Жүйке жүйесінің патофизиологиясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жүйке жүйесінің патофизиологиясы.

Нерв жүйесі организмнің барлық функциялық жүйелерін, ағзалар мен тіндерін біртұтас бірлікте байланыстыратын, біріктіретін жүйе. Ол ұдайы өзгеріп тұратын сыртқы ортаның ықпалдарына организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Сол себептен нерв жүйесінің бұзылыстары организмнің осы бейімделу қабілетінің бұзылыстарына әкеледі. Осының нәтижесінде дамитын көптеген дерттердің негізінде нервтік реттелудің бұзылыстары жатады.

Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы.

Нерв жүйесінің бұзылыстарына әкелетін себептік ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа бөлінеді. Экзогендік себептік ықпалдарға: биологиялық (микробтар мен вирустар және олардың уыттары), химиялық (улы заттар, металдар, этил немесе метил спирттері, кейбір дәрі-дәрмектер, мәселен стрихнин, хлороформ, кураре ж. б., гипоксия), физикалық (барометрлік қысым, иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр ағыны, электромагниттік толқындар ж. б. ) механикалық (жарақат, ми шайқалысы), психогендік (жан-күйзелістері, жағымсыз эмоциялар) ықпалдар жатады. Сонымен бірге нерв жүйесінің бұзылыстары адамның ішетін тағамында витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мүмкін. Бұл келтірілген себептік ықпалдармен бірге адам үшін сөздің маңызы өте үлкен. Бір ауыз сөзбен адамның жанын жаралауға немесе науқас адамға дем беріп, сауықтыруға болады.

Эндогендік ықпалдар туа біткен немесе жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен эндогендік себептік ықпалдарға тұқым қуалайтын нерв жүйесінің аурулары (Даун ауруы, фенилкетонурия, шизофрения, эпилепсия, микроцефалия т. с. с. ) және нәресте басының туылу кезіндегі жарақаттанулары жатады. Жүре пайда болған эндогендік ықпалдарға мида қан-айналымының бұзылыстары (ми тамырларының спазмы, тромбозы немесе эмболиясы, қан құйылу), өспе өсуі, эндокриндік дерттер (қантты диабет, туа біткен гипотиреоз, тиреотоксикоз ж. б. ), аутоиммундық үрдістер ж. б. жатады. Бұл көрсетілгендерден басқа нерв жүйесі нервтік-рефлекстік (травмалық шок), шартты-рефлекстік жолдармен бұзылулары мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген себептік ықпалдардың әсерлері олардың қарқынынан және әсер ету ұзақтығына байланысты. Кейде әлсіз әсерлер ұзақ мерзімде әсер еткенде нерв жүйесінде көрнекті өзгерістер дамуы мүмкін. Бұл кезде ұзаққа созылған әсерлердің жиынтық өлшемі (дозасы) сол ықпалдың бір рет әсер еткен өлшемінен кем болады.

НЕРВ ЖҮЙЕСІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ

КӨРІНІСТЕРІ

Нерв жүйесінің бұзылыстары тежелудің тапшылығымен, денервациялық және деафферентациялық синдромдармен, нервтердің нәрленістік (трофикалық) қызметтерінің өзгерістерімен көрінеді.

1. Тежелудің тапшылығы. Нерв жүйесінің қызметтері екі қарама-қарсы қозу және тежелу үрдістерімен қамтамасыз етіледі. Қалыпты жағдайда нерв жүйесінің жоғарғы бөліктері төменгі бөліктеріне, нервтелетін ағзалар мен тіндерге тежеуші әсер етіп тұрады.

Дерт туындататын әсерлерге тежелу механизмдері өте сезімтал келеді. Сондықтан ОЖЖ-де ең алдымен тежелу үрдістері бұзылады, қалыпты тежелудің тапшылығы дамиды. Осыдан күшейген дерттік қозу ошақтары пайда болады. Мысалы, мидың сыртқы қыртысының қызметі бүлінуінде (инсульт) оның тежеуші әсерінен жұлын орталықтары шығып кетуден қол бүгіліп, аяқ еттерінің жазылып жиырылып қалуы (Вернике - Манн кейпі) пайда болады. Мидың жұлынға тежеуші әсері болмауынан жұлында патологиялық рефлекстердің бақылаудан шығып кетуі байқалады. Осыдан Бибинский рефлексі, емізік, қамту рефлекстері ересек адамдарда пайда болады. Бұл рефлекстер әдетте жаңа туған балаларда болады, ал артынан ОЖЖ жоғары бөліктерінің жетілуіне байланысты олардың реттеуші әсерлерімен тежеліп, ересек адамдарда болмайды. Нейрондардың гендік құралдары тежелуден шығып кетсе жасуша мембраналарында нейромедиаторларды қабылдайтын көптеген артық рецепторлар пайда болады (шизофрения, Гентингтон хореясы ж. б. ) . Осы рецепторлардың артық қоздырылуы бұл дерттердің клиникалық көріністеріне (сандырақ, елес, бұлшық еттердің бірікпей жиырылулары немесе кейбір ет топтарының сіресіп қалуы т. с. с. ) әкеледі.

2. Денервациялық синдром. Постсинапстық нейрондарда, ағзалар мен тіндерде нерв әсерлері болмауынан пайда болатын өзгерістердің жиынтығын денервациялық синдром деп атайды. Бұл синдром бұлшық еттердің тұтасып бірікпей жеке талшықтарының жиырылулары байқалады.

3. Деафферентация. Ми нейронына шеткі тіндерден немесе шеткі нейрондардан түсетін серпіндер афференттік серпіндер деп аталады. Бұл серпіндердің болмауы нейронның деафферентациясы делінеді. Деафферентация нейронға серпіндердің өтуі тоқталуында (нерв жолдары үзілгенінде, пресинапстық аяқшалармеп нейромедиаторлар шығуы бұзылғанында) немесе постсинапстық нейронда нейромедиаторлардың әсерлерін қабылдайтын рецепторлар тежелгенінде (уыттар, дәрілік заттардың әсерлерінен) байқалады. Нейрондар тобының деафферентациясы патологиялық күшейген қозу ошақтары пайда болуына әкеледі.

Деафферентацияның нәтижесінде көптеген сезімталдықтың болмауы науқастарды ұзақ ұйқыға әкелуі мүмкін.

4. Нервтік нәрленістің бұзылыстары. Нейродистрофиялық үрдістер. Жасушаның нәрленісі (трофикасы гр. trophe қоректену) - оның тіршілігін қамтамасыз ететін үрдістердің жиынтығы.

Трофиканың бұзылуы дистрофия деп аталады. Дистрофия кез-келген дерттерде кездеседі.

Трофогендер деп нерв жасушаларыиа және олармен жүйкеленетін ағзалар мен тіндерге нәрленістік әсер ететін заттарды айтады. Олар нейрондарда, шеткі тіндерде, глия және шван жасушаларында өндіріледі. Трофогендік міндет атқаратын заттар қан сары сусындағы нәруыздар мен иммум нәруыздардан құрылуы мүмкін. Кейбір гормондар трофогендік әсер ете алады.

Трофогендерге нейрондардың тіршілігін сақтап қалуын, өсіп-жетілуіне әсер ететін нервтердің өсу факторы жатады. Олар жаңа дамып келе жатқан организмдердің нерв жүйесінде болады. Ал, ересек организмдерде оның түтілуі кейбіреулерінде тоқтап қалады. Бірақ жарақаттанудан кейінгі нервтердің бүліністері кездерінде трофогендердің түзілуі қайта пайда болады.

Сонымен бірге, кейбір жағдайларда патологиялық трофо-гендер өндірілуі мүмкін. Олар патотрофогендер деп аталынады. Патотрофогендер нысана-жасушаларда тұрақты патологиялық өзгерістерді туындататын заттар. Мұндай заттар эпилепсияланған нейрондарда өндіріледі. Олар аксоплазмалық ағыммен басқа нейрондарға түсіп, соңғыларында тұрақты эпилепсиялық қасиет туындатады.

ВЕГЕТАТИВТІК НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерден тұрады. Симпатикалық нервтер омыртқалардың бойында орналасқан тораптардан басталады. Бұл торап жасушаларына жұлынның кеуде және бел бөліктерінің нейрондарынан талшықтар келеді. Парасимпатикалық нервтердің орталығы ми бағанасында және жұлынның сегізкез бөлігінде орналасқан. Бұл симпатикалық тораптардан және парасимпатикалық нервтердің орталықтарынан аксондар ішкі ағзаларға келеді және олардың жанындағы, іштеріндегі тораптармен синапстық байланыстар құрады. Ішкі ағзалар қарама-қарсы әсер ететін әрі симпатикалық, әрі парасимпатикалық нервтермен жүйкеленеді.

Вегетативтік рефлекстердің доғалары жұлында, сопакша және ортаңғы мида түйіседі. Сондықтан орталық нерв жүйесінің осы бөліктерінің бұзылыстары ішкі ағзалардың қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі. Мәселен, жұлыны үзілген жануарларда, қимылдық әрекеттердің бұзылыстарынан басқа, артериялық қан қысымының қатты төмендеуі, жылу реттелістерінің, тер шығуының, үлкен және кіші дәрет шығарылуларының бұзылыстары байқалады.

Сопақша мида бұзылыстар болғанда көзден жас шығуы, сілекейдің және ұйқы безі мен асқазан сөлдерінің шығарылуы бұзылады. Сонымен бірге, тыныс алу және қан тамырларының қимылдық орталықтарының қызметтері өзгереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы туралы
Жүйке жүйесінің типтері
Малабсорбцияның жіктелуі
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі жайлы
Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезі
Клиникалық көрінісі
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Бүйректер патофизиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz