Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік діни қалыптасуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДІНИ ҚАЛЫПТАСУЫ»

МАЗМҰНЫ

К I Р I С П Е3

I - БӨЛIМ ДIН МЕН ЖЕКЕ АДАМ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ5

I. 1. ДIН ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК5

I. 2. ДIН ЖӘНЕ ЖЕКЕ АДАМ19

II - БӨЛIМ. ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТIҢ ӘЛЕУМЕТТIК МАҒЫНАСЫ26

II. 1. ҚҰРАН МЕН СҮННЕТ ДЕГЕНIМIЗ НЕ?26

II. 2. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚАЛЫПТАСУЫНА ДIННIҢ ТИГIЗЕТIН ӘСЕРI32

II. 3. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ МЕТОДИКАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСI56

III. ҚОРЫТЫНДЫ60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:62

К I Р I С П Е

МӘСЕЛЕНІҢ ӨЗЕКТIЛIГІ

Дiн - әлемдiк өркениеттегi барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтiк, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. 1

Дiн, адамзатпен бiрге келiп және де әрдайым адамзатпен бiрге болмақ. Тарихтың қай дәуiрiне қарасақ дiнсiз адам кездесер-ау, бiрақ дiнсiз қоғам еш кездеспейдi. Қай жерде бiр қоғам болса ол жерде бiр дiн бар. Дін адамның өзінің жаратылысындағы құпиларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан алау алған сезімнен туындайды. 2 Яғни адамзат дiннен еш уақытта ажырамаған. Өйткенi дiн өмiрiмiздiң әр бiр кезеңiнде орын алады. Адамдарға күш-жiгер беретiн, қоғамды тәртiпке келтiретiн, жақсылық пен туралыққа жетелейтiн, жалғыздық пен қиыншылықты жойып, сенiмдiлiктi орнататындардың басында қашанда дiн тұрмақ.

Қазiр жер жүзiнде түрлi-түрлi дiндер және сол дiндерге сенушiлер бар. Бiрi тас, ағаш мүсiндерге (пұтқа), жануарларға, отқа, жұлдыздарға табынса, ендi бiрi адамдарға, пайғамбарларына сиынуда. Ал бiр бөлiгi болса көзiмiз көре алмайтын, құлағымыз ести алмайтын, ақылымыз жетпейтiн, бүкiл әлемдердi жаратқан, барлық нәрсенi жоқтан бар қылған Ұлы әрi құдiрет иесi болған Аллаһ Тағалаға құлшылық қылады.

Қазiргi таңда бәрiмiзге мәлiм хақ дiн әрi соңғы дiн Ислам дiнi. Бүгiнде жер жүзiндегi халықтың көпшiлiгi, Қазақстан халқының басым бөлiгi осы дiндi ұстанушылар. Бiрақ көпшiлiк бұл дiндi толық әрi анық түсiнбеуде. Бұл дiн бiзге не үшiн жiберiлген? Бұл дiннiң мақсаты не? Бұл дiн бiзге ненi бұйырады?

Қазiргi мұсылман бауырларымыздың көпшiлiгi бұл дiндi намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, жаназа жерлеу, қысқаша айтқанда Аллаһқа құлшылық қылу ғана деп түсiнедi. Яғни Христиандардың дiн түсiнiгi сияқты дiндi белгiлi бiр нәрселермен шектеп, келте түсiнуде. Сондықтан дiннiң шынайы мағынасы әрi оның жеке адамның қалыптасуы мен қоғамға тигiзер әсерi кезек күттiрмей зерттеудi талап ететiн басты мәселе.

ЗЕРТТЕУДIҢ МАҚСАТЫ

Тақырыпты таңдаудағы мақсатымыз қазiргi таңда бүкiл әлемнiң назарын өзiне қаратып отырған Ислам дiнiнiң ашылмаған сырларын ашып, оның жеке адамның қалыптасуына тигiзетiн әсерiн, сондай-ақ оның шынайы келбетiмен таныстыру. Ислам дiнiн дұрыс тану жолдарын, оған жабылған әртүрлi жаланың жалғандығы мен қоса оның халықтар арасындағы ынтымақ-бiрлiктi нығайта түсендiгiн де шолып өту.

ЗЕРТТЕУДIҢ МIНДЕТI

  1. Дiн мен жеке адам қарым-қатынасына теориялық шолу жасау.
  2. Құран мен Сүннеттің теориялық мағынасын ашып көрсету.
  3. Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік қалыптасуына діннің тигізетін әсерін оқырмандарға жеткізу.

ЗЕРТТЕУДIҢ ОБЪЕКТІСІ

Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік қалыптасуын Құран мен Сүннет аясында талдау.

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСІ

Жеке адамның қалыптасуы жайлы жазылған еңбектер мен ғалымдардың ой-пікірлеріне түсініктеме беру.

ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

-Дiн мен жеке адам қарым-қатынасы жайлы құнды пікірлер.

-Құран мен Сүннеттің теориялық мағынасы

ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

Бұл еңбекте жеке адамның діни психологиялық тұрғыдан қалыптасуының маңызы өте зор екенін айқын көруге болады.

I - БӨЛIМ ДIН МЕН ЖЕКЕ АДАМ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

I. 1. ДIН ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК

“Дiн” сөзiнiң тілдік және терминдiк мағынасы

Филологтар “дiн” сөзiнiң арабша “дәйн” түбiрiнен шыққан түбiр сөз немесе есiм сөз деп қабылдайды. Жәухари дiннiң “әдет”, “жағдай”; “жаза”, “сыйлық”; “мойынсұну” деп басты үш мағынаға келетiндiгiн айтады. 3

Мәудуди, сөздiк пен жыр-шумақтар, хадис және аяттарға қарап “дiн” сөзiнiң мына төрт мағынаға келетiнiн былай тарқатып айтып бередi:

1) Үстем болу, бас идiру; билiк, үкiм иесi; бас идiру немесе қол астына алу; қуатты күшпен бағындырып құлға айналдыру.

2) Бағыну, құлдық, қызмет, бiреудiң бұйрығын орындау; қуат және үстемдiктiң алдында бас иiп оның үкiмiн орындау.

3) Шариғат, заң, құқық, жол, мәзхаб, ұлт, әдет.

4) Жаза, сыйлық, өкiм, жауапқа тарту, есепке алу. 4

М. Хамди Языр “дiн” сөзiнiң Араб тiлiнде мынадай мағыналарға кегенiн айтады : жаза, есеп, үкiм беру, саясат, мойынсұну, әдет, жағдай, қаһар, шариғат. 5

Терминдiк мағынасына келер болсақ, Әл-Журжанидiң дiнге берген анықтамасы былайша: “Дiн - ақыл иелерiн Пайғамбардың бiлдiрген ақиқаттарын құптауға шақырған иләһи (Аллаһ тарапынан келген) бiр заң. ”

Тәхәнәви болса басқаша анықтама бередi: “Дiн - ақыл иелерiн өз қалауларымен дүниеде жақсылыққа, ақыретте құтылуға алып баратын Аллаһ тарапынан қойылған бiр заң. ” Тәхәнәви және былай дейдi: “Дiннiң бастауы жағынан Аллаһқа, оны жеткiзу пайғамбарға, оны iске асыру үмбетке қатысты. ” 6

М. Хамди Языр жоғарыдағы айтылған анықтамаларды ескере отырып дiнге : “Ақыл иелерiн өз қалауларымен жақсылыққа және бақытқа жеткiзетiн Аллаһтың қойған шариғаты. Және де халықтың жеке адамның өз қалауымен iстеген iстерiнiң жақсылық пен бақытқа алып баруына кепiлдiк беретiн жол, әрi заң”, деп анықтама бередi.

Демек дiннiң шарты ақыл және қалау. Сондықтан жансыздар, өсiмдiктер, жануарлар, жындылар, сәбилер дiндегi үкiмдердi оырндауға жауапты емес. Өйткенi ақылы болмағандарда қалау және таңдау еркiндiгi де болмайды.

Ибн Тәймия дiннiң терминдiк мағынасын былай түсiндiредi : “ Ислам, Иман, Ихсан осы үшеуi дiндi құрайды. Өйткенi сахих хадисте айтылғандай Хазiретi Жәбрейiл келiп, бұл негiздер жайында сұрақ сұрап жауабын алған соң Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) былай дейдi: “Ол Жәбрәйл едi. Сiздерге дiнiңiздi үйрету үшiн келдi. Мiне ол осылардың барлығының дiнiңiздi қамтығанын бiлдiрдi”. Дiнмен Аллаһқа бағынып, құлшылық етiлетiндiктен “Аллаһтың дiнi” деп аталады. Дiннiң құлға қатысты болуының себебi бағынушы болғандығынан. ” 7

Жоғарыдағы анықтамадан “дiн” сөзi мен “Ислам” ұғымдарының арасында айқын сәйкестiк барын көруге болады. Сондықтан жалпы мағынада Ислам “мойынсұну”, “құтылу” сияқты мағыналармен бiрге “сенiм және бейбiтшiлiк” мағыналарына да келедi. Дiн - адамдар арасында алаауыздық пен талас-тартыстардың алдын алып, бейбiтшiлiкке кепiлдiк беретiн заң. Дiнде тек қана адамдар арасында емес, адамдар мен Аллаһ арасында да келiсiм және бейбiтшiлiк бар.

Құран Кәрiмде Исламнан басқа да сенiм жүйелерiне, тiптi мүшрiктердiң сенгендерiне де дiн аты берiлгенiне көңiл бөлсек (Әл-Кәфирун 6-аят), жоғарыдағы анықтамалардың жалпы дiндердiң анықтамасы емес тек қана хақ дiн үшiн берiлген анықтама екенiн көремiз. Бұл анықтамалардан шығатын ортақ мағыналардың бәрi дiннiң бастауы Аллаһтан болуы. Бұған қарағанда нағыз дiн адамдар жағынан қойылмайды және де бұл анықтамалардан дiннiң ақыл мен қалауға байланысты екенiн көремiз. Сонымен дiннiң адамдарды өз еркiмен жақсылыққа бағыттайтын заң мен жүйе екенiн айтуға болады.

  1. Әр түрлi дiндердегi және тiлдердегi дiн.

Басқа да дiндердiң қасиеттi тiлдерiнде дiн ұғымында қолданылатын сөздердiң ерекшелiктерi бар. Бiрақ бұл тiлдердiң ешқайсысында Исламдағы “дiн” ұғымына сәйкес келетiн сөз жоқ. Яхудилердiң Ибрани тiлiнде “abodath elohim” (Тәңiрге құлшылық) сөзi дiн түсiнiгi ретiнде қолданылады. Бұл сөз құлшылық орнындағы ғибадат (ғибадат, құрбан және дұға) мағынасына да келедi. Дiн үшiн кейде “yir-ah” (үрей, қорқу), “emanath” (иман) сияқты психологиялық терминдер де қолданылады. Кей жерлерде “dath elohim” (тәңiрдiң бiлiмi) және “tora” (тәңiрден келген нәрсе) дiнге сөзiне балама ретiнде айтылады.

Тек қана Пехлеви тiлiнде “заң, үкiм, әмiр” мағыналарына келетiн “daath” сөзi дiн үшiн жалпы термин болып күнiмiзге дейiн қолданылып келедi. Ежелгi грек тiлiнде дiн, қорқу әрi құрмет мағыналарын қамтитын “thriheya” сөзi қолданылады.

Үндiстердiң Санскрит тiлiнде дiн мағынасына келетiн “dharma”, ал Буддизмнiң Пали тiлiнде “dhamma” түрiнде қолданылады. “Dharma” сөзiнiң “дiн, ақиқат, туралық, заң, дәстүр, негiз” сияқты мағыналары да бар. Бұл мағыналардың бiр бөлiгi Үндi тiлiнде қолданылады, бiр бөлiгi тек Буддизмге тән. Үндiлердiң қасиеттi кiтабындағы “rta” мен “dharma” түсiнiгi арасында ұқсастық бар. “Rta” ескi дiни өлеңдердегi көк тәңiрi Варунаның заңы. Үндiлерде “құтылуға алып баратын жол” мағынасына келетiн “marga” сөзi қолданылады. Бүгiнде Қытайларда дiн мағынасында “chung chiao” (ченг чиау) сөзi қолданылып келедi. Тао сөзi Чу патшалығынан берi “жол, әдiс, жүйе” мағынасында қолданылса, Конфуциден бұрынғы кезеңдерде бұл сөздiң қолданылу мағынасы, алғашқы әрi жалғыз әрбiр нәрсенiң содан пайда болғандығына сенiлуi керек нәрсе. Жапондардың Буддизмнен бұрын ұстанған дiндерi үшiн қолданылған “шинто” сөзi Қытай тiлiндегi жақсы нәрселер үшiн қолданылған “шен” және “тао” сөздерiнiң бiрiгуiнен шыққан және “тәңiрлердiң жолы” мағынасына келедi. Қазiргi кезде Жапондар бұл мағынада “камино-мичи” тiркесiн қолданады. Барлық дiндердегi “дiн” түсiнiгi үшiн қолданылған сөздер жалпы мына мағыналарға келедi “жол, сенiм, әдет, байланыс, құлшылық”. Бұл сөздердiң барлығы адамның iшкi дүниесiмен тығыз байланысты.

Түркi халықтарындағы қолданылып жүрген “дiн” сөзi араб тiлiнен келгендiгi белгiлi. Исламнан бұрын түркi халықтары дiн ұғымы ретiнде әртүрлi кезеңдерде “дрм”, “дарм”, “нам”, “ден” сияқты сөздердi қолданғаны жайлы көптеген деректер бар.

  1. Христиан дiнiндегi “дiн” түсiнiгi.

Европа, дiн терминiн Римдерден алған. Цицерон (б. з. д. IVғ. ) “De Natura Deodrum” (Тәңiрлердiң жағдайы) атты кiтабында “religio” сөзiн, қолданған. (бiр нәрсенi мiндеттену, қайта-қайта оқу, iстеу мағынасындағы “re-legere” түбiрiнен шыққан) . Кейiннен бұл сөз тура болу, құрмет көрсету немесе тәңiрлермен байланыста болу мағынасында қолданылған термин сөзге айналған. 8

Басқа бiр деректерде Христиандық дiн терминiн Латын тiлiндегi “адамдар мен Тәңiр арасындағы байланыс” мағынасындағы “re-ligare” сөзiнен шыққаны айтылады.

Сонымен бiрге қазiр Европа тiлдерiнде дiн түсiнiгiне “religion” сөзi қолданылуда. С. Накид Аттас бұл сөздiң латынша “religion” сөзiнен шыққанын және “ кiсi мен Тәңiр арасындағы байланыс” мағынасына келетiнiн айтады. Эднан Эдвар “Ғылым және дiн” атты еңбегiнде бұл сөздi Августин (354-430) және басқа ескi дiнтанушылардың латын тiлiнiң “religare” (байлау) түбiрiнен шыққанын және адамдарды Тәңiрге бағындыру деген мағынада қолданылғандығын айтуда. 9

Мухаммед Хамидуллах Европа тiлдерiндегi “religion” сөзiнiң Исламда баламасы жоқ екенiн және де мұсылмандарда “дiн адамдарының” жоқ екенiн айтады. 10

  1. Құран Кәрiмде “дiн” сөзiнiң қолданылуы.

Құран Кәрiмде “дiн” сөзi 92 жерде кездеседi. Бұл дiн сөзi Құран Кәрiмде бiрнеше мағынада қолданылады.

Ислам ғалымдарының бiрi Мәудуди, “Құран Кәрiмдегi төрт термин” атты кiтабында “дiн” сөзiнiң Құран Кәрiмде мына төрт мағынада қолданылғанын айтады :

  1. Толық үкiм берушi; билiк иесi; ең жоғары мәртебелi.
  2. Құрметтi әрi силы адамға деген бағыныштылық, мойынсұну.
  3. Осы мәртебелiге бағынудан пайда болған нәтиже; бұл бағыныштылықтың жалғасуы үшiн қойылған жүйе; жол және заңдар, ережелер жиынтығы.
  4. Осы жүйеге, заңдарға, ережелерге, тәртiпке құлдың бағынып, бағынбауын Ұлы мәртебелiнiң есепке алуы; есепке алу; iстеген iстерiн сұраққа алу; жазалау немесе сыйлық беру. 11

Құран Кәрiмде “дiн” сөзi кейде 1-шi және 2-шi мағынада, кейде 3-шi, кейде 4-шi мағынада қолданылған. Кейде “дiн” сөзi төрт мағынаның бәрiнде, яғни барлық мағыналарды қамтыған түрде қолданылған.

Ендi осы мағыналардың Құранда қолданылуын аяттармен мысал берiп көрсетейiк.

а) 1-шi және 2-шi мағыналарда қолданылуы:

“Ол тiрi . Аллаһтан басқа ешбiр тәңiр жоқ. Ендеше дiндi оған арнап, нағыз ынтамен өзiне жалбарыныңдар. Барлық мақтау бүкiл әлемнiң Раббысына лайық. ” 12

“Шексiз мен дiндi нағыз Аллаһқа арнап құлшылық қылуға бұйырылдым” де. Сондай-ақ бой ұсынушылардың алды болуға бұйырылдым. “Шынында мен Раббыма қарсы келсем, ұлы күннiң азабынан қорқамын” де. “Дiнiмдi нағыз Аллаһқа арнап құлшылық қыламын” де. 13

(Мұхаммед с. а. у. ) “Расында саған бұл кiтапты бiр шындықпен түсiрдiк. Сонда Аллаһқа дiндi нағыз арнап құлшылық қыл. Көңiл бөлiңдер. Дiн нағыз Аллаһқа тән…” 14

“Олар ғибадатты нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бiр беткей түрде орындаулары, дiндi Аллаһқа ғана тән қылулары, намаз оқулары, зекет берулерi үшiн әмiр етiлген. Мiне осы тұп-тура дiн. ” 15

Және де Нахыл сүресiнiң 52-шi, Али Имран сүресiнiң 8-шi аяттары осы мағынаға келедi.

Жоғарыда аталған аяттардағы “дiн” сөзi тек қана Аллаһқа тән патшалық немесе билiк мағынасында және бұл билiктiң алдында иiлiп бағыну қажеттiгiн бiлдiру үшiн қолданылған.

Және де жоғарыдағы аяттарда айтылған “дiндi Аллаһқа ғана тән қылу” сөзiнен көктерде және жерде Аллаһтан басқа толық және шексiз құдiрет, Оныкiнен жоғары патшалық және билiк танымау, олай болса жалғыз оған бағыну, оған бас ию, үкiм және бұйрық жайында оған ешкiмдi ортақ қоспау, одан басқасына құлшылық етпеу керек екенiн түсiнемiз.

Одан басқасына құлшылық етпеу түсiнiгiн қоғамдық және саяси жағынан қолға алсақ. Оның разы болуы үшiн, Оның үкiмiнiң орындалуы үшiн Одан басқасына бағынбау керек.

Аллаһтан басқасына бағыну, тек қана Аллаһқа бағынудың бiр бөлiгi ғана, бiр көрiнiсi болады. Аллаһтың ризалығына лайық iс-әрекеттер iстеу, Аллаһтың белгiлеген шегiнен аспағанша жалғасады. Балалардың әке-шешесiне, әйелiнiң күйеуiне, жұмысшының басшысына бағынуы Аллаһтың қойған шегiнiң iшiнде және Оның әмiрлерi мен тыйымдарының төңiрегiнен аспаса мұндай бағыну Аллаһқа бағыну және құлшылықтың бiр бөлiгi болып саналады . Егер де бұл бағыну қашан Аллаһтан басқа тәуелсiз және толық деп танылған өткiншi бiр билiк иесiне көрсетiле бастаса мiне сол кезде шектен шыққан және Аллаһқа қарсы келген болады. 16

ә) 3-шi мағынада қолданылуы:

(Мұхаммед с. а. у. ) “Ей адам баласы менiң дiнiмнен күдiкте болсаңдар, онда мен сендердiң Аллаһтан өзгеге табынғандарыңа табынбаймын, бiрақ сендердi өлтiретiн Аллаһқа құлшылық қыламын және иман келтiрушiлерден болуға бұйырылдым” де. Ал бетiңдi нағыз бiрыңғай Аллаһты бiрлеу дiнiне бұр. Шiрiк қосушылардан болма. 17

“Зинашы әйел мен ердiң әр бiрiне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаһқа, ақырет күнiне сенсеңдер, Аллаһтың дiнiн орындауда оларға жұмсақтықтарың ұстамасын… 18

“Немесе дiн тұрғысында Аллаһ бұйырмаған нәрсенi оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? 19

“Сендердiң дiндерiң өздерiңе, менiм дiнiм өзiме”. 20

“Осылайша Юсуфқа әдiс үйреттiк. Өйткенi Аллаһ қаламайынша патшаның дiнiмен (заңымен) туысын алып қала алмас едi…” 21

Рум сүресi 30, Тәубе сүресi 36, Әнғам сүресi 137 аяттар да осы мағынада қолданылған.

Бұл аяттардың барлығында “дiн” сөзi бүкiл өмiрге жөн көрсететiн, адамның өзi қалап таңдаған жүйе немесе өмiр сүру жолы, заң, шариғат мағынасында қолданылған.

Бұл мағынада адам заң қоюшы және өмiр сүру жолын белгiлеушi ең жоғары билiк иесi ретiнде кiмдi таныса, өзi ең көп кiмге тәуелдiлiгiн сезiнсе оның дiнiн ұнатқан болып саналады. Аллаһтың үкiмiне, билiгiне бағынуды таңдаса Аллаһтың дiнiн, бiр патшаның үкiмiне, билiгiне бағынуды таңдаса ол патшаның дiнiн қалаған болады.

Заң қоюшы болып көрiнген кiсiнiң немесе бiр топ кiсiнiң жалпы дiнмен байланысты және дiнге жақын болулары, адамдардың алдында монах, рухани немесе дiн адамы болып шықса да бәрi бiр, мұндайлардың заң қоюшы, жол белгiлеушi мәртебе ретiнде саналуы Аллаһтың дiнiн тастап басқалардың қойған дiнiне байлану болып саналады.

Осылайша Аллаһтың әмiр, бұйрықтарының орнына бiр қоғамның қалауына немесе бiр топтың еркiне бағыну, Аллаһтан басқалардың дiнiне тәуелдi болу мағынасына келедi. Демек бiз өмiрiмiзде кiмнiң үкiмiне, еркiне бағынсақ, кiмнiң заңын және ұсыныстарын негiз әрi өлшем ретiнде қабылдасақ, оның дiнiн қабылдаған, оның дiнiн өзiмiзге дiн етiп алған боламыз.

б) 4-шi мағынасымен қолданылуы:

“Шын мәнiнде сендерге уәде етiлген қиямет әрине рас. Әлбетте дiн (жаза) болады. ” 22

“Сондай дiндi өтiрiксiгендердi көрдiң бе?” 23

“Дiн күнiнiң не екенiн қайдан бiлесiң. Иә дiн күнiнiң не екенiн қайдан бiлесiң. Ол күнi бiреуге бiреу қарайласуға еш нәрсе қолдан келмейдi. Ол күнi әмiр Аллаһқа тән. ” 24

Бұл аяттарда “дiн” сөзi есепке алу, үкiм беру, сыйлық және жаза беру мағыналарында қолданылған.

в) Жалпы және қамтылған мағынасымен “дiн” сөзiнiң

қолданылуы:

Ендi “дiн” сөзiнiң Құран Кәрiмде төрт мағынада бiрден қолданылғанын көрейiк.

Бiрақ бұл сөздi толық мағыналарымен түсiну үшiн, алдымен мыналарды бiлуiмiз керек. Егер де кiмдi бүкiл өмiрге жөн көрсетуге қабiлеттi, заң қоюға лайық көрсек, толық құдiрет ретiнде кiмге бас иiп бағынсақ және кiмнiң қойған заңдарын өмiр сүруге қолайлы деп бiлсек және соңында барлық iстеген iсiмiзден өзiмiздi кiмге жауапты сезiнсек, кiмге есеп беру керек екенiмiзге сенiп және қарсылығына жаза немесе сыйлықты кiмнен күтсек оның дiнiне кiрген болып есептелемiз.

“Дiн” сөзiнiң мағынасының кең екенiн, жалпы бiрнеше мағынаны қамтығанын осыдан көре аламыз. Осы себептен басқа тiлдерде “дiн” сөзi сияқты кең, жалпы мағынаны қамтитын сөздiң болмағанын айта кеткен жөн.

Ағылшын тiлiндегi “ұлы заңдар жинағы” мағынасына келетiн “state” сөзi, “ойлану, ой жүгiрту, дүниеге көзқарас” мағынасында қолданылған “ideoloji” сөзi, “сенiм, құлшылық” мағынасында қолданылған “religion” сөзi “дiн” сөзiнiң бiр ғана бөлiмiн қамтиды.

Төменедегi аятта “дiн” сөзiнiң жалпы мағынасымен қолданылғанын көремiз:

“Кiтап берiлгендерден Аллаһқа, ақырет күнiне иман келтiргендер және Аллаһтың әрi елшiсiнiң арам еткен нәрселерiн арам деп бiлмегендер және де хақ дiндi дiн деп мойындамағандармен сүмiрейiп, өз қолдарымен салық бергенге дейiн соғысыңдар”. 25

“Дiн” сөзi бұл аятта көрiнгенiндей толық және ең ұлы мәртебе ретiнде Аллаһқа сенiп, бұл сенiмнiң артынан оған мойынсұнып бағыну, арам және адал жайында оның қойған өлшем және заңдарына бағынуды және соңында өлiмнен кейiнгi есеп беру сенiмдерiнiң барлығын қамтып жалпы түсiнiк беруде.

Төмендегi аятта да “дiн” сөзi бiрiн-бiрi толықтырған төрт мағынаның бәрiн бiрден қамтиды :

“Перғауын:”менi қоя берiңдер. Мұсаны өлтiрейiн. Ол Раббына жалбарынсын. Расында мен оның дiндерiңдi өзгертуiнен немесе жер жүзiнде бiр бұзақылық шығаруынан қорқамын” дедi. 26

Перғауын мен Хз. Мұса (а. с. ) арасында болған оқиғаны Құрандағы аяттан көргенiмiздей бұл аятта айтылған “дiн” сөзiнiң тек қана сенiм және дiни сезiм мағынасындағы “religion” түсiнiгi емес, сонымен бiрге жалпы қоғамдық-саяси, саяси-мәдени жүйенi қамтығанын көремiз.

Перғауынның айтқанына қарағанда Мұса (а. с. ) қызметiнде табысқа жетсе Перғауынның толық мәртебе ретiнде саналған қоғамдық және саяси жүйесi құлайды, қолындағы билiк және қойған заңы өзгередi. Және оның орнына жаңа заң, жаңа тәртiп, жаңа қоғамдық-саяси жүйе орнап Перғауын билiгiнен айырылады.

“Аллаһтың қасында шынайы дiн Ислам…” 27

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру туралы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері
Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері
Психология ғылымының тарихы
Ұлттық мінез - құлықтың психологиялық сипаттамасы
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі
Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz