Әдиб Ахмет Махмудұлы Йугнәки. Дастанның қолжазба нұсқалары. Зерттелуі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Дастанның қолжазба нұсқалары. Зерттелуі
  2. Көркемдік ерекшеліктері
  3. Оқу-білім туралы
  4. Мораль, мінез-құлық мәселесі

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе

Ахмет Йугнәки - ХІІ ғасыр әдебиеті тарихында аты мәлім есімдердің бірі. Оның толық есімі - Әбид Ахмет Махмудұлы Йугнәки екен. Йугнәки әкесі Махмудтың негізгі мекені Түркістан маңы, Махмудтың өзі де ақын жанды. Сергек адам болған. Ахметтің туған жері де сол. Түркістанға қарасты Йугнәки деген қыстақ. Оның Йугнәки атаулының өзі де сондықтан. Қазақтар ол жерді Жүйнек деп атап кеткен.

Ахмет Йугнәки жас шағынан араб, парсы тілін игерген, өз кезінің оқыған, білімді адам саналған. Йугнәкиден бізге жеткен шығарма - оның бір ғана «Хақиқаттар хадисі» немесе «Шындық сыйы» (арабша ата - Хибатул - Хақайк) . «Хақиқатта» адамгершілік, әдептілік, білімділік, ақыл - парасаттылық сияқты өнегелі тәлімдер дәріптелді. Адамшылыққа жат іс - әрекет, мінез - құлықтар сыналады. Білім жөнінде тіл туралы, сақтық, әдептілік, дүниеқорлық тағы басқа мәселелер туралы пікірлер қозғалды. Автор кітапты жазу себебін және қай тілде жазып отырғанын өзінің аты - жөнін хабарлайды. Өзі өлсе де, даналық сөзінің қалатынына сенім білдіреді.

Дастанның қолжазба нұсқалары. Зерттелуі

Атым Ахмет, ғылым сөзім,

Кетсем де өзім, қалады сөзім.

Өмір озып, келеді көңіл күзі.

Толғандай болды екі көзім.

Соның үшін шығардым түріше кітаб,

Керек болса тәлім, дос кітаб.

Әдиб Ахмет Махмудұлы Йугнәкидің «Хақиқаттар хадисі» - дидактикалық сарында жазылған, дәуірінің моральдық нормаларын уағыздайтын маңызды дастан. Ол - Баласағұндық Жүсіптің «Құтадғу білік» атты даналық кітабы тйріздес түркі тілде халықтар әдебиетінің баға жетпес көркем туындысы. Дастанның мазмұны 14 тарау, 235 бәйіттен құралады. Алғашқы үш тарауында сол кездегі дәстүрге орай Аллаға, пайғамбарға, оның 4 сахабасына құлшылық етуден басталып, шығарма Датбек деген шахтардың біріне бағытталады. Төртінші тарауында Датбектің адамгершілігі зор, әділетті басшы, ақыл есі дана қайрымды шах болғаны дәріптеліп, дастанның жазылу себептері түсіндіріледі. Ақынның негізгі мұраты - 5 -тараудан бастап баяндалады. 5 - 8-тарауларда түгел дерлік білімнің пайдасы түсіндіріліп, адамгершілік ақыл - өсиеттер айтылады. Адам ұстамдылық, ақыл - парасаттылығымен әділет үшін еңбек етіп өсуі керек, тіліне сақ боп орынсыз сөз айтпай, басқаны жөнсіз тілдемей, дос-жарандарынмен өмір кешуі орынды. Себебі дүние пәни, бүкіл ғаламдар өзгермей бір қалыпты тұратын еш нәрсе жоқ, өткінші өмірде жауыздыққа орын бермей, жақсы өткізген абзал. Кейінгі тпрпуларда ақын дүниеқорлық, малжанды пенделікті сынға алады. Опасыз, нәтижесіз бос өткен өмірге қарсылық білдіреді.

Дастанның түп нұсқасы бізге жетпеген. Нажиб Осим деген түркі ғалымы 1916 жылы жарияланған көшірме нұсқа Стамбул кітапханасынан табылған. Ол - София мешітінде сақталғаг. 1480 жылы көшірілген нұсқасы. Шығарма өз кезінде қолданылған араб және ескі ұғыр жазуларымен жазылған.

Өзбек ғалыми Қ. Махмудов 1972 жылы «Ахмет Йугнәкидің«Хитабул хақайық» асари хақинда» - деген атпен академиялық нұсқасы және өзінің лингвистикалық талдау еңбектерін жариялайды.

Ахметтің ұсынар ақылы көп. Оның кейбірі халықтық нақылдарғада үқсайды. Адам өзінің жақсы ісімен басқаға үлгі болуы керек.

Егер бай болсаң, жоқ - жетікке қарас, жыртығын бүтінде.

Егер бек болсаң, жай адамға қиянат етпе, қайта оларды қиындықтан құтқаруға кұш сал.

Саған біреу жамандық істесе, сен оған жақсылықпен жауапбер. Бұл адамшылық нысанасы, бұны ұмытпа!

Біреудің жақсы ісін сезсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл!

Өзіңе де, өзгеге дежақсылық тіле!

Ұятыңнан бір айрылсаң, оны қайырып болмас.

Бар бар жерде - ара да бар. Балдан бұрын араның уын татарсың.

Дүниеқоңыз, бүгін бар да ертең жоқ.

Дүниеден кім өткен жоқ, бай да, батыр да, неше бір даналарда өтті. Олардың біраз өзі, қадірлі аттары ғана қалды.

Білімді адам біліп іс қылады. Біліп істеген іс өкінішсіз болады.

Зерттеушілер Ахмет Йугнекиді әр халыққа таңып келеді. Е. Э. Бертельс пен Н. М. Малаев оны өзбек ақыны десе, С. Е. Малов қашқар - ұйғыр ақыны дейді және оның өлеңдерімен ескі ұйғыр тілінің формаларына таппақшы болады.

Ахмет Йугнәки дастаны - түркі халықтар әдебиетінің қалыптасуына мықты әсер еткен орта ғасырлық құнды туынды. Доның өзбек, ұйғыр, қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы да осы жерлері арқылы белгіленеді.

Еңбек тәлім - тәрбие, оқу - білім, мінез - құлық мәселелерін жан - жақты баяндауымен ерекшеленеді. Жүйнеки өзінің тәлімдік пікірлерінде білімге айрықша көңіл бөледі. Білімділік - бақытты болуыдың басты шарттарының бірі. Адамның қабілеті мен еркін жоғары бағаланған автор оның үнемі жетілдіріп отыруға шақырады. Білім өнер, үйренуді тіршілік үшін ырыс адам қауымын, тұрмысын гүлдендіруші құрал деп ұғынуға бағыттайды.

Ұлы ұстаз жанды, мәнерлі сөз, нақты іс, ізгі дәстүр мен өнегелер. Соның ішінде ата - ана үлгісінің өзіндік орны секілді бала тәрбиелеу жолдарының тиімділігін ескертеді. Халық тілегімен санасатын, көпшілік, қоғамшылық, мәдениетті тұлға өсіруді ата - ананың басты міндеті санайды.

Бұған қоса шығарманың «Тілді тыю - әдептілік тәртіптіліктің шарты екендігің туралы», «Жомарттың қайрымдылығы және Саранның қассыздығы туралы», «Кішіпейілділік», «Жақсының игі қылығы мен дүниеқрңыздың жарамсыз қылығы туралы», тарауларындағы тәрбиелік ойлардың мәні аса зор.

« Ақиқат сыйы»дастанының көне қолжазбасы табылғаны жөніндегі алғашқы мәліметті түрік ғалымы Нәжіп Асим 1906 жылы хабарлады. Қазір бізге бұл шығарманың бірнеше қолжазба нұсқасы мәлім. Солардың ішінде ең көнесі әрі біршама толық сақталғаны - Самарқан нұсқасы. Бұл қолжазба қазіргі Ыстамбул қаласындағы Айя-София кітапханасында сақтаулы. Оны 1444 жылы Самарқан қаласында атақты каллиграф Зейнул-Абидин Джураний деген кісі ұйғыр әрпімен көшірген екен. Дастанның бұдан кейінірек, дәлірек айтсақ, 1480 жылы Шейхзаде Әбдіразақ-бақши көшірген нұсқасын Нәжіп Асим осман түріктерінің тіліне аударып, шығарманың түпнұсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп ба-сып шығарады. Ахмет Йүгінеки дастанының араб әрпімен көшірілген қолжазба нұсқаларының бірі қазір Берлин қалалық кітапханасында сақтаулы тұр.

Әйтседе Ахмет Йүгінеки дастанын тіл, әдебиет, тарих және философия ғылымдары тұрғысынан жан-жақты зерттеп, шығарманың ғылымға негізделген мәтінін, сөздігін, транскрипциясын әзірлеп, оны басқа тілдерге аудару жөнінде түрколог-ғалымдар қыруар жұмыс-таратқарды. Әсіресе Е. Э. Бертельс, С. Е. Малов, Қ. Махмудовтағы басқа ғалымдар бұл салада жемісті еңбек етті.

«Ақиқат сыйы»дастанын жан-жақты зерттеу ісіне кезінде В. В. Радлов,

Т. Ковалевский, Ж. Дени, т. б. сияқты шығыстанушы ғалымдар да белсене ат салысты.

«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы болып келеді.

Адам қалай өмір сүру керек? Ақын осы сауалға өзінше жауап іздеп, дидактикалық сарында оқушысына өсиет-уағыз айтады. Мәселен, шығарманың авторы оқушысына: адам адал өмір сүруі тиіс, сараңболмауы керек, жомартжанды, білімді кісіні қадірлеуі қажет, жақсыдан - шарапат, жаманнан - кесапат деген сияқты ғибратайтады.

Сол кездегі шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес, автор «Ақиқат сыйы» дастанын Алланы, Пайғамбарды және төрт сахабаны (пайғамбардың серіктері) мадақтаудан бастайды. Ақын бұл дастанды Ыспаһсалар деген бекке арнап жазғанын оқушысына ескертеді. Тегінде ақын өз дастанын арнап отырған адамы сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі болса керек.

Дастан 254 бәйіттен тұрады. Мұның бәрі 14 тарауға бөліп берілген. Ахмет Йүгінеки ислам дәуірі әдебиетінің көркемдік дәстүрін негізге ала отырып, дастанның алғашқы тарауын (1-10-бәйіттер) қайырымды, мейірімді Аллаға, екінші тарауын (11-19-бәйіттер) құдайдың жердегі өкілі Мұхаммед пайғамбарға арнайды. Содан кейін, үшінші тарауда (20-33-бәйіттер) ақын осы кітаптың жазылуына себепші болған Ыспаһсалар бекті мадақтайды. Дастанныңнегізгі идеясынайту бесінші тараудан (40-62 бәйіттер) басталады деуге болады. Мүнда ақын білімнің пайдасы мең надандықтың зияны туралы жырлайды. Алтынщы тарауда (63-86-бәйіттер) тілді тыйып сөйлеу - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы айтылады. Дастанның жетінші тарауында (87-110-бәйіттер) өмірдің өзгеріп тұратыңдығы, дүниенің құбылмалылығы жайында сөз болады. Ал сегізінші тарауда жомарттық пен сарандық, тоғызыншы, оныншы және одан кейінгі тарауларда түрлі моральдық-этикалық мәселелер туралы дидактикалық мазмұнда уағыз-өсиет айтылады.

Көркемдік ерекшеліктері

Ахмет Йугінеки - әрбір сөзді ажарлап та, кұбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден тұрады. Ақын өзі хикаялап отырған құбылыстың ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме мағына беріп, көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады. Мәселен, автор дастанда Ыспаһсаларды - теңізге, ал өзін жауын тамшысына теңейді. Ал мұндай тамшылар теңізге құйылып, қымбат бағалы маржанға айналады дейді. Білімді адам - таза алтынға, надан кісі - құны жоқ, жалған ақшаға, білімді әйел - ер жігітке, ал білімсіз еркек - әйелге, шын сөз - балға, жалған сөз пиязға теңеледі. Сондай-ақ дастанда сараңдық - ем қонбайтын дерт, жеміс бермейтін ағаш, ал жомарттық - ал қызыл роза гүлі деген секілді теңеулер де бар.

Ақын әдеби тілдің әсерлілігін арттыра түсу үшін екі бірдей ұғымды, құбылысты, сезімді. т. б. қатар қойып жұптап суреттейді. Дәлірек айтсақ, сөзді айшықтап қолданудың бір түрі - параллелизм яки егіздеу әдісін зор шеберлік пен пайдаланады.

«Ақиқат сыйы» дастаны да аты шулы «Құтты білік» секілді Қараханидтер мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының тілінде жазылған әдеби жәдігерліктердің тобына жатады. Рас, «Ақиқат сыйы» дастаны тілінің өзінен екі жүз жылдай бұрын жазылған «Құтты білік» тілімен салыстырғанда, кейбір ерекшеліктері бар. Әсіресе «Ақиқат сыйының» лексикасы мен грамматикасында архаизм элементтері басым. Әйтседе ақын архаизмді стилистік норма ретінде емес, яғни дастанды көркемдеу үшінемес, қайта көне түркі тілінің сол кез үшін әрі түсінікті, әрі ажарлы сөздері арқылы өз ойын түркі тілдес тайпаларға айқынырақ етіп жеткізу үшін пайдаланған. Бүгінгі оқушыға ар-хаизм болып көрінетін кейбір лексикалық элементтер Ахмет Йүгінеки заманында енді ғана әдеби тілдің нормасына айналып келе жатқан сөздер екенін ұмытпағанымыз жөн. Белгілі ғалым Ә. Н. Нәжіп тілімен айтқанда, «Ақиқат сыйының» тілі - «Құтты білік» тілі мен кейінгі дәуірлерде өріс алған шағатай тілін өзара жалғастырып тұрған көпір секілді деуге болады»

Оқу-білім туралы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақиқат сыйы дидактикалық сарында жазылған шығарма
Ерте орта ғасырлардағы алдыңғы қатарлы оқымысты, тарихшы, түркі ұлыстары
Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері
Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік ерекшеліктері
Орта ғасырлық ғылымның дамуы
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Ахмет Иүгінеки
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Ахмед Иүгінеки
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz