ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер



1. Шоқан Уалихановтың көзқарасындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер.
2. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық ой пікірлері
3. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары
Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.
ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш.Уалихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: «…Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.
Шоқан сол кезде Омбы және Семей қалаларына жер ауып келген орыс революцияшыл-демократы, ақын С.Ф.Дуровпен және жазушы Ф.М.Достаевскиймен жақын кездеседі. Шоқан мен Ф.М.Достаевскийдің достық қарым-қатынасы өте естен кетпестей болды. Өзінің хаттарының бірінде Достаевский былай деп жазды: «…Мен Сізді сондай сүйемін, күні бойы Сіз туралы және Сіздің дағдарыңыз туралы армандаймын. Бірақ армандарымның ішінде бір шындық болды: бұл Сіздің тайпаңыздың ішінде бірінші еуропалық білім алған Сізсіз. Демек, осы жағдайдың өзі ерекше, ол туралы Сізге еріксіз міндеттер жүктейді… Дағдыр Сізді тамаша адам ретінде қалыптастырды, Сізге жан мен жүректі сыйлады».
Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы Омбыда Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экпедицияларға қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар дүниесін, халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинады, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады. Ал мұның адында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген және т.б.құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
1857-1859 жж.Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды.Сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халықының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабының жолдамасында: «Бұл мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек», - деп көрсетілген.
1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», Алматы, «Санат», 1995.
2.Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Халық педагогикасының тағылымдары», Алматы, «Бастауыш мектеп», 1990 ж.
3.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
4.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
5.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 "Қазақ Энциклопедиясы"
6.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
7.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, 8.Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

ХІХ ғ екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер.

1. Шоқан Уалихановтың көзқарасындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу
жүйесіне байланысты мәселелер.
2. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық ой пікірлері
3. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары

Пайдаланылған әдебиеттер

Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары.
(1835-1865)
Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы,
шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ
мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ
халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады.
Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол
кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.
ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш.Уалихановтың мәні ерекше
белгілі болғандығы туралы академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: ...Шоқан
Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды.
Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп
танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар
ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп
кетті. Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.
Шоқан сол кезде Омбы және Семей қалаларына жер ауып келген орыс
революцияшыл-демократы, ақын С.Ф.Дуровпен және жазушы Ф.М.Достаевскиймен
жақын кездеседі. Шоқан мен Ф.М.Достаевскийдің достық қарым-қатынасы өте
естен кетпестей болды. Өзінің хаттарының бірінде Достаевский былай деп
жазды: ...Мен Сізді сондай сүйемін, күні бойы Сіз туралы және Сіздің
дағдарыңыз туралы армандаймын. Бірақ армандарымның ішінде бір шындық болды:
бұл Сіздің тайпаңыздың ішінде бірінші еуропалық білім алған Сізсіз. Демек,
осы жағдайдың өзі ерекше, ол туралы Сізге еріксіз міндеттер жүктейді...
Дағдыр Сізді тамаша адам ретінде қалыптастырды, Сізге жан мен жүректі
сыйлады.
Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз айналысқан Шоқан 1855
жылы Омбыда Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан
кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экпедицияларға
қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар дүниесін,
халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар
жинады, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады. Ал мұның
адында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай
болып, қайтадан Омбыға оралған болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20
жастағы Шоқан Ыстықкөл сапарының күнделігі, Қытай империясының батыс
провинциясы және Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар деген және
т.б.құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін
Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып
сайланды.
1857-1859 жж.Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат
қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды.Сол елдің
саяси құрылысы, табиғаты, халықының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар
ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке
шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабының жолдамасында: Бұл мейлінше
қызықты, мейлінше пайдалы еңбек, - деп көрсетілген.
Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын
Еуропа мәдениетінен үйренуге прогреске шақырды. Сот реформасы туралы
жазбаларында Шоқан патша өкіметі жүргізген сот реформасы бай, сұлтан,
билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгендігін, қазақ
еңбекшілері солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол бергендігін
әшкерелейді.
Шоқан ғылымның көптеген салаларында өшпес мұра қалдырды. Шоқан
тарихшы, географ, этнограф, фольклорист болды. Ол тек ғана қазақ халқының
ғана емес, бүкіл түрік тектес шығыс халықтардың тарихын, әдет-ғұрпын,
мәдениетін, әдебиетін зерттеуге ат салысты.
Шоқан өз еңбектерінде барлық ғылым мен мәдениеттің жан-жақты дамуына
кедергі келтіретін ислам дінінің реакциялық сипатын қатты сынады.
ХІХ ғ.60-жылдарындағы Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың, орыс
педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей
ықпал етті. Шоқан арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық
және ғылыми еңбектері ағартушылық сиптта болды. Ол білімі мен мәдениеті
озық елдерден үлгі -өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен
үйренуге шақырды.
Ол өз елінің оқу-ағартушы мен ғылымын дамыту үшін күресті. Қазақ
халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да
қинала ой жіберіп, халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан
үлкен жұмыс жүргізді.
Ш.Уәлихановтың оыс-қазақ мәдени-педагогикалық байланысының тарихындағы
өшбес еңбегі сол - ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы,
насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті.
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық
педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда
тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-
төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен
гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды
арман етті.
Шоқан Уәлиханов орыс ғылымы мен педагогикасындағы халықтық және ұлттық
қағиданы негізге ала отырып, қазақ ағартушыларының ішінен бірінші болып, өз
елінің табиғатын, тарихын, өмірі мен мәдениетін зерттеуге баға жетпес үлес
қосты. Шоқан еңбегінің тағы бір өзіндік өзгешелігі - өз елін орыс
жұртшылығына таныстырып, екі халықты жақындастыруға тырысты. Сол
халықтардың достығының, бауырластығының және өзара толық түсінушілігінің
дамуына жағдай жасауды ойлады.
Ш.Уәлихановтың көршілес халықтардың рухани мұрасын зерттеудегі баға
жетпес еңбегі оның бауырлас қырғыз халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен
этнографиясын жете зерттеуінен айқын көрінеді.
Ыбырай Алтынсарин
(1841-1889)
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай
өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында
Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға
түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі
Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар
оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа
бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық
басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай
қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның
ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға
қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Зәки Уәлиди Тоған
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
“Қазақстандағы психологиялық ғылым” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Психология пәні
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
Пәндер