Дене тәрбиесін өскелең өмір талабы деңгейінде ұйымдастырудың әдістемелік негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Үсенов Г. А.

Дене тәрбиесін өскелең өмір талабы деңгейінде ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 050108-«Дене шынықтыру және спорт»

Түркістан-2016

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі, п. ғ. к.,

доцент м. а.

Е. Т. Маханбет

«___» 2016ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Дене тәрбиесін өскелең өмір талабы деңгейінде ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

Орындаған: Үсенов Г. А. .

Ғылыми жетекшісі,

ХҚТУ профессоры Әбділлаев Ә. К.

Түркістан-2016

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің негіздері . . . 8

  1. Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық маңызы мен міндеттері . . . 8

1. 2 Оқушылардың дене тәрбиесінің ұйымдастырылу формалары . . . 15

1. 3 Дене тәрбиесі сабағын өткізудің ұйымдастыру және әдістемелік

негіздері . . . 24

2. Оқу еңбегі және интеллектуалдық қызметтің психо-физиологиялық негіздері . . . 44

2. 1 Жұмыс қабілеттілігін реттеудегі дене мәдениеті құралдары . . . 44

2. 2 Дене мәдениеті мен спорт құралдары арқылы кәсіптік маңызды психикалық сапаларды қалыптастыру . . . 50

Қорытынды . . . 55

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 58

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезеңде алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік талаптар мен стандартқа сай, ұлттық ерекшелікке үйлесімді бағытта дамыту жолдарын қарастыруда. Атап айтқанда, Қазақстанның болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2050» бағдарламасының міндеттеріне сай өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасының, әлеуметтік - мәдени, рухани дамуы сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы қажеттігіне баса назар аударылуда [1] . Әсіресе, өзгермелі қоғамдағы технология дамып, ғылымдардың әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми - техникалық прогресс кезінде, жасөспірімдерің дене сапаларын дзюдо күресі арқылы арттыру өзекті мәселеге айналып отыр. Жасөспірімдер дзюдосының бүгінгі таңдағы дамуы Халықаралық деңгейде бәсекелестіктің артуымен сипатталады. Мұндай жағдайда Қазақстандық спорттың дәрежесін күшейту, сонымен қатар беделді үздіксіз қолдау спортшы - жасөспірімдердің жаттығулары мен жоспарлануына, сонымен бірге соңғы жетістіктерді енгізумен кеңінен зерттеуді талап етеді. Дегенмен алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізуде қазақстандық дзюдоның тиімді дамуына септігін тигізуі үшін оның негізіне спортшы - жасөспірімдер дайындығына алдыңғы қатарлы жүйені ендіру керек.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың: « Спорт - игілікті іс. Спортта мінез -құлық қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар - ұятқа тиетін іс жасамайды. Жастайынан спортпен айналысқандар бүкіл ғүмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірибемнен білемін», - деуі тарих сахнасының төрінен спорт қозғалысының өзіндік орны бар екендігін дәлелдейді [2] .

Зерттеуге алып отырған тақырыбымыз төңірегінде жазылған ғылыми- зерттеулер жұмыстарына тоқталатын болсақ: Болашақ мамандар мен оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мәселесін Б. Мұхамеджанов, Ә. Әбділлаев, Б. Абусейтов, болшақ дене тәрбиесі мамандарының жүйесін қалыптастыру төңірегінде қарастырған [3, 4, 5] .

Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілу қажет», - деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, «өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады», - деп атап айтылған.

Дана халқымыз: «Дені саудың - жаны сау», «Басты байлық - денсаулық», «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» - деп тегін айтпаса керек. Медицина атасы Ибн Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам ешбір емді қажет етпейді», - деп өсиет қалдырды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін десе, болашақ ұрпақ қамы жайында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында: «Қазіргі заманда кез-келген мемлекеттің жоғары тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, қажыры, білімі болып табылады», - деген .

Мұнда айтылғандай әлеуметтік-экономикалық өмірдегі елеулі өзгерістерге байланысты жастарды тәрбиелеу мәселесі дұрыс бағытта болуы қазіргі Қазақстанның өзекті мәселесіне айналып отыр. Себебі дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Сондықтан сауықтыру кешендері денеге білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.

Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру сауықтыру кешендерінің жүйесіне және жалпы дене шынықтыру сауықтыру жұмысына тікелей байланысты. Өйткені, дене шынықтыру сауықтыру жұмысы - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық іс-шаралардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен дене қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.

Ендеше болашағымыз - бала, рухани дүниелерімізді одан әрі жалғастыратын жас ұрпақ. Салауатты болашақты ойлайтын болсақ, өсіп келе жатқан ұрпақтың денінің саулығы, көңілінің сергек, осы бастан жат әдеттерден аулақ болып өсуі үшін қолда бар мүмкіндікті пайдалана білуіміз қажет. Соған сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен шұғылдануға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет екендігі еліміздің негізгі заңында көрініс тапқан. Ата заңның 24 және 29 - баптарында азаматтардың демалуға және денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі атап айтылған. Сондықтан да оқушы-жастардың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейкесті мәселе болып отыр.

Қазақстандағы дене мәдениеті теориясы және дене мүмкіндіктерін дамыту ісін ұйымдастырып дамытушылар арасында Ә. Әбділлаев, Ж. К. Оңалбек, Б. Қ. Мұхамеджанов, Б. Төтенай, А. Құлназаров, Қ. И. Адамбеков, М. Б. Сапарбаев, Е. Уаңбаев, Т. Ж. Бекбатчаевтардың еңбектерін айтуға болады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстары қазіргі таңда Қазақстандағы сауықтыру және дене тәрбиесі саласында пайдаланылуда.

Алайда негізделген ғылым мен практиканың сабақтастығы бір дағдыда қалмайтындығы тағы да белгілі. Іс-тәжірибе әрдайым жетіліп, ұшталып отырылады, яғни ол ғылыми тұрғыдан тұжырымдарды қажет етеді. Осы тұрғыдан қарағанда, соңғы уақытта салауатты өмір салты ғылыми тұрғыдан дамыды, өсті, сауықтыру кешендерінде практикалық тәжірибелер жинақталды, тәрбие мен үйретудің коммуникативті бағыттағы стратегиясы мен тәсілі анықтала түсті жаңа ізденістер пайда болды.

Зерттеудің мақсаты: Балаларды салауатты өмір сүру бейнесіне тәрбиелеудің маңыздылығын анықтау.

Зерттеу нысаны: Мектептегі дене тәрбие сабағы.

Зерттеу пәні: Жас жеткіншектердің салауатты өмір сүру бейнесін қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Дене мәдениеті мен спорт арқылы жас жеткіншектердің салауатты өмір сүру бейнесін қалыптастырудың қазіргі жайын анықтау;

2. Мектептегі дене тәрбиесі және спорт арқылы салауатты өмір сүру бейнесін қалыптастырудың мәнін анықтау;

3. Дене тәрбиесі мен спорт арқылы оқушы-жастардың салауатты өмір сүру бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз ету формаларын анықтау.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, нормативтік құқықтық актілері; философтардың, педагогтардың, психологтардың, жаттықтырушылардың, спорт майталмандарының еңбектері.

Зерттеу әдістері: Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен денсаулық сақтау салаларындағы прогресті анықтау.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, пәні, міндеттері көрсетілді.

«Дене тәрбиесін өскелең өмір талабы деңгейінде ұйымдастырудың әдістемелік негіздері» атты тақырып бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ой-пікірлері талданды; дене шынықтыру және спорт түрлері бойынша дене тәрбиесі сабағын өткізудің ұйымдастыру және әдістемелік негіздерінің тұжырымдары айқындалды.

«Оқу еңбегі интеллектуалдық қызметтің психо-физиологиялық негіздері» тақырыбындағы екінші тарауда оқушылар мен студенттердің маңызды міндеттерінің бірі олардың ақыл-ой қызметті мүмкіндіктерін жоғары деңгейде жүзеге асыру зерделеніп белгіленді.

І. МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ

НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық маңызы мен міндеттері

Мектеп жасы қоғамның белсенді мүшесіне айналып қалыптасатын 7 жастан 17-18 жас аралығын қамтиды. Балдырған сәбиден мектеп оқушысы еңбекке, Отанын қорғауға дайын азаматқа айналады. Дәл осы жаста біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде және сонымен бірге, арнайы орта және кәсіптік-техникалық орта оқу орындарында жалпы көпшілікке орта білім беру іске асырылады.

Дене тәрбиесі сабағы оқу орындарындағы барлық оқу-тәрбие процесінің бөлігі, маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Мектеп жасындағы балаларды жас ерекшелігіне қарай бөлу. Мектептерде дене тәрбиесі сабағы балалардың жас және жыныс, анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері қатаң ескеріліп жүргізіледі. Жас ерекшелік мүмкіндіктерін білу мыналарды анықтауға мүмкіндік береді :

1/ балалардың шамасы жететін мүмкіндіктерін дұрыс бағалау ;

2/ ағзадағы оңды өзгерістерге сүйену және өсудің қиындығын сездірмеу ;

3/ белгілі бір бағытта, бөліп айтқанда қозғалыс сапаларының қайсы бірімен жұмыс жүргізу үшін барынша ұтымды кезеңдерді жіберіп алмау ;

4/ Әрбір оқушының типтік ерекшеліктерін білу арқылы толығымен, жеке әрбір оқушының өзін көрсетуіне мүмкіндік беріп, дене дайындығына қарай күрделіленуіне мүмкіндік жасау. Биологиялық дамуына байланысты мектеп жасындағы балалар мен қыздарды жас ерекшеліктеріне бөлу ғылыми негізделіп, қазіргі таңда былай анықталған : екінші балалық шақ -8-12 жас ер балалар және 8-11 жас қыздар ; жасөспірім шақ - 13-16 жас ер балалар және 12-15 жас қыздар ; бозбалалық шақ- 17-21 жас бозбалалар және 16-20 жас бойжеткендер.

Педагогикалық іс тәжірибеде екі жыныстағылардың сыныпқа бөлінуіне қарай келесі жас кезеңдеріне бөлу тараған: майда немесе бастауыш мектеп жасындағылар 7-10 жас, І-ІV сыныптар ; орта сынып жасындағылар - 11-15 жастағы балалар, ІV-VІІІ сыныптар ; жоғары сынып жасындағылар жасы - 16-18 жасар бозбалалар мен бойжеткендер, яғни ІХ-ХІ сынып оқушылары.

Мектеп жасындағы балалардың денесін тәрбиелеу мәдениеті міндеттері келесі бейнеде нақтыланады :

Сауықтыру міндеттері :

1. Өсіп келе жатқан ағзаның үйлесімді дамуына жәрдемдесу және оны біртіндеп ұлғайып келе жатқан жүктемеге дайындау, дұрыс дене сымбатын қалыптастыру, жүрек-қантамыры айналысы мен тыныс алу жүйелерін дамыту, зат алмасу процесінің қызметін жеделдету, жүйке жүйесін бекіту.

2. Белгілі бір жастағылардың және жыныстағылардың қозғалыс сапаларын дамыту.

3. Шынығу сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның (қалыптылығын) бейімділігін орнықтылығын арттыру. Сергектік, өмірге деген құштарлық сияқты жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін бұл іргетассыз мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу міндеттерін шешу мүмкін емес. Мектеп оқушыларының әрбір жас ерекшеліктеріне қарай ағзаның даму ерекшеліктері есепке алынып, жекелеген міндеттер шешіледі.

Бастауыш сынып оқушыларының жасында тірек - қозғалыс аппаратының дамуы, жалпы дамып, беку сыйпатын қамтамасыз етеді. Қаңқаның қатты иілгіштігі, бұлшық ет ұлпаларының созылғыштығы, ірі бұлшық еттердің дамуы басым болатыны ескеріледі.

Орта сынып жасындағыларда, балалардың бойы, дене мүшелері тез өседі бірақ пропорцияға сай емес (аяқ, қолдар денеге қарағанда тезірек, сүйектер бұлшық еттерге қарағанда жылдам өседі, олардың созылғыштығы азаяды) және қыздар мен балаларда бірдей жылдамдықпен емес, сондықтан бұлшық еттерге жан-жақты әсер етіп оның әртүрлі көріністерінде күшін, буындардың қозғалмалылығын, босаңсыту қабілетін дамыту қажет .

Жасөспірімдердің тыныс алуына, бұлшық еттеріне ерекше назар аударылады, өйткені көкіректің көлемі мен дененің өсуі ара қатынасында үйлеспеушілік пайда болуы мүмкін (физиологиялық қушық кеуде) . Жоғары сынып оқушылары жасында дененің өсуі азаяды, бұлшық ет көлемі артады, бұлшық ет ұлпаларының құрылымы жетіледі, күш және жылдамдық дайындығын жақсартуға барынша күшейтілген жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады. Сонымен бірге, жасөспірім бозбалалар және бойжеткендермен жұмыс тек жүктеме жағынан ғана емес бағыттаушылық жағынан да күрделіленеді. Әртүрлі жас ерекшелігі топтарында сауықтыру міндеттерінің ең маңыздыларының бірі нақтыланады, яғни ол дұрыс дене тұлғасын (сымбатын) қалыптастыру болып табылады. Мектеп жасында дене сымбатының үнемі өсіп қалыптасуының жалғасатындығынан балаларды дене жаттығуларын орындатқан кезде күрт қозғалыстан, ауытқудан, секірген кезде қатты жерге түсуден т. б. сақтандырған жөн. Қан айналу және тыныс алу органдарының жүйелері мектеп бітірген жасқа дейін дамуын жалғастырады.

Бастауыш сыныптарда жүректің соғу, жирылу күші әлі күшті емес. Жүрек минутына 90 рет соғып, тез жиырылады, тыныс алу да минутына 20-22 рет және терең емес. Тек жоғары сыныптарда ғана жүрек-қан тамыр айналысы жүйесінің қызметі жүйелі атқарылады, оның реттеуі-жетілген, дегенмен ер балаларға қарағанда қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының қызмет ету мүмкіндіктері төмен болады.

Бұл ерекшеліктерін жылдамдық және төзімділік сияқты сапаларды дамыту кезінде ескеру қажет. Мысалы, бастауыш сынып жасында жылдамдық дыбысқа, белгіге тез жауап беру реакциясы түрінде дамиды. Бұл кезде күш төзімділігі күшті дамиды, бірақ балаларды бірсарындылық, бірқалыптылық шаршатады.

Сондықтан, олардың денесін статикалық қалыпты жағдайда ұстауға біртіндеп үйрету керек. Сонымен бірге, жаттығуды орындағанда бір мезгілде дұрыс тыныс алуға үйрету, қозғалысты тыныс алумен жүйелі үйлестіру қажет. Жоғары сынып жасында (ІХ-ХІ сынып) жылдамдық күш дайындығын қамтамасыз ету және төзімділікті дамыту жұмыстарына кірісу қажет. Жоғары сыныпта төзімділікті дамытуға үлкен мән беріледі. Олар ересектердің жүктемесіне таяу шыдайды. Алайда аса ауыр жүктеме, көңіл күйі нашар кезде, аурудан соң орындалған жаттығулар оқушы ағзасына үлкендерге, ересектерге қарағанда зиянды.

Ағзаны шынықтыру - аса маңызды сауықтыру шараларының бірі. Шынықтыру процедураларын мектепке дейінгілерге қарағанда оқушыларға байқап және біртіндеп жасаған жағдайда ғана күшті әсер етеді.

Өмір сүру бейнесі мен күн тәртібінің өзгеруіне қарай мектеп оқушыларына жүйелі түрде шынығу қиындайды. Сондықтан, үзілістегі дене жаттығуларымен дене тәрбиесі сабағын таза ауада өткізу мүмкіндігі пайдалы.

Сауықтыру міндеттері екі жақты шешілуі мүмкін : 1/ Дербес, өзбетінше, дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарын арнайы таңдап, яғни, дұрыс дене дамуына жәрдемдесетіндей немесе дене сымбатының бұзылуын, салмағын, белгілі бір бұлшық ет топтарының нашар дамуын қалпына келтіретіндей мүмкіндік туғызу. 2/ Кез келген білім алу және тәрбие міндеттеріне жол ашу. Мектеп оқушылары үшін жеткілікті белсенді қозғалыс күн тәртібі, күнделікті орындалатын дене жаттығулары маңызды ; ерекше таза уақытқа (дозировка) есептеліп жасалынған жүктеме, ағзаның қуат қорын (ресурстарын) ашуға жол бермейді, өсуіне қажет жеткілікті демалыспен, ұйқымен, тамақпен өз уақтында күшін бастапқы қалпына келтіруі ; барынша жақсы гигиеналық жағдай жасау- сабақтың сыртқы ортамен және материалдық - техникалық қамтамасыз етілуімен байланыс ; денсаулық жағдайына және дене дайындығы көрсеткіштеріне жүйелі түрде дәрігерлік - педагогикалық бақылау жасау.

Білім беру міндеттері . Оқушыларды өмірдің әртүрлі жағдайында қажетті біліммен, қабілетпен және дағдымен қаруландыру :

а/ дене жаттығуларының маңызы және әсері, әдіс түрі, ережесі және олардың табыспен орындалу жағдайы ;

б/өмірге қажетті қабілет пен дағдыны кең ауқымда жетерліктей қалыптастыру;

в/ сантүрлі жаттығулар арқылы қозғалыс тәжірибесін байыту, өз түйсігімен күш салуды реттеу қабілетін қалыптастыру, әрекетті өз уақытында және дәл, нақтылы міндетке сай, соның ішінде күрделіленген жағдайда жасау. Бұл міндетті шешу жаңа әрекеттерді өмір өткелдерінде пайдаланып шешуге жағдай туғызады.

1. Балаларға жеке және қоғамдық гигиена туралы білімді мектепте, үйде дене жаттығуларымен шұғылданғанда, еңбек еткенде және демалыс кезінде қалыптастыру.

2. Дене мәдениеті ауқымында өміртанымын кеңейту, дене жаттығуларымен шұғылдануға қызығушылығын және қажеттілігін дамыту, өз денесінің күшін жетілдіруге ұмтылдыру және оны іске асыра білу. Бұл міндетті шешу сенімділік туғызады, сонымен бірге мектептен кейін де дене тәрбиесі күн тәртібіндегі міндетті элементтің бірі болып қалады.

3. Дене жаттығуларымен сабақ өткізу үшін ұйымдастырушылық және кейбір әдістемелік (нұсқаушылық, төрешілік) білімді және қабілетті қалыптастырады [6] .

Тәрбиелік міндеттері. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мақсатында дене тәрбиесінің барлық құралдары мен әдістері қолданылады. Олар оқушының ақыл-ойының дамуына, адамгершілік қабілеттерінің қалыптасуына, оларды еңбекке, отанды қорғауға дайындауға, эстетикалық дамуына жәрдемдеседі.

Өнегелілікке тәрбиелеу жаңа қоғам құрылысының жеке тұлғаларының мына ерекшеліктерін қалыптастыруға бағытталады :

1/ Патриоттық (отан сүйгіштік), азаматтық, ұлтаралық ынтымақтастық ;

2/ Еңбек сүйгіштік, ұжымдық еңбекке дайын болу, басқалардың еңбекке деген ынтасын сыйлау ;

3/ Ұжымға деген сүйіспеншілік, өзара жолдастық көмек, адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынас;

4/ Саналы (зерделі) тәртіп, адалдық, шыншылдық ;

5/ Мақсатқа жетуге деген табандылық, ұстамдылық, өзін-өзі ұстай білу, тәуекелшілдік, шешімшілдік, батылдық .

Спорттық жарыстастық жағдайында балаларда қарсыласына, командалас әріптесіне, төрешіге деген ұғынуға байланысты және спорттық этикалық көрінісімен, ерекше көзқарас тәрбиеленеді, белгілі бір мінез-құлық ережелеріне үнемі бекітілетін көптеген жағдайлар пайдаланылады. Мұндай жағдайлар барлық спорт түрлері ойын ережелерінде алдын-ала ескерілген, спорт жарыстарының дәстүрінде, саптағы мінез-құлық ережелері қамтылған. Мысалы, кез келген спорт түрінен өткізілген жарыс, жекпе-жек аяқталғаннан кейін жарысқа қатысушылар жарыс барысындағы пайда болған реніш көңіл-күйге қарамастан ризалықпен қол алысып тарқауға міндетті.

Жарыс барысында қарсыласына көрсеткен дөрекілік, сыйламаушылыққа айып ұпайы беріледі, ойыннан, жарыстан шығарылады. Бір адамның тәртіпсіздігі үшін бүкіл команда зардап шегеді. Біз ұяң мінезді, мықты мінезді, жігерсіз не жігерлі адам, өз мінезін тәрбиелеу, өз еркін тәрбиелеу деген ұғымды жиі естиміз. Мінез адамның өз мақсаты мен міндетін жүзеге асыруда көбінесе табандылығының деңгейін анықтайтын негіз болып табылады. Спорттың сезімдік күшті әсері тек спортшыларға ғана тікелей қатысты емес оның көрермендерге де әсері зор. Бұл балалар үшін заңды да. Балаларға көрермендер сезімі қатты әсер етеді. Жанкүйерлердің өз командасына, өз жақтасына жақтасып жаны ауыруы мүмкін, бірақ сезімнің шегі болуы тиіс. Балалар жарыстарының төрешілері, жалпы көпшілік спорт мерекелерінің ұйымдастырушылары жарысқа қатысушыларға және көрермендерге байланысты тәрбиелік қызметтерін атқаруы тиіс.

Батылдық қорқыныш сезімін жеңіп шығуды талап ететін әрекеттерде тәрбиеленеді.

Шешімшілдік спортшыдан қабылданған шешімнің артынша әрекет ету қажет болған жағдайда, кездейсоқ күрделі мәселе туындағанда, жолы болмай қалуы мүмкін сәтке де қарамастан жедел әрекет жасау талап етіледі.

Өзін-өзі ұстай білу - өз әрекетін бақылаудан шығарып алмау қабілеті - объективті жағдайда барынша күрделі сәттерде тәрбиеленуші, мысалы, ауа-райының бұзылуы, шаңғының нашар сырғанауы және алдыңғы жарыстардағы жолы болмаушылық немесе күшті қарсыластың белсенді әрекеті т. б. себептер.

Ақыл-ой тәрбиесі - бұл тек оқушылардың арнайы пәндер бойынша білімін, қабілетін және дағдыларын байытумен шектелмейді. Ол, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, назар аударуын, зердесін, танымдық белсенділігінің артуын дамытуға бағытталады.

Еңбек тәрбиесі - мектеп оқушыларында бірнеше бағытта іске асады :

1/ Қоғамның мүддесі үшін еңбектің қажеттілігі туралы сендіру.

2/ Еңбек ету қажеттілігіне тәрбиелеу.

3/ Дене тәрбиесі сияқты еңбекке іс жүсінде дайындалу, сонымен бірге қабілетпен және дағдымен, еңбек қызметіне қажетті әрекеттермен қарулану.

Эстетикалық тәрбие - денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану процесінде мыналарға бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Жас спортшыны оқыту және тәрбиелеу
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Педагоикадағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы
Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz