Білім әлеуметтін институт ретінде



І. Кіріспе.
1.Білімнің философиялық ұғымы
2.Білімнің ғылыми және қарапайым түсінігі

ІІ. Негізгі бөлім
1.Білім беру социологиясы

ІІІ. Қорытынды
Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өркендеуіне және белгілі бір даму сатыларымен ілгерлеуінде білімнің атқаратын рөлі айрықша. Екінші жағынан алғанда білім қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Адамның қоршаған ортаны танып білуі өте күрделі ұзаққа созылатын тарихи процесс және оның адамның жаңа білімді игеруімен байланысты екендігі белгілі. Негізінен білімге көптеген аңықтамалар беруге болады.
1.Білім дегеніміз –адамның жеткен дәрежесі ол субъективті процесс, сонымен бірге белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке адамның жинаған сан-қырлы ақпараттарының жиынтығы және де білім дегеніміз – адамның санасының, ақыл-ойының жиынтығы болып табылады.
2.Білім дегеніміз – материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы. Олардың адам санасында дұрыс бейнеленуі. Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі яғни күнделікті өмірде пайда болған қарапайым білім және ғылыми білім деп 2-ге бөлуге болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында іс-әрекет үстінде жинақталады, ол бар болғаны құбылысты сипаттайды. Оқиғаның қалай өтіп жатқандығын көрсетеді. Ал ғылыми білім күрделі де мазмұнды болып келеді. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылыс неге сондай? Оқиға неліктен дәл осылайша өтіп жатыр? Деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда ғылыми білім оқиғаларды, фактілерді сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар оларды анықтап түсініктеме береді. Ішкі мәнін және маңызды байланыстарын ашып көрсетеді.
1. Социология негіздері
М. Тәжін, Б.Аяғанов 1993 ж.

2. Социологиялық сөздік. Алматы 2003 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Білім әлеуметтін институт ретінде

Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өркендеуіне және белгілі бір
даму сатыларымен ілгерлеуінде білімнің атқаратын рөлі айрықша. Екінші
жағынан алғанда білім қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай
туғызған құбылыс. Адамның қоршаған ортаны танып білуі өте күрделі ұзаққа
созылатын тарихи процесс және оның адамның жаңа білімді игеруімен
байланысты екендігі белгілі. Негізінен білімге көптеген аңықтамалар беруге
болады.
1.Білім дегеніміз –адамның жеткен дәрежесі ол субъективті процесс, сонымен
бірге белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке адамның жинаған сан-қырлы
ақпараттарының жиынтығы және де білім дегеніміз – адамның санасының, ақыл-
ойының жиынтығы болып табылады.
2.Білім дегеніміз – материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі
нақты мәліметтер жиынтығы. Олардың адам санасында дұрыс бейнеленуі. Жалпы
білім қорын ғылымға дейінгі яғни күнделікті өмірде пайда болған қарапайым
білім және ғылыми білім деп 2-ге бөлуге болады. Ғылымға дейінгі қарапайым
білім тіршілік барысында іс-әрекет үстінде жинақталады, ол бар болғаны
құбылысты сипаттайды. Оқиғаның қалай өтіп жатқандығын көрсетеді. Ал ғылыми
білім күрделі де мазмұнды болып келеді. Ол құбылысты, оқиғаны жай
сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылыс неге сондай? Оқиға неліктен дәл
осылайша өтіп жатыр? Деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша
айтқанда ғылыми білім оқиғаларды, фактілерді сипаттап қана қоймайды,
сонымен қатар оларды анықтап түсініктеме береді. Ішкі мәнін және маңызды
байланыстарын ашып көрсетеді. Осы негізде ғылыми білі рухани дүниенің
құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен логикалық жағынан
ұйымдастырумен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми ізденістердің шығармашылық
іс-әрекеттің барысында туындап жинақталады. Ол жалпы таным барысының
негізгі мақсаты болып табылады.
Білім екі жақты процестің тұтастығын қамтиды. Ол: білім беру және
білім алу. Білімнің бірнеше түрлерін айтуға болады. Мысалы: тұрмыстық
білім, ғылыми білім. Ал ғылым дегеніміз –белгілі бір саладағы білімдердің
жиынтығы.
Білім беру социологиясы-арнаулы социологиялық теориялық орта
дәрежедегі ілімдерінің бір саласы болып табылады. Білім беру
социологиясының негізгі зерттейтін объектісі- білім, ғылым және білімге
байланысты қарым-қатынастар.
Білім беру социологиясы білімдік қатынастарды, білім беру жүйесінің
қалыптасуы мен дамуын әлеуметтік институт ретінде зерттейді.
Білім беру жүйесі мен әлеуметтік құрылымның дара байланысы бар. Білім
беру социологиясының тағы бір мәселесі –жеке адамның белгілі бір мамандық
иесі болуын, мәдени деңгейінің өсуін, оның өмір сүруінің нақты әдісінің,
ғадетінің қалыптасуын, адамдардың арақатынасының дамуын білім дәрежесімен
тығыз байланыста қарастыру.
Білім беру институты өзінің әлеуметтік функциясымен бірге қоғамның
дамуына белсенді ықпал етеді.
1)Жалпы және кәсіби білім сапасы мен дәрежесінің белгілі бір деңгейде
сақталуын қадағалайды.
2)өндірістегі сұраныстар мен жастардың әлеуметтік кәсіби бағдары арасындағы
арақатынасқа әсер етеді.
3)Жеке адам дамуының қажетті дәрежесі мен білім алушылардың жалпы даму
дәрежесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың бірі.
Сонымен қатар бұл тақырыптың ертеден бері қарастырыла бастағанына
қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген мәселелер өте көп. Білім
берудің социологиялық проблемаларымен іс-жүзінде социологиялық бағыттардың
барлық өкілдері айналысып жүр. Мысалы: Э.Дюркгейм білім берудің
социологиялық қырларын анықтап берді. Ол өзінің біршама еңбектерінде білім
берудің функционалистік айқындамасын дамытты. Ең алдымен Э. Дюркгейм білім
беру жүйесінің өзекті қызметіне назар аударады. Осындай маңызды қызмет
ретінде әлеуметтік ғұрыптар мен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше,
қоғам оның мүшелері арасында бірлік қоғам болған жағдайда ғана өмір сүріп
кете алады. Білім беру арқылы оқушылардың бойында, бірлесе, ұйымдаса өмір
сүруге бейімделу қасиеттері қалыптастырылады.
Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі, атқарып отырған
функцияны кез-келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай
алмайды. Өйткені отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал,
құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда
мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай
негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен
емес, оған мүлде қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан
білім беру жүйесі әлеуметтік әрекеті іске асыратын бірден бір сала.
Социологиядағы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан
Т.Парсонс болды. Парсонстың көзқарасы басқаша. Ол Дюркгейммен білім беру
жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеуметтендіруші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар
Қоғам өміріндегі әлеуметтің ролі
Қазақстан Республикасындағы Президент институты
Әлеуметтік институттардың тұрпаттары мен міндетті қызметтері
Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету
Институционализм туралы
Білім берудегі теңсіздік
Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі
Заң алдындағы жауапкершілік
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Пәндер