Аймақтық экономика



1 Аймақтық экономика
2 Арнайы экономикалық аймақ.
3 Өңірдiң дамуына оның қосатын үлесi
Аймақтық экономика — экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орналастыруды, өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқаруды одан әрі жетілдіруді, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттейді.
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік комплекстерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-техникалық базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның, экологияның бұзылмауы негізге алынады. Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.
Мәселен, Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майкөбе, Обаған алабын үрдіс игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай өзгертеді. Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80% Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі негізінде елімізде құрылатын ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін электр қуатының 70%-ын береді. Осы база негізінде өнеркәсіптің электр қуатын қажет ететін салалары дамиды. Тасуға ыңғайлы Обаған көмірі республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге жөнелтіледі.
Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын игерудің болашағы зор. Бұл өңірден жылына 88-100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған орай мұнда бұл өнімдерді өңдеп, мұнайхимия өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар салуға мүмкіндіктер көп. Қостанай, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Қашар кен-байыту комбинаттары да қара металлургияның аса ірі ошақтары. Шығыс және Орталық Қазақстан күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте фосфор өндірісін ұтымды ұйымдастыру арқылы аймақтық экономиканың тиімді құрылымын жасауға болады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Аймақтық экономика — экономика ғылымының өндіріс салалары мен
кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орналастыруды,
өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық
және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқаруды одан әрі
жетілдіруді, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық
түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды
жетілдіруді зерттейді.
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды
мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік комплекстерді құруға жол ашады. Ол
үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-техникалық
базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның, экологияның
бұзылмауы негізге алынады. Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды
ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру
еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және
отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын
жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық
тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.
Мәселен, Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен,
елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия
өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майкөбе, Обаған алабын үрдіс
игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай өзгертеді.
Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80%
Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі
негізінде елімізде құрылатын ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін
электр қуатының 70%-ын береді. Осы база негізінде өнеркәсіптің электр
қуатын қажет ететін салалары дамиды. Тасуға ыңғайлы Обаған көмірі
республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге жөнелтіледі.
Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын игерудің болашағы зор. Бұл
өңірден жылына 88-100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған орай мұнда бұл
өнімдерді өңдеп, мұнайхимия өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар
салуға мүмкіндіктер көп. Қостанай, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Қашар кен-
байыту комбинаттары да қара металлургияның аса ірі ошақтары. Шығыс және
Орталық Қазақстан күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте фосфор өндірісін
ұтымды ұйымдастыру арқылы аймақтық экономиканың тиімді құрылымын жасауға
болады.
Аймақтық экономика еліміздің басқа аудандарымен байланыста дамиды,
интеграция және еріктілік принциптері сақталады, бірыңғай энергия, көлік,
байланыс жүйелері қалыптасады. Аймақтық стратегиялық маңызы бар табиғат
ресурстарын пайдалануда оған жеңілдіктер беріледі. Аймақтағы халықтың көші-
қон проблемалары зерттеледі. Ол үшін аймақаралық және аймақтық
бағдарламалар жасалады. Тұтас алғанда, Аймақтық экономика елдің өндіргіш
күштерінің дамуына нақты жағдай жасауы және оған сүйенуі керек.[1]
АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ. ӨҢІРДIҢ ДАМУЫНА ОНЫҢ ҚОСАТЫН ҮЛЕСI МОЛ
Шымкент қаласының іргесіндегі Оңтүстік арнаулы экономикалық аймағындағы
жағдай жұртшылықтың назарын аудара бастады. Солай қарай күнде таңертең
жұмысшылар тасымалдайтын автобустар шығады. Аумақта жаңа кәсіпорындар
салынып, іске қосыла бастағалы бері аймақтың тыныс-тіршілігі қыза бастады.
– Оңтүстік арнаулы экономикалық аумағында пайдалануға беріледі деп
жоспарланған үш фабриканың екеуі жақында іске қосылды. 2005 жылдың өзінде
мақта кластері мен мата өнеркәсібін дамытуды қолдау үшін Мемлекет
басшысының Жарлығымен Оңтүстік арнаулы экономикалық аймағы құрылған
болатын, – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының
мамандары. Пайдаланыла бастаған Мақта өнеркәсібі ЖШС-ның құрамында мақта
шикізаты бар гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы және техникалық
карбоксиметилцеллюлоза цехтары бар. Ал жұмыс істей бастаған Oxy Textile
ЖШС-ның кешенді автоматтандырылған жіп-иіру фабрикасы облысымызда
өндірілген мақтаның бір бөлігін шикізат күйінде емес, дайын өнім түрінде
сатуға мүмкіндік береді. Ал аумақта салынып жатқан үшінші кәсіпорын Ютекс-
KZ компаниясының дайын мақта талшықтарын шығаратын фабрикасы. Ол биылғы
жылдың соңына қарай ашылмақшы. Аталған үш фабрика жобалық қуатына жеткенде,
облыс аумағында өсірілетін мақта шикізаты мен мақта талшықтарының 40 пайызы
облыста өңделмекші. Арнаулы экономикалық аумағында аталғандардан өзге де
бірнеше кәсіпорын салынбақшы.
– Біз аумақтың инфрақұрылымдық құрылысын өзіміздің тарапымыздан толық
аяқтадық. Жоғарыда айтылған кәсіпорындарды салумен және іске қосумен қатар
қосымша инвестициялар тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Атап айтқанда,
түріктің танымал Чалык холдингі Оңтүстік арнаулы экономикалық аймағында
фабрика салуға 300 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы салмақшы. Сөйтіп, 2
мыңға тарта жұмыс орындарын ашамыз, – деп отыр. Бұл – алдын ала
уағдаластық, – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметінің қызметкерлері.
Елбасының тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар
Мырзахметов бастаған делегация осыдан шамалы уақыт бұрын Түркияға барып
қайтқаны белгілі. Сонда жоғарыда айтылған уағдаластыққа қол жеткізген
болатын. Холдинг кенеп маталарын шығаратын фабрика салуды жоспарлап отыр.
Сонда жоғарыда аталған кәсіпорындарды қоса есептегенде Оңтүстік Қазақстанда
өндірілетін мақта шикізатының шамамен 70 пайызға жуығын облыста өңдейтін
жағдайға жақындап қалады деген болжам бар.
Арнаулы экономикалық аумақта тек қана мақта өңдейтін кәсіпорындар
салынбайды. 2006 жылы Үкімет АЭА-ны мамандандыруды кеңейту жөнінде шешім
қабылдапты. Соған сәйкес мұнда мақта кластерін ғана емес, тұтастай алғанда
мата өнеркәсібін дамытуға бағытталған қадамдар жасалмақшы. Сондықтан да
2009 жылы облыс басшылары АЭА-да мамандандыруды кеңейту және
фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және тағам өнімдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық экономика дамуының приоритет
Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
Аймақтық даму проблемасы
Қазақстан Республикасының аймақтық даму мәселелері
Нарық жағдайындағы аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару ерекшеліктері
Муниципалдық менеджмент
Аймақтың экономикалық дамуы
Пәндер