Алматы 1986 жылғы желтоқсан. Аңыз бен Шындық


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Алматы 1986 жылғы желтоқсан. Аңыз бен Шындық .

1990 жылғы 24 қыркүйекте Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының қаулысы желтоқсанда қабылданып, онда Адматыда 1986жылғы желтоқсанда болған оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның қортындылары мен ұсыныстарын мақұлдады.

Қазақ республикасының біз білген тарихында тіпті бүкіл Совет одағының тарихында тұңғыш рет кезінде бүкіл қазақ халқына "ұлтшыл" деп айдар таққан Орталықтың өктемдігіне қарсылық білдіріп, СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының шешімі айыпталды.

Жастардың бейбіт шеруін заңсыз басып-жаншуға кінәлі болған кейбір лауазымды адамға сөз теигізбеу мақсатында желтоқсан оқиғасы алғашқы күннен бастап қалың көпшіліке қате түсіндірілді.

Желтоқсандағы қазақ жастарының бұл жиыны ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол басқ халықтарға, соның ішінле орыс халқына қарсы бағытталмаған-ды. Алматыдағы желтоқсан толқуы-шын мәнісінде, елімізде алғаш рет екі күштің: жаңа басталып, буыны қатпаған демократияның және ол кезде әлі өз күшінеде тұрған әкімшіл-әмірші жүйенің қақтығысы еді.

Бұл қасіреттің ауқымы мен тереңдігі халықтан жасырылды. Бырақ, шындық қаншалықты ащы болса да, оған сай келер емші жоқ.

Желтоқсан оқиғасының басалуына ─Д. А. Қонаевты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатып орнына Г. В. Колбинді сайлаған 1986 жылғы желтоқсанның 16-сында өткен Пленум себепші болды. Жоғарыда айтылған ұсынысты СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының атынан СОКП Орталық Ксмитетінің хатшысы Г. П. Разумовский жасады.

Г. В. Колбинның Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хаишысы болып сайлануы қазақ халқының өмірлік мүддесіне қатысты мәселелерді шешудегі Орталықтың өрескел өктемдігі ретінде қабылданды. Қазақстан Компартиасының қалыптасу барысында оның 20 хатшысының үшеуі ғанғ қазақ болғанын ескерсек бұл оқиғаның саяси мәнінің арта түскенін мойындауымыз керек. Орталықтан келген кадрлар республика Компартиясы бірінші хатшысының қызметін негізінен мансаптың келесі бір баспалдағына көтерілу үшін пайдаланды. Сол сияқты, басқа ұйымдар мен ведомстволардың басшы орындары да осындай күй кешті. Мысалы. Қазақстанда Совет өкіметі орнағаннан бері республика Мемілекеттік хауіпсіздігі комитетінің басшылығында екі-ақ қазақ болды. Ал, орталық тағайындаған, республикада туып-өспеген, оның халқымен, мәдени тұрмысымен мүлде араласып көрмеген басшылар жергілікті жерде өзінің айтқанынан шықпайтын адамдардан ғанғ жасақ құрды. Сол басшылардың бірде-біреуі жұмыстан босап немесе еңбек демалысына шыққаннан кейін Қазақстанда қалуды жөн көрмеді. Орталықтың шет аймақтарға соншама солақай қарауы кейде күлкілі жағдайға да алып барады. Мысалы, кезінде Н. С. Хрущевтің Қазақстанға келіп тұрып, самолет баспалдағынан "өзбек халқына жалынды салем!" деп жар салғаны көпке мәлім.

Оқиға барысына оралатын болсақ, әуелі тек Алматы қаласының жұмысшы және студент жастарынан тұратын шағын ғана топтың Орталық Комитет Пленумының шешіміне наразылық білдіргенін атап айтыуымыз жөн. Бұл наразылық бейбіт шеру түрінде өтіп, саяси сипат алды, мемілекеттік құрылысты құлатуға немесе басқа халықтарға қарсы әрекет жасауға шақырған жоқ. Республика Компартиясы Орталық Комитеті үйінің алдына жиналған жастар Пленум шешімімен келіспейтіндіктерін білдіріп, соған байланысты түсінік беруді талап етті.

Республика басшылығы жастардың өздерімен терезесі тең сөйлесуін қорлық санап, олардың пікірімен санасуды жөн санамады. Сөйтіп, бұл саяси наразылық өкіметке қауып төндіру ретінде бағаланып, сан жағынан шеруге қатысушылардан бірнеше есе басым түсетін Алматы горнизоны әскери әзірлік жағдайына келтірілді де, алаңды қоршап алуға бұйрық алды. Тіпті жастар жиынын тұрақты әскери бөлімшелердің күшімен басу туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды.

Республика басшылығының қоярда-қоимай сұрауымен ССРО Ішкі істер минмстірі А. В. Власов еліміздің әр түрлі аймақтарынан Алматыға өз ведомствосына қарасты әскерлердің арнайы бөлімшелерін әкелу туралы шешім қабылдады. Бұл қажеттіліктен туындамаған заңсыз шешім еді. ССРО Конституциясына жүгінетін болсақ, мұндай шешім тек Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ұйғарымымен Алматы Қаласында төтенше жағыдай енгізгенде ғана, онда да ССРО Жоғарғы Советінің Президиумы немесе Сессиясі бекіткенде заңды саналмақ. Бірақ, шағын ғана басшылар тобы республика өкіметінің шешім қабылдап, заңға кереғар әрекет жасады.

Бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздікке ұласуына ─ республика басшыларының саяси осалдығыы, күрделі ахуалдан шығудың тиімді жолдарын таба алмауы, тіпті, табуға тырыспауы сонымен қатар, саналы да ұстамды саясатқа емес, күшке сүйенуі басты себеп болды.

Бейбіт шеру жөнінде оған қарсы қолданылып отырған шаралар туралы алғашқы мәліметтер орталыққа ─СОКП Орталық Комитетіне, ССРО комитетіне және Ішкі істер министірлігіне тоқтаусыз жіберіліп тұрды. Одан әрі хабар сағат сайын, ал Мемілекеттік хауіпсіздік комитетінің желісі бойынша әрбір жарты сағат сайын берілді. СОКП Орталық Комитетімен телефон арқылы белгіленген тәртіп бойынша Г. В. Колбин сөйлесіп отырған және оның кіммен сөйлескені бізге белгісіз. Бізге белгілісі ─ желтоқсанның 17-сінен 18-сіне қараған түні партия шаруашылық кеңісіне қатысушыларға Г. В. Колбиннің "СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев оқиғаға қатты мазасызданып отыр" деген хабарламасы ғана. (Г. В. Колбин комиссиясыняң шақыруына келуден бас тартты. 1990жылғы қараша айында Мәскеуде Совет және шетел журналистеріне арнап желтоқсан оқиғасы жөнінде пресеконференция өткіздік Г. В Колбинді тағы шақырдық. Келмеді. )

Алматыда болып жатқан жағдайға арнайы баға берілген алғашқы хабарлама Москваға желтоқсанның 17-сі күні сағат 18-де жіберілген.

Оны ССРО Мемлекттік қауіпсіздік камитетінің төрағасы Чебриковке республика Мемлекттік хауіпсіздік камитетінің төрағасы В. М. Мирошник─берген екен. Комиссия-«тиісті шешім қабылдау үшін ахуалға баға беру жөніндегі сұранысты кім жасады?» деген сұрағына Мирошник:"Грузияда жұмыс кезінен бері бай тәжірибе жинаған Г. В. Колвин ешкімнің ұсынысын қажет етпеді", ─деп жауап берді.

Шеруді басу, одан кейінгі жазалау істерін Орталықтың өкілдері СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі М. С. Соломенцев, ССРО ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Б. К. Елисов, ССРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті председателінің бірінші орынбасары О. В. Сорока, ССРО ішкі министріне қарасты әскери күштер басқармасының бастығы В. С. Дубиняк СОКП Орталық комитетінің ұйымдастыру партиялық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары Е. З. Разумов, СОКП орталық комитеті партиялық ұйымдастыру бөлімінің қазақстан секторының меңгерушісі Н. Ф. Мишенков және қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Г. В. Колбиннің өзі тікелей басқарып

Республика басшылығы құрамынан бұл штабқа тек қазақстан компартиясы орталық комитетінің екінші хатшысы О. С. Мирошхин, Қазақ ССР ішкі істер министрі Г. Н. Князев және қазақ ССР мемлекттік қауіпсіздігі комитетінің төрағасы В. М. Мирошник енді.

Оқиға әдеиі бұрмаланып берілген баға түптеп келгенде ішкі әскри күштер бөлімшелерін еліміздің басқа аймақтарынан Алматыға әкелуге апарып соқты. Қазақстан компратиясы орталық комитеті Бюросының өтініші бойынша жасалды мыс деген шешімнің шын мәнінде оның назарынан тыс қалғандығы таң қаларлық жай.

Қазақстан компартиясы орталық комитеті Бюросының атынан оқиғаға үстірт баға беріліп, арнайы өтініш жасағаннан кейін орталықты Алматыға коменданттық сағат енгізу және тұрақты армия бөлімшелерін іске қосу жөнінде мәселе талқыланды. Орта Азия әкери округінің қол басшысы В. Н. Лобов әскер енгізуден үзілді кесілді бас тартса да, Г. В. Колвин ССРО қорғаныс министрін дегеніне көндірді. Сөйтіп желтоқсанның 18-і күні сағат 13-те алаңға әскери училишенің жеке құрамын кіргізді. Олар орталық комитет үйін қоршауға алды.

Бір ғажабы, осыншама ауыр зардаптарға соқтырған маңызды шешімдердің бәрі ешқандай жазба нұсқау, бұйрықсыз қабылданған «Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюросының өтініші бойынса арнаулы әскер енгізілді», желтоқсанның 17-сі күні шеруге қатысушыларды қуып тарату кезінде сапер күрегін қолданып, ерекше қатыгездікпен көзге түскен ССРО Мемілекеттік хауіпсіздігі комитетінің шекара училищесінің курсанттары Мирошниктің Чебриковке жіберген өтініші бойынша іс-қимыл жасады; Елисовтың нұсқауы бойынша сол кезде 20 өрт сөндіру машинасы қолданылды: Лобовтың ауызша бұйрығымен алаңға Алматының жоғары әскери командалық училищесінің курсанттары мен бронетранспортерлері шығарылған; Ішкі істер басқармасы басшылығының ауызша нұсқауы бойынша алаңдағы ереуілшілер ұсталып, прокурордың санкциясынсыз тергеу изоляторына, арнайы орындарына тіпті, информациялық есептеу жүйесі үйлеріне орналастырылып, қала сыртына шығарылды; Алматы облыстық, қалалық, аудандық партия басшыларының ауызша нұсқауы бойынша кәсіпорындарда темір таяқтар әзірленіп, халық жасақтары құрылған. Міне оқиғалар тізбегін осылай жалғастыра беруге болар еді.

Әу бастан-ақ, саяси шеруді қалайда басып жаншуға бағыт ұстанып, әскери күш қолдануға әзір болған республика басшылары уақыт оза шеруге қатысушылармен сөйлесуге әрекет жасады, бірақ бұл әрекеттері әу дегенде-ақ сәтсіздікке ұшырады. Қазақстан Компартиасы Орталық Комитеті Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиасы Алматы обылыстық комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы М. С. Меңдібаев комиссияға берген түсінігінде былай деп жазды:"Шеруге қатысушыларда бір-ақ талап болды ─ Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына неге сырттан әкелінген адам сайланды, қазақ болмаса да . . . республиканың проблемаларын білетін өзіміздің адам болсын. Сол кездің өзінде─ақ жастар жағы саяси сана тұрғысынан аға буыннан озып шықты. Олар республика коммунистерінің бірінші басшысы туралы мәселенің халықпен ойласпай шешігендігіне ашулы еді . . . Өздерін тыңдағанды, түсінгенді қалады және бетпе-бет, терезесі тең сөйлесуді талап етті. Біздің оған батылымыз жетпеді".

Осыған орай сол кездегі Министрлер Советтің Төрағасы, қазіргі Қазақ ССР Президенті Н. Ә. Назарбаев былай деп жазады:

«Москва өкілдерінің алаңда болып жатқан жағдайға барлау жасаудан бізді толық шеттетуіне түрткі болған негізгі себеп мынада деп ойлаймыз: олар бізден көпшіліктің көңіл күйін пайдаланып, өз мүддесіне бұруға тырысады деп күманданды. Шеруге қатысушылардың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне неғұрлым лайық кандидатуралар деп Е. Н. Әуелбековті, В. Е. Морозовты, С. М. Мұқашевті, Н. Ә. Назарбаевты және т. б ұсынғаны оларды қатты алаңдатты. Айта келететін жәйт, ұсынылған фамилиялардың тізбегі - республика басшылығына ұлты орыс адамның келуіне жастардың мүлдем қарсы болмағандығын дәлелдейді. Солай бола тұрса да, атышулы «қазақ ұлтшылдығы» атты саяси ойын басталып кетті. Менің өзіммен де ол кезде москвалық басшылар кісілік көрсетіп, бұйыра сөйлесіп жүрді»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман
Жазушы Оразанбай Егеубаевтiң «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» атты роман-эссесi хақында
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
«1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және оның тарихи маңызы»
Жастардың жүрегіне жара салған желтоқсан
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
Желтоқсан оқиғасының басталуы
Желтоқсан тарихы (оқу - әдістемелік құрал)
Ұлы даланың астаналары
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz