Германия экономикасының құрылымы



1 Германия экономикасының құрылымы
2 Германия экономикасы рекордтық өсімге жетті
3 Әкімшілік.аумақтық бөлінісі
4 Саяси партиялар
Алмания экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады. Алманияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді. Алмания БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты¬сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтар¬лықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Алманияның алдына қойған ба¬сым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Алманияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Германия экономикасының құрылымы

Алмания экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады.
Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және
фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне
қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше
маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-
түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық
теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады. Алманияның
сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң
импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша
Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді. Алмания БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның
жұмыстарына белсенді түрде қаты¬сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл
халықаралық ұйымдарға айтар¬лықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп
отырады. Сондай-ақ, Алманияның алдына қойған ба¬сым бағыттарының бірі – БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Алманияның Орталық Азия елдеріне
байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне
қарай ынтымақтастық жасау.

Германия экономикасы рекордтық өсімге жетті
Германияның ішкі жалпы өнімінің өсімі 2010 жылы алдын ала есеппен 3,6
пайызға өсіп, ГДР мен ГФР қосылған 1990 жылдан бергі рекордтық көрсеткішке
жетті. Бұл туралы елдің Федералдық статистикалық бюросының баспасөз
баянында мәлімделген, деп хабарлады РБК агенттігі.
Салыстыратын болсақ, 2009 жылғы дағдарыс кезінде Еуроодақтың ірі
экономикасы 4,7 пайыздық рекордтық көрсеткішке қысқарған болатын. Одан бір
жыл бұрын барлығы бір пайыз ғана өсім берді.
Статистикалық ведомствоның хабарламасында елдің ішкі жалпы өнімінің
өсімі 2010 жылы негізінен сыртқы сауда айналымының арқасында артқаны атап
өтілген. Айталық, Германияның экспорт көлемі өткен жылы 14,2 пайыз, ал
импорты 13 пайыз өсті.
Германия экспорт көлемі бойынша әлемде екінші орында келеді, соның
арқасында елде дағдарыс кезінде келеңсіз әсер еткен экономикасын қайтадан
қалпына келтірді.
Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық
бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы
23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста
бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол
2004 жылдың 23 мамырында сайланған.
Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және
Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68
мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің
міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының
міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын
дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік –
федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық
канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның
қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.
Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет
етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы
күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869
жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған
Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела
Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қатынастар
Германияның еуропалық одақтағы рөлi мен ықпалы
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Германия коммунистік партиясы
Герман Федеративті Республикасы
Германияның әлеуметтiк саяси бағыты
Германия мемлекеті
Дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу
Дүниежүзілік қоғамдастық
АҚШ және Германия банк жүйесінің қалыптасуы
Пәндер