Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748)


Мазмұны
1 Шыққан тегі
2 Саясаты
3 Кейінгі жылдары
4 Пайдаланған әдебиет
Әбілқайыр хан
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 - 12. 08. 1748) - хан, қолбасшы, 1718-1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Жошыныңбірінші ұлыОрда-Еженнентарайтын - Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанныңбаласы.
жиынында жас ӘбілқайырКіші жүзәскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақтыБөгенбай батыртағайындалды.
18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болғанСайрам, қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. менҚайып30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан ӘбілқайырдыҚазақ хандығыәскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін1736жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісіДжон Кэстльбылайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.
Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл , Қарасиыр жері менБұлантыөзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730жылы мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларғақарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.
Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханныңжас ұлыӘбілмәмбет хансайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскеріменКіші жүзгекеледі. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.
Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген сұрауға мәжбүр болды. Ресейдіңқоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр1730жылы күзінде елші жібереді.
1731 жылы Ресей сыртқыістер министрлігініңМ. Тевкелевбастаған елшілігіЫрғызөзенінің бойындағыМайтөбедеген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысынРесейқұрамына алу туралы келіссөз жүргізді.
Әбілқайыр1731жылы қазанның 10Ресей кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты1738, 1740, 1742жж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады.
АлайдаРесейсаясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз қайтарып тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүздедербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысыҚалдан Серенмен(пэренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығыәлсіреген сайынРесейденбойын аулақ салуға тырысты.
1740жылыХиуаныбасып алып, аз уақыт осында хан атанды. БірақИранныңНәдір шахынанығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқанАбылайменәр кезде түсінісе білді. Абылайдыңбір әйелі Қарашаш - Әбілқайырдың қызы.
Кіші жүзханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болғанОр бекінісінсалуды (1735) өзі ұсынды. 1737-38жж. башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады.
Солардың бірі -Орта жүздіңсұлтаны БарақОр бекінісіненқайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.
Әбілқайырдың тұсында, Торғайқаласынан 80 km жерде. Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды.
Әбілқайыр хан ескерткіші - Облыс әкімшілігінің үйі алдында 2000 жылы орнатылған. Тұғырдың биіктігі - 2, 8 м, ені - 2, 1 м, ұзындығы - 5, 8 м. Ескерткіштің жалпы биіктігі - 6, 5 м, тұғырға дейін жерден биіктігі - 3 м, жерден жалпы биіктігі −12, 3 м. Тұғырдың материалы - Қордай граниті. Ескерткіш қоладан құйылған. Салмағы - 11, 2 т. Автор қазақ халқының басына төнген қиын кезеңдегі жоңғарлармен шайкас алдындағы қолбасшы бейнесін бейнелеген. Алға қарай созған қолы Әбілқайыр ханның халқын ынтымаққа, жеңіске шақырып тұрғанын білдіреді. Ханның тұлпары бостандыққа құлшындырады. Ескерткіш авторы Ескен Сергебаев - ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері -Б. Егінбаев, Н. Қожағұлов.
Шыққан тегі
Шыңғыс ханәулетінің кіші буыны - Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанныңбаласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлікжолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710-12. 08. 1748) . 1715жылыТәуке ханөлгеннен кейін үш жүздің бас хандығына таласты. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлыБолат бас хансайланды. Әбілқайырқазақ-қалмаққарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған1716-1718жылыРесей империясынанкөмек алу . П. Гагаринге, Уфавоеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге атсалысты.
1723жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар менХиуахандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды.
жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Бұланты өз-нің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729(30) ) ойраттарды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас қолбасшылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды.
Саясаты
Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақтаРесейимпериясына арқа сүйеуді ойлады. СейітқұлменКөштаев Құтлымбетбастаған (1730), Ресей сыртқы істер министрлігі коллегиясыныңМ. Тевкелевбастаған елшілігі оған келді (1731) . ( Құндағұлұлы елшілігі, Құтлымбет елшілігі) . Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр1731қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антты1738, 1740, 1742қайталады) . Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. АлайдаРесейсаясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. мен саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоановнаның, кейінненЕлизавета мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әртүрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр, сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысыҚалдан Серенмен(Цэренмен) астыртын байланыста болды. [6]
Кейінгі жылдары
Жоңғаршапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. өзінен жас, беделі өсіп келе жатқанАбылайменәр кезде түсінісе білді. Абылайдыңбір әйеліҚарашаш- Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақдаласын отарлаудың плацдармы болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды (1735) . 1737-38жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен “орысшылдығы”, қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі - Орта жүздің сұлтаныБарақОр бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен кен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай80 шақырым жерде. Кейін бұл араХан моласыаталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған (қ. Әбілқайыр әулеті)
Хан моласының» құпиясы таяуда ашылады
20 Қыркүйек 2011, 09:524450Басып шығару
Ақтөбеге жиналған ғалымдар «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы» атты ІІ Халықаралық ғылыми конференция кезінде «Хан моласының» құпиясы таяуда ашылатынын айтты. Қазір қорымнан қазылып алынған екі бассүйекті зерттеу жұмыстары Венгрияда жүріп жатыр. Шетелдік ғалымдар ханның бет-бейнесін қалпына келтіру ісі қазан айында аяқталады деп отыр. Ал алматылық ғалымдар Әбілқайыр хан ұрпақтарының гендік сәйкестігін зерттеуге алып, бір нұсқаны ұсынды. Кейін сол жерге белгі тас қойылды. Тарихшылар жылдар бойы тер төккен ерен еңбекті ғасырдың үлкен жетістігіне санайды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Ақтөбе облысы әкімдігі қолдауымен «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес үлкен жиын өтті. Форумның басты мақсаты - Арал-Каспий аймағының Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі ерекше маңызын жан-жақты, көп қырлы зерттеулер негізінде көрсету болды. Осы жолда ұжымдық зерттеуге арналған бірнеше ғылыми форумдар өткізілді. Бұл игілікті шара 2006 жылы Ақтөбе қаласында 150 ғалым қатысқан конференциядан бастау алған еді. Кейіннен Ақтау, Қызылордада өтті. Кешегі жиын басқа басқосудан өзге. Себебі «Хан моласы» қорымы туралы жаңа нәтижелер жарияланды. «Әбілқайыр хан бейітінің проблемасы 80-ші жылдары басталды. Ол кезде бейіттің тұрған жерін тап басып айтатын ешкім қалмаған еді. Дереккөздердің айтуынша, бейітте ұзақ уақыт бойы ағаш өсіп тұрған. Зерттеуде басты бағдар осы ағаш болды. Ағаш тамырын табамыз деген үміт басым еді. Бірақ оны жүз пайыз табу мүмкін болмады. 1998-2001 жылдар аралығында, 2007-2010 жылдары біздер кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізген едік. Екі мәрте әуе түсірілім жасалды. Нәтижесінде, жалпы жоспар жасалып, бағдарымыз анықталды. Зерттеушілерге жол сілтеген орта жастағы ауыл тұрғынының айтуымен біз бір бейітті қаздық. Ол зерттеуші Николай Рычков жазған нұсқаға өте жақын келді. Дегенмен сенімсіздік бар. Тағы бір қорым қазылды. Адам қаңқасы алынды. Осы екі қаңқаға түбегейлі зерттеу жүргізілді. Біз мәселені шешудің аз-ақ алдында тұрмыз», - деді жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғали. Әбілқайырды тұлға ретінде ұлықтау қажет Тарихи көзқарас екіге жарылды. Бірі Әбілқайыр ханды Ресейге қосылғаны үшін ардақтаса, екіншісі оны қазақ жерінің тұтастығын сақтауға үлесін қосқан, сыртқы жаулармен күрескен адам ретінде ұлықтайды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Есмағанбетов алдымен «біз тарихи тұлғаларды ұлағаттаған кезде, оларды ұрпаққа ұсынған кезде нені, кімді, не үшін ұсынамыз деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Себебі Әбілқайыр хан бейітіне кесене тұрғызу, ескерткіш орнату оның кім екеніне, тарихта қандай орын алатындығына тікелей байланысты» деп ортаға сауал тастады. Оның айтуынша, Әбілқайыр ханды Аңырақай шайқасының қолбасшысы, қазақ жерінің тұтастығын сақтаушы тұлға ретінде ардақтап, кесене қоюымыз керек. - Әбілқайыр хан бейітін анықтауда үлкен жұмыс жасалды. Бірақ конференцияға жиналғандар арасында түрлі көзқарас бар. Белгілі тарихи жағдайға байланысты Үш жүзді бір орталыққа бағындырып, өзі хан болып, алдына саяси есеп қойып, Ресейге елші жібергені рас. Шындығына келетін болсақ, ол Аңырақай шайқасының даңқты қолбасшысы. Ел басына қиын күн туғанда Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарының жиналысы өтіп, онда Ресейге бағынып, бодан болу жөнінде емес, Ресеймен бейбіт келісімге келу туралы шешім шығарылған. Ал мұны жүзеге асыру, хат жазу, елші жіберу Әбілқайыр ханға тапсырылған. Тарихта 1731 жылы Ресейге бағынды, ант берді деп жазылған. Ал орыс жылнамасы 1738 жыл дейді. Себебі Ресейге бағыну жөнінде бірнеше рет ант берілген. Бірнеше рет берілген антта қандай қадір-қасиет болады. Тарихи деректер бойынша, бірінші ант бергеннен кейін Әбілқайыр одан бас тарта бастаған. Оның үстіне бодандықты Ресейде бір бөлек түсінген де, Әбілқайыр бір бөлек түсінген. Әбілқайыр оны шығыс дәстүрі негізінде түсінген, - деді ол. Шығыс дәстүрі бойынша бейбіт келісімнің шарттары орындалмаған кезде оның күші жойылады екен. Ресей «әскермен көмектесеміз, жоңғарларға қарсы күресесің, Үш жүзде бас хан боласың» деген сияқты уәде береді. Ешқайсысы орындалмаған. Дегенмен Ресей оны қайта-қайта мәжбүрлеп, қазақ жерін отарлауға пайдаланады. Тарихшылар бұл - «Қазақстан - Азияның кілті мен қақпасы. Осы елдің ең болмаса бір бөлшегі бізге бағынатыны жөнінде бір парақ қағаз алсақ» деген І Петрдің өсиеті санайды. Венгрлер ханның бет бейнесін әкеледіЕндігі жұмыс Венгрия ғалымдарында. Ханның бас сүйегіне және ұрпақтарына қарап, оның бет бейнесін жасайды. Жұмыс қазан айында аяқталады. Ханның толық бейнесі жасалған кезде ғана зерттеу жұмыстарына нүкте қойылады деп отыр ғалымдар. Будапешт қаласындағы Ұлттық тарих және жаратылыстану мұражайы институтының ғылыми қызметкерлері екі бейіттен қазылып алынған қаңқаны толық зерттеп шықты. Зерттеуде ханның басынан соққы алғаны, кеуде тұсынан жарақаттанғаны негізге алынды. Ғалымдардың айтуынша, антрополигиялық зерттеуге алынған екі сүйек бір-біріне өте ұқсас. Сондықтан «мынау ханның сүйегі» деп кесіп айту қиын. Өз кезегінде генетика институтының директоры Ләйла Жансүгірова хан ұрпағы Роллан Қаратаев пен Амангелді Жангереевтің гендік сәйкестігін талдап, бір байламға келді. Ол 99 пайызбен зерттеу кезінде №92 боп тіркелген сүйекті белгілеп берді. Ұзақ жылдарға созылған тарихи зерттеу жиынына қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осы бағытта еңбек еткен ғалымдарға, ғылыми қызметкерлерге, қарапайым тұрғындар мен қазба жұмыстарына қатысқан студенттерге алғыс айтты. Қазақстан және шетел ғалымдарының антропологиялық, генетикалық зерттеу нәтижелері бойынша Хан моласы қорымындағы Әбілқайыр ханның бейіті табылып, сүйегі анықталғанын жеткізді. «Әбілқайыр хан қазақтың ХVІІІ ғасырдағы бас қолбасшысы, сұңғыла саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері. Осындай дана әрі дара тұлғаның жерленген жері мен сүйегін дәл анықтау еліміздің мәдениеті мен тарихындағы үлкен жаңалық. Ғылымдағы тағы бір жаңа қадам, тың жетістік деп есептейміз» деді облыс басшысы. Халықаралық конференцияның өркенін өсірген «Хан моласы» қорымын зерттеу жұмысы әне-міне аяқталады. Жұмыс жалғасып жатыр. Өткен демалыс күні зерттеуге алынған сүйек қайтадан жер қойнына тапсырылды. Ал ханның бет бейнесін жасау венгриялық ғалымдардың еншісіне тиді . . .
Ақмола облысында Әбілқайыр ханның мүрдесіне ұқсас сүйектер табылды
21. 09. 201110:16
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. BNews. kz - Ақмола облысында жерленген «Хан моласы» зиратынан Генетика және цитология институтының мамандары Әбілқайыр ханның мүрдесіне ұқсас сүйектерді тапты. Қазақстан ғалымдары көп жылдар бойы Әбірқайыр ханның жерленген қиратын іздеусен келеді. Зерттеуге антропологтер, гоефизиктер мен ботаниктер, топырақ құрамын зертеуші мамандар тартылды. Орны белгілі болғанымен, жаппай жерленген марқұмдардың арасынан іздеу қиындық туғызды. Сондықтан жер астынан ханға ұқсас 3 мүрде қазып алынды. Соның бірі ғалымдардың айтуынша, 99 пайыз ер адам тұрғысынан тікелей ханның жақынына немесе тура Әбілқайыр ханның өзіне келеді деп хабарлайды, 7 арна.
ӘБІЛҚАЙЫР ӘУЛЕТІНЕН ШЫҚҚАН ӨНЕРПАЗДАР
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz