Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау


Тақырыбын:

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау

Азаматтық құқық -ол азаматтардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес құқықтарды реттейтін құқықтың бір саласы. Мүлік кез келген зат болуы мүмкүн азамат оны заңда белгіленген тәртіппен меншігіне айналдыра алады,

Азаматтардың мүліктік емес құқықтарына оның ар-ожданы, қадір қасиеті, денсаулығы датады

Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз - азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады.

Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігін айтамыз (Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы) . Азаматтық әрекет қабілеттілігінін маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесіңде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесіңде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдзр жасау және-олар үшін жауап беру ғана түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зияңды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.

Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлеміңде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаннан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . 4

1. Азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру

1. 1 Азаматтардың құқық қабілетгілігі . . . 7

1. 2 Мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену және қорғау . . . 13

1. 3 Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел ұғымы мен құқығы . . . 16

1. 4 Жеке тұлғаның ар-намыс, қадір-қасиеті және іскерлік беделін қорғау . . . 19

2 Азаматтардың меншік құқығын қорғау

2. 1 Меншік құқығының ұғымы, жүзеге асырылуы . . . 29

2. 2 Азаматтардың меншік құқығын қорғаудың заттық құқықтық әдістері . . . 36

2. 3 Меншік иелену мен меншік құқығын қорғау . . . 46

2. 4 Азаматтық құқықтарды қорғау мен залалдарды өтеу . . . 51

Қортынды . . . 57

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59-61

Кіріспе

Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда қайта едәірлеп отырғаны тегін емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ, 1776ж), «Құқықтар туралы билльді» (АҚШ, 1791ж), Вирджиния штатының конституциясын (АҚШ, 1776ж) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ, Франция, Италия, Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды.

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның өзіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті.

ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді. 1994 жылы азаматтық құқық заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандықтары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам ҚР Конституциясының қабылдануы болды.

Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін атап кеткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнін, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді. ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген, ол халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді [1] .

Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді. Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады. Егер азамат өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады.
Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Талап ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады. Тәуелсіздік алған кезден бастап Елбасы адам құқықтарын қорғауды негізгі қағида ретінде ұстанып келеді. Ата Заңымызда көрсетілгендей, мемлекеттеріміздің ең асыл қазынасының бірі - адам құқықтары. Меншік құқығы жалпы жеке тұлғаның құқықтарының негізгі түрі. Әрбір мемлекеттің өркениеттілігінің өлшемі, ондағы тиісті субъектілердің меншік құқығының қаншалықты дәрежеде заңмен қорғалуымен сипатталады. Азаматтардың меншік құқығын қорғауға байланысты бірнеше заңдар және нормалар бар. Меншік институты Қазақстанның қалыптасуынан бастап зерттеліп келеді. Меншік құқығы субъективті азаматтық құқық ретінде, ал экономикалық жүйеде және құқықтық қатынастарда меншік құқының орны меншік құқының объектісі ретінде қарастырылады.

Меншік қатынастары әр түрлі құқық салалар нормаларымен реттелінеді, яғни конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т. б. Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамда меншік институтының дамуына тән ортақ заңдылықтар айқындайды.

Бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалардың бағытын дұрыс белгілеуге өзінің ықпалын тигізеді. “Азаматтық құқық” әлі де болса бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Диплом жұмысында азаматтық құқықтардың пайда болу, иеленуі, оны қорғау, меншік құқығы және меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық негіздері жан-жақты қарастырылған.

Бұл тақырып әрқашан да көптеген ғалымдардың назарын аудартқан. Атап айтсақ аталған мәселені Ю. К. Толстой, А. П. Сергеев, Е. А. Суханов, М. К. Сулейменов, Ю. Г. Басин, А. Г. Диденко, Ғ. Төлеуғалиев, Н. М. Батырбаев және т. б. бірқатар ғалымдар терең зерттеумен айналысқан.

1. Азаматтық құқықтарды иелену және қорғау ұғымы

  1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі.

Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құкық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.

Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Азаматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Көсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режимі бар нормалар мыналар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау (Азаматтық кодекстін 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық кодекстін 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және басқалар келтірілген. Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы) . Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т. б. бар. «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы) [2] .

Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттың режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты телемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі.

Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстін 33-бабында айтылған заңды тұлға анықтамасыңан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтык құқық қатынастарына қатысуының бола алмайтыны көрінеді. Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі. Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік заңды тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап еткен жөн. Атап айтканда, сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы ретіндегі қызметіне тыйым салынады. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқык қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер белгіленген.
Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтың құқық қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда жалпы (субъектілердің барлық санаттарына қолданылатын) нормалармен қатар, субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр жағдайлардың тоғысуы салдарынан жасалған мәміленің (Кіріптарлық мәміле) шын екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген.

Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі - азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз - азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады. Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол - азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі. Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады. Азаматтық кұқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азаматтық заңдарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге заңда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық Кодекстің 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азаматтың меңшік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында" еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйымсалынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады [3] .

Азаматтардың әрекет қабітеттілігі құқық субъектілігінің екінші элементті болып табылғаңдықтан оған төмеңдегідей анықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы) . Азаматтық әрекет қабілеттілігінін маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесіңде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесіңде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдзр жасау және-олар үшін жауап беру ғана түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зияңды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.

Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлеміңде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаннан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады. Әрекет қабілеттілігің шектеудің екі түрі бар:

1. Әрекет кабілеттілігін табиғи түрде шектеу;

2. Әрекет қабілеттілігін сот орыңдарының шешімі негізінде шектеу.
Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясыңда қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге белуге болады. Толық жартылай (ішінара) және шектеулі әрекет қабілеттілігі. Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып кеткендіктен, оған тағы қайтып оралудың қажеті жоқ.
Азаматтық кодекстің 23-ші бабы атап көрсеткендей. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, бір заң құжаттары өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаштылары жасайды. Сондықтан да, бірдей ойымызда, 14 жасқа толмаған жас өспірімдердің әрекет қабілеттілігі жоқ, бірақ аталған жасөспірімдер өздерінің жасына лайықты жас.
Азаматтық құқықтарды иеленіп оны жүзеге асыруүшін азаматтақ құқақтың бастаулары басшылыққа алынады, кеңінен айтатын болсақ ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы қағидалары арқылы мүмкін болады.
Қағидалар Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да баска нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек қағидалар өзгелерден басым түседі. Қағидалар азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі барын түсуіне байланысты, енді қағидалар нормативтік мәнге ие болды және оны колдану міндеттілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық қағидалар заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заңы жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпы тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы) .
Профессор Ю. Г. Басин азаматтық құқық қағидаларының ролі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды: "Бірінші-ден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұксастығын қолдану қажет болған жағдайда заң қағидалары басшылыққа алынады. Төртіншіден, мұндай қағидалар құқықтык нормалардың бастапкы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсінілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 63, 92- баптарын қараңыз) . Бесіншіден, заң қағидаларына сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, қағидалар тек заң актілері жүйесінің сипатын керсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы кұқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық кұқық қағидалары өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялык құқығын азаматтық құқықтар аркылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі [4] .

Азаматтық құқықтын мынандай принцштері бар:

1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі;
2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;

3) шарт еркіндігі;

4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

6) нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Азаматтық құқықтарды қорғау жолдары
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Заңдылық оқиғалар
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz