Италиядағы фашизмнің пайда болуы мен оның тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Италиядағы фашизмнің пайда болуы мен оның тарихы.

1919-1920 жылдардағы саяси дағдарыс, сыртқы саясаттағы сәтіздіктер италяндықтардың шовинистік ойларын күшпен орындауға шақырды. Италия армиясында бүлікке шақырушылар көбейе бастады. Олар Адриат теңізінің жағасына, албанияға әскер жіберудіталап етті. 1920 жылдан бастап Италияда саяси күштердің ара салмағы ұлтшыл шовинистік топтарға қарай ауысты. Елдегі буржуазия дәрменсіздік білдірді. Экономикалық дағдарыстар, революциялық толқулар Италия буржуазиясының террорлық саясатқа көшуіне жағдай жасады. Фашизмнің халық арасында беделі өсті. Фашизм Италияда ірі әлеуметтік күшке айналып, жаңадан әскери ұйымдар мен құрылымдар құрып, Италияны дағдарыстан алып шығатын бірден-бір күш деп жарияланды.

Либералдық үкімет революциялық толқулардан соң террорлық қимылға көшті. Буруазия джағдарыстан шығудың жолын таба алмады, фашистік қозғалыс кең етек алып, халық арасында жаңа беделге ие бола бастады. Фашистік топтар күштерін біріктіріп, 1919 жылы “әскери одақ” (fasudi combatmento) құрды. “Әскери одақ” фашистік ұйым ретінде құрылып, оның жетекшісі Муссолини болды. Фашистер елде өздерінің шовинистік, ұлтшылдық, үгіт-насихатын кең түрде жүргізді. Италия үкіметінің дәрменсіздігін сынға алды. “Ұлттық мүдде”, “ұлы ұлт” идеясын таратты.

Жұмысшы табының арасында таза экономикалық саясатты, ереуілдік қозғалысты қолдап, жұмысшы табының мүддесін қорғады. Шаруалар арасында “жерді кім өңдесе, жер соныкі” ұранын тастады. Италияда фашизмді негізгі әлеуметтік топтар, халықтың кедейленген саласы қолдады.

Фашизмнің негізгі тірегі қалалық ұсақ буржуазия болды. Олар өз меншіктерін қорғау үшін үкімет қолдап отырған ірі буржуазияны қатты сыңға алып, фашизмнің ұрандарын насихаттады. Фашизмнің шабуылы күшейген кезде халық арасында ықпалы бар дәстүрлі Италия Социалистік партиясы оқшауланып, тек қана социалистік идеяны уағыздау меншектеліп қалды. Жұмысшы табы реакциялық буржуазия жағына шықты.

1920 жылдың аяғында Солтүстік және Орталық Италияда фашистер ашық террорға шығып, коммунистер ықпалындағы жергілікті ұйымдарды талқандап, большевиктерден елді құтқаруға шақырды . Жұмысшы табын әлсіретіп, ұсақ буржуазия ықпалын күшейту бағытын ұстанды. Италия үкіметі де біртіндеп фашизмді саяси жағынан қолдап, 1921 жылы соғыс министрі И. Бономи әскерлерді фашистік ұйымдарға көмекке жіберіп , фашизмнің қарулануына жол берді. Италия премьер-министрі либерал Дж. Джолити парламенттегі 35 фашистік депутаттармен бір блокқа кіріп , ИСП мен ИКП депутаттық тобына қарсы күресіп отырды. Италияның ірі буржуазиясы елдегі либерал-парламенттік саяси күшті сақтай отырып, фашизмді ашық қолдады. 1921-1922 жылдарда антифашистік күштер өте әлсіз болды. Италияның ұлылығын қалпына келтіретін бірден-бір саяси күш фашизм деп түсінді. Фашизмнің үкіметті өз қолына алуына жол ашылды.

1922 жылдан бастап фашистер парламентті таратып, диктатуралық билікті орнатуға шақырды. Фашизм Ватиканмен тығыз байланыс орнатып , католиктер де фашизмді қолдай бастады. Италияда саяси тұрақсыздықтан 1921 және 1922 жылдарда үш рет үкімет ауысты.

Италия социалистік партиясының реформалық тобы, үкіметті қолдап , елде фашизмге қарсы тойтарыс беру үшін жұмысшы тобын көтеріп, ереуілдер ұйымдастырып, Парма қаласында фашистердің қарулы құрамдарына қатты соққы берді. ИСП-ның максималистік тобы реформистерге қарсы шығып, партиядан бөлініп, Унитарлық Социалистік партия (УСП) құрды. Бүл жұмысшы табын әлсіретіп, олардың арасында жік туғызды. Фашизмге үкіметті өз қолына алуға толық жол ашылды. Олар 1922 жылы Неаполь қаласында өткен фашистер съезінде, үкіметке ашық ультиматум қойды. Фашистер әскерлерін мобилизация жасады. Сөйтіп, Неаполь қаласынан Римге жорық ұйымдастыруға кірісті. Үкімет амалсыздан отставкаға кетуге мәжбүр болды. Италияда төтенше жағдай жарияланды. Король үкіметтің кетуін қолдамай, Муссолиниді шақырып , үкімет құруға шақырды. 1922 жылдың 22 қазанда фашистік отряд салтанатты түрде Рим қаласына келіп, Муссолини үкімет басына отырды. Италияда фашистік диктатура орнады. Еуропада тұңғыш рет фашизм үкімет басына келді. Италияда соғыстан кейінгі либералдық-парламенттік жүйе тарады. Саяси дағдарыс, революциялық күштердің жеңілуі, антифашистік қозғалыстың әлсіздігі, Италия буржуазиясының фашизмді колдауы, Италияда демократияның жеңіліс табуына әкелді.

Италия коммунистік партиясы да авентиндік блокты толық қолдамады. Оппозицияда бірлік болмады. 1925 жылдан бастап фашистер шабуылға шыға бастады. 1925-1926 жылдар аралығында фашистік диктатура ашық террорлық әдіспен, буржуазиялық демократияға қарсы шықты. 1926 жылы қараша айында төтенше заңдар қабылдады. Барлық оппозициядағы партияларға тыйым салды. Антифашистік баспасөзді жауып, цензура орнатты. Муссолини мен Король өміріне қастандық жасағандарға өлім жазасы қолданылатын болды. Төтенше заң шыққаннан кейін елде жаппай тұтқындау басталды. Италия коммунистік партиясының басшысы А. Грамши тұтқындалып, партияның ары қарай өмір сүруіне тыйым салынды.

1927 жылы Италияда жаппай қудалау жүргізетін Тетенше трибунал және жасырын полиция әкімшілік мекемелері құрылды. Төтенше трибунал мемлекеттің қауіпсіздігін қорғап отырды. Премьер-министр Муссолини Король алдында ғана жауап беретін болды. Парламенттің беделі түсті.

Италияның саяси дамуына айтарлықтай ықпал жасайтын жағдай мемлекет пен Ватикан арасындағы қатынас еді. 1929 жылы Италияның фашистік үкіметімен Ватикан арасындағы Латеран сарайында келісім болды.

Бұл келісім бойынша: 1. Рим папасы Италия үкіметінен алатын 1750 млн. лир компенсациясынан бас тартты. 2. Италия үкіметі Ватиканның тәуелсіздігін мойындап, қасиетті Петр шіркеу айналасындағы ауданды мойындады. 3. Ватикан шіркеуінің жанұя және неке мәселесінде толық еркіндігін мойындады. Мектептерде католик шіркеуі өз ықпалын жүргізуге келісім алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы
Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
Германиядағы мен Италиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
Италияда фашизмнің пайда болуы
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz