Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаттары


Тақырып: Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаттары

ЖОСПАР:

Кіріспе.

1-Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалау.

1. 1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақаталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеті.

1. 2. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңдар мен заң актілерінің қолданылуына прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары.

1. 3. Қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурорлық қадағалау актілері.

2. Прокурорлық қадағалаудың жеке бағыттарындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

2. 1. Әлеуметтік саладағы заңдылыққа прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру.

2. 2Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарының қолданылуына прокурорлық қадағалау.

2. 3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым -қатынас және олардың заңдылықты сақтауына прокурорлық қадағалау.

2. 4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі арыздары мен шағымдарының заң талабына сай шешілуіне прокурорлық қадағалау.

3. Қылмыстық процесте адам мен азаматтың құқығын қорғаудағы прокурорлық қадағалау.

3. 1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңдар мен заң актілерін қолданылуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеті.

3. 2Тергеу мен анықтама қызметін жүзеге асыратын органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңдар мен заң актілерін қолданылуына прокурорлық қадағалау.

3. 3 Сотта қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезіндегі азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалау.

1. 1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, сақталуына прокорорлық қадагалаудың маңызы мен міндеті

Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің,, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады (ҚР Конституциясы 83-бап) .

Прокуратура органдары ҚР Клнституциясы арқылы өзіне жүктелген осы міндеттерді орындауда үнемі адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бірінші орынға қояды.

Сондықтан да адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдары қызметінің басты бағыты болып табылады.

Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң мүдделерiнiң сақталуын қадағалау прокуратура органдарының қызметiнiң басты бағыты болып табылады.

Прокуратура органдарының бұл бағыттағы қызметi Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 4-тарауында көрсетiлген.

Аталған Заңның 28-бабына сай қадағалаудың мiндеттерi:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз ету;

2) заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру шараларын қолдану болып табылады.

Прокуратура республика территориясында барлық заңдар мен құқықтық нормативтiк актiлердiң дәлме-дәл, бiртұтас қолданылуына жоғарғы қадағалау жасайтын орталықтандырылған бiрде-бiр мемлекеттiк орган болғандықтан адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мүмкiншiлiгi бар және құқық бұзушылықты жоюды соттан тыс және сот арқылы да жүзеге асыра алады.

Өкiлдiк өрiсi мейлiнше кеңейiп, заңдылықтың бұрмалауының кез келген көрiнiсiн қалт жiбермеу құқығына ие болған прокуратура органдары басты назарды заңдылықтың неғұрлым актуальды мәселелерiне, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың қызметiне аударып, әлеуметтiк-экономикалық саланың алуан түрлi мәселелерiне тiкелей килiкпейдi.

Прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды және ұйымдардың қызметі мен азаматтардың жеке өміріне араласпайды.

Қазақстан Респубикасының Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген арнайы Нұсқаулығында осы прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен маңызын ашатын, басты бағыттарын белгіленіп берілген: мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің Конституцияға, заңдар мен Республика Президенті актілеріне сәйкестігін қадағалау; адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының міндетті түрде сақталуын қадағалау; экономикалық және әлеуметтік саладағы заңдардың қолданылуына қадағалауды қамтамасыз ету.

Бұл басым бағыттарды іске асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудару прокуратураға тапсырылған.

Прокуратураның заңсыз актiлердi ашу мен тоқтату жолындағы белсендi қызметi республикадағы құқықтық қатынасқа, құқықтық мелекет құруға игiлiктi ықпалын тигiзіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заңдық актiлерiн нақты және мүлтiксiз орындау арқылы бүкiл республика ауқымында бiртұтас мемлекеттiк саясатты ықпалды жүргiзудi қамтамасыз етеді .

1. 2Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңдар мен заң актілерінің қадагалауына прокорорлық қадағалаудың негізгі бағыттары

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуына тиiстi қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас Прокуроры өзiнiң арнайы бұйрығымен (№60 21 қараша 2002 жыл) «Әлеуметтiк-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақаталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты» бекiтiп, оның орындалуын барлық прокурорларға жүктеген болатын.

Прокурорлық қадағалауды одан әрі нығайтуға байланысты аталған Нұсқаулыққа өзгертулер мен қосымшалар енгізіліп, ҚР Бас Прокурорының 01. 10. 2011 жылы №60 бұйрығымен қайта жасақталды.

Нұсқаулық ҚР «Прокуратура туралы» Заңына және заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес қабылданды.

Ол нұсқаулық бойынша прокурорлық қадағалау төмендегi басымдық бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мiндеттi түрде сақталуын;

2) сыбайлас жемқорлықпен күрес, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған заңдардың нақты және бiрыңғай қолданылуын;

3) мемлекттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң Конституцияға, Республика Президентiнiң заңдары мен жарлықтарына сәйкес келуiн;

4) қоршаған ортаны қорғау және оның ресрустарын тиiмдi пайдалану туралы заңдардың қолданылуын;

5) кәсiпкерлiктi қолдау және қорғауға бағытталған заңдардың қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ету;

6) кәмелетке толмағандар туралы заңдылықтың қолданылуына қадағалау жасау.

Бас Прокурордың немесе жетекшiлiк ететiн орынбасарларының тiкелей тапсырмаларынсыз шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң азаматтық-құқықтық дауларына прокуратура органдарының араласуына жол берiлмейдi. Заңды тұлғалардың мүдделерiне қатысты талап-арыздар сотқа Бас Прокурордың немесе оның орынбасарларының келiсiмiмен ғана жолданады.

Тексеру заң талаптарына сай, қадағалау құзырындағы аумақтарда заңдылық жағдайын мұқият талдау негiзiнде, сондай-ақ Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша жоспарланып, орындалады. Бұл мақсатта, прокурорларда өзiнiң қадағалау аумағындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерi, демографиялық жағдайы, сондай-ақ халықтың қоғамдық, дiни және саяси белсендiлiгi толығымен сипатталған, үнемi жаңартылып отыратын паспорты болуы керек.

Аумақтағы жалпы ахуал және заңды қолданудың аса проблемалы саласын зерделеу мақсатында прокуратурада сотта қаралған қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша қажеттi мәлiметтер жинақталуға тиiс.

Тексеру қатаң түрде өз құзыретi шеңберiнде және бiр айлық мерзiмде жүргiзiлуi қажет. Бұл мерзiм жоғарғы тұрған прокурор арқылы ұзартылуға жатады. Тексеру қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi. Шаруашылық субъектiлерiн тексеру туралы қаулы құқықтық статистика органдарында тiркеледi. Тексеру алдында тексерiлетiн субъектiнiң лауазымды тұлғасы тексерудi тағайындау туралы қаулымен таныстырылуы керек.

Тексеру жүргiзу туралы қаулыны шығаруға Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратура департаменттерiнiң бастықтары, облыс прокурорлары мен оларға теңестiрiлiген прокурорлар, олардың орынбасарлары, қала, аудан, арнайы прокуратуралардың прокурорлары, олардың мiндеттерiн атқарушылар құқылы.

ҚР Бас Прокуроры жоғарыда аталған бұйрығымен тексерiс тақырыбына қарамастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның қолданылуына, мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң заңдылығына баса назар аударуды барлық прокурорлардан талап етедi.

Елiмiздiң негiзгi заңына сай Республиканың Президентi Конституцияның мызғымастығының, адам және адамзат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады (ҚР Конституциясы 12-бап) .

Конститцуияға сай Қазақстан Республикасында әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар. Мемлекетте әрбiр адам жеке тұлға ретiнде қаралып, ол мемлекет тарапынан қорғалады. Сондықтан да Конституцияның 98 бабының 30 азаматтардың құқығы мен мiндеттерiне арналған. Қазақстан Республикасында адамның құқықтарын қорғауға сенiмдi құқықтық база құрылған. Мемлекет адамдардың заңды құқықтарын қорғай отырып, олардың өз құқықтарын қорғау кезiнде басқа адамдардың құқықтарына зиян келтiрмеуiн қадағалайды.

Конституция мен адамдардың құқығы жөнiндегi халықаралық құқықтық құжаттарда көрсетiлген адамдардың құқығы - конституциялық құқықтары деп аталады.

Бұл негiзгi фундаментальдық құқықтар және одан туындайтын басқа да құқықтары мен бостандықтары, адам өмiрiнiң әр саласындағы, яғни, саяси, әлеуметтiк, экономикалық, мәдени құқықтарын қамтамасыз етедi.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жарғысы, Адамдардың құқықтары жөнiндегi Халықаралық Билля және Қазақстан Республикасының Конституциясы негiзiнде адамдар мен азаматтардың құқықтары мен босатандықтарын мынандай үш үлкен топқа бөлуге болады:

  1. Жеке құқықығы мен бостандығы. Олар: әркiмнiң өмiр сүруге құқығы, жеке басының бостандығы және теңдiгi, ар-ожданын қорғауға, еркiн жүрiп тұру, тұрғылықты мекен-жайды өз еркiмен таңдауға, тұрғын үйiне қол сұғылмаушылық, сөз еркiндiгi, ұлттық, дiни көзқарастардың еркiндiк құқықтары;
  2. Саяси құқығы мен бостандығы: керектi мәлiметтердi алу және тарату, бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткiзуге хақылы, Республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға, мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар;
  3. Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары. Олар: әркiмнiң еңбек ету бостандығы, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдау құқығы, өз мүлкiне иелiгi, неке және отбасы, ана мен балалық құқығы, денсаулығын қорғауға кепiлдiк құқығы, тегiн және ақылы бiлiм алу құқығы, творчестволық еркiндiгi, қоршаған ортаны қорғау, еңбегi үшiн сыйақы алу, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалу, зейнетақы алуға, мүгедектiк, немесе жасына және асыраушысынан айрылған жағдайда мемлекет тарапынан жәрдемақы алуға, қорғалуға, ақысыз дәрiгерлiк көмекке құқылы.

Өмір сүру құқығы осы саладағы барлық басқа құқықтар мен бостандықтардың бастапқы негізін құрайды. Ол әлемдік өркениеттің абсолютті құндылығы болып табылады, өйткені адам қайтыс болған жағдайда қалған құқықтардың барлығы мағынасы мен мәнін жоғалтады. Бұл іргелі құқықты адамның жеке басының мемлекет, оның өкілдері не болмаса жеке тұлғалар тарапынан оның өміріне кез келген заңсыз қол сұғушылықтан еркін болу құқығы ретінде қарастыруға әбден болады.

Өмір сүру құқығының әлеуметтік шарттары бірқатар конституциялық қағидалармен: қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай келетін еңбек ету жағдайына құқығымен (ҚР Конституциясы 24-бабының 2-тармағы) ; жасына келген, және науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік қамсыздандырылумен (28-бап) ; денсаулығын сақтау мен мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде медициналық жәрдем алумен (29-бап) және басқа да кепілдіктермен қамтамасыз етіледі.

Іс жүзінде қалған барлық құқықтар қалай да болмасын өмір сүру құқығының айналасында бірігеді. Мысалға, әлеуметтік қорғалуға, қолайлы қоршаған ортаға, лайықты өмір сүруге құқығы, сол сияқты азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы оның тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің қосымша құралдары болып табылады. Мемлекет бұл құқықтарды мойындауға және қолда бар барлық құралдармен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасауға міндетті. Жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы жасалатын қылмыстың аса ауыр қылмыстық жазаланатын іс-әрекет санатын құрайтыны кездейсоқ емес.

Жеке өмір (прайвеси - жеке бас мәліметтерін қорғау) - БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, Азаматтық және саяси құқытар туралы халықаралық пактіде және көптеген басқа халықаралық және өңірлік келісімдерде танылған адамның іргелі құқығы. Жеке өмір адамның ар-намысы мен жиналу бостандығы, ойлау бостандығы, бірлесу және сөз бостандығы сияқты басқа да шешуші құндылықтарының негізін қалайды. Жеке өмір қазіргі замандағы адамның маңызды құқытарының біріне айналды.

Әлемнің барлық елдері дерлік өз конституцияларында жеке өмір құқығын мойындайды. Бұл конституциялық нормалар ең аз дегенде тұрғын үйге қол сұғушылық пен коммуникациялар құпиясы құқықтарын қамтиды.

Қазақстан заңнамасында жеке өмірді қорғауға қатысты бірқатар нормалар бар. Олар ҚР Конституциясы (18, 25-баптары), ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі (16, 17-баптары мен 27 және 29-таралуары), ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі (10-бабы), ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі «18-бап), ҚР қылмыстық кодексінің 142 - 145 баптарында жеке өмірге қол сұғылмауын бұзғаны, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почтамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алмасу құпиясын, дәрігерлік құпияны жариялағаны, тұрғын үйдің қол сұғылмауын заңсыз бұзғаны үшін қылмыстық жаупкершілік белгіленген.

Жалпыға ортақ танылған принциптер мен халықаралық нормаларға сәйкес ҚР Конституциясы «Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар» (21-баптың 1-тармағы) деп белгілейді.

Сонымен бірге, «Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Заңының 16- бабына сәйкес шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетел азаматтары үшін ашық аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес емін-еркін жүріп-тұрады және тұрғылықты мекенді таңдай алады. Бұл құқықтар да заңмен және заң актілерімен реттелген.

ҚР Конституциясының 23-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі» деп көрсеткен.

Қазақстан Республикасында ойлау, ар-ождан және дін бостандығына кепілдіктерінің ҚР Конституциясының 22-бабымен бекітілген. Қазақстанда ар-ождан мен діни сенім бостандығын құқықтық реттеу ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы мен Азаматтық кодекс және басқа да заңнамалық актілер арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар бостандығының кепілдігі ҚР Конституциясының 32-бабымен белгіленген:»Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен

Қоғамның санасы мен күнделiктi өмiрде адамдардың құқықтарын қорғауды орнықтырмай құқықтық мемлекет құру мүмкiн емес. Азаматтардың құқығын тану, сақтау және қорғау - мемлекеттiң мiндетi. Сондықтан да Қазақстан Республикасының заңдарында адам құқығын қорғауға талап күштi қойылған. Құқық қорғау жұмысына барлық мемлекеттiк органдар қатысады. Адамдар мен азаматтардың құқығы мен бостандығына мемлекеттiк қорғауды сот, прокуратура, адвокатура, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк және басқа мекемелер өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау тетiгi алдымен соттың құзыретiне жатады, олар азаматтық, қылмыстық және әкiмшiлiк iстердi қарау кезiнде жүзеге асырылады. Азаматтардың саяси, әлеуметтiк құқықтарының бұзылуынан келген зиянды анықтау негiзiнен сотта шешiледi. Бiрақ, азаматтар көбiне өздерiнiң бұзылған құқықтарын қалпына келтiруде сотқа дейiн прокуратураға жүгiнедi, әрi прокуратура органдары азаматтардың констиуциялық құқықтарын қорғауда үлкен жұмыстар атқарады.

Заңдылықтың сақталу жағдайы туралы хабарламалар прокуратураға әр түрлi жолдармен түседi. Соның iшiнде көбiне азаматтардың өздерiнiң құқықтарының бұзылуы туралы арыздары, бұқаралық ақпараттардағы хабарламалар, материалдар мен статистикалық анықтамалар, қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер.

Прокуратура заң бұзушылық туралы хабарламаларды алғаннан кейiн өз құзыретi шегiнде тексеру жұмыстарын жүргiзе алады, немесе ол туралы басқа тиiстi органдарға тапсырма бередi.

Прокуратураның құқық қорғау функциялары, соның iшiнде денсаулығына немесе жасына байланысты өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше талап етуге қабiлетсiз азаматтар мен адамдардың едәуiр бөлiгiнiң құқықтары мен бостандықтарына тиеслi көпшiлiк сипаттағы заңның бұзылуын жою, сотқа талап-арыз беру арқылы орындалады. Қалған жағдайда әр азаматқа өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғау тәртiбi түсiндiрiледi.

1. 3. Қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi прокурорордың өкiлеттiгi мен прокорорлық қадағалау актiлерi.

Қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi прокурордың өкiлеттiгi ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 29-бабында көрсетiлген, олар:

1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға және олардан айғақтар алуға;

2) қызметтiк куәлiгiн көрсетiп, мемлекеттiк органдардың, меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй-жәйларына кедергiсiз кiруге;

2-1) жүргізілетін тексеріс мәселелері жөнінде банктерден жеке және заңды тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып саналатын мәліметтердің жариялануға болмайтын талаптарын сақтай отырып, мәліметтер алуға;

2-2) жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыретті органдардан жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырып, олардың нәтижелері туралы хабар беріп отыруды талап етуге;

3) басшылардан және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-күйi және оны қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық деректердi алуға;

4) тексерiске қатысу және қорытынды беруi үшiн мамандарды тартуға;

5) прокуратураға түскен материалдарға, арыздарға өзiнiң құзыретiне сәйкес тексерiс жүргiзудi басқа лауазым иелерiнен талап етуге және бұлардың нәтижелерi туралы хабарлауды мiндеттеуге;

6) қауiпсiздiктi және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн тексерiстi жүзеге асыруға басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тартуға;

6-1) сараптамалар тағайындауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да тексерiс әрекеттерiн жасауға құқылы.

Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор құқық бұзушылықты жою үшiн төмендегi прокурорлық актiлердi қабылдауы мүмкiн:

1) наразылық енгiзедi;

2) заң бұзушылықты болдырмау жөнiнде ұйғарым бередi;

3) қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату, жеткiзу(күштеп әкелу) жөнiнде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады;

4) адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда, заңдардан басқа, заңсыз актiнiң күшiн тоқтата тұрады;

5) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары енгiзген тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе алып тастайды;

6) мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауды соттан өтiнедi;

7) органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзуды болдырмау туралы ұсыныс енгiзедi;

8) заң бұзушылыққа жол берілмейтіні туралы алдын ала ескертеді;

9) осы Заңда көзделген өзге де прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді.

Прокурорлық қадағалау актiлерiнде заң нормаларына мiндеттi түрде сiлтеме жасай отырып, заң бұзушылықтың құқықтық мәнi баяндалып, осыған орай заңның келеңсiз бұзылу салдары, себептерi мен жағдайлары көрсетiлiп және кемшiлiктердi болдырмау, кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы мәселе қойылады. Сонымен қатар прокурорлар прокурорлық қадағалау актiлерiнiң орындалуына және iс жүзiнде заң бұзушылықтың жойылуына бақылауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Прокуратура органдары қызметі жайында
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Жедел-іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау жайлы
Заң бойынша жедел іздестіру шараларын өткізу негіздері
Прокурорлық қадағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz