Атақты жыраулар



1 Шалкиіз Тіленшіұлы Жайық
2 БІРЖАН ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ
Атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Мұсылманша білімі бар Шалкиіз жас кезінен ер жүрек жауынгер, асыл сөз иесі, ақын ретінде танылып, аты ел ішіне кең таралған. Жігіттік кезі Ноғай ордасы – Мұса бидің маңайында өтеді. Үлкен орданың әміршісі Мансұр ұлы Темір бидің, кейін ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, қазақ ханы Хақназар қасында болған. Шалкиіз толғаулары өткір, аз сөзбен нақты, терең айтумен ерекшеленеді. Ұлттық діл, иман, этикалық түсініктер Шалкиіз шығармаларында кеңірек талданады. «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян», сынды толғауларында ерлік рухы, елдің еңсесін көтеретін асқақ сезімдер жырланады. «Алаштан байтақ озбаса», «Жапырағы жасыл жау терек», «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтауға айтқаны» атты толғаулар негізінен шариғат жолындағы уағыз болып саналады. Шалкиіздің бізге жеткен жырлары азаматтық, әлеуметтік лириканың үлгісі. Темірге қатысты толғаулары ғибратқа мол. Ақын тұлғасы батырға тән мерттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелін жырлайды:
1 Қазақ Совет энңиклопедиясы (4-том, 443-бет)
2 Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
3 Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
4 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
http(1465-1560)

Атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген.
Мұсылманша білімі бар Шалкиіз жас кезінен ер жүрек жауынгер, асыл сөз иесі,
ақын ретінде танылып, аты ел ішіне кең таралған. Жігіттік кезі Ноғай ордасы
– Мұса бидің маңайында өтеді. Үлкен орданың әміршісі Мансұр ұлы Темір
бидің, кейін ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, қазақ ханы Хақназар қасында
болған. Шалкиіз толғаулары өткір, аз сөзбен нақты, терең айтумен
ерекшеленеді. Ұлттық діл, иман, этикалық түсініктер Шалкиіз шығармаларында
кеңірек талданады. Асқар, асқар, асқар тау, Ор, ор қоян, ор қоян, сынды
толғауларында ерлік рухы, елдің еңсесін көтеретін асқақ сезімдер жырланады.
Алаштан байтақ озбаса, Жапырағы жасыл жау терек, Би Темірге айтқаны,
Би Темірді қажы сапарынан тоқтауға айтқаны атты толғаулар негізінен
шариғат жолындағы уағыз болып саналады. Шалкиіздің бізге жеткен жырлары
азаматтық, әлеуметтік лириканың үлгісі. Темірге қатысты толғаулары ғибратқа
мол. Ақын тұлғасы батырға тән мерттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне
түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелін жырлайды:

Тайғақ кешу, тар жерде,

Менің досым барарда һар жерде,

Іздесем табылмайды тар жерде

Табылмаса қайтейін,

Мен есімді Хаққа тапсырғанмын һәр жерде.

Сондай-ақ Шалкиіз өз жырларында тәкаппарлық пен менмендіктің өрісі тар,
өмірі қысқа екенін де еске салады.

Шалкиіз толғаулары, ғибраты мол әдеби мұра екендігі анық.

Жапырағы жасыл жаутерек,

Жайқалмағы желден-дүр,

Шалулығы белден-дүр,

Төренің кежігуі елден-дүр,

Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,

Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр,

Кешу кешмек сайдан-дүр,

Батыр болмақ сойдан-дүр.

Жалаңаш барып жауға ти,

Тәңірі өзі біледі,

Ажалымыз қайдан-дүр!

***

Күпшек санды тіл жалмаған күреңді

Тілеген достан аяман!

Тілекті бірге тілеген

Малымды достан аяман!

Тайғақ кешу, тар жерде,

Менің досым бар-ды һәр жерде,

Іздесем табылмайды тар жерде.

Табылмаса қайтейін,

Мен есімді Хаққа тапсырғанмын һәр жерде.

***

Жапалақ ұшпас жасыл тау,

Жақсылардың өзі өлседе сөз сау.

Ойлап тұрсам жаманның,

Жалаңдаған өз басына тілі жау.

Дүбір-дүбір шу көрген

Түлкішек түлкің жетер басыңа-ай,

Түлкідей құйрық тастаған

Жаман фиғылың жетер басыңа-ай.:ummet.kzindex.php?opt ion=com
БІРЖАН ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (БІРЖАН САЛ) (1834-1897 ж.), композитор, әнші, акын.
Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған.
Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да
ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып,
халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық
композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан
окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік
сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің
бірі — Біржан сал әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік
салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. Айтбай, Ақтентек,
Алтын балдақ, Бірлен, Ғашығым, Мәті-Дәулен сияқты әндер Біржан сал
шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы Ләйлім-Шырак
немесе Көлбай-Жанбай әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі
қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі
паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан
ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік
әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер.
Оның Жанботасы тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп
қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын
білдіреді. Ал Адасқақ атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-
кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-
зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің
соңғы кезеңінде шығарған Жамбас сипар, Теміртас, Қарасу есік алды деп
аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.

Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз
әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы
ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір
тобы Біржан салның әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің
шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ,
Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық
өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума,
Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салның ізін қуған осындай өнерлі
адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Кеңес заманында Ғ.
Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М.
Ержанов сынды әншілер Біржанның өз шығармашылығын, оның әншілік-
орындаушылық ерекшелігін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сал әнші-
композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да болған
(Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет,
Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі
трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары
Біржанға да соқпай кеткен жок. Біржанды жынданды деп ел арасына жалған
лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда
әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржаның жырларын, сыршыл әндерін
жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка
шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды. Біржан мен Сараның
айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М. Төлебаев қазақ опера
өнерінің классикалық туындысы болған Біржан—Сара операсын жазды
(либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов Қазақ
композиторларының өмірі мен творчествосы (1942) атты кітабының үлкен бір
тарауын Біржанға арнады. 1982 ж. республика жұртшылығы халық композиторының
туғанына 150 жыл толуын салтанатпен атап өтті.

Жиембет Бартоғашұлы ((1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден
қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші
жүздің алшын тайпасынан шыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан
аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. 16 жасынан хандар,
билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім
ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс,
шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып,
жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші
жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620
жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық
көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.[1]. Жиембет
жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған:
"...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған.
Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық
қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие
болады. Жиембет бидің Есім ханмен бұл достық қарым-қатынасы ұзаққа
бармайды. Екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы
кезінде келіспеушілік өрістей береді. Бетің бар, жүзің бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Жалпы мектептегі музыка сабағында жыршы-жыраулардың алатын орны
Жыраулар поэзиясы
Ақтамберді жырау
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері
Абылай және қазақ батырларының ерліктері
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Пәндер