Баланы отбасында мектепке дайындау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

БАЛАНЫ ОТБАСЫНДА МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ

Бала тәрбиесі - баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу - ол болашақ ұрпақ тәрбиесі.

Бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. «Баланы - жастан» деген дана халқымыз. Осы бір өмірден алатын қағиданы әрдайым есте ұстағанымыз жөн. Отбасының негізі - баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңесі тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, азаматқа және өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Жас сәбидің өмір табалдырығын аттағандағы алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі, көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата-әженің, әке-шешенің өнегесі, өнері балаға үлгілі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге-өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.

Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті - бәрі де балаға үлгі-өнеге.

Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмірін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесітен бастаған жөн. әрбір ата-ана бала тәрбиесіне ерекше мән беруі қажет, өзінің баласын еліне пайдалы, әке-шешесіне, тума-туыс, бауырларына мейірімді, иманды, еңбекқор, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуге міндетті. Баланы қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды, ата-ана балаларына жақсы беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы бола алады. Ана - бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?![1, 4] .

Баланы үнемі таза ұстау, белгілі уақытта ұйқтату, тамақтандыру, серуенге шығару, денесін шынықтыру, құлағын түрлі дыбыстарға жаттықтырып, атын атап шақыру, сөйлесу осының бәрі де оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастама сабағы болмақ.

Бала тәрбиесі тек ата-ана қамқорлығымен шектелмейді, сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбиесімен, өсиет-өнегесі мол.

Қазіргі кезде көптеген мектептер жанынан баланы мектепке дайындайтын топтар ашылып, онда арнайы білімі бар мұғалімдер жұмыс істейді. Осы топтарда және бала бақшасында тәрбиеленген балалар мектепке белгілі бір дайындықпен келеді.

Ал отбасынан бірден мектепке келген балалардың білім дәрежесін басқалармен салыстырғанда әртүрлі айырмашылықтар болып жүр. Біреулер баласын: «Менің балам оқиды, жаза, тіпті жүзге дейін санай біледі» деп әкелсе, екініші біреулері «Үйімде адам жоқ, бала бақшада болмады, сондықтан көңіл бөлсеңіздер екен» деп әкеледі, келесі көп бала бақшадан мектепке келеді. Оқу басталады, мұғалім жоғарыда аталған білімі, қабілеттері әр түрлі деңгейдегі балалармен жұмыс істей бастайды. Белгілі қиыншылықтарға кездеседі. Оқи, жаза білуді бұрын үйренген баланың сабаққа қызығушылығы бәсеңдейді. Ал, оқи, жаза білмейтінде бұл дағдыларға көп еңбектенуі керек. Міне осының салдарынан кейбір мұғалімдер ата-аналарға: «балаларыңды мектепке дайындап әкеліңбер» деген талаптарды қоя бастайтыны байқалуда. Кейде мектепке дайындау топтарының бағдарламасында көрсетілген міндеттерді ата-аналардың орындау қажет болып жүр. Сондықтан көптеген ата-аналар балаға «Әліппе» бойынша әріп танытып, өздігінше оқи, жаза білуге үйрете бастаған. Тіпті, баласы бақшада жүрген отбасылар тамыз айында балаларын мектептегі дайарлау тобына беретіндігі байқалды. Осындай себептер ата-аналардың бала тәрбиелеудегі күнделікті жұмысына көмек берелік ғылыми-әдістемелік құрал қажеттігін көрсетті[3, 5] .

Алғашқы қоңырау - мектепке баратын балаға да, оның ата-анасына да аса қуанышты күнінің бірі. Бала да, ата-ана да 1-қыркүйекті - білім күнін ерекше күтеді. Баланың өсіп-есеюі, оның өміріндегі елеулі жаңа баспалдақтар ата-ана үшін әрқашанда мерекедей құрметті, қуанышты оқиға. Ұстаздар болса балаларды қарсы алу, оған салтанатты, қуанышты жағдай жасау үшін жақсы әзірленуге, оқу жұмысының барысында кездесіп қалатын ұсақ-түйек мәселелердің болмауын қадағалап-ақ бағады. Алайда балалардың сырттай мектепке еліктеп, қызықтауы, оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілуі, оның оқу ісіне дайындығын дәлелдемейді. Баланы мектепке дайындау дегенді біз үстірт түсінбеуге тиіспіз. Балаларды жазу мен сызуға үйретумен қатар олардың дене құрылысының өсіп жетілуін, ой-өрісінің кеңеюін, көрген білгенднрін, оқылған ертегілерін айтып беруге дағдыландыру, қоршаған ортаны танып-білуге дайындаумыз керек.

Бала алты жастан аса бастағанда дене түзілісі жедел дамиды. Жүйке жүйесінің тұрақты жұмыс істеу қабілеті артады. Қол буындары мен саусақтарының қимыл-қозғалысы дамиды. Бұл жастағы баланың сөздік қоры молая түсуіне байланысты айналадағы өмір мен үй ішіндегі адамдармен қарым-қатынас күрделене түседі. Олар дене, ой-еңбектеріне бейімделіп, өздігінен еңбек түрлерін атқарады. Ересек адамдармен қатарласа жүріп, қарапайым жұмыстарды орындауға әрекет жасайды. Қабылдау процестері белгілі мақсатқа бағытталады. Байқампаздық қасиеттер дамиды.

Баланың осындай ерекшеліктерін дамыта, жетілдіре түсуде отбасындағы күн тәтібінің де маңызы зор. Ол төмендегіше болуға тиіс:

Баланың отбасындағы күнделікті іс-әрекеті

Ұйқыдан тұрғызу (жуыну, киіну, жаттығу

жасату) - 7 30 - 8 30

ертеңгілік тамақтану - 8 30 - 9 00

үйдегі сабақ (күніне - 2 сабақтан) - 9 00 - 10 00

далаға серуенге шығару, еңбек - 10 00 - 12 30

түскі тамақ - 12 30 - 13 00

күндізгі ұйқы - 13 00 - 15 30

бесін тамақ, еңбек - 15 30 - 16 00

ойын-ермектер - 16 00 - 16 30

далаға серуенге шығару - 16 30 - 18 00

(саяхаттар, театрлар)

Кешкі тамақ - 18 00 - 18 30

Баламен әңгімелесу, ертегі оқу, - 18 30 - 19 30

еңбек әрекеті

Дербес әрекеті, ойын, серуен - 19 30 - 20 30

Ертегі тыңдау, оқу,

теледидар көру - 20 30 - 21 30

Ұйқыға дайындық - 21 30 - 22 00

Ұйқы - 22 00

Әрбір отбасы өз мүмкіндігіне қарай баланың бір қалыпты күн тәртібін жасау керек. Мектепке баратын баланың күн тәртібінде әр түрлі ойындар, өздері орындай алатын жұмыстар, демалысы үнемі алмастырылып отыратын болсын. Балаға ертегі, әңгіме оқып беру, ойланып істейтін, ара-гідік тұрып, жүгіріп ойнайтын ойындармен алмастырылып отырған жөн. Баланы ұйқтау, ұйқыдан тұрғызу, тамақтандыру белгілі бір мерзімде орындалып отыруы дұрыс[2, 14-15-16] .

Баланы мектептегі оқу ісіне дайындаудағы ең қажетті шарттың бірі - оның өз бетімен еңбек етуге, белгілі мерзім ішінде қажетті жұмыс түрінорындауға тәрбиеленуі. Мысалы: баланы аулада, не үйде өсірілетінгүлдерді күтіп-баптауға үйрету оның эстетикалық талғамын арттыруға әсер етеді.

Баланы алғашқы еңбек дағдыларына үйрету ісі оның өз бетімен жуыну, киіну, шешіну, тамақтану әрекеттерінен басталады.

Мектептегі оқуға баланы сырттай қызықтырып, мұғалім оларды оқуға, жазуға, сурет салуға үйрететінін, ол үшін ұстаздың айтқанын тыңдау, тыныш отыру, берілген тапсырмаларды асықпай жазу, бастапқы тиянақты аяқтау қажеттігін үнемі айтып, түсіндіре беру керек. Үйде не басқа отбасында жақсы оқитын балаларды үлгі ете әңгімелесу, олардың оқуы, кенйбір жақсылық істерін әңгімеге арқау етіп айтып беру қажет. «Баланы жастан» деген халық даналығына сүйенсек, тәрбиенің бесіктен басталатыны әркімге аян. Бұл сөз әсіресе қазіргі кезеңде жие айтылатын болды. Оған себепте жетерлік. Сәбидің өнерлі, талантты еңбек сүйгіш болып өсуін мақсат еткен ата-ана бесік жырының негізгі арқауы да ой өнеріне, қол еңбегіне арналғанын мына бір үзік ойдан аңғару қиын емес.

«Таңдайларың тақылдап,

Сөйлегенде сөз бермей,

Шешен болар ма екенсің.

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?» . . .

Бала ой еңбегі дене еңбегінің қарапайым түрлерін орындау арқылы мақсатты орындауға, бір пайдалы іс атқаруға құлшынып отырады.

Отбасындағы еңбек тәрбиесінде мына міндеттерді жүзеге асыру көзделуге тиіс:

дене еңбегіне қатысты қарапайым дағдыларды қалыптастыру;

үлкендер тарапынан берілген тапсырмаларды орындату барысында өзіндік ой-қортындылар жасай білу;

іс нәтижесіне жетуге, мақсаттылыққа үйрету;

өзіне тапсырылған іске жауапкершілікті сезіну, оны таза, ұқыпты, айтылған уақытта ыждаһатты орындау. Ол үшін қажетті заттарды тауып, қолдана білу, күтіп ұстау т. б. дағдыларды меңгеру. Іні-қарындастарына өз шама-шарқына қарай көмектесе білу. Үлкенге ілтипат көрсетуге, кішіге бауырмалдық жасауға тәрбиелеу.

Бала еңбегін үйде ұйымдастыру

Өзін-өзі күту (5-6 жастағылар үшін)

Міндеттері
Еңбек мазмұны
Міндеттері: 1 - жаттығу
Міндеттері: Өз бетімен киініп, шешіне білу, түймелерін түймелеп, ағыту, киімдерін бүктеп, өз орындарына ілу. Именшек, жасқаншақ балаларға көмектесу. Киімді шкафқа өз орнына орналастыру. Төсектен тұрған соң, төсегін жинау, бір-біріне көмектесу дағдысын қалыптастыру.
Еңбек мазмұны: Бөкебайын алып, бас киімін шешу, үстіңгі сөреге қою. Пальто түймелерін ақыту (бір қолымен түймені, екінші қолмен ілгекті бас бармақпен, сұқ саусақпен ұстап, түймені шығару) . Пальтоны ілгекке ілу. Жылы кофтасын, шалбарын шешіп, оны жоғары сөреге қою. Ақ жайманың шетін жайып түзеу, көрпені, жастықты жинау.
Міндеттері: 2 - жаттығу
Міндеттері: Дәретханадан шыққанан кейін қолды сабындап жуу. Суды шашыратпай, жуынатын орынды таза ұстауға үйрету. Мұны тұрақты істеуге баулу.
Еңбек мазмұны: Жуынар алдында жеңді түріп, қолды сабындап жуу. Қолдан сабынды кетіріп, тазалап болып, орамалмен сүртінуі. Шашын айна алдында тұрып тарау.
Міндеттері: 3 - жаттығу
Міндеттері: Шанышқыны, қасықты өз бетінше пайдалана білуді пысықтау. Тамақты аз-аздан алып ішуге дағдыландыру
Еңбек мазмұны: Қасық сабының ортасына оң қолымен ұстап, тағамды толтырып алмауға, шанышқыны да солай сабынан ұстап, ас ішуге үйрету. Тамақтан соң ас қайыруға дағдыландыр.
Міндеттері: 4 - жаттығу
Міндеттері: Балаларды тісін тіс пастасымен тазалауға үйрету. Оны тазалаудың ретін түсіндіру, тісті күте білуге үйрету. Тістің қызыл етін сақтауға ықпал жасау, т. б. Ауызды таза ұстауға дағдыландыру, үйреткенді пысықтау. Ауызды таза ұстау үшін қажетті заттар: тіс пасталары, щетка. Тіс қатарына қарай тіс щеткасының үлкен-кіші формасын таңдай білу. Тістің сыртқы қатаң қабының бұзылуынан сақтайтын «Жемчук», «Арбат», «Чибурашка», «Алиса», «Фтордент» атты пасталар екенін түсіндіру.
Еңбек мазмұны:

Щетканы шүмек астына ұстап, сумен жуу. Балаларға пастаны щеткаға қанша сығып түсіруді үйрету. Тісті щеткамен жақсылап ысу:

А) астыңғы, үстіңгі тісті оң-сол жағынан жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай ысқылап (сыпырғыш сияқты) тазарту;

Ә) алдыңғы тісті (астыңғы, үстіңгі де) жоғары-төмен, төмен-жоғары сыпыра тазалау;

Б) алдыңғы тісті де үстіңгіні де, астыңғыны да ішінен жоғары-төмен, төменнен - жоғарыға сыпыра тазалау;

В) тістің қызыл етін зақым келтірмейтін, қырқұлақ ауруына соқтырмайтын «Лесная», «Экстра», «Новинка-72», «Чародика», «Прима», «Спутник» пасталарын ұсыну.

Осылайша 6-7 жастағы балалардың да өзін-өзі күту жаттығуларын жасап, оның орындалуын ата-аналардың өздері бақылауға алып отыруларына да болады.

Бала есейген сайын өзі атқарар осындай істер күрделене түседі. Олар да үлкендердің еңбек процесіне еліктеп, өздігінен бір пайдалы іс атқаруға талпынады. Жеміс көшеттерін отырғызу, ағаш егу т. б. жұмыстарға өз шама-шарқынша араласа бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды жан – жақты дамытуда мектеп пен тәрбиенің бірлігі
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Мектеп жасына дейінгі баланы отбасында этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлау
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz