Америка құрама штаттары (АҚШ) экономикалық-географиялық жағдайы


Жоспар
Кіріспе
1. Мемлекеттік құрылысы.
2. Халқы: саны, ұлттық құрамы, орналасуы.
3. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы.
4. Өнеркасіп географиясы.
5. Ауыл шаруашылық географиясы.
6. Көлік географиясы.
7. Демалыс және туризм географиясы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Территориясы, шекарасы, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттік құрылысы. Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің елдері ішінде төртінші орын алады. Оның құрамына үш бөлік кіреді:
1) негізгі территория (немесе АҚШ-тың өзі), ол шығыстан батысқа қарай 4, 7 мың, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-ге созылып жатқан үлкен төртбұрыш секілді, 2) Аляска, 3) Тынық мүхиттағы Гавай аралдары.
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне (12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канадамен және Мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жағдай туғызады. Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ - 50 штаттан тұратын федерациялы республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығаратын және атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. Сонымен қатар, елдің астанасы - Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округі өз алдына жеке аймақ.
Халқы: саны, ұдайы өсуі, сыртқы көші-қон, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265-270 млн. адамға жетпек; бұл бір ғана XX ғасырдың ішінде оның халқы 3, 5 есе өседі деген сөз. Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кетті. 80-90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр.
АҚШ -тың экономикалық- географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шегарасының көптігіне (12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канадамен және Мексикамен құрлықтағы шегарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда- экономикалық байланыстардың дамуына жағдай туғызады.
Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ -50 штаттан тұратын федерациялы республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығаратын және атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. Сонымен қатар, елдің астанасы- Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округы өз алдына жеке аймақ.
АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде 3-ші орын алады; тұрғындарының саны жөнінде ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265-270 млн. адамға жетпек; бұл бірғана ХХ ғасырдың ішінде оның халқы 3, 5 есе өседі деген сөз.
Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кетті. 80-90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр.
Имиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай бола береді де.
Мысалы. ХІХ ғасырдың басынан бері елге 70-ке жуық елден 55 млн. адам келді. Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан, жыл сайын елге 1 млн. -дай адам келеді.
АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастыруда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарады. Қазіргі американ ұлты - бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.
Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді:
1) АҚШ американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп есептейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушылардың ұрпақтарына:
2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де «жерсініп» үлгірмеген адамдарды қоса есептейтін өтпелі
имигранттар топтарына :
3) байырғы тұрғындар- аборигендерге (үндістер, эскимостар және т. б. ) . АҚШ американдары бүкіл халықтың 3/4- ін, ал аборигендер - 1% құрайды . Соған қарамастан, АҚШ - тың өте көптеген географиялық атаулардың үндістерден шыққанын байқауға болады . Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүниежүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18 - орын алады(1 км-ге 27 адам) . Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтар бар .
АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9мыңдай қала бар . Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік ерекшеліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болвп келеді . АҚШ - нағыз қала агломерацияларының елі .
АҚШ- тың ауыл халқы негізінен бөлек орналасқан фермаларда тұрады . Бірақ тіршілік жағдайлары бойынша ауыл тұрғындарының қала тұрғындарынан айырмашылықтары шамалы .
Шаруашылығының жалпы сипаттамасы : АҚШ- тың дүниежүзілік экономикадағы жетекші орны . АҚШ ХІХ ғасырдың аяғында Ұлыбританияны басып озып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен дүние жүзінде бірінші орынға шықты . Ол қазір де еңбек өнімділігінде, ғылымды көп қажет ететін өндірістің көпшілігінде біріншілікті бермей келеді . АҚШ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір дәстүрлі салаларында да, сондай-ақ өндірістік емес салада да өзінің артықшылығын сақтап отыр.
Мысалы. Батыс дүниесінде шығарылатын әуеракеталық-ғарыштық техниканың 3/4 - інен астамы, электронды есептеуіш(әсіресе өнеркәсіптік және әскери) техникасының 2/3- сі, өндірілетін көмір мен АЭС -тер қуатының жартысынан астамы, жиналатын астық түсімінің 1/3 - іне жуығы АҚШ-тың үлесіне тиеді .
АҚШ өнеркәсібі деңгейінің жоғарылығымен, өндірістік және территориялық шоғырлануымен көзге түседі . Ол жаппай сериалы, сондай-ақ ерекше күрделі, бірегей өнімдер шығаруға маманданады . «АҚШ-та жасалған» деген маркасы бар бұйымдар жоғары сапалы болып, дүниежүзілік рынокта бағаланады .
АҚШ өнеркәсібінде өндірістің жұртқа мәлім салаларының, сала тармақтары мен түрлерінің бәрі бар . Осыған қарамастан, олардың ішінде де ең алдымен елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы келбетін айқындайтын негізгілері болады . Бұл ертеден-ақ АҚШ үшін дәстүрлі автомобиль жасау саласы . Бұл сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған әуеракеталық-ғарыш өнеркәсібі мен электроника . Мұнай өнеркәсібінің өте зор маңызы бар . Автомобиль және әуе көлігінің дамуымен, стратегиялық қажеттілікті қамтамасыз етумен тығыз байланысқан бұл сала көп ретте елдің экономикалық өміріне ғана емес, сонымен бірге саяси өміріне бағыт береді .
Ауыл шаруашылық өндірісінің көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің кез келген басқа елдерінен әлдеқайда озық тұрады . АҚШ бірінші болып агробизнеске көшті . Өнеркәсіптегіге қарағанда, аграрлық - өнеркәсіптік кешен саласындағы еңбек өнімділігі тіпті тезірек өсуде . Көп салалы ауыл шаруашылығы елдің қажетін қамтамасыз етіп қана қоймастан, сонымен бірге экспортқа айтарлықтай өнім береді. Сыртқа шығарылатын дүниежүзілік астықтың жартысына жуығы АҚШ - тың үлесіне тиеді .
АҚШ көліктің барлық түрлерін дамыту жөнінен де басқа елдерден алда келеді : Батыстағы көлік желісінің жалпы ұз- ң 1/3-і және бүкіл тасымалдың 1/4- і АҚШ үлесіне тиеді . Канаданы қоса алғанда, АҚШ-тың көлік жүйесін ерекше Солтүстік Америка жүйесін құрайды .
Материалдық емес өндіріс саласы мен қызмет көрсету өте жақсы дамыған, қазір онда барлық еңбек ететіндердің 2/3-сі шоғырланған . Бұл АҚШ-тың кейінгі индустриялық қоғам сатысына өткенін көрсетеді .
Өнеркәсіп географиясы: АҚШ-та өнеркәсіптің дамуы үшін табиғи қорлары өте қолайлы орналасқан .
Пайдалы қазбалар алабы мен кен орындары бүкіл елге кең тараған ; мәселен, көмір мен мұнайдың қоры 30-дан астам штатта барланған. Тектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай АҚШ территориясы ең үлкен - шығыс және батыс бөлікке бөлуге болады . Шығыс бөлігінің басты байлығы - отын пайдалы қазбалары, батыс бөлігінің басты байлығы - кенді қазбалар .
Басты салалар географиясы. АҚШ-тың өнеркәсіп картасынан көптеген штаттарда жетекші салалардың бәрінің дамығанын байқау қиын емес . Бірақ мұндай жалпы көріністен әдетте екі-үш басты штат ерекше бөлініп тұрады . Мұның отын-энергетика өнеркәсібіне қатысы бар .
Машина жасау өнеркәсібін орналастыру негізінен қалалар мен агломерациялардың орналасуына сай келеді . Іс жүзінде елдің басты үш машина жасайтын ауданын құрайтын АҚШ-тың үш мегаполисіне ерекше қатысы бар . Алуан кәсіпорындардың болуына қарамастан, кейбір штаттар өздерінің едәуір бір жақты мамандануымен көзге түседі .
Мысалы, Елдің 20 штаттында орналасқан 125 қалада автомобиль зауыттары бар . Алайда автомобиль Көл маңы мегаполисінде бәрінен де көп шығарылады . АҚШ-тың басты «автомобиль штаты-Мичиган мен автомобиль астанасы» - Детройд осында орналасқан .
Химия өнеркәсібі ондаған орталықтарда бар, бірақ оны жеке аудандарға шоғырлануы да жиі байқалады .
Өнеркәсіп аудандары мен белдеулері . АҚШ секілді елде түрліше дәрежедегі өнеркәсіпті аудандарды бөліп көрсетуге болады . Олардың аса ірілері үшеу - Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Чикаго өнеркәсіпті аудандарының көпшілігі бұдан да гөрі ірі құрылымдарға - төрт өнеркәсіптік белдеуіне кіреді .
Ауыл шаруашылығының географиясы: Ауыл шаруашылығын дамытуға қажетті табиғат қорларын өте қолайлы орналастыра отырып, табиғат АҚШ территориясына асқан жомарттық жасаған .
Елдің жер байлығы зор және жер қорының құрылымы да тиімді ; АҚШ-тың негізгі территориясының жартысына жуығын өңделетін жерлер, шалғындар мен жайылымдар алып жатыр .
АҚШ-тың агроклиматтық қорлары Еуропамен салыстырғанда жақсы . Температура жағдайлары мұнда қоңыржай және субтропиктік белдеулердің барлық ауылшаруашылық дақылдарын, ал Флориданың оңтүстігі мен Гавайда - тропиктік дақылдар өсіруге мүмкіндік береді .
Бүкіл жер көлемінің 2/3-сін алып жатқан дәнді-дақылдар АҚШ-тағы өсімдік шаруашылығының басты бағыты болып табылады . Басты азық-түлік дақылы - бидай, бірақ мал азықтық дақылдардан (жүгері, сорго) әлдеқайда мол түсім жинайды . Майлы дақылдардың ішінде соя бұршағы жетекші орын алады, одан жиналатын түсім соңғы онжылдықтарда барынша өсіп отыр . Ол тамаққа(өте кең таралған соя майы түрінде) да, мал азығына да пайдаланылады . Американдардың көпшілігінің күнделікті тамақ құрамына кіретін жемістер мен көкөністер де өте маңызды рөл атқарады .
АҚШ-тағы мал шаруашылығының басты бағыты - сүтті және етті ірі қара өсіру. Шошқа мен үй құстары да көп өсіріледі. Етті балапандар(бройлер) өсіру - АҚШ ауыл шаруашылығының барынша индустрияланған саласы, оны бәрінен бұрын өнеркәсіптің ауылдық жерлерде орналасқан саласы ретінде қарастыруға болады . Жыл сайын 4 - млрд. дейін бройлер шығарылады . Оларды кез-келген асханадан, дәмханадан сатып алуға болады .
Ауылшаруашылық аудандары . АҚШ-та ауыл шаруашылығының экономикасы дамыған елдерде кездесетін барлық негізгі түрлері бар деуге болады : ғалымдар елден ауыл шаруашылығының осындай 13 түрін бөліп көрсетеді .
Көлік географиясы: Басты магистральдары мен тораптары . Сыртқы сауда Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін және Канада шекарасына дейін ендік және меридиандық бағытта созылып жатқан континентаралық магистральдар АҚШ-тың көлік желісінің қаңқасын құрайды . Бұл қаңқаның үстіне ішкі су жолдарының желісі қоса салынғандай . Ендік бағытта алғанда бұл ең алдымен 50 ж соңында терең су жолына айналған Қасиетті Ловрентий өзені мен Ұлы көлдердің жүйесі . Меридиандық бағытта алғанда бұл «американдық Еділ» - Миссисипи. Құрлық және су магистральдарының және әуе жолдарының қиылысқан жерлерінде ірі көлік жолтораптары пайда болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz