Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастары: жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. АҚШ . ӨЗБЕКСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ АҚШ.ТЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ.
1.1. АҚШ . Өзбекстан қатынастарының қалыптасып даму эволюциясы.
1.2. Қазіргі кездегі АҚШ . тың сыртқы саясатындағы Өзбекстан.
1.3. Америка қауіпсіздік контекстіндегі Орталық Азия және аймақтағы АҚШ.тың экономикалық әскери.саяси мүдделері.

2. ЖАҢА ҚАУІПТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ АҚШ.ТЫҢ АЙМАҚТАҒЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ФАКТОРЫ.
2.1. XXI.ғасырдың басындағы жаһандық халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орта Азия елдері және АҚШ.тың Орталық Азияға қатысты стратегиясының өзгеру.
2.2. АҚШ . тың Орталық Азияға қатысты саяси жобалары және аймақтағы саясатына Өзбекстан факторының ықпалы.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда, Орталық Азия елдері өз тәуелсіздіктерін алғандарына он жеті жыл өткенімен әлемдік қуатты мемлекеттердің аймаққа деген қызығушылықтары әлі бәсеңдеген жоқ. Орталық Азия өзінің геосаяси маңыздылығы және табиғи-шикізат көздерінің байлығы тұрғысынан алғанда алпауыт мемлекеттер тарапынан бұндай қызығушылық бола беретіндігі анық.
«Қырғи-қабақ» соғыстың аяқталуы және Кеңестер Одағының ыдырауы халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесі мен оның аймақтық құрылымдарында іргелі өзгерістердің пайда болуына әсер етті. Еуразиялық құрлықтың кіндігінде жаңа тәуелсіз бес мемлекеттің: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанның – пайда болуы Орталық Азияда жаңа халықаралық-саяси кеңістіктің қалыптасуына жағдай жасады. Орталық Азия мемлекеттерінің өз тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтуға деген ұмтылыстары аймақтың тез арада әлемдік саясаттың дербес субъектісі ретінде халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялануына әсер етті. Сонымен қатар, Орталық Азия аймағында өзімен көршілес мемлекеттер – Ресей, Қытай, Иран, Түркия, Пәкістан сияқты мемлекеттердің және халықаралық қатынастардың жаһандық акторларының мүдделері тоғысқан және олардың сыртқы саяси әсер ету объектісіне айналды. Осы аталғандардың арасында Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың сипатына және даму динамикасына, аймақтың ішкі және сыртқы саясатына әсер етуге қабілетті мемлекет – АҚШ болып табылады. АҚШ-қа бұндай мүмкіндіктерді беретін бірқатар факторлар бар. Біріншіден, АҚШ қазіргі кездегі әлемдік тәртіпті анықтаушы жетекші мемлекет. Екіншіден, АҚШ қазіргі кездегі әлемдік саясаттың негізгі орталығы. Үшіншіден, АҚШ-тың жоғары технологияға негізделген өнеркәсібіне арқа сүйеген қуатты экономикасы бар. Төртіншіден, биполярлы әлемдік тәртіп кезінен қалыптасып, осы күнге дейін үздіксіз дамып келе жатқан қарулы күштері бар қазіргі әлемдегі бірден-бір қуатты мемлекет. Сондықтан, Орталық Азия аймағындағы ықпал ету үшін бәсекелестік күресте Қытай және Ресеймен салыстырғанда, АҚШ-та бірқатар артықшылықтар бар.
Егер Қазақстан АҚШ үшін геосаяси, «еуразиялық» мағынаға ие болса, онда Өзбекстан тікелей аймақтық мағынаға ие. ХХ ғасырдың 90 жылдарының ортасында Құрама Штаттар мемлекет Орталық Азияның «стратегиялық ядросы» фактісіне сүйене отырып, Өзбекстанда өз күш-жігерлерін шоғырландырды.
Ал 90 жылдардың ортасына қарай жағдай біршама өзгере бастады: Вашингтон Өзбекстанның аймақта ең тұрақты мәдени-тарихи дәстүрге, соғысқа қабілетті(тіпті болмағанда – ірі) армияға ие екендігіне және аймақтық гегемон рөлін ойнай алатындығына назар аударды. Ол уақытқа қарай Қазақстан Ресей шеңберіне қарай, әсіресе Каспий мәселесі бойынша ауыса бастаған болатын, ал Өзбекстан керісінше Мәскеуден қашықтай бастады. Бұған бірнеше себептер ықпал етті, ең алдымен, көрші Тәжікстандағы жағдайдың реттелуі басты себеп болса, одан ары Өзбекстан өзін Орталық Азияда Ресейге қарама-қарсы салмақ ретінде көрсете бастады. Аймаққа қатысты «Тэлбот доктринасынан» басқа стратегиясы болмаған клинтондық әкімшілікте мұны өздігінше түсініп, сәйкесінше бағалады. Осы кезеңде өзбек-американдық геосаяси қатынас қарқынды дами бастады, оның нақты көрінісін 2005 жылы байқауға болады.[1]
Белгілі бір кезеңде Кәрімов АҚШ-қа жағу үшін нағыз демократияны орнатпауға, батыстық либералдарды сендіру үшін жай сиқын көрсетуге болатынын түсіне бастады. 1996 жылы шілдедегі И.Кәрімовтың АҚШ-қа ресми сапарынан кейін Ташкенттің геосаяси бағыттары түбегейлі өзгеріске ұшырады, сапар барысында У.Клинтон өзбек әріптесіне оның әкімшілігі Өзбекстанды Орталық Азиядағы аймақтық көшбасшы мемлекет ретінде қарастыратынын байқатты.
2000 жылы жазда содырлардың Орталық Азияға екінші шабуылының бетін қайтарғаннан кейін, күзде өзбек бағыты Ресейден Батысқа қарай қайтадан ауытқыды. Ташкент діни экстремизмге қарсы бірлескен шараларға байланысты аймақтық деңгейдегі және ТМД шеңберіндегі кездесулерден бас тарта бастады. Одан басқа, Ташкент өзінің басты жауы – талибтер режимімен жақындаса бастады. Бұл өзгерістер Өзбекстанға американдық әскери көмектің көбеюімен тұспа-тұс келді, сонымен қатар Ташкент Вашингтоннан оның ішкі ауғандық реттеуге қатысты ұстанымының өзгеруі туралы хабар алды.[2]
Вашингтон Ташкентке қатысты саясатын келесі міндеттемелерден шыға отырып құрды. Олар: ұзақ мерзімге өзінің әскери қатысуын бекіту, Ташкентті экономикасын түбегейлі либерализациялауға және ірі көлемдегі әлеуметтік-экономикалық және қаржылық реформаларға үгіттеу, ТМД, ГУУАМ, ҰҚКҰ, және ШЫҰ-на қатысты Өзбекстанның «ерекше» ұстанымын қолдау, Өзбекстанның Солтүстік Ауғанстандағы мүдделеріне түсіністікпен қарау, бірақ қажеттілікке қарай Ташкенттің сыртқы саяси мақсаттарын шектемеу, өзінің бақылауымен Ташкенттің аймақтық талаптарын кеңейту, АҚШ-қа қажетті емес елдегі оқиғаларға – ірі әлеуметтік-саяси төңкерістер, биліктің тез арада өзгеруі, исламистердің күшеюі т.б. жол бермеу.
2001жылы қыркүйекте Өзбекстан Құрама Штаттарға базаларын бергендігі үшін 25 млн. доллар көлемінде әскери көмек алды. 2002 жылы қаңтарда Өзбекстан лаңкестікке қарсы күрес туралы арнайы заң негізінде бөлінген 4 млрд. доллардың 100 млн. долларын алатыны жариялады. 2002 жылы Вашингтонның Өзбекстанға көмегі үш есе өсті. 2002 жылы тамызда Мемлекеттік департамент Өзбекстанға 51 млн. доллар көлемінде медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер берді. Американдықтар Әмудария бойындағы өзбек-ауған шекарасын нығайтуға да өз көмегін көрсетті.
ХХІ ғасыр басында екі еларасындағы дипломатиялық және әскери-саяси байланыстар белсендене түсті. Өзінің Орталық Азиядағы қатысуын кеңейте отырып, американдық әскерилер Өзбекстанда өзбек армиясының сержанттық құрамын тағайындайтын біршама оқу орындарын ашты. 2001 жылы американдық қарулы күштер бөлімшелері өзбек қарулы күштерімен бірлескен бірқатар оқу-жаттығуларды өткізді. 2001жылы АҚШ пен Өзбекстанның әскери ынтымақтастығының бюджеті 3 млн. доллардан астам қаржыны құрады.
Жалпы Өзбекстанға қатысты американдық стратегия біршама қарама-қайшылықтарға толы болды. Ташкентті Орталық Азиядағы маңызды тірегі ретінде қарастыра отырып, АҚШ әдістемелік(демократизация, адам құқықтары) және стратегиялық(режимнің қудалаушы саясаты негізіндегі радикалды және исламистік көңіл-күйлердің өсуінен қорқыныш) көзқарастар тұрғысынан Кәрімовты сынауға мәжбүр болды. Бұл басты қарама-қайшылық 2004 жылы наурыздың соңы мен сәуірдің басындағы лаңкестік оқиғалар кезінде айқын көрінді. Батыс И. Кәрімовты өз саясаты арқылы елдегі әлеуметтік наразылықты тудыруымен айыптады.
2005 жылы мамырдағы Әндижан оқиғаларынан кейін, әсіресе ШЫҰ-ның Астана саммитінен кейін өзбек-американдық қатынастар тоқырау жағдайына келіп тірелді. Ташкент Бишкек жасағандай, тек декларация жариялаумен шектелмей, АҚШ-ты Ханабадтағы базаны жабуға мәжбүрледі, бұл оқиға 2005 жылы қарашаның аяғында орын алды. Өз жағынан Вашингтон Әндіжан оқиғаларына байланысты адам құқытарының бұзылуы және елдегі жалпы жағдайдың нашарлауымен Өзбекстанға қысым жасауды тоқтатпады.
Қазіргі кезде екіжақты қатынастар Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүргеннен бері ең төмен деңгейде сақталуда. АҚШ-тың И. Кәрімовты орнынан түсіру үшін шаралар жасауы да жоққа шығарылмайды. Сонымен бірге И. Кәрімов өзінің режимін либерализациялау бойынша Батыс талаптарын қабылдаса, АҚШ-пен жақындасуға мүмкіндік табылады.
2005-2006 жылдардағы екіжақты қатынастардың нашарлауына қарамастан, екі мемлекет те трансұлттық қауіптерге – халықаралық лаңкестік, жаппай қырып жою қару түрлерінің таралуы, есірткінің заңсыз айналымы, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында ынтымақтастықтарын жалғастыра берді.[3]
Қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сүйенсек мемлекеттік комитеттің мәліметтеріне сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарында республикада американдық инвесторлардың қатысуымен құрылған 318 мекеме тіркелген, оның ішінде 75 мекеме 100%-дық шетелдік капитал арқылы қызмет етеді.[4]
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ -шы ғасырдың 90 – шы жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Бітіру жұмыстың негізгі мақсаты: жаңа қауіптер жағдайындағы Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастарындағы саясат ерекшеліктерін
жүйелі және кешенді түрде зерттеп ашып көрсету болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
– АҚШ – Өзбекстан қатынастарының қалыптасып даму эволюциясы толық зерттеп ашып көрсету;
– Қазіргі кездегі АҚШ – тың сыртқы саясатындағы Өзбекстан бағытын саралау;
– Америка қауіпсіздік контекстіндегі Орталық Азия және аймақтағы АҚШ-тың экономикалық әскери-саяси мүдделерін қарастыру
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. Том II: Внешняя политика США на современном этапе и Центральная Азия.-Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2006.-С.296.
2. Евстафьев Г.М. Безопасность Центральной Азии. М., 2006. С.142.
3. А. Анохин. Большая Центральная Азия и Казахстан. Россия – Казахстан. На пути к интеграции. Т. ІІ. Москва 2007.
4. www.statistics.uz
5. Н.Ә.Назарбаев.Ғасырлар тоғысында. Алматы 1996 .
6. Н.Ә.Назарбаев. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003 .
7. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. – Алматы: Кайнар, 2001. – 294 с.
8. Қ.Тоқаев. Под стягом независимости. Алматы, 1997 .
9. Қ.Тоқаев. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. А .:2004.
10. Қ.Тоқаев. Беласу. Алматы, 2003 .
11. И.Каримов.О национальной государственности, идеологии независисмости и правовой культуре. Ташкент, 1999.
12. С.Ниязов. Внешняя политика нейтрального Туркменистана.А.:1999.
13. Мадлен Олбрайт. Религия и мировая политика. Пер. с англ. М., 2007
14. З.Бжезинский. Великая шахматная доска. М., 1998; Выбор. Мировое господство или глобальное лидерство. М., 2007
15. Г. Киссинджер. Дипломатия. М., 1997
16. Е.М. Примаков. Ближний Восток на сцене и за кулисами. М., 2006
17. А.О. Воскресенский. Восток/Запад. Региональные подсистемы и региональные проблемы международных отношений. М.,2002.
18. В. Гусейнов, А. Денисов, Н. Савкин, С. Демиденко. Большой Ближний
Восток. М., 2007
19. И.Иванов.Новая российская дипломатия. М.:2002.
20. В.М.Кулагин. «Международная безопасность» Москва 2006. с.165
21. Торкунов А. В. Внешнеполитическая стратегия США после холодной войны.-М.,2000. С.112.
22. Уткин А.И. Американская стратегия для ХХІ века. М., 2000.;
23. Троцкий Е.Ф. Политика США в Центральной Азии (1992-2004 гг.). Томск, 2005.,
24. Касенов У.Т. Безопасность Центральной Азии. Алмпты. 1998. С.36.
25. С.Абдулпаттаев. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. А.:2006.
26. К.Л.Сыроежкин. Россия – США - Китай и Центральная Азия // Безопасность Центральной Азии и интересы внешних сил. – Москва: 2004. С. 38-47.
27. М.Т.Лаумулин. Роль США в Центральной Азии. А.:2006.
28. М.С.Ашимбаева, А.Ж. Шоманова. Страны и регионы мира в современных международных отношениях. А.:2006.
29. Е.Н. Оразалин. ШОС:Основы формирования,проблемы и перспективы.А.:2007
30. Ж.У.Ибрашев. США и страны Центральной Азии: реалии и перспективы взаимоотношений. -Алматы, 2004.;]
31. Байзакова К.И., Кукеева Ф.Т., Лаумулин М.Т., Умаров К.Е. История внешней политики США. Алматы, 2007.;
32. Ф.Т.Көкеева. Проект «Большая Центральная Азия» позиции великих держав. А.:2007.
33. Буранашев И.Л. Центральноазиатский комплекс безопасности. //Казахстан в системе междунардных отношений. Алматы, 2001.;
34. Черных И.А. Соединенные Штаты и Европейский Союз в комплексе безопасности в Центральной Азии: сравнительный анализ позиции. //Казахстан в системе международных отношений. Алматы, 2001.;
35. Халил X. Государственная политика США в Средней Азии на современном этапе. Саясат-Policy, 2003, №11.
36. Ш.Аббасов. Узбекистан – США: трудный торг // Азия и Африка сегодня (Москва). 2002. № 10. С.24-28.
37. М.Шпехлер. Центральная Азия: между Западом и Востоком // Центральная Азия и Кавказ (Лулеа, Швеция). 2005. № 5. С. 74-89.
38. http://www.kisi.kz
39. http://www.continent.kz
40. http//www/ita.doc.gov/td/otea/usfth/aggregate/H01Т15.html
41. М.Т.Лаумулин. Роль США в Центральной Азии. А.:2006.
42. Мырзабеков М.С. Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың өзгеруінің кейбір көріністері. // Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. Алматы, 2002, 22-25 мамыр. 84 б.
43. М.Зыгарь. Д.Бутрин. Горючий союзник Каримова. //Коммерсант.11 января 2006г. № 8 (№3339)
44. Гирагоснн Р., Макдермотт Р. Военное присутствие США в Центральной Азии: «Большая игра» или «Большая выгода»? // Центральная Азия и Кавказ. 2004. № 1.
45. www.ino.uzpak.uz/econom rus econom_rus_29.04.html
46. Искандаров А.И. Новые интеграционные инициативы в Центральноазиатском регионе в условиях современной политике // Казахстан-Спектр.-2007.-№2.-С.15.
47. М.Т.Лаумулин. Роль США в Центральной Азии. А.:2006.
48. Р. Мурзаев. Власть в Узбекстане перешла к председателю Службы национальной безопасности//Новая газета. 11 августа 2005г.
49. Бешлосс М., Тэлбот С. На самом высшем уровне Закулисная история окончания холодной войны. М., 1994. С. 104.
50. Layne Ch. Rethinking American Grand Strategy. Hegemony of Balance of Power in the Twenty Century? //World Policy Journal. Summer 1998. P. 12.
51. Clinton B. Remarks on National Missile Defense. September 1, 2000//http: www.secretry,state.gov/html
52. Торкунов А. В. Внешнеполитическая стратегия США после холодной войны.-М.,2000. С.112.
53. Стратегия национальной безопасности США: новая эра//Внешняя политика США, электронная версия журнала госдепартамента США на рус. яз. Т.7№4;//htpp:www.usinfo.state.gov/journals/itps/1202/ijpr/ijpr1202.htm.
54. Deutch J., Kanter A.,Scowcroft B. Saving NATO’s foundation//Foreign Affairs.November-December,1999. P.62.
55. Fuller G.E. Central Asia and American National Interests //Central Asia: Its Strategic Importantce and Future Prospects. Ed. By H. Malik. – New-York: St. Martin Press, 1994, pp. 150-151.
56. http://www.iraqwar.mirror-world.ru/tiki-read_article.php?articleId=38097
57. Гаджиев К. Демократическое и имперское начала во внешнеполитической стратегии США// Мировая экономика и международные отношения, 2007, №8, С.59.
58. Д. Смит. Центральная Азия: новая большая игра. М., 2005. С. 204.
59. Стратегия национальной безопасности США: новая эра//Внешняя политика США, электронная версия журнала госдепартамента США на рус.яз.Т.7№4;//htpp:www.usinfo.state.gov/journals/itps/1202/ijpr/ijpr1202.htm.
60. Silk Road Strategy Act// www.state.gov./polisy _ hot.htm.
61. Американский глобальный пирог или что стоит за стратегией мирового лидерства США//htpp:www.liga.net/smi/show.html?id=75795.
62. htpp: www. whitehouse.gov Major Speeches.
63. Еще раз о внешней политике Президента Буша-младшего//htpp: www. namakon.ru/pic/article/25.doc.
64. Ibid.
65. Центральная Азия: Политика администрации США и развитие. A. Элизабет Джонс, помощник госсекретаря по делам Европы и Евразии; Выступление перед подкомитетом по делам Ближнего Востока и Центральной Азии комитета палаты по международным отношениям, Вашингтон, округ Колумбия, 29 октября 2003 г.; www.state.gov
66. "Gazeta.kz" 10.10. 2007.
67. A National Security Strategy for a New Century. - Wash., October 1998.
68. История Внешней политики США. (авторы: Байзакова К.И., Кукеева Ф.Т., Лаумулин М.Т., Умаров К.Е.) Алматы, 2007. С. 262.
69. Центральная Азия: Политика администрации США и развитие. A. Элизабет Джонс, помощник госсекретаря по делам Европы и Евразии; Выступление перед подкомитетом по делам Ближнего Востока и Центральной Азии комитета палаты по международным отношениям, Вашингтон, округ Колумбия, 29 октября 2003 г.; www.state.gov
70. Саймс Д. Имперская дилемма Америки// Россия в глобальной политике.2004. Январь-февраль.Т.2.№1. С.45.
71. Война Америки за доминирование в мире//htpp:www.namakon. ru/articles. php?page=1&p=1
72. Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. Том II: Внешняя политика США на современном этапе и Центральная Азия.-Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2006.-С.293.
73. Remarks by the President to the Troops, Butts Army Air Field, Fort Carson, Colorado. 24 November 2003//www.state.gove.
74. Халил X. Государственная политика США в Средней Азии на современном этапе. Саясат-Policy, 2003, №11.
75. Алалыкин Д.С. Глобальная концепцияСША.-Москва.2004.
76. http://www.inosmi.ru.
77. Collins J. U.S. Policy Toward the Central Asian States. Washington, DC, 2005. P. 98-145 //www.state.gove.
78. Xo. С. Внешнеполитические приоритеты второй администрации: мнения экспертов // http://www.voanews.com.
79. Раджабов М. Проблемы обеспечения региональной безопасности в Центральной Азии на пороге XXI века // www.navi.kz.
80. Кукеева Ф.Т. СеntгаІ Аsіа аnd tһе USA. 2006
81. Лаумулин М.Т.. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике// Внешняя политика и стратегия США на современном этапе и Центральная Азия. Том II.
КИСИ при Презвденте РК. Алматы, 2006.
82. National Security Strategy 2006 // www.state.gov.com.
83. Сатпаев Д.Нужна ли Казахстану «Большая Центральная Азия»// «Республика», 2006, 5 апреля.
84. Ерекешова Л. Безопасность в Центральной Азии.// http: www.cvi.kz.
Евстафьев Г.М. Безопасность Центральной Азии. М., 2006. С.142.
85. Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. Том II: Внешняя политика США на современном этапе и Центральная Азия.-Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2006.-С.293.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Халықаралық қатынастар
және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҚАТЫНАСТАРЫ: ЖАҢА ҚАУІПТЕР
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЯСАТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ)

Ғылыми жетекші:

Қорғауға жіберілді:
.
.20__

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ақш – өЗБЕКСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ АҚШ-тың стратегиялық мүдделеріндегі
Орталық Азия.
1. АҚШ – Өзбекстан қатынастарының қалыптасып даму эволюциясы.
2. Қазіргі кездегі АҚШ – тың сыртқы саясатындағы Өзбекстан.
3. Америка қауіпсіздік контекстіндегі Орталық Азия және аймақтағы АҚШ-
тың экономикалық әскери-саяси мүдделері.

2. ЖАҢА ҚАУІПТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ АҚШ-ТЫҢ АЙМАҚТАҒЫ
САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ФАКТОРЫ.
1. XXI-ғасырдың басындағы жаһандық халықаралық қатынастар жүйесіндегі
Орта Азия елдері және АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты стратегиясының
өзгеру.
2. АҚШ - тың Орталық Азияға қатысты саяси жобалары және аймақтағы
саясатына Өзбекстан факторының ықпалы.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда, Орталық Азия елдері өз тәуелсіздіктерін алғандарына он
жеті жыл өткенімен әлемдік қуатты мемлекеттердің аймаққа деген
қызығушылықтары әлі бәсеңдеген жоқ. Орталық Азия өзінің геосаяси
маңыздылығы және табиғи-шикізат көздерінің байлығы тұрғысынан алғанда
алпауыт мемлекеттер тарапынан бұндай қызығушылық бола беретіндігі анық.
Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы және Кеңестер Одағының ыдырауы
халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесі мен оның аймақтық құрылымдарында
іргелі өзгерістердің пайда болуына әсер етті. Еуразиялық құрлықтың
кіндігінде жаңа тәуелсіз бес мемлекеттің: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Түркменстан және Өзбекстанның – пайда болуы Орталық Азияда жаңа халықаралық-
саяси кеңістіктің қалыптасуына жағдай жасады. Орталық Азия мемлекеттерінің
өз тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтуға деген ұмтылыстары аймақтың тез
арада әлемдік саясаттың дербес субъектісі ретінде халықаралық қатынастар
жүйесіне интеграциялануына әсер етті. Сонымен қатар, Орталық Азия аймағында
өзімен көршілес мемлекеттер – Ресей, Қытай, Иран, Түркия, Пәкістан сияқты
мемлекеттердің және халықаралық қатынастардың жаһандық акторларының
мүдделері тоғысқан және олардың сыртқы саяси әсер ету объектісіне айналды.
Осы аталғандардың арасында Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың
сипатына және даму динамикасына, аймақтың ішкі және сыртқы саясатына әсер
етуге қабілетті мемлекет – АҚШ болып табылады. АҚШ-қа бұндай мүмкіндіктерді
беретін бірқатар факторлар бар. Біріншіден, АҚШ қазіргі кездегі әлемдік
тәртіпті анықтаушы жетекші мемлекет. Екіншіден, АҚШ қазіргі кездегі әлемдік
саясаттың негізгі орталығы. Үшіншіден, АҚШ-тың жоғары технологияға
негізделген өнеркәсібіне арқа сүйеген қуатты экономикасы бар. Төртіншіден,
биполярлы әлемдік тәртіп кезінен қалыптасып, осы күнге дейін үздіксіз дамып
келе жатқан қарулы күштері бар қазіргі әлемдегі бірден-бір қуатты мемлекет.
Сондықтан, Орталық Азия аймағындағы ықпал ету үшін бәсекелестік күресте
Қытай және Ресеймен салыстырғанда, АҚШ-та бірқатар артықшылықтар бар.
Егер Қазақстан АҚШ үшін геосаяси, еуразиялық мағынаға ие болса, онда
Өзбекстан тікелей аймақтық мағынаға ие. ХХ ғасырдың 90 жылдарының
ортасында Құрама Штаттар мемлекет Орталық Азияның стратегиялық ядросы
фактісіне сүйене отырып, Өзбекстанда өз күш-жігерлерін шоғырландырды.
Ал 90 жылдардың ортасына қарай жағдай біршама өзгере бастады:
Вашингтон Өзбекстанның аймақта ең тұрақты мәдени-тарихи дәстүрге, соғысқа
қабілетті(тіпті болмағанда – ірі) армияға ие екендігіне және аймақтық
гегемон рөлін ойнай алатындығына назар аударды. Ол уақытқа қарай Қазақстан
Ресей шеңберіне қарай, әсіресе Каспий мәселесі бойынша ауыса бастаған
болатын, ал Өзбекстан керісінше Мәскеуден қашықтай бастады. Бұған бірнеше
себептер ықпал етті, ең алдымен, көрші Тәжікстандағы жағдайдың реттелуі
басты себеп болса, одан ары Өзбекстан өзін Орталық Азияда Ресейге қарама-
қарсы салмақ ретінде көрсете бастады. Аймаққа қатысты Тэлбот
доктринасынан басқа стратегиясы болмаған клинтондық әкімшілікте мұны
өздігінше түсініп, сәйкесінше бағалады. Осы кезеңде өзбек-американдық
геосаяси қатынас қарқынды дами бастады, оның нақты көрінісін 2005 жылы
байқауға болады.[1]
Белгілі бір кезеңде Кәрімов АҚШ-қа жағу үшін нағыз демократияны
орнатпауға, батыстық либералдарды сендіру үшін жай сиқын көрсетуге
болатынын түсіне бастады. 1996 жылы шілдедегі И.Кәрімовтың АҚШ-қа ресми
сапарынан кейін Ташкенттің геосаяси бағыттары түбегейлі өзгеріске ұшырады,
сапар барысында У.Клинтон өзбек әріптесіне оның әкімшілігі Өзбекстанды
Орталық Азиядағы аймақтық көшбасшы мемлекет ретінде қарастыратынын
байқатты.
2000 жылы жазда содырлардың Орталық Азияға екінші шабуылының бетін
қайтарғаннан кейін, күзде өзбек бағыты Ресейден Батысқа қарай қайтадан
ауытқыды. Ташкент діни экстремизмге қарсы бірлескен шараларға байланысты
аймақтық деңгейдегі және ТМД шеңберіндегі кездесулерден бас тарта бастады.
Одан басқа, Ташкент өзінің басты жауы – талибтер режимімен жақындаса
бастады. Бұл өзгерістер Өзбекстанға американдық әскери көмектің көбеюімен
тұспа-тұс келді, сонымен қатар Ташкент Вашингтоннан оның ішкі ауғандық
реттеуге қатысты ұстанымының өзгеруі туралы хабар алды.[2]
Вашингтон Ташкентке қатысты саясатын келесі міндеттемелерден шыға
отырып құрды. Олар: ұзақ мерзімге өзінің әскери қатысуын бекіту, Ташкентті
экономикасын түбегейлі либерализациялауға және ірі көлемдегі әлеуметтік-
экономикалық және қаржылық реформаларға үгіттеу, ТМД, ГУУАМ, ҰҚКҰ, және ШЫҰ-
на қатысты Өзбекстанның ерекше ұстанымын қолдау, Өзбекстанның Солтүстік
Ауғанстандағы мүдделеріне түсіністікпен қарау, бірақ қажеттілікке қарай
Ташкенттің сыртқы саяси мақсаттарын шектемеу, өзінің бақылауымен Ташкенттің
аймақтық талаптарын кеңейту, АҚШ-қа қажетті емес елдегі оқиғаларға – ірі
әлеуметтік-саяси төңкерістер, биліктің тез арада өзгеруі, исламистердің
күшеюі т.б. жол бермеу.
2001жылы қыркүйекте Өзбекстан Құрама Штаттарға базаларын бергендігі
үшін 25 млн. доллар көлемінде әскери көмек алды. 2002 жылы қаңтарда
Өзбекстан лаңкестікке қарсы күрес туралы арнайы заң негізінде бөлінген 4
млрд. доллардың 100 млн. долларын алатыны жариялады. 2002 жылы Вашингтонның
Өзбекстанға көмегі үш есе өсті. 2002 жылы тамызда Мемлекеттік департамент
Өзбекстанға 51 млн. доллар көлемінде медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-
дәрмектер берді. Американдықтар Әмудария бойындағы өзбек-ауған шекарасын
нығайтуға да өз көмегін көрсетті.
ХХІ ғасыр басында екі еларасындағы дипломатиялық және әскери-саяси
байланыстар белсендене түсті. Өзінің Орталық Азиядағы қатысуын кеңейте
отырып, американдық әскерилер Өзбекстанда өзбек армиясының сержанттық
құрамын тағайындайтын біршама оқу орындарын ашты. 2001 жылы американдық
қарулы күштер бөлімшелері өзбек қарулы күштерімен бірлескен бірқатар оқу-
жаттығуларды өткізді. 2001жылы АҚШ пен Өзбекстанның әскери
ынтымақтастығының бюджеті 3 млн. доллардан астам қаржыны құрады.
Жалпы Өзбекстанға қатысты американдық стратегия біршама қарама-
қайшылықтарға толы болды. Ташкентті Орталық Азиядағы маңызды тірегі ретінде
қарастыра отырып, АҚШ әдістемелік(демократизация, адам құқықтары) және
стратегиялық(режимнің қудалаушы саясаты негізіндегі радикалды және
исламистік көңіл-күйлердің өсуінен қорқыныш) көзқарастар тұрғысынан
Кәрімовты сынауға мәжбүр болды. Бұл басты қарама-қайшылық 2004 жылы
наурыздың соңы мен сәуірдің басындағы лаңкестік оқиғалар кезінде айқын
көрінді. Батыс И. Кәрімовты өз саясаты арқылы елдегі әлеуметтік наразылықты
тудыруымен айыптады.
2005 жылы мамырдағы Әндижан оқиғаларынан кейін, әсіресе ШЫҰ-ның Астана
саммитінен кейін өзбек-американдық қатынастар тоқырау жағдайына келіп
тірелді. Ташкент Бишкек жасағандай, тек декларация жариялаумен шектелмей,
АҚШ-ты Ханабадтағы базаны жабуға мәжбүрледі, бұл оқиға 2005 жылы қарашаның
аяғында орын алды. Өз жағынан Вашингтон Әндіжан оқиғаларына байланысты адам
құқытарының бұзылуы және елдегі жалпы жағдайдың нашарлауымен Өзбекстанға
қысым жасауды тоқтатпады.
Қазіргі кезде екіжақты қатынастар Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет
ретінде өмір сүргеннен бері ең төмен деңгейде сақталуда. АҚШ-тың И.
Кәрімовты орнынан түсіру үшін шаралар жасауы да жоққа шығарылмайды. Сонымен
бірге И. Кәрімов өзінің режимін либерализациялау бойынша Батыс талаптарын
қабылдаса, АҚШ-пен жақындасуға мүмкіндік табылады.
2005-2006 жылдардағы екіжақты қатынастардың нашарлауына қарамастан,
екі мемлекет те трансұлттық қауіптерге – халықаралық лаңкестік, жаппай
қырып жою қару түрлерінің таралуы, есірткінің заңсыз айналымы, ұйымдасқан
қылмысқа қарсы күрес саласында ынтымақтастықтарын жалғастыра берді.[3]
Қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сүйенсек мемлекеттік
комитеттің мәліметтеріне сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарында республикада
американдық инвесторлардың қатысуымен құрылған 318 мекеме тіркелген, оның
ішінде 75 мекеме 100%-дық шетелдік капитал арқылы қызмет етеді.[4]
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ -шы ғасырдың 90 – шы
жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Бітіру жұмыстың негізгі мақсаты: жаңа қауіптер жағдайындағы Америка
Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастарындағы саясат ерекшеліктерін
жүйелі және кешенді түрде зерттеп ашып көрсету болып табылады. Осындай
мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
– АҚШ – Өзбекстан қатынастарының қалыптасып даму эволюциясы толық
зерттеп ашып көрсету;
– Қазіргі кездегі АҚШ – тың сыртқы саясатындағы Өзбекстан бағытын
саралау;
– Америка қауіпсіздік контекстіндегі Орталық Азия және аймақтағы АҚШ-
тың экономикалық әскери-саяси мүдделерін қарастыру;
– XXI-ғасырдың басындағы жаһандық халықаралық қатынастар жүйесіндегі
Орта Азия елдері және АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты стратегиясының
өзгеруін сараптау;
– АҚШ - тың Орталық Азияға қатысты саяси жобалары және аймақтағы
саясатына Өзбекстан факторының ықпалын ашып көрсетіп, талдау;
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысында тақырыпты зерттеу
барысында пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен ҚР Президенті және
қазақстандық дипломаттардың еңбектерін айтуға болады. Мысалы,
Н.Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында[5], Сындарлы он жыл[6] Эпицентр
мира[7] атты еңбектері еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы
саясатын қалыптастырып, даму бағытары мен қоса аймақтағы басты геосаяси
ойыншылардың саясаты қарастырған. Оның ішінде ОА елдерінің АҚШ пен
қатнастары, АҚШ - тың бұл мемлекеттермен және өзара тиімді экономикалық,
саяси, достық, әріптестік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады.
Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның
халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстанның
аймақ елдерімен дипломатиялық қатнастарын және Америка Құрама Штаттары мен
Өзбекстанның қатынастарының жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері
АҚШ – тың аймақтағы саясатына Өзбекстан факторының ықпалын ҚР экс – сыртқы
істер министрі, қазіргі таңда ҚР Сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың Под стягом
независимости[8], Внешняя политика Казахстана в условиях
глобализации[9], Беласу[10] атты еңбектерінде қарастылады.
Сонымен бірге қазақстандық дипломаттармен саяси қайраткерлердің де
зерттеу еңбектері мен түрлі ақпарат құралдарына берген сұқбаттары жұмыстың
негізін құрайды. Олардың қатарында Қ.Саудабаев, М. Тажин, Е.Идырысовты
атап өтуге болады.
Бұл еңбектерде ОА елдерінің сыртқы саясаттағы қол жеткізген
жетістіктеріне талдау жасай отырып, Қазақстанның экономикалық даму және
экономикалық салалаларды реформалаудың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына
және АҚШ тың Орталық Азиядағы саясатына баға беріледі.
Сонымен қатар жұмыстың тақырыбын ашуда АҚШ, Ресей және Орталық Азия
республикалары басшыларының және саяси қайраткерлерінің еңбектері де
пайдаланылды. Олардың қатарында Өзбекстан президенті И.Каримовтың[11],
Түркменстан президенті С.Ниязовтың [12] Мадлен Олбрайт[13], З.
Бжезинский[14], Г. Киссинджердің[15] еңбектерін атап өтуге болады.
Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастары: жаңа қауіптер
жағдайындағы саясат ерекшеліктерін, Өзбекстанның жалпы сыртқы саяси бағыты
мен оның АҚШ және Орталық Азияға қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға
бірқатар Ресей зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың
ішінде Е.Примаков[16], А.Д.Воскресенский[17], А.Г. В. Гусейнов, А. Денисов,
Н. Савкин, С. Демиденко[18] И.С.Иванов[19], В.М.Кулагин [20] А.В.
Торкунов,[21] А.И. Уткин[22] Е.Ф. Троцкий[23] сияқты зерттеушілерді атауға
болады.
Қазақстандық зерттеушілер Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы
саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі
тарихшы-ғалымдардың еңбектері бар.
Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық,
ғаламдық, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орта
Азиядағы геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны, АҚШ
–Өзбекстан қатынастары сияқты мәселелер белгілі ғалым Ө.Қасеновтің,[24]
С.Абдулпаттаевтың[25] еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау
жасалынған.
Сонымен бірге зерттеуші К.Л.Сыроежкиннің,[26] М.Т.Лаумулиннің[27],
М.С.Ашимбаева, А.Ж. Шоманова[28], Е.Н. Оразалиннің[29] бірқатар
басылымдарда жарық көрген еңбектерінде Орта Азиядағы АҚШ рөлі, аймақтағы
Өзбекстан факторы, АҚШ пен ОА елдерінің қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс
зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын
баяндайды. Олардың ішінде Г.Фуллер, Дж.Гинсбург, Ч.Анделенд, Н.Платт,
Кайзер, М.Олкотт және т.б. бар.
Орта Азия геосаясатына және АҚШ – тың саяси ұстанымына арналған өзбек,
қырғыз зерттеушілерінің еңбектері зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда
пайдаланылды.
Қазақстан сыртқы саясаты мен ОА геосаяси жағдайға және аймақтағы басты
геосаяси ойыншыларға қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар
және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары
Ж.У.Ибрашевтың,[30] Қ.Е.Байзақованың,[31] Ф.Т.Көкееваның,[32] И.Л.
Бурнашевтың[33] И.А. Черныхтың [34], және т.б. еңбектері бар.
Зерттеудің деректік негізі. Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның
қатынастары: жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері мәселелерін
зерттеудің деректік негізгі көздерін төмендегідей бес топқа бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар
АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қатнастарды дамыту
барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер.
Деректік көздерінің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер
министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы
сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді.
Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын Өзбектанның,
Қазақстанның, Ресейдің шығыстанушыларының, соның ішінде саясатшы, тарихшы
ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары құрайды.

Ал деректердің төртінші тобын отандық және шетелдік мерзімді
басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай
мәліметтер Қазақстанның Казахстан спектр, Аналитик, Қоғам және
Дәуір,Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, Жас Алаш, Деловая
неделя, Панорама газеттерінде және Дипломатия жаршысы, Ақиқат,
Саясат, , Центральная Азия и Кавказ, Казахстан: экономика и жизнь,
Казахстан и современный мир, Аналитическое обозрение, Континент
журналдарында бар. Ал Ресейдің Правда, Известия, Аргументы и факты,
Независимая газета газеттері мен Проблемы Дальнего Востока, Мировая
экономика и международные отношения, Азия и Африка сегодня, Нефть и
газ, Железнодорожный транспорт журналдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобын Қазақстан мен
жетекші мемлекеттердің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай
ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның Хабар, ҚазААГ, Интерфакс-
Казахстан, Қырғызстанның Кабар, Тәжікстанның Ховар, Ресейдің
Новости, ИТАР-ТАСС агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары,
негізінен, интернет желісінен алынған.
Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық
зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені
сөзсіз.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық
негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытыныдылары құрайды.
Бітіру жұмысы тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға
жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен
қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына
арқау болды. Бұл әдістер Ресейдің ұлттық қауіпсіздік концепциясын және
Ресейдің ұлттық қауіпсіздік концепциясындағы террриториялар мәселесімен
Ресей – Жапон шекара дауын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол
арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу
үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген. Сыртқы саясаттың дамуына, ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде батыс зерттеушілері, әсіресе американдық
саясаттанушылар, өз үлестерін қосқан. Олар зерттеудің билікті-элиталық,
плюралистік, ұйымдастырушылық-құрылымдық, рационалды, бюрократиялық-саяси
модельдерін ұсынып, сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен
талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.
Зерттеу жұмысында саяси құбылыстарға баға берудің тағы бір әдісі
ретінде ойындар теориясы пайдаланылады. Бұдан 40 жыл бұрын метематик Джон
фон Нойманн мен экономист Оскар Моргенштерн экономикалық мәселелерді
шешудің тиімді жолдарын табуға тырысқан, сол орайда өздерінің "Ойындар
теориясы және экономиканың тәртібі" атты ортақ еңбегінде көрсетілген
классикалық ойындар теориясын жасап шығарған. Оның негізінде рационализм
принциптері бойынша жұмыс істейтін субъектілердің типтеріне талдау және
болжау модельдері құрылатын мүмкіндік теориясы жатыр. Біртіндеп бұл ойындар
теориясы ғылымның басқа да салаларына қолданылатын құралға айналды. Саясат
ғылымында ол құрылым мен процесс тұрғысынан алғанда, мемлекетаралық
келіссөздер сияқты саяси құбылыстарды зерттеудің салыстырмалы әдісі болып
табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Дипломның жалпы көлемі 76
бет.
1.ақш – өЗБЕКСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ АҚШ-тың стратегиялық мүдделеріндегі
Орталық Азия.

1. АҚШ – Өзбекстан қатынастарының қалыптасып даму эволюциясы.

ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында американдық саясаткерлер мен
стратегтер Өзбекстанға жеткілікті түрде салқын қарады, ол уақытта бәйге
оның мұнай келешегі және ядролық қаруы бар Қазақстанға тігілген болатын.
Клинтиндік стратегтер Кәрімовтың атын нарықтық және демократиялық
реформаларға қарсылық саясатымен, ескі экономикалық үлгінің жинақталуымен,
кеңестік үлгідегі репрессиялармен, сондай-ақ Ресеймен өте тығыз
қатынастарымен теңестірді. Құқық қорғаушы ұйымдар Кәрімовты сайлаулар және
оппозицияға қарсы қатаң саясаты үшін сынады.
Егер Қазақстан АҚШ үшін геосаяси, еуразиялық мағынаға ие болса, онда
Өзбекстан тікелей аймақтық мағынаға ие. 1990 ж ортасында Құрама Штаттар
мемлекет Орталық Азияның стратегиялық ядросы фактісіне сүйене отырып,
Өзбекстанда өз күш-жігерлерін шоғырландырды.
Орталық Азиядағы өз мүдделерін алға жылжыту үшін американдықтар бас
бәйгені Өзбекстанға тікті. Неғұрлым үлкен әскери әлеуетке ие бола отырып,
орталық азиялық мемлекеттер арасында орталықтық жағдайға ие бола отырып
және этникалық тұрғыдан біртекті халыққа ие бола отырып, бұл ел Батыста
әскери-стратегиялық көзқарас тұрғысынан Орталық Азия аймағында алдыңғы
орынды алады және Орталық Азияның әскери-саяси жағдайын дамытуда белсенді
роль ойнай алады.[35]
Бірақ 1990 жылдардың ортасына қарай жағдай біршама өзгере бастады:
Вашингтон Өзбекстанның аймақта ең тұрақты мәдени-тарихи дәстүрге, ең
соғысқа қабілетті(тіпті болмағанда – ірі) армияға ие екендігіне және
аймақтық гегемон ролін ойнай алатындығына назар аударды. Ол уақытқа қарай
Қазақстан Ресей шеңберіне қарай, әсіресе Каспий мәселесі бойынша ауыса
бастаған болатын, ал Өзбекстан керісінше Москвадан алыстай бастады. Бұған
бірнеше себептер ықпал етті, ең алдымен, көрші Тәжікстандағы жағдайдың
реттелуі басты себеп болды. Одан ары түсінсе де, түсінбесе де, Өзбекстан
өзін Орталық Азияда Ресейге қарама-қарсы салмақ ретінде көрсете бастады.
Аймаққа қатысты Тэлбот доктринасынан басқа жөні түзу стратегиясы болмаған
клинтондық әкімшілікте мұны түсінді және сәйкесінше бағалады. Осы кезеңде
өзбек-американдық геосаяси роман қарқынды дами бастады, оның аяғын 2005ж
байқауға болады.
АҚШ Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігін 1991 жылы 25 желтоқсанда
мойындады. Олардың дипломатиялық қатынастары 1992 жылы 19 ақпанда орнады.
Ташкенттегі АҚШ елшілігі 1992 жылы наурызда ашылды, ал Өзбекстанның
Вашингтондағы елшілігі 1993 жылы ақпанынан қызмет ете бастады.
Екіжақты қатынастардың келісім шарттық-құқықтық негізін 60-тан астам
құжаттар құрайды.
Өзбек-американ қатынастары 2001 жылдың 11қыркүйегінен бастап жаңа
екпінмен дамыды. Содан бастап американ-өзбек қатынастары түрлі салаларды
қамтитын болды. Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық негіздері туралы
декларацияға қол қоя отырып, елдер саяси, экономикалық, әскери, әскери-
техникалық, гуманитарлық және т.б. салаларда жаңа сапалы және өзара тиімді
қатынастар орнатты. Өзбекстан Ауғанстандағы операциялардың сәтті өтуіне
ықпал ете отырып, халықаралық лаңкестікке қарсы күреске үлкен үлес қосты.
2005-2006 жылдары екі жақты қатынастардың нашарлауына қарамастан, екі
мемлекет те трансұлттық қауіптерге – халықаралық лаңкестік, жаппай қыру
қару түрлерінің таралуы, есірткінің заңсыз айналымы, ұйымдастырылған
қылмыскерлікке қарсы күрес саласында ынтымақтастықтарын жалғастыра берді.
Соңғы кезде екіжақты қатынастардың одан ары дамуының мәселелеріне
қатысты екіжақты байланыстар күшейе түсті. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік
хатшысының көмекшісі Э. Файгенбаумның(2007ж 28 ақпан-5 наурыз), Халықаралық
ақпараттық бағдарламалар бойынша Мемлекеттік департаменттің үйлестірушісі
Дж. Гарвидің(2007ж 3-5 сәуір), ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ елшісі Дж. Финлидің(2007ж
15-17 наурыз), Еуропа және Еуразия елдеріне ықпалдастық мәселелері бойынша
Мемлекеттік департаменттің үйлестірушісі Т. Адамстың(2007ж 3-4 маусым),
Мемлекеттік департаменттің халықаралық діни бостандық саласындағы ерекше
тапсырыстар бойынша елшісі Дж. Хэнфордтың(2007ж 25-29 маусым), АҚШ Қарулы
күштерінің(ҚК) Орталық комитетінің Стратегия, жоспарлау және саясат
басқармасының директоры Дж. Миллердің(2007ж 20-22 желтоқсан), АҚШ ҚК
Орталық Комитетінің басқарушысы адмирал У. Фэллонның(2008ж 24-25 қаңтар)
және АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша
көмекшісінің орынбасары П. Спратленнің(2008ж 28наурыз- 1сәуір) сапарлары
дәлел бола алады.[36]
2007ж қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы шеңберінде Өзбекстан
Республикасының сыртқы істер министрі В. Норов пен АҚШ-тың Оңтүстік және
Орталық Азия істері бойынша мемлекеттік хатшысының көмекшісі Р. Баучердің
кездесуі өтті.
Жалпы бүгінгі таңда өзбек-американ қатынастары келесі бағыттар бойынша
іске асырылуда:
Әскери-техникалық ынтымақтастық
Екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық Өзбексан Қарулы күштері мен
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық комитеті арасында жыл сайын қабылданатын
Әскери байланыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады, жоспар екі елдің
әскери өкілдерінің сапарларымен алмасуын, оқыту курстары мен семинарлардың,
конференциялардың өткізілуін қарастырады.[37]
АҚШ-пен әскери және әскери-техникалық ықпалдастықтың іске асуының
басты бөлігі болып Қауіптерді бірлесіп азайту бағдарламасы табылады. Ол
Өзбекстанда жүргізілетін жаппай қыру қарулары мен биологиялық қару түрлер
мен биологиялық қару түрлерінің таралуына жол бермеу бағдарламаларының
шеңберінде орындалады.
Мемлекеттер Ауғанстандағы тұрақтылықты орнату және әлеуметтік-
экогномикалық қалпына келтіру мәселелерінде де ықпалдастығын жалғастыруда.
2007ж қазанда американдықтардың ұсынысымен 2006ж қарашада екі елдің
қорғаныс министрліктері арсында қол қойылған Хаттама бір жылға ұзартылды,
Хаттама республика аумағы арқылы АҚШ-тың әуе кемелеріне ұшуға рұқсат берген
болатын.
АҚШ ҚК Орталық комитетінің басқарушысы адмирал У. Фэллон сапары
барысында Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовтың қабылдауында болды, сонымен
қатар ол Өзбекстан Респуликасы Президентінің жанындағы Ұлттық қауіпсіздік
кеңесі төрағасымен, сыртқы істер және қорғаныс министрлерімен, сонымен
бірге республиканың шекаралық әскерлерінің қолбасшысымен келіссөздер
өткізді.
Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық
Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық АҚШ үкіметінің бағдарламалары мен
үкіметтік емес американдық жобалар шеңберінде іске асырылады. Атап
айтқанда, 2006ж ХОУП жобасы Өзбекстанға 12млн 637мың 520 доллар көлемінде
гуманитарлық көмек(медициналық қажеттіліктер) көрсетті. 2006ж қарашада АҚШ
Өзбекстандағы 750 мың баланы қызылшаға қарсы вакцинациялау бағдарламасын
қаржыландырылды.
2007ж сәуірде ХОУП жобасы шеңберінде американдықтар Өзбекстанға
10млн доллардан астам қаржыға кезекті гуманитарлық көмек берді.
Өткен жылы екі елдің жоғарғы оқу орындары арасындағы тікелей
байланыстар негізіндегі Фулбрайт білім беру бағдарламасының шеңберіндегі
ынтымақтастықты қайта қалпына келтіру туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Сауда-экономикалық қатынастар
Өзбекстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2007ж 195,8млн долларды
құрады, оның ішінде экспорт – 85,6 млн, импорт – 110,2млн доллар шамасында
болды.
Экспорттың тауарлық құрылымы неорганикалық химия тауарларымен(61,1%),
қызмет көрсетулермен(35%), дайын текстильді өнімдермен(2,8%) және май
тұқымдары мен жемістермен(0,5%) таныстырылды.
Импорт құрылымы келесі тауарлармен сипатталады: механикалық құрал-
жабдықтар(44,2%), қызмет көрсетулер(24,4%), транспорттық құралдар(5,7%),
пластмасса мен оның өнімдері(4,1%), каучук пен резина өнімдері(3,1%), қара
металл мен одан жасалынатын өнімдер (2,7%), электр құрылғылары (2,5%),
оптикалық құрылғылар(2,3%), дайын текстиль өнімдері(1,8%), фармацевтикалық
өнімдер(1,5%), химиялық өнімдер(1,5%), органикалық химиялық
қосылымдар(1,5%) және аяқ киім(1,4%) т.б.[38]
АҚШ-тың фирмалары және компанияларымен инвестициялық ынтымақтастыққа
келетін болсақ 2003-2005жж арналған Инвестициялық бағдарламалардың
тәртіптеріне сәйкес АҚШ-тың компаниялары мен қаржылық институттарының
қатысуымен жанармай-энергетикалық кешеннің, жеңіл өнеркәсіп, көлік
саласының 23 жобасы іске асырылды. Тартылған шетелдік инвестициялар мен
несиелердің ортақ сомасы 483,26млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде
134,01млн доллар қаржысы(жалпы болжамның 27,73%) игерілді. Олардың
109,45млн доллары үкіметтің кепілдемелерімен берілді, ал 24,56млн доллары
тікелей инвестициялармен игерілді. Үкімет кепілдемесімен 109,45млн доллар
қаржыға Екі Боинг 767-300 ұшақтарын алу жобасы жүзеге асырылғанын атап
кету керек. Сонымен бірге екі Боинг 787-Dreamliner ұшақтарын сатып алуға
келісімшарт жасалды.
2007ж арналған республиканың Инвестициялық бағдарламасына сәйкес АҚШ
компанияларымен бірлесіп келесі жобалар іске асырылды:
• COSCOM-MCT Corp.(АҚШ) бірлескен мекемесі - ұялы байланыс тармақтарын
техникалық және технологиялық дамыту жоспары. 2007ж қорытындыларына
сай 56,76млн доллар инвестициялар тартылды.
• АҚ Муштарий - Импро инвест ЛЛС (АҚШ) негізінде тоқыма өнімдерін
шығару бойынша бірлескен мекеменің құрылуы. Жобаның жалпы сомасы
0,5млн долларды құрады, 2007ж 0,15млн доллар инвестиция тартылды.
2007ж басында General Motors Europe (GME) компаниясының президенті
Карл Петер Фостердің және GM Daewoo Auto & Technology (GMDAT)
компаниясының президенті Майкл Гримальдидің Өзбекстанға сапары барысында
УзДЭУавто акционерлік қоғамының негізінде Шевроле көліктерін шығару
және сату бойынша GM Өзбекстан бірлескен мекемесін құру туралы келісілді.

Аталған құжат Chevrolet үш үлгісі – Captiva, Epica және Tacuma-
ны шығаруды реттеу мен аталған мекеменің өнеркәсіптік қуаттылығын
арттырумен қатар, өндірістің жергілікті жерде нығаюына және ары қарайғы
экспорттың ұлғаюына бағытталған жобалардың кеңейтілуін қарастырады.
Ньюмонт Майнинг компаниясымен байланысты шаруашылық дау реттелді.
АҚШ-пен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың
дамуында Американ-Өзбек сауда палатасы ерекше роль ойнайды, оның кезекті
отырысы 2007ж 27 маусымда Вашингтонда республиканың сыртқы экономикалық
байланыстар, инвестиция және сауда министрі бақарған өкілдердің қатысуымен
өтті.[39]
Сонымен қатар экономикалық ықпалдастық мәселелері Орталық Азиядағы
Сауда мен инвестиция бойынша мәтіндік келісім Кеңесімен(ТИФА)
қарастырылады. 2007ж 17-18 маусымда Вашингтонда өткен Кеңес отырысында
Өзбекстанды сыртқы экономикалық байланыстар, инвестиция және сауда министрі
таныстырды. Қазіргі кезде 2008ж Кеңес отырысына қатысатын республиканың
өкілдері анықталуда.
2008ж 28-30 қаңтарда республикаға АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің
Оңтүстік және Орталық азияның аймақтық экономикалық интеграциясы бойынша
бас кеңесшісі Р. Дойчтың сапары болып өтті, ол сапарының барысында
Өзбекстан Премьер-министрі орынбасарлары А. Шарипов пен Э. Шаисматов,
сонымен бірге сыртқы экономикалық байланыстар, инвестиция және сауда
министрі Э. Ғаниевтың қабылдауларында болды. Сауда мен инвестициялар
бойынша мәтіндік келісім Кеңесінің келесі отырысын өткізу, Ауғанстанға
электр энергиясының экспорты, Орталық Азиядағы су ресурстары мәселесі,
аймақта оптикалық-талшықты байланыстарды қамтамасыз ету сұрақтары
талқыланды.
Американдық капитал қатысуымен қызмет ететін мекемелер.
Статистика бойынша мемлекеттік комитеттің мәліметтеріне сәйкес 2008ж 1
қаңтарда республикада американдық инвесторлардың қатысуымен құрылған 318
мекеме тіркелген, оның ішінде 75 мекеме 100%-дық шетелдік капитал арқылы
қызмет етеді. Берілген мекемелердің қызмет ету салалары тау-кен өндіруші,
химиялық, жеңіл тамақ, көлік құрылысы, өнеркәсіптің электротехникалық
салалары, тауар мен қызмет көрсету салаларры, сондай-ақ байланыстар мен
коммуникацияларды біріктіреді.[40]
2008ж 1 қаңтар жағдайына сәйкес сыртқы экономикалық байланыстар,
инвестиция және сауда министрлігінде 80 американдық компания рәсімделген.
Рәсімделген компаниялардың негізгі қызмет ету салалары экспорттық-импорттық
операцияларды өткізу, консалтинг, юридикалық және тарнспорттық-
экспедиторлық қызметттерді көрсету, құрал-жабдықтарды жеткізу болып
табылады.

2. Жаңа қауіптер жағдайындағы АҚШ – тың сыртқы саясатындағы Өзбекстан.

Белгілі бір кезеңде Кәрімов АҚШ-қа жағу үшін нағыз демократияны
орнатпауға, батыстық либералдарды сендіру үшін жай сиқын көрсетуге
болатынын түсіне бастады. И.Кәрімов АҚШ-қа сапармен барғанда, 1996ж шілдеде
Ташкенттің геосаяси бағыттары түбегейлі өзгеріске, И.Кәрімов АҚШ-қа
сапармен барғанда ұшырады, сапар барысында У.Клинтон өзбек әріптесіне оның
әкімшілігі Өзбекстанды Орталық Азиядағы шешуші мемлекет ретінде
қарастыратынын байқатты. 1997 жылы американдық ивестициялар 800 млн
долларға жетті, күн тәртібінде жалпы сомасы 2 млрд долларлық жобалар тұрды.
Ташкентте американдық инвестициялар мұнай бағытына жұмасалады деп
жоспарланды.
1999 жылы сәуірде НАТО-ның елу жылдық мерейтойында американдық-өзбек
жақындасуы шарықтау шегіне жетті. Өзбекстан ГУАМ – жаңа антиресейлік
жобаның қатарына кірді, ал АҚШ пен оның атлантикалық одақтастары Ташкентті
және оның антиресейлік ұстанымдарын мақтауларын жаудырды. Сол жылдың
мамырында Өзбекстан Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісімшарттан шықты.[41]
1999 жылы желтоқсанда парламенттік сайлаулардың алдында Батыс өкілдері
өзбек Президентінің бағытына қарай мақтау мәлімдемелерін аямады. Елшілер
Дж. Прессел және Д. Джонсон сөздеріне қарай Кәрімов режимі Орталық Азиядағы
демократизацияның қозғаушы күші болып табылды. Бірақ бір айдан кейін, 2000
жылы қаңтарда американдық бағалаулар 180 градусқа өзгерді. Мемлекеттік
департамент өткен сайлаулар не еркін, не әділетті болған жоқ деп
жариялады. Вашингтонның өзінің серіктесіне қарсы қатынасының соншалықты
түбегейлі өзгергені неге байланысты? Мұндай аз уақыттың ішінде өзбек саяси
жүйесінде ештеңе өзгере қоймағандығы анық.
Екіжақты қатынастардың кенеттен өзгеру себептерін 1999 жылы жаздағы
баткендік оқиғалардан іздеу керек. Ташкент ең алғаш өз қауіпсіздігігінің
қаупімен алғаш кездескеннен кейін, ол Американың Өзбекстанның суверенитеті
мен қауіпсіздігіне емес, нақты мемлекеттен – Ресейден тәуелсіздігіне
мүдделі екендігін анықтады. Бірақ нақ Ресейдің көмегімен боевиктерді
Қырғызстан аумағынан шығара алды, сол арқылы Өзбекстанға төнген қауіптен
арылды, ал қарашада Ферғана даласына өткен бандалық ұяшықтарды жоюды
көздеген Ресей мен төрт Орталық Азия мемлекеттерінің бірлескен ірі
көлемдегі оқу-жаттығулары өткізілді. Бірден айдан кейін ол кезде әлі
премьер-министр В.Путин Кәрімовпен Ташкентте әскери-техникалық
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл қадамдар Кәрімовтың
Вашингтонға бағытталған, Ресейдің аймақтаға мүдделеріне құқығы бар дегенді
білдіретін дауысты мәлімдемелерімен жалғасты. Бұның барлығы Вашингтонға
ұнамады, сөйтіп 2000 жылы қаңтар дағдарысына әкелді.
2000 жылы сәуірде Орталық азиялық аймақта мемлекеттік хатшы М. Олбрайт
болып қайтты, ол Ауғанстандағы исламдық радикалистерден қауіптерден қорғану
үшін АҚШ-тың көмек көрсететініне уәде берді. Бірақ Ресей жасағандай
көмектің орнына үш Орталық азиялық мемлекеттің әрқайсысына 3 млн доллар
көлеміндегі символикалық сома ұсынылды. Сонда 2000 жылы сәуірде Кәрімов
американдық ережелермен ойнай қаржылық мағынада өте аз ақша алуды, ал
демократизация бойынша көптеген талаптармен кездесу, барлық мемлекеттің
тұрақсыздануы және оның өзінің биліктен кетуін білдіретіндігін толық
түсінді.[42]
Соңғы айларын өткізіп жатқан Клинтон әкімшілігінің де АҚШ-тың ТМД
аумағында жүргізіп жатқан аймақшылық саясатына біржола көңілі қалды:
демократиялық қағидаларды орната алмады, нарықтық реформаларға қарамастан,
экономикадағы қиыншылықтар өсе түсті, этникаралық мәселелер күшейе бастады
және барлық жерде жемқорлық көбейді. 2000ж ақпанда мемлекеттік департамент
барлық ТМД елдерін, сонымен қатар батыстық бағыттағы елдерді сынаған адам
құқықтары бойынша мәлімдеме дайындады. Өзбекстан саяси оппонентттерін
қудалағаны үшін, бұқаралық ақпараттағы шектеулері және дәстүрлі
емес(ваххабиттер) қинағаны үшін сыналды. Одан ары Вашингтон жағынан
И.Кәрімовқа бағытталған айып тағулар қалыпты жағдайға айналды.
2000 жылы жазда боевиктердің Орталық Азияға екінші шабуылының бетін
қайтарғаннан кейін, күзде өзбек бағыты Ресейден Батысқа қарай қайтадан
ауытқыды. Ташкент діни экстремизмге қарсы бірлескен шаралрға байланысты
аймақтық деңгейдегі және ТМД шеңберіндегі кездесулерден бас тарта бастады.
Одан басқа, Ташкент өзінің басты қастасы – талибтер режимімен жақындаса
бастады. Бұл өзгерістер Өзбекстанға американдық әскери көмектің көбеюімен
тұспа-тұс келді, сонымен қатар Ташкент Вашингтоннан оның ішкі ауғандық
реттеуге қатысты ұстанымының өзгеруі туралы хабар алды.
Вашингтон Ташкентке қатысты саясатын келесі міндеттемелерден шыға
отырып құрды: ұзақ мерзімге өзінің әскери қатысуын бекіту, Ташкентті
экономикасын түбегейлі либерализациялауға және ірі көлемдегі әлеуметтік-
экономикалық және қаржылық реформаларға үгіттеу, ТМД, ГУУАМ, ҰҚКҰ, және ШЫҰ-
на қатысты Өзбекстанның ерекше ұстанымын қолдау, Өзбекстанның Солтүстік
Ауғанстандағы мүдделеріне түсіністікпен қарау, бірақ қажеттілікке қарай
Ташкенттің сыртқы саяси мақсаттарын шектемеу, өзінің бақылауымен Ташкенттің
аймақтық талаптарын кеңейту, АҚШ-қа қажетті емес елдегі оқиғаларға – ірі
әлеуметтік-саяси төңкерістер, биліктің тез арада өзгеруі, исламистердің
күшеюі т.б. жол бермеу.
2001жылы қыркүйекте Өзбекстан Құрама Штаттарға базаларын бергендігі
үшін 25 млн доллар көлемінде әскери көмек алды. 2002ж қаңтарда Өзбекстан
лаңкестікке қарсы қарсы күрес туралы арнайы заң негізінде бөлінген 4млрд
доллардың 100млн долларын алатыны жарияланды. 2002ж Вашингтонның
Өзбекстанға көмегі үш есе өсті. 2002 жылы тамызда Мемлекеттік департамент
Өзбекстанға 51 млн доллар көлемінде медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-
дәрмектер берді(көмектің барлығын АҚШ Ферғана даласының - Өзбекстандағы
исламдық экстремизмнің тіректерінің біреуінің медициналық орындарына
жіберді).
Американдықтар Әмудария бойындағы өзбек-ауған шекарасын нығайтуға да
өз көмегін көрсетті. Өзбекстанға құрылыс үшін 200 мың доллар және
мамандарды оқыту мен құралдарды сатып алу үшін 3 млн доллар қаржы бөлінді.
Шын мәнісінде, Өзбекстан АҚШ көмегімен Ауғанстанмен шекаралас Әмудария
бөлігінде флот тұрғыза бастады. Бұл үшін американдықтар Украинадағы Гюрза
типіндегі брондалған катерге тапсырысқа 10 млн доллар бөлді. Алғашқы
катерлер 2004 жылы тұрғызылды. Соныменбірге АҚШ бұрынғы Ханабаде мен
Көкайды кеңестік базаларын жаңашаландырды. Бұл жоба $500 млн-ға бағаланды.
Жалпы 2001-2002жылдары АҚШ Өзбекстанға әскери базаларды жалға алудың
төлемімен қоса 215 млн доллар көлемінде әскери көмек көрсетті.[43]
Дипломатиялық және әскери-дипломатиялық байланыстар белсендене түсті,
мысалы, 2002 жылы тамызда Өзбекстанда екі жоғарғы лауазымды американдық
әскери басшы – Штабтар басшылары комитетінің төрағасының орынбасары генерал
П. Пэйс және Орталық басшылық басқарушысы генерал Т. Фрэнкс болып қайтты.
2002 жылы наурызда Вашингтон Ташкентке көмектің үш есе үлкейетінін
жариялады: ол жылына 160млн долларды құрады. Одан басқа Өзбекстанның кіші
мекемелеріне американдық тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға 55
млн доллар несие беру туралы келісімшартқа қол қойылды.
Өзінің Орталық Азиядағы қатысуын кеңейте отырып, американдық әскерилер
Өзбекстанда өзбек армиясының сержанттық құрамын тағайындайтын біршама оқу
орындарын ашты. 2001 жылы американдық қарулы күштер бөлімшелері өзбек
қарулы күштерімен бірлескен бірқатар оқу-жаттығуларды өткізді. 2001 жылы
АҚШ пен Өзбекстанның әскери ынтымақтастығының бюджеті 3 млн доллардан
астам қаржыны құрады.
Осылайша, АҚШ-тың көз алдында Өзбекстан авторитарлы диктатормен
басқарылатын изгой мемлекеттен халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі
Американың маңызды одақтасына айналды. 2002ж қаңтарда жаңа стратегиялық
одақ нақты шаралармен бекітіледі: Өзбекстан аумағында жаңа үш әскери база
пайда болады, оларды Пентагонда операциялық тірек нүктелері деп атады.
2002 жылы басында АҚШ Конгресі сенатының Өзбекстанға сапары болып
өтті. Бұл сапар АҚШ-тың сыртқы саяси белсенділігіндегі ерекше қадамға
айналды, өйткені өкілдердің 10%-н қарулы күштер, халықаралық қатынастар мен
барлау комитеттерінің мүшелері құрады. Сенаторлар Дж. Либерман(сайлауларда
Гормен бірге президент орынбасары лауазымына үміткер болған) және Д.
Маккейн Штаттарға өзінің әуежайларын ұсынғаны үшін Өзбекстанға алғыстарын
білдірді. Американдық сенаторлар Орталық Азияны стратегиялық, экономикалық
әне саяси тұрғыдан әлемдегі ең маңызды аймақтардың бірі деп көрсетті.
Өзбекстанға қатысты айтатын болсақ, Либерман Ташкентке дос мемлекет ретінде
қарайтын болатынын(ДВҚ бойынша көмек) білдірді. Сонымен бірге американдық
сенаторлар адам құқықтары тақарыбының әрі қарай да американдық-өзбек
қатынастарында жалғасатынын танытты.
2002 жылы наурызының басында Өзбекстанға американдық Конгрестің тағы
да бір делегациясы келді. Бұл оқиғалар Кәрімовтың Вашингтонға сапарының
алдында орын алған еді. Конгресмендер Өзбекстандағы адам құқығы тақырыбын
қозағамай, мемлекетке берілетін американдық әскери және қаржылық көмекке
назарын аударды. Жалпы американдық парламентариилер Ауғанстандағы іс-
қимылдар үшін Орталық Азияға берілетін көмектің стратегиялық маңыздылығын
атап көрсетті. Ақпанның соңында АҚШ-тың Қоғамдық байланыстар бойынша
орталық басшылығының директоры адмирал К. Куигли мен Штабтар басшыларының
бірлескен комитетінің төрағасы генерал Р. Майерс Манаста өткен пресс-
конференцияда бұл базадағы американдық күштер өсірілетіндігін
жариялады.[44]
2002 жылы наурызда бұл одақ келісімшартпен бекітіледі: АҚШ пен
Өзбекстан Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық негіздері туралы
декларацияға қол қойды. Сонымен қатар американдық конгресс Өзбекстанға 161
млн доллар көлемінде көмек бөлді, ал әкімшілік 55 млн доллар көлеміндегі
несиемен қамтамасыз етті. Бірақ амреикандық конгресмен АҚШ-тың адам
құқытары бойынша ұстанымынан бас тартпайды деп көрсетті. Сол уақытта
Кәрімов американдықтармен қарым-қатынас әдісін таңдауда шешім қабылдайды:
оның антиресейлік сипаттағы шулы риторикалық мәлімдемелері, лаңкестікке
қарсы стратегиялық серіктес ретіндегі мығым мәртебесі және аймақтағы
американдық қатысу кепілі болуы адам құқықтары саласындағы сынауларға назар
аудармай, саясат пен экономикадағы қатаң саясатын одан ары жалғастыра
беруге мүмкіндік беретініне көзі жетті.
Сонымен бірге Өзбекстан американдық көмекті алуын жалғастыра берді.
2003ж түрлі агенттіктер бойынша берілген көмек 86 млн долларды құрады, оның
үлкен бөлігі(30 млн доллардан астам) тәртіп сақтау күштерін нығайтуға
бағытталған. Американдық сараптамашылардың атап айтқанда, Марта Олкотттың
Ташкентке оның репрессивті аппаратын күшейтуге көмектеспеу қажет деген
сөздеріне қарамастан, бұл саладағы көмек өсе берді. АҚШ-тың Халықаралық
ынтымақтастық бойынша агенттігінің директоры Телма Аски әкімшіліктің
ұстанымын Өзбекстан лаңкестікке қарсы күресте күшті одақтас болып табылады,
бұл орайдағы АҚШ мақсаты қатынастарды экономика саласында да кеңейту деп
жариялау арқылы дұрыс бағалады. Сонымен қатар Вашингтон Өзбекстанды ДВҚ
және Дүниежүзілік банк арқылы да қолдап отырды.[45]
Осылайша, 11 оқиғасының ықпалы есебінен Өзбекстан Вашингтонның
аймақтағы артылыққа ие одақтасы мәртебесін нығайтуға, АҚШ-тың республикаға
өскен қызығушылығын оның қауіпсіздігінің кепілдемелерін кеңейтуге,
экономикалық мәселелерді шешуге және исламистер топтарын бейтараптандыру
үшін пайдалануға тырысты. Өзбекстан басшысының көзқарасы бойынша, Өзбек
мемлекетінің тек Орталық Азияда ғана емес, сондай-ақ Оңтүстік Азияда да
төреші болуына мүмкіндік беретін елдің бүкіл аймақтағы ықпалын нығайтатын
нағыз шарттар қалыптасты.
Сонымен бірге Ақ Үйдің қолында өзінің сараптамалық құрылымдары жағынан
белгілі және нақты ақпарат болды, яғни И. Кәрімов режимі Орталық Азиядағы
АҚШ-тың қауіпсіздігіне қауіпті тудыруы мүмкін дегенге негізделді. Атап
айтқанда, мәлімдемелердің бірінде оның мұсылмандарға қатысты қатаң
қудалаулары Өзбекстандағы исламдық экстремизмді баспай, керісінше тарауына
ықпал етуде, ал тығырықты экономикалық саясат елдің оқшаулануына және
кедейленуіне әкеледі деп жазылды.
Осы стратегиялық орталықтар Дж. Буш әкімшілігіне әскери-саяси
ынтымақтастықтың жалғасуын демократиялық реформаларды іске асырумен
байланыстыру керек деп кеңес берді. Осы мемлекеттердің аумақтарында
құрылған әскери базалар қаншалықты маңызды болса да, АҚШ Орталық Азияның
уақыт өте келе келесі Ауғанстанға айналып кетпеуіне шаралар жасауда.
Бұл уақытқа қарай Өзбекстандағы оның тәуелсіз мемлекетке айналғаннан
бергі американдық инвестициялар 500 млн долларды құрады. Алайда американдық
тәтті тоқаш кейде ғана жеуге болатындай көрінді. Ташкенттің Ауғанстандағы
іс-қимылдарды қолдағаны үшін ірі қаржылық пайдаларға үміттенуі толығымен
ақталған жоқ. Американдық көмектің құндылығы оның шынайы ақшамен емес,
өзбектерге аса қажетті емес тауарлар мен қызмет көрсетулер арқылы
берілуімен біршама деңгейде төмендеді. Көптеген бағдарламалар тиімді
болмады, тек насихаттық сипатнында болды.
Бірақ Ташкенттің әуежайларды жалға бергені үшін мардымды ақша сомасын
алу үміттерінің ақталмауы ең үлкен қайғы болды. Кейбір мәліметтер бойынша,
И. Кәрімовтың АҚШ-тағы келіссөздерінің барысында оған тауарлар мен қызмет
көрсетулермен қоса, Боинг компаниясының екі аэробусының лизингі
көлеміндегі 55 млн доллар беру уәде етілді. Американдық жақ та белгілі
себептерге байланысты риза болмады. Шетел инвесторларының валюталық
несиелерін өтеу бойынша өзбектердің өз міндеттемелерін орындамауы,
американдық әскери бөлімшелерге қызмет көрсету бойынша инфрақұрылымдарды
құрудың жоғары бағасы және т.б. мәселелер шешілген жоқ. Американдықтар
талап еткен күрделі сұрақтардың бірі жергілікті валютаның еркін
конвертациялануы мәселесі болып табылды.
Сонымен Ақ Үй И. Кәрімов жүргізіп отырған қатаң ғана емес, қудалаушы
саясат мазмұнындағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттың
сақталуы мемлекеттің тұрақсыздануына әкеледі деген қорытынды жасады.
Сонымен бірге И. Кәрімов Батыс жіберіп отыратын режимді либерализациялау
қажеттілігі туралы хабарламаларды да ескермеді.[46]
Осылайша, АҚШ И. Кәрімов режимінің модернизациялау мен
либерализациялауға келмейтінін мойындады. Өзбекстандағы лаңкестік оқиғалар
АҚШ үшін И. Кәрімовтың бұрынғы бағытын ауыстырмайтындығының сәтті дәлелі
болып табылды. Лаңкестік оқиғалардан кейінгі американдық және батыстық
ресми баспасөздердің мәлімдемелері өзбек Президентінің ішкі және сыртқы
саясатын сынауға толы болды.
Бұл АҚШ-тың И. Кәрімовке саяси талаптарының астарында шын мәнісінде
оның экономикалық саясатына риза болмаушылық жатты, оны американдықтар
тиімсіз және елді дағдарысқа әкеледі деп санады. Ал ол уақытта И. Кәрімов
АҚШ-пен қатынастарды бұзудың барлық шараларын жасады. 2003ж соңында – 2004ж
басында Өзбекстаннан Сорос қоры шығарылды, ал оппозициялық партиялармен
байланыс орнатқан екі американдық Ұлттық халықаралық қатынастар
демократиялық институтына және Халықаралық республикалық институтқа Әділет
министрлігі ескерту жасады.
2004ж ақпанда Өзбекстанға оны коалицияның шешуші мүшесі деп атаушы
АҚШ Қорғаныс министрі Д. Рамсфельд келді. Бірақ мұндай мәлімдемелер өзбек
басшылығына бұрынғыдай әсер еткен жоқ. Бір күн өтпей-ақ мемлекеттік
департамент Кәрімов режиміне қатаң бағалау берген адам құқықтары бойынша
мәлімдеме жариялады. Сосын американдық конгресс Ташкентке жіберілетін
көмекті 18 млн долларға қысқартты. 2004ж наурыздың соңы – сәуірдің
басындағы бомбылаудан кейін АҚШ пен Өзбекстан қатынастары одан ары нашарлай
түсті.[47]
Вашингтонның Кәрімовты Әндіжандағы оқиғалар кезіндегі қатаңдылығын
шектеулі түрде сынағанына қарамастан, АҚШ басшылары И.Кәрімовтың билік
басында қалуы туралы біршама қорытындылар жасаған болатын. 2004ж басында-ақ
Ақ Үйде Ташкентке ішкі саяси бағытты түбегейлі либерализацияға бұру үшін
2006ж дейін уақыт берген болатын. Кәрімовтың мұны іске асырғысы келмейтіні
анықталған соң, 2005ж ақпанынан бастап американдық арнайы қызмет пен
Исламабадтағы өзбек оппозициясы арасында құпия байланыстар орнай бастады.
Жалпы Өзбекстанға қатысты американдық стратегия біршама қарама-
қайшылықтарға толы болды. Ташкентті Орталық Азиядағы маңызды тірегі ретінде
қарастыра отырып, АҚШ әдістемелік(демократизация, адам құқықтары) және
стратегиялық(режимнің қудалаушы саясаты негізіндегі радикалды және
исламистік көңіл-күйлердің өсуінен қорқыныш) көзқарастар тұрғысынан
Кәрімовты сынауға мәжбүр болды. Бұл басты қарама-қайшылық 2004ж наурыздың
соңы мен сәуірдің басындағы лаңкестік оқиғалар кезінде айқын көрінді. Батыс
И. Кәрімовты өз саясаты арқылы елдегі әлеуметтік наразылықты тудыруымен
айыптады.
2005 ж мамырдағы Әндіжан оқиғаларынан кейін, әсіресе ШЫҰ-ның Астана
саммитінен кейін өзбек-американдық қатынастар тоқырау жағдайына келіп
тірелді. Ташкент Бишкек жасағандай, тек декларация жариялаумен шектелмей,
АҚШ-ты Ханабадтағы базаны жабуға мәжбүрледі, бұл оқиға 2005ж қарашаның
аяғында орын алды. Өз жағынан Вашингтон Әндіжан оқиғаларына байланысты адам
құқытарының бұзылуы және елдегі жалпы жағдайдың нашарлауымен Өзбекстанға
қысым жасауды тоқтатпады.[48]
Қазіргі кезде екіжақты қатынастар Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет
ретінде өмір сүргеннен бері ең төмен деңгейде сақталуда. АҚШ-тың И.
Кәрімовты орнынан түсіру үшін шаралар жасауы да жоққа шығарылмайды. Сонымен
бірге И. Кәрімов өзінің режимін либерализациялау бойынша Батыс талаптарын
қабылдаса, АҚШ-пен жақындасуға мүмкіндік табылады.

3. Америка қауіпсіздік контекстіндегі Орталық Азия және аймақтағы АҚШ-тың
экономикалық әскери-саяси мүдделері.

Орталық Азия аймағы осы күнге дейін дипломаттар, саясаттанушылар,
әскерилер және экономистердің тарапынан үлкен қызығушылық танытуын
жалғастыруда. Кеңестік кезеңде бұл аймақ Кеңестік Орталық Азия және
Қазақстан деп аталып, бөлініп қарастырылған болатын. Кеңестер Одағының
ыдырауы, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан және Тәжікстан
республикалары басшылықтарының абыржушылығын тудырды. Бұның басты себебі,
Ресейде билік басына келген сол кездегі жаңа демократтар аталған
республикалардан оқшаулану саясатын ұстанып, батыстық экономикалық, саяси
және өркениеттік кеңістікке енуге бағыт алған болатын. Орталық Азия
республикалары саяси жетекшіліктерінің алдында өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ету, экономикалық және саяси мүдделерді анықтап оларды қорғау
мәселесі тұрды. Орталық Азия елдерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ-тың ОА аймағындағы сыртқы саясатын кешенді зерттеу
Американың Үнді - Тынық мұхиты стратегиясымен байланысы
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастары (1991-2007 жж.)
Испан-американ соғыстары
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Қазақстанның саясаты
Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)
Геосаяси жағдай
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу
Пәндер