Әскери-космостық кешеннің Ресей және Қазақстан Республикасы территориясындағы орналасуы және әрекеттері


МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 тарау. Әскери-космостық кешеннің кәсіпорындарының Ресей және Қазақстан Республикасы территориясындағы орналасуы және әрекеттері. 5

1. 1Локолитет түсінігі. 8

1. 2. Әуе шабуылынан қорғауға арналған "Ашулук" полигоны. 9

1. 3. "Байқоңыр" космодромы. 10

1. 4. "Тайсойған" ракета полигоны. 17

2-тарау. Батыс Қазақстан облысындағы ракеталық-ядролық полигондардың географиясы және оның зардаптары. 27

2. 1. Медициналық-химиялық және радиоэкологиялық зерттеулер және 27

оның нәтижелері. 27

2. 1. 1. "Азғыр" ядролық полигоны. 27

2. 1. 2. Батыс Қазакстан облысындағы радиациялық аномалиялар. 28

2. 1. 3. "Капустин-Яр" полигонының маңайындағы экологиялық жағдай 34

және халықтың денсаулығы. 34

2. 1. 4. Батыс Қазақстан облысындағы халықтың жалпы денсаулығының құрылымы және деңгейі. 38

2. 1. 5. Әскери-космостық кешеннің кәсіпорындарының өндірістік әрекеті және оның сыртқы ортаға жасаған зардаптары. 44

3 тарау. Семей полигонының локолитеттік ерекшелігі және оның зардаптары. 48

3. 1. Семей полигонының локолитеттік орналасуы. 48

3. 1. 1. Семей полигонының қоршаған ортаға зардаптары. 49

Қорытынды 55

Қолданылған әдебиеттер. 57


Кіріспе

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан территориясының және оған жақын Ресеймен шекаралас жерлерде бірнеше әскери космостық кешендер құрылымы жұмыс жасады. Бірақ, жетпіс жылы бойы олардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, саясаттық, этникалық және т. б. еліміздің қауіпсіздігі туралы ақпараттар, ғылыми еңбектер халыққа беймәлім болды. Әскери-космостық кешендердің табиғатқа, халықтың денсаулығына және т. б. зардаптары толығымен зерттелмеді, не болмаса жергілікті түрғындарға жария етілмеді. Мысалы, ракеталардың жанғыш токсикондарымен 80 млн. гектар жер ластанып, 1 млн-нан астам адамдардың денсаулығына зиян келтіріп отыр. Соңғы кездері (1999-2004 ж. ) Рессейдің “Протон” ракеталарының бөлшектерінің Қазақстан территориясына құлауы (Қарқаралы ауданында Карбышевка селосы, Жаңарқа ауданының Атасу поселкесі аймағы) халықты одан сайын елеңдетіп отыр

Әскери-космостық кешендердің экологиялық зардаптары "Семей-Невада" сияқты қоғамдар, экологиямен айналысатын ғалымдардың еңбектері және т. б біртіндеп белгілі бола бастады. Оның ішінде С. Т. Тілеубергеновтың еңбектері: Полигоны Казахстана - Алматы: Ғылым, 1997 ж, Геоэкология -Алматы: Ғылым, 1996 ж, У. А. Кенесариевтің Батыс Қазақстандағы Әскери полигондар жайлы ғылыми еңбектері, Ж. А. Сұлтановтың Әскери-өндірістік кешендер туралы, У. М. Сұлтағазиннің еңбектері және т. б. жатқызуға болады.

Керекті ақпараттар мен мәліметтер жинау қиын болғандықтан, мен көбінесе баспадан жарық көрген ғылыми еңбектер мен мәліметтерге көп сүйендім. Оның ішінде Батыс Қазақстан, Қарағанды облысы экологиялық комитеттерінің мәліметтері және '"Семей-Невада" қоғамының ақпараттарын пайдаландым.

Дипломдық жүмыс жазуда мен өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

1. Әскери-космостық кешендер туралы мәліметтерді жинау және оларды бір жүйеге келтіру;

2. Әскери-космостық кешендердің жалпы жұмысына сипаттама беру;

3. Батыс Қазақстандағы әскери-космостық полигондардың медициналық, химиялық, радио-экологиялық зардаптарына баға беру;

4. Әскери-космостық кешендерге сипаттама беруді географиялық тұрғыда қарау және баға беру.

5. Қарағанды облысына Семей ядролық полигонның зардаптарына баға беру.

1 тарау. Әскери-космостық кешеннің кәсіпорындарының Ресей және Қазақстан Республикасы территориясындағы орналасуы және әрекеттері.

Ресейдің әскери-космостық кешенінің (ӘКК) кәсіпорындарының және оның Қазақстан Республикасының территориясындағы космостық күштерінің әрекеті қоршаған ортаны қорғау мәселерін реттейтін ұлттық, концептуалды және бағдарламалы құжаттардың болмаған жағдайында іске асырылады. ӘКК-ның табиғат пен түрғылықты халыққа зиянды әсер етуінің күші, көлемі, ұзақтығы мен тұрақтылығы өте жоғары. Республикада 80 млн. гектарға шейін жерлер жанар майдың токсиканттарымен (улы заттармен) уланған және 1 млн-ға жуық адамның денсаулығына зиян келді.

Республиканьщ экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, этникалық, саяси және басқалай қауіпсіздік мәселесі экоценогенофонд ұсынған мәселеге қарғанда әлсіздеу. Оның сапасы мен сақталуынан әрбір мемлекеттің даму мүмкіндігі тәуелді. Ол мәселе өткен жетпіс жылда да, егемендік алған жылдары да зерттелмеген. Қазақстанмен салыстырғанда Ресейде ӘКК кәсіпорындарының қызмет етуімен және олардың табиғат пен халыққа әсерімен байланысты табиғат қорғау шаралары әскери-космостық күштердің табиғат қоғау органдары мен қоғамның қол астында, қажетті ақпаратты алу мүмкін емес. Қазақстанда ақпарат пен байланысты жағдай нашар қалыптасуда.

Табиғатты тиімді пайдаланудың Қазақстандық экологиялық мәселелердің ортасы, адам кұқығын қорғау ӘКК кәсіпорындарының әрекетімен байланысы белгілі, сонымен қатар терең спецификалы мәселелер де (озон "тесіктері" арқылы сәулелену, т. с. с. ) анықталды. Бұл мәселелерді Ресей ұйымдарының немесе космостық державалардың халықаралық дәрежелі эксперттерінің, мамандарының қатысуынсыз шешу мүмкін емес.

ӘКК көсіпорындарына Қазақстан-Ресей космодромы "Байқоңыр" және әскери полигондар: "Сарышаған", "Эмба" және т. б. жатады.

Кәсіпорындардың құрамына барлық базалық орталықтар, полигондардың өздері және космодромдағыдай базадан бөлінген, не болмаса "Сарышаған" полигонындай оған қосылған аудандар, ұшу аппараттарының калдықтары, ракеталардың бөліктері түсетін аудандар кіреді. Полигон базаларының және қалдықтар түсетін аудандардың (ТА) территориясы кәсіпорынның пайдалануына белгілі ретпен бөлінген. Бүл территорияларда шаруашылық іс-әрекеттер жүзеге асырылады; полигондар мал жайғауға қолданылады, соған қоса мұнда киіктер жайылады.

Алайда кәсіпорындардың зиянды әсерлері шектен әлдеқайда тыс шығып кетеді, олардың әсер ету аудандары біріншіден полигонның үшу трассаларының бойындағы 15 млн. га жиектерді қамтиды, кәсіпорындардың ластаушы және соққы беруші тікелей әсерге барлығы 80 млн. га -ға дейін кіреді (Қазақстанның ауданы 272 млн га-дан асады) .

Осындай үлкен территориядағы ластанудың ауа және су тасымалдау агенттерін ескерген кезде миллионнан астам адам денсаулықтарынан айырылады (ӘКК 40 жыл жұмыс істеуде және де Қазақстан территориясында әлі де 20 және одан да астам жыл жұмыс істейді) .

Қазақстан халқына орасан зор масштабтардың бұзылуы сияқты әртүрлі зиянды әрекеттері белгілі. "Капустин-Яр", "Байқоңыр" космодромы, "Тайсойған" ракеталық полигонының және ӘКК-ның басқа объектілерінің іс-әрекеттерін толық, нақтылай қарастырайық.

Батыс Қазақстан облысы тура шекарасындағы Орда ауданында әйгілі Нарын құмдары - Евразияның Ұлы далаларының Алтын Ордасы (Жәңгір хан жерленген қасиетті жер) бар. Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының арасында жиек бөлінген - ол Ресейден, Ақтөбеден әрі қарай созылды. Бұл "жиекте" авиациялық және ракета техникасының сынақтары, сонымен қатар ядролық жарылыстар жұргізілді және де Семей полигоны мен салыстырғанда зерттеудің басқа сипаты болды. Бұнда ядролық зарядтардың ұшақтармен және ракеталармен жеткізілу тәсілдері қарастырылды.

Бастапқы нүкте Капустин-Ярдан басталды. Бұл полигон қазір жеткілікті кең белгілі. Ұшқыштар Ақтөбеде базаланды, ҚР Алматы облысының арнайы коридорларымен Балқашқа ұшқан.

Бүкіл осы ұзақ жылдар бойы Капустин-Яр Батыс Қазақстан облысының маңының территориясында егеменді мемлекет сияқты болып табылады. Әрине, аймақ катал тәртіпте болған. Капустин-Яр полигонының орналасу сызбасы 1. 1. суретінде келтірілген. 14 жыл бойы Капустин-Яр полигонында ядролық қарудың жер үсті және ауадағы сынақтары жүргізілген.

1. 1 кестесінде жарылыстар хронологиясы мен олардың сипаттамасы келтірілген. Бұл мәліметтер жергілікті жердің радиациялық жағдайын анықтауға мүмкіндік бермейді.

Кесте 1. 1

Капустин-Яр полигонындағы жарылыстар.

Жарылыс күні
Заряд күші, кг.
Жарылыс биіктігі, км.
№: 1.
Жарылыс күні: 19. 01. 57.
Заряд күші, кг.: 10
Жарылыс биіктігі, км.: 13, 7 (10, 4)
№: 2.
Жарылыс күні: 01. 11. 58.
Заряд күші, кг.: 10
Жарылыс биіктігі, км.: (5, 6)
№: 3.
Жарылыс күні: 03. 11. 58.
Заряд күші, кг.: 10
Жарылыс биіктігі, км.: (6, 2)
№: 4.
Жарылыс күні: 06. 09. 61.
Заряд күші, кг.: 10
Жарылыс биіктігі, км.: 22, 7
№: 5.
Жарылыс күні: 06. 10. 61.
Заряд күші, кг.: 40
Жарылыс биіктігі, км.: 40 (41, 3)
№: 6.
Жарылыс күні: 27. 10. 61.
Заряд күші, кг.: 1, 2
Жарылыс биіктігі, км.: 300
№: 7.
Жарылыс күні: 27. 10. 61.
Заряд күші, кг.: 1, 2
Жарылыс биіктігі, км.: 150
№: 8.
Жарылыс күні: 22. 10. 62.
Заряд күші, кг.: 300
Жарылыс биіктігі, км.: 300
№: 9.
Жарылыс күні: 28. 10. 62.
Заряд күші, кг.: 300
Жарылыс биіктігі, км.: 150
№: 10.
Жарылыс күні: 01. 10. 62.
Заряд күші, кг.: 300
Жарылыс биіктігі, км.: 50

Сенімді дерек: Частников И. Я. оқулығынан алынған.

Халықтың сәулеленуінің радиациялық мөлшерлерін тарату үшін жауын-шашын мен бұлттан сәулелену мөлшерінің күшін жер үсті бақылау, жарылыс координатасы мен жергілікті жердеп жауын-шашынның геометриясы туралы мәліметтер және әрбір жарылыс сайын түзілген жауын-шашынның түзілу кезіндегі метеожағдайлар бойынша мәліметтер қажет.

  1. Локолитет түсінігі.

Экономикалық географияда локолитет түсінігі (ағылшын тілінен locality- жергілікті жер) деген мағынаны білдіреді.

Экономикалық география табиғатты, халықты және шаруашылықты біріктіре қарастырады, элементарлық экономикалық географиялық обьект- локолитет - жүйелі түрде алынады.

Химия заттарының молекуласына байланысты (ұқсас) ол табиғат атомынан тұрады- жергілікті жердің халық атомын - халық тұратын жер және шаруашылық атомы - кәсіпорындар.

Жергілікті жердің табиғи ресурстың бастысы болып табылады. Тұрғылықты жер - тұрғылықты жер мен кәсіпорындардың орналасуы. Кәсіпорындар - табиғи ресурстарды тұтыну тауарларын еңбек және қор арқылы келтіру.

Жергілікті жердің ресурстарына байланысты кәсіпорындардың машандануы мен тұрғылықты жердің көлеміне қарай барлық локолитеттер - ауылшарушылығы, геология бөлімшелері, экспидициялар, тміржол, демалыс жерлері және т. б. Басқадай күрделі көп функционалды локолитеттер түріне мысалы басты қалалар, мегаполистер, урбандалған кеңістіктер айтуға болады.

Элементарлы обьект түсінігімен тәжірбиелік жұмыстар ішкі экономикалық географияның құрылымы құрайды оның сәйкесінше ізденісті іске асырады, жинақталған ғылыми жұмыстар іске асырылады.

Экономикалық географияның ішкі құрылымын негізгі дерек ретінде көрсетуге болады, әрбір деректен 4мінездеме болады - кеңістіктік, уақытша атериялдық және ұйымдастырушылық.

Кеңістік мінездемеге өз алдына локольдік, региональдік, ұлттық және мемлекеттік, континенталдык, зональды және теңіздік және ғаламдық деңгей.

Уақытша мінездемеге өткен (90-100жыл) қазіргі жәнеболашақта(0-20жыл) . Маңызды уақыт жүйесіне территориалдық процесстің дамуымен түсіндіреледі, және қазіргі уақыттың өзгерісі, әріқарай ұзақуақытты болжам 100және көп жылдық анализ деректерін қажет етеді.

Материалдық мінездемеге - табиғатқа, әлеуметтік және экономикалық құрылымдардың болуына тікелей байланысы бар ұйымдастырушылық көрсеткішті айтады.

1. 2. Әуе шабуылынан қорғауға арналған "Ашулук" полигоны.

Атырау облысының Құрманғазы мен Исатай аудандарында шартты "Ашулук" атауы бар ӘКК полигоны орналасқан. Бұл полигонның басқару бөлімшесі Тамбовка станциясының жанында орналасқан. 1972 жылдан жұмыс істей бастаған бұл полигонның ауданы 460 мың га 40 жылға жуық уақыт бойы мұнда ракеталардың, ӘКК-ның әскери техниканың және әскери әуе күштерінің әр қилы түрлерінің ауа және жер үсті сынақтары жүргізілді.

Полигон ӘКК-ң ракеталық қүралдарын үрыста, қолдану есептерін өңдеп қүрастыру мақсатымен қүрылған. Территория соғыс ракетасының техникасының қалдықтарымен ластанған - шамамен 3 мың тоннадан асады, әрі әлікүнге дейін жиналып, шығарылып тасталмаған. 1993 жылғы зерттеу бүл полигонның химиялық немесе радияциялық ластануын белгілеген жоқ (анықтамаған) .

1. 3. "Байқоңыр" космодромы.

Космонавтиканың ең басты бағыттарының бірі- құрастырып отырған космостық құралдарының тиімділігін жоғарылату. Келешегі жоқ тасымалдаушы кемелер қазіргі аппараттармен салыстырғанда өзінің кейпін едәуір өзгертеді.

Бұл жағдайда космостық техниканың толық жетілуінің негізгі жолдары мынандай: аппараттар қүрылыстарының негізгі жаңа сызба нүсқаларын қүру, ракеталық двигателдердің сызбаларын жасау, аппаратураны , аспаптар мен жүйелердің салмағын төмендету, космостық аппараттардың элементтсрін анықтайтын жүмыс ресурсын үлғайту, мәліметтерді жинау, беру жүйелерінің ақпараттылығын көтеру. Шығару құралдарының дамуымен және космостық аппараттардын өздерінің толық жетілуімен бірге ұшыру жүйелерін дайындау, тасымалдаудың жер үстілік құралдары, жанар май корларымен т. б. әрі қарай өңдеуді талап етеді.

Келешектің ертеңгі күнінде ғалымдар мен тәжірибешілердің қол астынан жүйелі зерттеуге арналған әр қилы аппаратурасы бар ауыр көп мақсатты автоматты әмбебап космостық комплекстер түседі.

Болашақ космостық станциялар, кемелер мен серіктер, өздерінің техникалық жабдықтарын унифицирленген (термореттеуші), жылу реттеуші, телеметрия, радиоаппаратураның және т. б. көптеген құрылғылармен толықтырады. Бұл олардың жұмысын көптеген жылдарға қамтиды. Алдағы он жылда космостық аппараттардың жер маңындағы космостық кеңістікте, Айға және оның айналасына, Күнге және басқа аспан денелеріне, сонымен қатар Күн жүйесінің шегінде планетааралық космостық кеңістікке ұшу жоспарланып отыр.

Космостық зерттеулерге арнап энергия көздерін құрудағы Ресейдің жетекшілігі алғаш космосқа 1987 жылдың ақпанында ұшырылған "Топаз" және Курчатов атындағы ядролық энергия Институты шығарған "Енесей'' термоэмиссионды ядролық энергетикалық құрылғылардың пайда болуымен байланысты. “Топаз” реакторларына жанар май ретінде 90%-ке дейін байытылған уран - 238 (31, 1кг) пайдаланылады. Сатып алынған "Топаз-2" қондырғысы бар серікті 1995 жылдың аяғында АҚШ ұшыруды жоспарлайды. Бұл американдық астрономдарда наразылық тудырады: одан шығатын радиоактивті сәулелену бірқатар космостық зерттеу бағдарламаларының жүргізілуіне мүмкіндік бермес еді. Бүған дәлел ядролық-энергетикалық қондырғылары бар бұрынғы КСРО космостық аппараттарынан шыққан радиоактивті әсер. 1990 жылдары басқа мемлекеттердің ғылыми станциялары жинаған күннің электромагнитті және корпусклярлы сәулелендіру туралы мәліметтерін зақымдаған. АҚШ бүл алынған "Топаз-2"-ден басқа 40-50 квт. электроэнергия бөліп шығаратын әлдеқайда қуатты реактор құру мақсатымен тағы 4 Ресей космостық ядролық реактор алуды көздеуде. Мұндай қондырғыларды ұшыру қауіпті. Американдық аппараттардың кем дегенде 3 апаты болды: 1964 жыл "Транзит-5БН-3" серігінің апатынан атмосферада радиоактивті заттар таралады; 1968 жыл "Нимбус-Б-1" метеосерігі мақсаты орбитаға шықпай қалып оның тероэмиссионды радиоактивті генерагорлары мұхит түбінен табылады; 1970 жыл "Аполлон-13" космостық кеменің Ай модулі жылу көздерімен бірге жердің атмосферасында лақтырылады, ол Тынық мұхитына түсті. Содан бері АКДІ радиоизотопты генераторларды алыс космосқа баратын станцияларда ғана бекітеді.

Жоғарғы эффективті энергетикалық қондырғылар төменгі орбитальды барлау серіктерінде қолданылган. Бұл қалдықтардың Канада территориясына түсіп, атмосфераға кіргенде радиоактивті заттардың таралуына соқтырды. 1969 жыл 2 ай зондыларының ("Космос-ЗОСГ бен "Космос-305") сәтсіз үшылуы атмосфераға радиоактивті жанар майдың төгілуі мен отынның диспериясымен аяқталды. Шет ел бағалауы бойынша космостын бұл бөлігіндегі радиоактивті заттардың мөлшері 2 тоннаға тең.

Карастырылып отырған келесі маңызды аспектісі 1958 ж. академик П. Каппица үсынған идеяға негізделген. Оның идеясы ұзақ әрекет ететін аса қауіпті радионуклиттерді космоста қалдыруда. Әсіресе 1000 тоннаға жуық жиналған және де жыл сайын 100 тоннадай қосылып отыратын РАО AC жоғарғы активті радионуклидін жою. Мұнда кюрия, йод, технеций мен циркоиий изотоптары жартылай ыдырау кезеңімен 100 мындаған жылдан 10 млн. жылға дейін тотықтарға ауысып, шыны пеналдарға балқытылып және графитті ұяшықтарға салынуы керек. Мұндай жол белсенді шешілуде, бірақ табиғат қорғау заңдылығына қарсы. Және де Күнге қарай немесе Жер мен Марс арасындағы аралық орбитаға жүздеген ракеталарды ұшыру кауіпсіздігі туындауда. Осындай мақсаттарға негізделген "Зенит" 15 жұмысты ұшырудан 3 рет катастрофаға ұшырайды, оның біреуі Байқоңыр космодромындагы старттық кешенінің жойылуымен аяқталды.

Планетаның, жеке мемлекеттер мен аймақтардың радиоактивті ластануының экологиялық мәселелер жайлы көп айтылуда. А. Б. Яблоков радиоактивті ластанудың жалғасуына қарсы шығып, 5 маңызды аспектілерді көрсетті, оны N1 мәселе деп атайды:

1. "Жұмыс орнын жинау"-қалдықтарды жою немесе оларды бейтараптаумен аяқталмайтын ластаушы, өте қауіпті технологиялардың құрылуына жол берген және атомдық кәсіпшілікпен байланысты ғалымдардың кәсіби жауапкершілігі.

2. "Ядрошылардың" қогам сенімінің мәселелеріне көңіл бөлмеуі, өкінбеуі, қателіктерді әділ мойындамауының нәтижесінде көптеген отандастардың денсаулықтарынан айырып, өлімге өте көп орын береді.

3. Әрекеттердің тиімсіздігі. Үнемі заң бұзылады-шет елден радиоактивті заттар әкелінеді, теңізге қалдықтары тасталады, қалдықтарды космосқа шегеру мәселелері талқыланады және т. б. Жалпы көлемді ұлттық заң шығаруға ешкім көңіл бөлмейді - оларға ведомствалы не жартылай құпиялы немесе мүлдем құпиялы инструкциялар тиімді (шығынсыз) .

4. Ведомства (корғаныс, атомдық) назары қоятын ведомствалық синдромын бірінші орынға басып өту.

5. Қауіпсіздіктің жалпы мәселелесінің шенінде атомдық энергетиканың (жалпы ядролық технологияның) дамуының мүмкін болатын қатерінің түжырымдамасын қарастырып жоспарлаудың қажеттілігі.

Аэрокосмостық зерттеулер аймағындағы көптеген жетістіктерге қарамастан, қабылданған жобалар күмән тудыруда, көптеген мәселелерді шешудің жолдарын іздеу талаптары қабылдануда. Осындай мәселелердің бірі-космостық ұшырулардың экологиясы Қазақстан халкы үшін ол әлдеқайда көп зиян келтіруде. Қазіргі таңда Қазақстанның "шексіз, ешкім тұрақтамаған кең байтақ" далаларында әртүрлі бағытты полигондар орналасқан. Олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына, полигонда жүмыс істейтін жұмыскерлер контингентін қосқандағы зиянды әсері әлі күнге дейін зерттелмеген. Бұл көбіне "Байқоңыр" космодромының іс-әрекетіне тиесілі.

Республикамызға экология мен экономика көз қарасынан космостық бағдарлама қаншалықты зардаптар әкелетінін есептеу қиын. Әрі қазір космостық техниканың өзі ағымда түр. Басқарушы аэрокосмостық фирмалардың - ондаған тасушылар мен космостық аппараттар даланы алып жатыр. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіне космостық өндірістің экологиялық экспертизасы туралы, космостық ұшыру экологоясы жайлы мәселені қою керек.

Космостық экологияның ең маңызды жақтарының бірі - ұшыру кезінде озон қабатының бұзылуы. Ракета ұшырылатын ауданда және ракета тасушылардың бірінші ступендерінің құлау аймақтарындағы экология да өте маңызды. Әсіресе көз тігіп экологиялық назар аударатын объектіге "Протондьг" жатқызуға болады. Онда қолданылатын жанар май жердің өзінде өте қауіпті болатын жоғарғы улы компонент болып табылады.

Бірінші сатыға түсетін аудандарға республикамыздың кең аймақтары жатады. Бұл аймақтарға протонның бірінші сатылары отынның шамалы калдықтарымен түседі. Ол отын жердің 60-100 см тсреңдігіне сіңіп кетеді. Бұл жоғарғы улы заттардың қалдықтары бірінші ступеннің массасының 10%-ін құрайды.

"Байқоңыр" космодромы мен ракеталардың бірінші ступендері түсетін аудандардың географиялык орналасуын ескерсек, экологиялық таза аудандардың бар екеніне сену мүмкін емес.

Қазіргі кезде космостық аппараттарды ұшырудың қоршаған ортаға әсері туралы дүрыс мәліметтер бар ма? MAN-нің "Восход" филиалы FM-ҒА ҚР-ның ионосфера институтымен бірлесіп Қазақстан аймағының үш ионосфералық станцияларының көмегімен космостық аппараттырды ұшыру кезінде төменгі атмосфераға (300 м-2 км. ) мен ионосфералық плазманың (50-300 км. ) реакцияларын зерттеген. Сонымен қатар кейінгі жылдары ауру-сырқаулықтың санағы жинастырылып, мәліметтер банкісі құрылды және космостық үшыруға байланысты ауру-сырқаулықты белгілеуге тырысып көрді. Алынған нәтижелер жеткіліксіз, өйткені олар аз статистикалық мәліметтерге сүйенген. Сондықтан бұл тұрғыда әрі карай жеке зерттеулер қажет.

Біздің келешегіміз ҚР-ның Президенті халық атынан жүргізген саясатпен анықталады. 1997 жылғы Ресей Федерациясы премер министрімен кездесудегі сұқбатында ҚР Президенті Н. Назарбаев егеменді және тәуелсіз мемлекеттер болып, Қазақстан және Ресей "қүдай қосқан" көршілер болып қала береміз, сондықтан олардың жауапты саясаткерлері ұзақ мерзімді достық және қарым-қатынастар құрулары керек.

Өткізілген келіссөздерде ол келешекте достықты және сенімділік қарым-қатынастарын қалыптастыратын жоғарғы деңгейдегі үкімет аралық комиссия құру керектігін айтты. Өйткені уақыт 5 жыл бұрын қабылданған кұжатта көптеген түсінікті талап етеді.

1994 жылдың 10 желтоқсанында ҚР-ның Байқоңыр космодромы Ресейге 20 жыл жалға берілгендігі туралы қазақ-ресейлік келісімге қол қойылды. Байқоңыр қаласы ерекше статусқа ие болды.

Ракеталық-космостық "Байқоңыр" кешені 6117 км 2 . территорияда орналасқан. Өз номиналында оның 4 үлкен сынақ орталықтары және космостық құралдарды қолдану және де соғыс ракеталарын сынайтын 1 орталығы бар. Орталықтардың 15 ракетаатушы іске қосу құрылғылары бар 9 старттык кешен; медико-биологиялық мәселелер институты бар. Байқоңырды құру үшін 24 млрд. АҚШ доллары жұмсалды. Өзінің даму шыңында Байқоңыр "Энергия-Буран" бағдарламасына жетті. "Буран" көп жарайтын кемесін екі рет жетісті жіберу негізгі аргументі болды. Сонымен қатар кейбір әскери бағдарламаларды жабуға байланысты космодромды қаржылай 2 есеге төмендеді. Осы жағдайлармен қоса Одақтық құлдырауына Байқоңырды қаржыландыруда тек Ресей мен Қазақстан қатысты.

Экономикалық техникалык, ғылыми потенциалы жоқтығынан жас тәуелсіз Қазақстан бұл жүмысты өзі іске асыра алмады. Космостық ғылым онжылдықтар бойы жоғарғы технологиялық елдерде ғана базаланды. Мысалы, Ресей, Украина, Белоруссияның кейбір бөліктері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байқоңыр космодромы
Протон зымырантасығышының апаты
Ресей-Қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейі
Байқоңыр болашағы
Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
“Байқоңыр өңіріндегі космодром маңайындағы радиациялық заттардың бөлінуі”
Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені
ҚХР ұлттық стратегиясы мен әскери саясаты
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz