Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ете отырып, саналы, тәрбиелі, білімді азамат етіп қалыптастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ
1.1 Балабақша тарихы ... ... ... ... 5
1.2 Мектепке дейінгі мекеменің дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдар ... .7

ІІ ТАРАУ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Балабақшада оқытудың әдіс.тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары ... ... .11
2.3 Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы ... ... .26

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ..33
1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі мекемелер отбасымен қатар 1 жастан 6 жаска дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың олардың дене және психологиялық денсаулығын қорғауды, дамуында ауытқушылығы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды, оған мұқтаж балаларға қажетті тузету жасауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулык сақтауды басқару, орындары мектепке дейінгі мекемелер мен отбасына қажетті әдістемелік және конституциялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.
4. 5-6 жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндеті және ол отбасында мектепке дейінгі мекемеде жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік ұйымдарда тегін жасалады-деп тұжырымдалған.
Жоғарыда айтылған негізгі – көкейтесті мәселелерді отбасында, балабақшада жүзеге асыру үшін келешекте кезек күттірмейтін іс- шаралар ұйымдастырылуы шарт.
Атап айтқанда:
- Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты сақтай отырып, ата-аналармен жұмысты жандандыру;
- Мектепке дейінгі ұыймдардағы тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту;
- Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық сана және азаматтық құндылықтар, ғылыми жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастырып [2]
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2008 жыл, 6 ақпан Астана.
2. З.Еденбаева « Мектепалды балалардың отбасында және балабақшада байланыстырып сөйлеу тілін дамыту». Білім. Алматы № 2, 2001 жыл. 41-42б.
3. С.Бәтібаева «Балабақша тарихынан». Бастауыш мектеп № 10, қазан 2005жыл 22-25 б.
4. С.Бәтібаева «Қазақ балабақшасының ғалым ұстазы». Қазақстан мектебі № 10, қазан 2006 жыл 3-5 б.
5. Қ.Меңдаяқова «Балабақша мәселелерінің зерттеулеріне шолу». Қазақстан мектебі № 9,қыркүйек 2007 жыл 29-30б.
6. А.Тәуекелова «Балабақшадағы дала тәрбиесі». Бала тәрбиесі № 6 маусым, 2009 жыл 3-4 б.
7. К.Жантаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелігі». Бала тәрбиесі № 12 желтоқсан, 2009 жыл 2-6 б.
8. Х.Ахметова «Балабақшада оқытудың әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары». Бала тәрбиесі № 6 маусым, 2009 жыл 7б.
9. Ә.Әмірова «Сауат ашу және жазу». Әдістемелік құрал – Алматы 2005жыл.
10. Қ.Меңдаяқова «Балабақшадағы тіл дамытудың педагогикалық негіздері». Ұлағат № 3 мамыр, маусым 2008жыл 119-125б.
11. Ф.Н. Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика». Астана, 2008ж.
12.Ә.С. Кемен, М.И.Есенова, Л.У.Жадраева «Кіші жастағы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемесі және оны ұйымдастыру» әдістемелік құрал. Астана, 2004ж.
13.Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика». Алматы, 2002ж.
14.К.Ж.Каракулов «Педагогика». Шымкент, 2008ж.
15.Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова «Педагогика». Алматы, 2004ж.
16.А.В. Петровский «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы». Алматы, 1987ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ТАРАУ
1. Балабақша
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .5
2. Мектепке дейінгі мекеменің дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдар ... .7

ІІ ТАРАУ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ..9
2.2 Балабақшада оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану
жолдары ... ... .11
2.3 Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойынның маңызы ... ... .26

ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .33

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі:
1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде
жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі мекемелер отбасымен қатар 1 жастан 6 жаска дейінгі
балаларды тәрбиелеу мен оқытудың олардың дене және психологиялық
денсаулығын қорғауды, дамуында ауытқушылығы бар балалардың жеке
қабілеттерін дамытуды, оған мұқтаж балаларға қажетті тузету жасауды
жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулык сақтауды басқару, орындары
мектепке дейінгі мекемелер мен отбасына қажетті әдістемелік және
конституциялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.
4. 5-6 жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндеті және ол
отбасында мектепке дейінгі мекемеде жалпы білім беру бағдарламаларының
шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік ұйымдарда тегін жасалады-
деп тұжырымдалған.
Жоғарыда айтылған негізгі – көкейтесті мәселелерді отбасында, балабақшада
жүзеге асыру үшін келешекте кезек күттірмейтін іс- шаралар ұйымдастырылуы
шарт.
Атап айтқанда:
- Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты
сақтай отырып, ата-аналармен жұмысты жандандыру;
- Мектепке дейінгі ұыймдардағы тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту;
- Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық сана және азаматтық
құндылықтар, ғылыми жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастырып
[2]
Зерттеудің мақсаты: Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ете
отырып, саналы, тәрбиелі, білімді азамат етіп қалыптастыру.
Зертеудің міндеті: Балаларды білім алуға еңбек етуге, отан суйгіштікке
тәрбиелеуді қарастыру.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі мекемелердің ерекшеліктері.
Зертеудің обьектісі: Мектепке дейінгі мекеме.
Зертеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттер, оқулықтарды, сараптау,
бақылау, әңгімелесу, түсіндіру, баспасөз жиынтығы, озат тәрбиелеуді
қолдану.
Курстың жумыстың құрылымы: Кіріспеден екі бөлімнен қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен турады.

І ТАРАУ
1.1 Балабақша тарихы
Балабақшаның алғаш дүниеге келуі шет елдерде ағылшын педагогы Роберт
Оуэннің (1771-1858) есімімен байланысты. Ол 1802жылы пролетариат
балабақшаларында қоғамдық тәрбие беретін мектеп-балабақша ашып, қоғамдық
тәрбие ғана жан-жақты дамыған адамды қалытастыруға мүмкіндік береді деп
тұжырымдаған. Кейіннен неміс педагогы Фридрих Фребель 1837 жылы мектепке
дейінгі мекеме ұйымдастырып, оны балабақша деп атаған.
Осындай шетелдік тәжірибелердің арқасында Ресейде XIX ғасырдың 60
жылдары төлем ақылы, жеке адамның меншігіндегі ең алғашқы балабақша-лар
дүниеге келе бастаған.
Ең бірінші балабақша 1859 жылы Гельсингфорста (Седмиградский), екішісі
1863 жылы Петербургте Петербург университетінің профессоры
С.А.Люгебильдің жұбайы ашқан), үшіншісі - 1863 жылы Гельсингфорста,
төртішісі-1866 жылы Петербургте Детский сад журналының редакторы
А.С.Симонович ашқан.
Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие жүйесі көптеген сын пікірлерге
ұшырағандықтан, басқа балабақшалар өздігінше ізденіс жасап К.Д.Ушинский
Л.Н.Толстойдың ой-пікірлерін, көзқарастарына сүйене жұмыс жасаған. Мысалы:
1863-1869 жылдар аралығындағы С.Люгебиль, А.С.Симоновичтің балабақшаларында
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру кезінде уақыт мөлше-ріне ешбір шек қойылмай,
баланың дербес әрекетіне, сүйікті ісімен шұғылда-нуына мүмкіндік жасап,
жылы кезде ойынды таза ауада өткізіп, жыл мезгілі-не байланысты тәрбие
жұмысы мазмұнына өзгерістер енгізіліп отырған. Сонымен қатар ата-аналармен
жұмыс жүргізіп, балабақшаға шақырып, бала шұғылданатын іс - әрекеттерімен
таныстыру, баланы тәрбиелеу жайында кеңестер бере отырып, әр баланың
дамуын, қабілетін тәртібін бақылап, қолжеткен табыстарды жазып отырған.
[10]
А.С.Симонович, К.Д.Ушинскийдің ой-пікірлеріне сүйене отырып, тео-
риялық педагогика баланың физиологиялық және психологиялық дамуын
зерттеуден қалыптастырды. Үйрету, оқыту-тәрбиенің ең басты құралы. Баланы
сәбилік шағынан үйретіп оқытса, оның ақыл-ойы, адамгершілік сана-сезімі,
қарапайым білім дағдылары соғұрлым ерте қалып-тасады, сол себепті үйрету,
оқыту мен тәрбиелеу үрдісі біртұтас болу керек- деп уағыздаған.
1866-1870 жылдары Воронеж, Иркутск, Москва, Петербург, Тбилисиде
меншікті төлем ақылы балабақшалар ашылған.
Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке оқуға даярлау ісін алғаш жолға
қойған балабақшалар да болған. Мәселен, 1869 жылы Иркутскіде, Москвда (В №
Соловьева), 1872 жылы Тулада (Е.П.Смидович) балабақша-мектеп тәріздес
ашылған балабақшаларда тәрбие жұмысын ойынмен аяқталатын сауат ашу , жазу,
сурет салу, мүсіндеу, ән айту, шет тілдерін үйрету, тәрбие жұмыстары мен
мектепке даярлау істері жүзеге асырылған.
Ресейде 1866 жылы Петроград жұмысшы әйелдердің балалары үшін
Арзан пәтер қоғамының жанынан қайырымдылық қорымен тұңғыш рет тегін
балабақша ашылған. Онда балалар киімін тігетін шеберхана, асхана, кір
жуатын орын болған.
Қазақстан Республикасында қоғамдық тәрбие беретін тұңғыш балалар алаңы
Верныйда (Алматы) 1917 жылы 1-мамыр күні ашылып, жүзге тарта бала
қабылданған. Бұл балалар алаңын О.Д.Мухля, Е.А.Минский, А.А.Хариналар
қиындықтарды жеңе отырып, ойыншықтармен қамтамасыз етіп, алғашқы кезеңде
еңбекақысыз жұмыс істеп, нағыз педагогтік үлгілі іс-тер атқарған.
1919 жылы Торғай губерниясында отыз жеті балалар алаңы ашылып, онда
мыңға жуық тұрғылықты халық балалары тәрбиеленді. Осы жылы Орынбор
қаласында мектепке дейінгі Сәрсенов атындағы балалар үйі ашы-лып 1926 жылы
бұл балалар үйі таратылған.
1920 жылы Ақмолада М.В.Покровский басшылығымен 3 балалар алаңы және
қазақ балаларына арналған бірінші балабақша ашылып, онда 35 бала
тәрбиеленген.
1921 жылы Семей қаласында 5 балалар алаңы ашылып, оның біреуі қазақ
тілінде жұмыс жасаған. Осындай игі істер республикада дами бастап, 1920-
1923 жылдары қазақ балалары алңы мен балабақша саны 90-ға жетсе, 1930-1937
жылдар аралығында 7502 баланы қамтыған 239 маусымдық балабақша оған қоса
1231 бала тәрбиеленген 37 тұрақты қазақ балабақшалары болған.
Сұрапыл соғыс жылдары қазақ тілінде 21 балабақша жұмыс жасаған. Со-ғыстан
кейінгі жылдары 89 қазақ балабақша жұмыс жасап, оның 50-і Шым-кент
облысында ұйымдастырылған. Сөйтіп, қазақ тілінде мектепке дейінгі мекемелер
саны өсіп, 1978 жылы 535 ясли-балабақшада 26122 бала тәрбие-ленген, 1986
жылдары – 990 қазақ балабақшаларында 65 мыңнан астам бала тәрбиеленген.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңына сәйкес (16бап) сәйкес
қазақ тілді балабақшалардың өміршеңдік құқығы жоғары болуға тиіс еді, бі-
рақ жылдан-жылға азайып,2001 жылы 280 ғана балабақша қалып, онда 19 959
бала тәрбиеленді. [3]

1.2 Мектепке дейінгі мекеменің дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдар

Бұрын біде - бір қазақ балабақшасы болмаған Алматы қаласында
Б.Баймұратқызының тікелей мәселе көтеріп, сұраныс жасауымен ал-ғашқы
балабақшалар дүниеге келе бастады. Қазақ балабақшаларының ашылуына белсене
атсалысқан ақын - жазушылар Шона Смаханұлы, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев,
Әнуар Дүйсенбиевтер, Б.Баймұратқызы қөтерген аса маңызды мәселені толық
ниетпен құптап зерттеген ғалымдар.
Қазақстан Республикасында аса қиындықпен шаңырақ көтерген қазақ
балабақшаларының тартыспен дүниеге келгендігіне тарихи дамуына
Б.Баймұратқызының адал да қажымай еңбек етуінің айғағы екенін сөзсіз. Сол
себепті біз апайды қазақ тілді балабақшалардың тұңғыш негізін қалаған,
мектепке дейінгі тәрбиенің педагогика саласында тұңғыш рет қалыптасуына
ықпал жасаған педагог-ғалым. [4]
Р.Жұмағожина Ұлы Отан жылдарындағы балабақшалардың дамуы (1941-
1945ж.ж) тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді. Ал, 1981 жылы Ауыз әдебиеті
үлгілерін балалар бақшасында пайдалану көмекші құралы жарық көрді. Автор
ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалануда тәрбиешілердің
атқаратын жұмыстарына тоқталған. Ертегі түрлерінің балабақша
бағдарламасында сабақта өткізсе, күннің жартысында Ойыншықтармен ойын
көрсету (қуыршақ театры), Көлеңке театры, Ертегіні драмалау және т.б.
арқылы баланың тілін дамытуға болатынын, немесе үнтаспаға жазылған және
көркемсөз шеңберлерінің оқыған ертегіле-рін тыңдату ұсынылды.
Р.Жұмағожина - мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуына өзіндік
үлесін қосқандарының бірі.
Профессор А.Меңжанова Балаларды көкем шығарма туындылары арқылы
адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу (1991) монографиясында мектеп жасына
дейінгі балаларды әдеби шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу
мәселелеріне қарай таңдап пайдалану ұстанымдары және оларды тәрбие
жұмысында қолдану жолдары жөнінде ғылыми тұжырымдар берілген.
1992 жылы профессор А.Меңжанованың Мектепке дейінгі педагогика деп
талатын жоғары және арнайы кәсіптік білім беретін оқу орындарында арналған
оқу құралы жарық көрді. Тағы осы сияқты ғалым - ұстаздарымыз-дың еңбектері
орасан зор. [5]

II ТАРАУ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелігі.
Жаңа қоғамның ертеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың
нәрестелік шағынан бастайды, үздіксіз ұдайы даму барысында қалыптасады.
Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен мін-деттер жүктейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалып -
тастырудың білім, біліктерін жетілдірудің әлеуметтік мәні зор.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл - әрекеті ойын. Сондықтан
оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев ойын ойнап, ән
салмай өсер бала бола ма? - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі балалар-дың жеке басының дамуына,
тілінің дамуына, сауатының ашылуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
Өйткені баланы нәресте шағы-нан бастап адалдыққа, батылдыққа,
мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы-ойын. Болашақ қоғамның
тағдыры да осы бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да,
ілгері апарушы да осы балалар.
Тәрбиенің сан алуан кепепі мәселесін шешетін қарапайым дағдыларды бала
санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы –балабақша.
Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы
қалыптасуын қамтамасыз ету. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптас-
тыруға, өз қызметін білуге оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге,
жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.
Балабақшаның әр тобы күн кестесімен жұмыс жасайды. [ 6 ]
Балаларды оқуға дайындау балалық шақтың барлық кезеңіне қарамас-тан
мектеп жасына дейінгі бүлдіршінді мектепке даярлау жүйесінде ерекше орын
алады. Ол мектепке дейінгі балалықты аяқтап, мектепте оқудың баспал-дағында
тұрады.
Демек, мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау әрекетін дамытып,
білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана үйрету қажеттігі
туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы мектеп жасына дейінгі балалар- дың
танымдық әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Сондықтан
да мектеп жасына дейінгі балалардың ой - өрісін, білім, дағды деңгейлерін
кеңейту, оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруымыз қажет-ақ.
Оқу және танымдық әрекеттерді қалыптастыру мектеп жасына дейінгі
балалардың жеке тұлғасын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі болып табы-
лады. Осы жаста баланың психикалық дайындыққа және дене дамуының негіздері
басталады, сондай-ақ алғашқы икемділіктері мен қабілеттері қалып-тасады.
Мектепке дейінгі жас кезеңі өзіндік ерекшелікпен сипатталады, өйт-
кені осы жас аралығында бала өзіндік тұлға ретінде қалыптасады. Бұл
жөнінде ғалымдар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.Б.Усова, В.В.Запорожец және
т.б. зерттеулері мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекеті, танымдық
әрекеті, сөзі, баланың әлеуметтік тәжірибені игеру үрдісінде қалыптасатынын
көрсетеді.
Қазіргі мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетке
қызығушылықтары мен ынта - ықыластарын қалыптастыру арқылы олардың
белсенділігін а рттыру маңызды. Мәселен Л.С.Выготский ол туралы былай
деген: Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның
бұл әрекетке дайын екенін білу үшін барлық күш жігерін салатынын және бала
өзі қимылдайтынын, ал тәрбиеші болса, тек сол әрекетті басқарып, бағыттап
отыруы керек .
Таным мен оқу арасындағы жалпы ортақтастық көп. Бала қоршаған дүниені
тану арқылы дамиды, кемелденеді.
Мектеп жасына дейінгі оқыту ментәрбие теориясын дамытуға Швейца-
рияның аса көрнект педагог - демокрит И.Г.Пестолоцци мектеп жасына
дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін дамытудағы тәрбиешінің рөлін
ерекше атап көрсетті. Баланың әрбір сөзі, әрбір әрекет і – деп жазды
Пестолоцци,- бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой - өрісінің
жемісі. Осы пікірге сүйене отырып, ол баланың танымдық әрекетін дамытуға
әсер ететін оқытудың эвристикалық бақылау әдістемесін жасайды.
Пестолоццидің жұмыстарында мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың
Сипаты жеткілікті түрде көрінеді. Ол оқытуда жаттығу, бақылау арқылы
баланы жан-жақты дамыту, дұрыс, айқын түсініктерін қалыптастыру тәрізді
ортақ мақсаттар қоя отырып, Я.А.Коменский сияқты ол да баланың ұйым-дасқан
болуы қажеттігін баса көрсетті.
Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұра-сын,
дағды тәжәрибесін береді. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана бала ой мен
дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүм-
кіндік алады. Тәрбиеші баланың жаңа білімді қабылдауына, бұрынғы өзінде бар
біліммен байланыстыруына, ой қорытындысына дұрыс тұжырым жасауына
көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі оқыту әдістемелік жақтан балалардың жас ерек-
шеліктері мен міндеттерді ескере отырып, жете зерттеген дидактикалық
материалдар мен құралдарды пайдаланумен ерекшеленеді.
Ғалым Ф.Фребельдің дидактикасына тән ерекшелік – балалардың тұтас тобымен
сабақ түрінде тәрбиеші жүргізетін тікелей оқыту болып табылады. Ол
балалардың ерекшелігін, қажеттілігін ескеріп, ойын формасы арқылы ойлауға
үйрететін ойын - сабақты ұсынды.
Оқу әрекеті – балалардың негізгі әрекеті болып табылады. Ол өте күрделі
құбылыс. Оқыту үрдісінде балаларда оқу жұмысы – баланың ақыл – ойы жұмысын
белгілі бағытқа жұмсау қабілетін жасау және онымен байланысты тыңдау, есту,
қарау, көру, қабылдау және тну үрдістері қалыптасады. [ 7]

2.2 Балабақшада оқытудың әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары.

Қазіргі кезде білім беру саласында әлемдік білім кеңестігіне бағытталған
қайта құру қалыптасуда. Оқыту әдісі дидактикалық негізгі бір құрамды бөлігі
және оның мақсаты, мазмұнды әдістері және ұйымдастырудың формаларының
біртұтастығы болып табылады. Әдіс деген сөз гректің метотос деген
сөзінен шыққан. Метод деген ұғым – белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа
жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Әдіс - дәл, жалпы мағынасында
мақсатқа жету, іс - әрекетті нақты ретке келтіру тәсілдері.
Біздің балабақшада әдістемелік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылған-дығынан,
тәрбиешілер жоспарда көрсете отырып, сабақтарын қызықты, ұтымды өткізіп,
балалардың тілін, ақыл – ойын танымдық қабілеттерін дамытуда. Олар
сабақта әртүрлі әдістерді: әңгімелеу, көрсету, әңгіме, кітап-пен жұмыс
әдістері сөздік әдістері, практикалық, проблемалық, көрнекілік, көркем
әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдістері т.б. пайдалануда әдістемелік
кеңес кезінде тәрбиешілерге әдістердің түрлерін білуіне және өз
жұмыстарында оларды пайдалану үшін Монтессори, Глена Домана, Никитин,
Зайцев, Глюшинский, Тюленева, Воскабович, Санатал әдістерінен кеңес
берілді.
Атап айтсақ, Монтессори –саусақ санау арқылы, моншақтарды тізу, орна-
ластыру, саусақ қимылдарын дамыту.
Глен Домана –жан- жануарлар туралы әңгіме жүргізу арқылы танымын, сөздік
қорын дамыту.
Никитин – тапсырмаларды алдын – ала дайындау.
Зайцер - әртүрлі фигураларды саусақ қимылдарын келтіре отырып, дыбыс
шығару, саусақ қимылдарын дамыту.
Бұл әдістеме мектепке дейінгі баланы оқуға және есептеуге жеделдетіп
үйретуге арналған, мұның тиімділігі баланың психофизиологиялық ерекше-
ліктерін ескеруі. Әдістеме әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруді, оның
талабын, мүдделерін және қабілеттерін ескеруге көзделген. Зайцев әдістемесі
бойынша бала оқуды 2-3 жастан үйренеді. Бұл жастағы бала оқытудың ойын
түрін тез меңгереді.
Глюшинский - еңбекке, суретке, бейімдеу, қылқаламды дұрыс ұстауға үйрету.

Тюленева –бала өзінің жеткен жетістігін сезіну, табиғат құбылыстарын
белгілеуге үйрету.
Воскабович –кубиктерді санау, фигураларды білу.
Санатал - өлең айту, ырғақты қимыл көрсету.
Осы әдіс түрлерімен жеке танысып оқып – үйретіп, тәрбиешілер өздері-не
әдістемелік құрал ретінде пайдаланады. Қорыта келгенде, оқыту жұмысы-ның
нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуіне
тәрбиешінің іскерлігіне, біліміне, сабақ құрылымын жасай білуіне байланысты
болмақ. [8]
Қазақстанның өз алдына шаңырақ көтеріп, тәуелсіз ел атануы саяси –
ээкономикалық, мәдени өмірін жаңарту бағытында түбегейлі жаңартулар
енгізуді талап етті. Осыған орай, мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеу, білім беру жұмысын іске асыру мәселесін отбасы мен балабақшадан
бастау көзделіп отыр. өйткені ел өміріндегі ұлы өзгерістерді жемісті де
сәтті іске асыру – қоғам болашағына жауап беретін жан – жақты жетілген,
білімді, парасатты жаңа азамат тәрбиелеп өсіруді көздейді. Бұл мәселе –
баланың нәрестелік шағынан, отбасы, балабақша, мектеп болып біріңғай
сабақтастықта біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын ұзақ процесс.
Білім беру саласындағы осы іргелі мемлекеттік саясатта білім беруді бұдан
әрі жетілдіру мен дамытудың басты жолы ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,
баланың жеке адам болып қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақсатан
Ресей үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі болып есептеледі.
Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие білім берудің алғашқы буыны
болғандықтан, аналардың еңбекке, мемлекеттік, әлеуметтік, қоғамдық саяси
істерге араласу міндетін шешеді. Елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың
негізгі типі – бөьекжай – балабақша.
Балалардың мектепке дейінгі жаста әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге
ұмтылысы, қоршаған ортаны танып білуге деген талпынысы, бақылау жасауға,
өздігінен ізденуге әрекет етуі – ол табиғи қалыпты жағдай. әрбір дені сау
бала туылғаннан әр нәрсені зерттеп білуге, ізденушілік белсенділігі басым
болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсінуді, қоршаған ортаны танып білуді
қалайды. [16]
Біртұтас тәрбиелік үрдіс өзара өзекті байланыстағы бірнеше кезеңді
қамтиды. Олар: мектеп жасына дейінгі тәрбие; бастауыш сыныптағы тәрбие;
жеткіншектер тәрбиесі. Бұлардың әрқайсысы үрдістің бір бөлігі болумен
бірге, салыстырмалы дербестікке және баланың жеке басын қалыптастыруда
өзіндік ерекшеліктерге ие. әрбір кезең оның өзіне тән белгілі бір
мазмұнымен, балаларды тәрбиелеу ісіндегі әдістермен, формалармен
сипатталады. Аяқталған әрбір сатыда тәрбиенің өзіндік міндеттері шешіледі,
сонымен бірге келесі сатыда жүзеге асырылуға тиісті міндеттерге мінез -
құлық пен қарым – қатынастың жаңа формаларын табысты меңгеруге,
адамгершіліктің бұрыңғыдан да күрделі формалары мен ережелерін игеруде
мақсатқа негізделген дайындық жұмыстары жүргізілінеді. Бұдан бұрын
игерілгеннің бәрі жинақтала келе байланыстары мен қарым – қатынастарының
жаңа жүйесіне қалады, ол сонымен бірге баланың мінез – құлқының, сана
сезімінің одан әрі дамуына негіз болып табылады.
Адамгершілік тәрбиедегі сабақтастықтың негізі мынада: баланың мектеп
жасына дейінгі кезеңде ие болған мінез – құлық, ересек адамдармен және
құрбы - құрдастармен қарым – қатынас формалары, моральдік білімі, қарым –
қатынасы және сезімі дамуға тиісті жаңа формалардың мінез – құлық, сана,
сезім және қарым – қатынастың негізі болып табылады.
Педагогикалық үрдісте ойынмен оқыту, тәрбие жұмыстарының құралы ретінде
кең пайдаланыалды. Ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қоғамдық тәртіп
машықтарына тәрбиелейді.
Баланың мінез – құлқын қалыптастыруда оның үлкендермен және құрбы –
құрдастарымен қарым – қатынас жүйесі аса үлкен роль атқарады. Балалар
бақшасындағы тәрбиені педагогикалық тұрғыдан жақсы дайындалған қамқор
ананың рөлін атқарады, оның балалармен қарым – қатынасы отбасындағы жүйе
негізінде құралады. Тәрбиедегі байланыстылық педагогтармен қарым – қатынас
сипатының өзгеретіндігіне балалар бақшасында жүріп баланың әзір болуын
керек етеді. Мектеп жасына дейінгі балалар қарым – қатынастағы
шектеушілікпен сабақ кезінде танысады.
Тірбиеші суреттерді, көркем әдеби шығармаларды пайдалана отырып, адамның
өмірі, тұрмысы, еңбегі, өнері жөнінде әңгімелейді, соның негізінде
адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға мүмкіндіктер туады. Балалар
арасында дұрыс қарым – қатынасты тәрбиелеу, тату балалар ұжымын құру –
балабақша педагогының негізгі міндеттерінің бірі.
Тәрбиеші өмірдегі барлық материалдық және рухани байлық үлкен адамдардың
еңбегімен жасалғанын, оны өздері күнделікті өмірде пайдаланып жүргендерін
нақты мысалдар келтіріп түсіндіреді.
Балаларды тәрбиелеуде сөзбен түсіндіру, сендіру, үйрету қажет.
Түсіндіру – мұғалім оқу материялын баяндауда оқушының белсенділігіне,
ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді. Кейбір
ережелердің, ұғымының мәнін ашады. Материалды түсіндіргенде түрлі
құралдарды, есептер шығарады, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар
баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, байымдайды,
дәлелдеуге тырысады.[11]
Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс - әрекетін басқарудың
барлық мүмкіндіктерін пайдалана білсе, онда оқушылардың жаңа материалдарды
қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды.
Мұғалімнің басты міндеті оқушының танымдық, іс - әрекетінің ішкі процесін
сезіну, күдікті және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды
болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыға көмектесу.
Түсіндіру – оқушыларға адамгершілік, эстетикалық, саяси еңбек ұғымдары
туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр тақырыптың материалына
байланысты айтумен қатар арнайы мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм,
гуманизм, ар – намыс, кішіпейілділік, қайырымдылық, ерік – жігер туралы
түсіндіріледі.
Өткізу методикасы тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі
этикалық әңгімелер.
Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоционалды – сөзді әсер ету әдісі.
Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы берілген топқа немесе нысаналы әсер
етуде. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасына,
білім ерекшеліктеріне сүйенеді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін
түсіндірудің қарапайым тәсілдері мен құралдары қолданылады: Былай істеу
керек, Барлығы осылай істейді т.с.с. бұл әдіс мынадай жағдайда
қолданылады:
a) Қылық формасы мен жаңа моральдық сапаны қалыптастыру және бекіту үшін;
b) Болған іске тәрбиеленушінің дұрыс қатынасын орнықтыру үшін;
Балабақша тәжірибесінде түсіндіру адам пихихикасына еніп, іс - әрекеттің
себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететін сендіруге сүйенеді.
Сендіру тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында
пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін
қолданылады.
Түсіндіру – балалардың тәртібіне қойылатын талаптарды, олардың
қажеттілігінің себебін, оны орындаудың жолдарын көрсетеді. Балаларға
түсіндіру, үйрету тікелей нұсқау беру түрінде өтеді. Мысалы: Ойыншықтарды
сындыруға болмайды, себебі ойнайтын ойыншық болмай қалады, Үлкендерді
сыйлау адамгершілік қасиет. Кейде түсіндіру әңгіме түрінде де өтеді.
Әңгімені балаларға таныс өмір фактілерінен бастап, дерексіз түсініктерге,
қорытындыларға, жалпылауыштарға жетелеу керек. Балаларға бірден көптеген
моральдық әрекет жайлы сөз қозғау, мораль тақырыбына мол өсиет айтып,
әңгімелеу зиянды.[14]
Тәрбиешілердің балаларға тілектестік қатынасы, қолдауы және қорытынды
бағасының әділ болуы мақсатқа жету барысында оларды шаттандырып, зейінін,
күшін салуға жұмылдырады, яғни баланың еркі мен жігері кедергіні жеңгенде
ғана дамып, жетіледі. Тәрбиешінің міндеті – балалардың алдына қойған
мақсатын қолдау, оған басшылық ету көмектесу. Балаларды жөнсіз көп мақтау,
артық бағалау артық зиянды ықпал етеді. Бұл кейде балалардың мақтаншақ,
өркөкірек, жалқау болуына әкеп тірейді, әсіресе қабілетті балалардың іс -
әрекетін әділ мақтай отырып, оларға талап пен тапсырманы күшейте түскен
жөн.
Ертегі әңгімелерден, белгілі адамдардың, өмірінен үзінділер оқып, шыншыл
адамды халықтың құрметтейтінін, жақсы көретінін, одан үлгі алатынын,
өтірікшілерді жек көретінін сыйламайтынын айту арқылы шыншылдықтың жақсы
қасиет екеніне көздерін жеткізгені жөн.
Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің пәрменді құралы – халықтың тілі,
мәдениеті мен көркемөнері. Ана тілі – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың
ең қор ақылшысы, ұстазы деп бағалаған. Осы орайда дана Абай: Өнер алды
қызыл тіл деп толғаса, Ғабит Мүсірепов: Тілден биік асқар жоқ, тілден
асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ деп тілдің құдіретін ерекше
бағалаған. Ал кемел жазушы Мұхтар Әуезов: Кімде кім қазіргі уақытта ана
тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам
деп санауға болмайды деген. Ендеше, ерте сәбилік кезеңнен бастап баланы
ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгеріміен сусындату ең маңызды
мәселе. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегілерді, ән, жұмбақ, жаңылтпаш,
мақал – мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен
әсемділігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.
Тіл қатынас құралы ретінде мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс сөйлеуге,
адамдармен қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі
балаларды сөйлеуге үйрету педагогика ғылымының бір саласы. өйткені тәрбиеші
тәрбиенің қайнар бұлағы, тәрбие берудегі басты тұлға. Баланың тілі шыққан
кезде яғни бір сөздің немесе екі сөзді сөйлемдер кезінде бала әр заттың аты
бар екенін түсінеді.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту оқылған әңгіме, ертегілерді,
сюжетті сурет мазмұны, естіген, білгені туралы басқалардың көменгінсіз
өздігінен әңгімелей білуге үйрету. Тәрбиешінің тапсырмасымен немесе өзі
қалаған тақырыпта әңгіме құрау, әңгімелегенде оқиға кейіпкерінің көңіл –
күйі, іс - әрекет ерекшеліктерін келістіре үн ырғағымен айтуға жаттықтыру.
Диалогтық сөйлеу – диалог екі не одан көп адамның әңгімесі. әңгіменің
мақсаты әдетте бір нәрсе жайында сұрап, оған жауап беруге, белгілі – бір
әрекетке түрткі болуға шақыру. Сөйлемнің қыр – сырын жете танымаған мектеп
жасына дейінгі бала сөйлеуді де біле бермейді. Бұл үшін балаларды жеке
хабарлы сөйлемдерді үлгі арқылы практикалық жолмен үйретуді керек етеді.
Ондай сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан құралған жалаң сөйлемдер. Мысалы:
Әсет әнші, Асқар жақсы бала. Аталған сөйлем түрлерін құрастыруды жетілдіру
үшін тәрбиеші тарапынан сұрақтар қойылып, ол сұрақтарға балалар жауаптар
қайтару керек. Яғни тәрбиешінің диалог тәсілі арқылы ондағы сұраулы
сөйлемдерге тікелей жауап болатын хабарлы сөйлемдерді жасатуды жеке алып
қарастырады.
Мысалы:
­ Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани адамгершілік білім беру және тәрбие негіздері
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Тәрбие бастауы - отбасынан
Бастауыш сынып баланың ерекшелігі және оның дамуы
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі
Адамамгершілік сапаларының тұлға дамуындағы рөлі
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Рухани-жаңғыру бағдарламысын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларды руханиадамгершілік және патриоттық тәрбиенің негізі ретінде дәстүрлі құндылықтарға тарту
Пәндер