацистік мемлекетті жоюға бағытталды. Елдің саяси құрылысын демократиялық жолмен қайта құру. Германия милитаризм мен фашизмін жою, ұлтшыл - социалистер партиясын тарату, Германия монополистік бірлестіктерін жою принциптері белгіленді. Берлин жөнінен халықаралық құқықтық деңгейі қабылданды. Бұл конференцияның шешімдері Германияның бейбіт демократиялық мемлекет болып дамуына жол ашты. Конференция соғыстан кейінгі кейбір территориялық мәселелерді де шешкен еді. Кеңестер Одағына Кенигсберг (қазіргі Калининград) қаласын және оның төңірегіндегі аудан берілді. Бұрын фашистік Германия тартып алган Польша жерлері өзіне қайтарылды. Польша мен Германияның жаңа шекарасы белгіленді. Ол шекара Балтық теңізінен Одер және Нейсе өзендерінін бойымен Чехословакияға дейін жүретін болды. Потсдам конференциясына қатысушы үш мемлекет Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату мәселесімен шүғылдануға келісті. Конференция осы елдер және Италиямен бейбітшілік бітімін дайындау үшін сыртқы істер министрлерінің кеңесін құрды. Бұл кеңес құрамына КСРО, Ұлыбритания, Франция, Қытай және АҚШ өкілдері кірді. Кейін бұл Кеңеске Германиямен бейбітшілік қатынастарды да шешіп отыру міндеті жүктелді. Конференция Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен бітім шартын жасағаннан кейін ұлы үш мемлекет олардың БҰҰ - ға кіру жөніндегі мәселені куаттайды деп шешті.
Потсдам конференциясы Испания агрессияшыл өкіметінің БҰҰ- ға кіру жөніндегі арызын қолдамайтынын білдірді. Солайша, Потсдам конференциясы соғыстан кейІнгі халықаралық мәселелерді талқылап, маңызды шешімдер шығарып, қабылдады. Олардың барлығын іске асыру тұрақты бейбіт өмір және халықаралық қауіпсіздікті орнатуға жол ашты.
Жапонияның капитуляциясы. Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінін босатылуы. 1944 жылдың басынан АҚШ пен Англияның қаруланған күштері Тынық мұхиты мен Азияда жорықтарын бастады. Жапондық соғыс ұшағының көтерілуге мүмкін емес биіктікте ұшуға мүмкіндігі бар «ұшушы бекініс» бомбалаушылары жапондық қалаларды аяусыз қырды. 1944 жылы қазанда соғыстардың тарихындағы ең ірі Лейт (Филиппины) аралы маңыңда төрткүндік теңіз қақтығысы болды. Екі жақтан да шамамен 300 ірі әскери кемелері қатысты. Онда жапондық адаммен - (камикадзе) басқарылатын ұшқыштар кемелерге соғылыстан жарылуы тиіс болған. Бірақ «камикадзелер» де бұл жолы жапондықтарға көмектеспеді. Американдық флот және авиациясы жауды талқандады. Суда да, әуеде де толық билікті иеленген американдық әскер, Филиппин аралдарында түсіп, ондағы партизандардың көмегімен бүл жерді жапондық оккупанттардан тазартты. Ағылшын әскері шапқыншылықты Бирмадан бастады. Ол кезінде жапондық оккупанттық басшылықтың қарауында болған Бирма әскерінін көтерілісшілерінен қолдау тапты. 1945 жылы мамырда жапон әскерлері Бирмадан ығыстырылды.
Енді Үндіқытай мен Индонезияны үстап түруға күші жетпеген Жапония, оларға тәуелсіздікті уәде етті. Филиппины мен Бирмадан айырылдағына қарамастан Жапония, Германияның капитулляциясы тұсында әлі де өз қол астында Кореяны Кытайдың бір бөлігін, Малайяны, Тайлантты, Үндіқытайды, жалпы бүкіл Индонезияны дерлік ұстада деуге болады. Мұны ескере отырып, АҚШ пен Ұлыбританияның ойынша Жапониямен соғыс Кеңестер Одағының кіруіне тырысты. Сонымен қатар, американдық басшылық Жапонияға қарсы жаңадан жасалған атом қаруын қолдануды ұйғарды, мұның өзі басқа елдерге қысым көрсетудің бір амалы еді.
1945 жылы 6 тамызда американ ұшағы атом бомбасын жапондық Хиросима қаласына тастады. Бұл жарылыс үлкен қасіреттерге әклді: Хиросиманың күрылысының 90 пайызы өртелді, лезде 90 мың адам көз жұмды; 10 мыңдай адам кейін жарақаттардан және радиоактивті сәулелерден өлді. Бұл атом бомбасының бірінші жарылысынан кейін, адамзат «атом дәуіріне» аяқ басты. 1945 жылы 8 тамызда Кеңес Одағы өзінің уәдесіне сәйкес, Жапонияға соғыс жариялады. Кеңестік әскер жапондық оккупанттарға қарсы әрекеттерін Солтүстік- Шығыс Қытайда, Солтүстік Кореяда, Оңтүстік Сахалинде жэне Курил аралдарында бастады. Жапонияға соғысты Моңғол Халықтық Республикасы жариялады. 9 тамызда американ авиациясы Жапонияға екінші атом бомбасын түсірді - ол Жапониядағы ірі ірі сауда портты қаласы, Кюсю аралында батысында орналасқан Нагасаки қаласы еді. Бұл жарылыстын салдарынан қаланың 1/3 -і қирап, 75 мыңға жуық адам қаза болып және жараланды. Сонымен 400 мың адам радиоактивтік сәулелер кесірінен өлімге ұшырады. Атом бомбалауы және соғысқа КСРО- ның кіруі Жапонияны өзінің жеңілісін мойындауға тіреді. 1945 жылы жапон басшылығыы капитулляция жалпы келіссөздер жүргізуге бастады.
Осы тұста кеңестік әскерлер ілгері жылжи отырып, Солтүстік- Шығыс Қытай және Солтүстік Кореяны алды, ал американдық әскерлер Оңтүстік Кореяға түсірілді. Жапонияның жеңілісі жалпы хабар жеткен Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінін көбінде көтерілістер басталды. Вьетнам, Индонезия және Макайа өздерін тәуелсіз деп жариялады. Жапонияның оккупанттық жүйесі күйреді. Барлық оккупацияланған елдер босатылды. Жапониямен құрылған отарлық империя талқандалды. 1945 жылы 2 қыркүйекте Токшилик бұғазындағы американ «Миссури» пинкорда одақтық әскерлердің жоғарғы басқарушысының өкілдігімен американдық генерал Макартурдың басшылығымен Жапонияның капитулляциясы туралы актіге қол қойылды. Бұл оқиғаның болуымен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Фашизмнің күйреуі. Демократияның жеңісі. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысында фашизм толық түрде күйреді. Фашистік агрессорлар капитуляцияланды, фашистік партияларға тиым салынды, фашистік идеология сынауға алынды.
Демократиялық хартиясында құрастырылған демократиялық принциптердің дәрежесі жоғары көтерілді. Күштердіц орналасуының өзгерістері. Соғыстан кейін халықаралық аренадағы күштердің орналасуы мүлдем өзгерді деуге болады. Жеңілістерінен кейін-ақ Германия, Италия және ¥лыбритания өзі де біршама әлсіреді. Ал АҚШ бұл соғыстан кейін мықты, күшейген мемлекет ретінде орнықты. Өзінің қарсыластарын озып басып, ол капиталистік дүниедегі алдыңғы қатарлы ұлы державаларға айналды.
Екінші ұлы держава қатарына Кеңес Одағын жатқызылды. Соғыстағы көптеген шығындарға қарамастан, оның соғыстан жеңімпаз болып шығуы, ірі экономикалық мүмкіндіктерді, күшті әскердің болуы, КСРО қоластында халық-демократиялық мемлекеттердің блогының құрылуы Кеңес Одағын жоғары дәрежеге көтерді. Бұл екі ірі державалардың, яғни КСРО мен АҚШ-тың қарсыластықтары, осылайша «екі полюсті дүниенің» пайда болуы келесі соғыстан кейінгі тарихқа өзінің зор үлесін, өшпес ізін қалдырды. Жоғарыда атап айтқандай, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Кеңес Одағының халықарлық беделі бұрын-соңды болмаған болмаған биікке көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік дамуда оның ықпалы күшейді. Өзінің сыртқы саясатында КСРО кеңес халқының түбегейлі мүдделерін, туысқан социалистік елдер мен дүниежүзінің барлық еңбекшілері алдындағы интернационалдық революциялық парызын негізге алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес Одағы жаңа агрессияның мүмкіндігін жоққа шығатындай жағдайды қамтамасыз ететін әділетті және демократиялық бейбіт реттеу жолындағы күресті кеңінен өрістетті. Соғыс жылдарының өзінде-ақ Ялта мен Потсдам конференцияларында дүниені соғыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы жасалған болатын. КСРО келісілген шешімдерді орындауға дәйекті бағыт ұстап, олардан туындаған міндеттемелерді адал сақтап отырды. Өздерінің империалистік мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылған АҚШ-тың, ¥лыбритания мен Францияның билеп -төсеуші топтары соғыс жылдарында қол қойған халықаралық келісімдерді бұзу жолына түсті. Бейбіт реттеу мәселелері жөніндегі күрес Германияның Еуропадағы бұрынғы одақтастары -Болгариямен Италиямен, Румыниямен және Финляндиямен шарттар әзірлеу кезінде шиеленіскен сипат алды. АҚШ пен Ұлыбритания Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен жасалған бітім шарттарын бүл елдің ішкі істеріне қол сұғу жэне демократиялық өзгерістерді болдырмауға пайдалануға тырысты. Өз мақсаттарына жету үшін АҚШ атом жөнінен күштілігін көрсетуге тырысты. Келіссөздер жүргізіліп жатқан шақта олар Бикини (Тынық мұхит алабы) атомы ауданында атом бомбаларына сынақ жүргізумен қатар, АҚШ-тың күш-қуатын дәріптеді. Бірақ КСРО-ны және басқа бейбітшілік мемлекеттерге үрей туғыза алмаған еді. Кеңес Одағы батыс державаларының жеңілген елдер халықтарына әділетсіз, империалистік бітімді күшпен таңбақ болған әрекеттеріне батыл тойтарыс берді.
1946 жылы өткен Париж бітім конференциясы-антигитлерлік коалиция мемлекеттері мен фашистік Германияның бұрынғы одақтастары (Италия, Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия) арасындағы бітім шарттарының жобаларын әзірлеу үшін шақырылған халықаралық конференция. Конференция 21мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтті. Кеңес делегациясы барлық халықтардың ұлттық тәуелсіздігін қорғауға арналған бейбітшілік жоспарын ұсынды. Бұл ұсыныстарға батыс державаларының (АҚШ пен Ұлыбритания) өкілдері қарсы болды. АҚШ пен Ұлыбритания және оларды жақтаушылар Германияның бұрынғы одақтастарының (әсіресе, халық -демократиялық кұрылысы орнаған; Болгария, Венгрия, Румынияда) өз биліктері өзінде болуы құқығын шешуде қалайда империалистік өктемдіктерін (бітім шарттары бойынша) сақтап қалуға тырысты. Кеңес делегациясының нақты позициясының нәтижесінде (Сыртқы Істер Министрлері кеңесінде мақұлданған) ұсыныстардың басым көпшілігін конференция қабыл алды. АҚШ пен Ұлыбритания өкілдері кейбір ұсыныстарын (Дунайды ) өткізді. Потсдам конференциясы (1945 ) шешіміне сәйкес жасалған бітім шарттары, 1947 жылы ақпанда Парижде қол қойып, оларды КСРО, АҚШ, ¥лыбритания және Франция үкіметтері ратификацияланғаннан кейін 1947 жылы ІЗ қыркүйекте күшіне енді. Шарттардың ішкі жүйесі біркелкі, олар: преамбуладан (кіріспе), территориялық, саяси, соғыс қатарларынан, соғыс шығындарын өтеу, меншік, құқықтар және мүдделер туралы шешімдерден, жалпы экономикалық қатынастардан және даулы істерді шешу жолдары сияқты көптеген мәселелерден құралады. Париж бейбітшілік шартының преамбуласында бұл елдермен соғыс жағдайының тоқтатылып, кейбір бұрынғы жау болып есептелінген мемлекеттердің Германияға қарсы соғысқа қатынасқандығы және одақтас державалар - Италия, Болгария, Венгрия және Финляндияның Б¥¥-ға мүше болу жөніндегі өтініштерін қолдайтындықтары жайында сөз қозғалған еді. Кеңес Одағының қолдауы бойынша кейінгі жылдары аталған елдер БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Территория жөніндегі қалалар фашистік сипаттағы мемлекеттердің Еуропа картасын бөлшектеу жөніндегі жоспарын жойып, еуропалық елдердің өткен соғыстың нэтижесіне байланысты өзгеріс енгізген жаңа шекараларын бекітті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz