Адал сезім, ақ жүрек, асыл арман


1. «Махаббатсыз дүние бос...» атты баяндама
2. Сезімім сыр шертеді
3. «Киноға түсіп көрелік»
4. Қыздарға құлаққағыс
Махаббат мәселесі антикалық дәуірден бастап біздің дәуірімізге дейінгі аралықта жырланып келді, болашақта да айтыла беретін таусылмайтын тақырып. Тек махаббат арқылы ғана адам баласы өзін қоршаған ортаны тани алады. Махаббатсыз ол толық мәнге ие бола алмайды.Адам – философияның негізгі өзегі, объектісі болса да, адамдық махаббаттың барлық түрінде философиялық ой-толғаудың ең бастысы болып саналады.
«Махаббат – ақыл, ар-намыс, ерік-жігер сезімі» десе, өзіміздің данышпан ақынымыз Абай «Махаббатсыз – дүние бос», - дейді. Ал, А.Ясауи үшін Жаратқан тәңірге деген махаббаттан жоғары сезім жоқ. Олай болса, біз төменде махаббаттың түрлері, оның адам өміріне қатысы, махаббаттың эростан айырмашылығы, махаббатсыз өмірдің болмайтындығы туралы қал-қадірімізше баян етейік.
Жоғарыда айтып өткеніміздей махаббат – ар, ақыл, намыс, ерік-жігер сияқты адамдық маңызды қасиеттердің бірі. Адам адамды аялау арқылы өз тіршілігін мәңгі етеді.
Антикалық ойшылдар, соның ішінде Платонның «Пир» деген еңбегінде махаббаттың мән-жайы егжей-тегжейлі баяндалған, онда адамның өмір сүру тәсілі ретінде махаббат әйел адамның сұлулығын бағалау тұрғысынан көрсетіледі. Жалпы антикалық дәуірдегі махаббат мәселесін, антикалық эрос деп атауға болады. Орта ғасырда махаббат мәселесі діни сипатта қарастырылды. А.Августин, Ф.Аквинский секілді ғұламалар пенденің Құдайға деген махаббатының мәнін ашуға тырысты. Августин өзгені өзіңдей етіп сүюдің керектігін айтады. Ол үшін өзіңді сүю күнә болып табылады. Қайта өрлеу дәуірінде рухани игіліктің бастамасы ретінде махаббат көрсетілді. Фичино «Платонның «Пир» еңбегіне талқылау» деген зерттеуінде адамның жандық және тәндік сұлулығы бірдей, оны беретін құдіретті күш деп қорытынды жасайды. Пико Делле Марандолло махаббаттың мәнін тазарту арқылы ашуға тырысқан. Жаңа заман ойшылдарында махаббат рационалдылықтың ұмтылысы ретінде көрініс тапты. Д.Ж.Бруно махаббатты табиғатты сүйіп, оның жұмбағын ашуға тырысатын күш ретінде көрсетеді. ХХ ғасыр ойшылдары үшін махаббат сұлулық әлемі, өмір тылсымы. Әйел заты мен ананың орны ХХ ғасыр ойшылдары үшін ерекше. Адамды сүю өнер ретінде санадан да артық етіп көрсетіледі. Шынайы махаббат адамшылықтың белгісі екені айтылады. Н.Бердяев : «Махаббат – адамның өлімнен қашып, өмір сүруге қажет маңызды қасиеттердің бірі. Махаббаттың пайда болуы әлдебір себептермен түсіндіруге де болмайды (мысалы, сұлулық, ақыл, күш, т.б.). Егер мұндай себептер махаббаттың пайда болуында шынымен белгілі бір рөл атқарса , онда ол ешқандай махаббат емес, ол тек иммитация (еліктеушілік) болып табылады. Әрқашанда өте әдемі, ақылды, күшті адамдарды таңдап сүю таңдау критерийінің ғана бар болғаны, ол тек сүю бар болғандықтан сүйеді деп ойлауға болмайды.Дегенмен, психологиялық тұрғыдан махаббат нақты себептермен анықталады. Қазақта «Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу», - демекші, негізінде сүйген адам өзінің таңдаған адамын бәрінен сұлу, бәрінен ақылды деп сенеді.
Адам махаббатсыз өмір сүре алмайды. Адам өз сүйгенінің құлы. Ол сүйгенінің кемшіліктеріне көңіл аудармайды. Оның жаны өзін-өзі адам етіп көрсететін емес, өзгені адам етіп көрсететін, белгілі бір шешім іздейтін үлкен энергияға толы махаббат тылсымында болады. Осы тұлға махаббаттың адамға жақындығын өнермен, шығармашылықпен байланыстылығынан көруге болады. Адам шынайы сүйгенде оның жаны « ашылады». Махаббат адам тіршілігіндегі физиологиялық, психологиялық шарттармен анықталмайды және өмірде біз бір-бірімізді сүюге тиіспіз деген заң жоқ . Адам өзінің табиғи жаратылысының жоғарғы шегінде метафизикалық тіршілік ретінде сүйеді. Өмір болған соң кешегі бір-бірінсіз тұра алмайтын ғашықтар бүгін ажырасып жатады. Бұған біз таң қалмаймыз. Себебі, адамдар бірін-бірі ұзақ сүйе алмайды. Өйткені олардың арасындағы сезім жалықтырады және әлсірейді. Бірақ, адамдар бірін-бірі өмір бойы сүйіп, ертегілердегідей бір күнде өмірден өтсе, біз үшін бұл керемет.Бірақ мұндай махаббат өмірде болмайды дегенімізбен, сирек те болса кездеседі.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Тақырыбы: Адал сезім, ақ жүрек, асыл
арман

Мақсаты: Оқушыларда адал сезім – махаббат туралы жалпы түсінік
қалыптастыру, оқушылардың өзгеге деген шынайы сезім мен сенімін ,
сүйіспеншілігін дамыту.

Көрнекіліктері: Плакаттар, суреттер, өлең шумақтары жазылған
буклеттер.

Жоспары:
1. Махаббатсыз дүние бос... атты баяндама
2. Сезімім сыр шертеді
3. Киноға түсіп көрелік
4. Қыздарға құлаққағыс
Барысы:

1.Махаббат мәселесі антикалық дәуірден бастап біздің дәуірімізге
дейінгі аралықта жырланып келді, болашақта да айтыла беретін таусылмайтын
тақырып. Тек махаббат арқылы ғана адам баласы өзін қоршаған ортаны тани
алады. Махаббатсыз ол толық мәнге ие бола алмайды.Адам – философияның
негізгі өзегі, объектісі болса да, адамдық махаббаттың барлық түрінде
философиялық ой-толғаудың ең бастысы болып саналады.
Махаббат – ақыл, ар-намыс, ерік-жігер сезімі десе, өзіміздің
данышпан ақынымыз Абай Махаббатсыз – дүние бос, - дейді. Ал, А.Ясауи үшін
Жаратқан тәңірге деген махаббаттан жоғары сезім жоқ. Олай болса, біз
төменде махаббаттың түрлері, оның адам өміріне қатысы, махаббаттың эростан
айырмашылығы, махаббатсыз өмірдің болмайтындығы туралы қал-қадірімізше баян
етейік.
Жоғарыда айтып өткеніміздей махаббат – ар, ақыл, намыс, ерік-жігер
сияқты адамдық маңызды қасиеттердің бірі. Адам адамды аялау арқылы өз
тіршілігін мәңгі етеді.
Антикалық ойшылдар, соның ішінде Платонның Пир деген еңбегінде
махаббаттың мән-жайы егжей-тегжейлі баяндалған, онда адамның өмір сүру
тәсілі ретінде махаббат әйел адамның сұлулығын бағалау тұрғысынан
көрсетіледі. Жалпы антикалық дәуірдегі махаббат мәселесін, антикалық эрос
деп атауға болады. Орта ғасырда махаббат мәселесі діни сипатта
қарастырылды. А.Августин, Ф.Аквинский секілді ғұламалар пенденің Құдайға
деген махаббатының мәнін ашуға тырысты. Августин өзгені өзіңдей етіп сүюдің
керектігін айтады. Ол үшін өзіңді сүю күнә болып табылады. Қайта өрлеу
дәуірінде рухани игіліктің бастамасы ретінде махаббат көрсетілді. Фичино
Платонның Пир еңбегіне талқылау деген зерттеуінде адамның жандық және
тәндік сұлулығы бірдей, оны беретін құдіретті күш деп қорытынды жасайды.
Пико Делле Марандолло махаббаттың мәнін тазарту арқылы ашуға тырысқан. Жаңа
заман ойшылдарында махаббат рационалдылықтың ұмтылысы ретінде көрініс
тапты. Д.Ж.Бруно махаббатты табиғатты сүйіп, оның жұмбағын ашуға тырысатын
күш ретінде көрсетеді. ХХ ғасыр ойшылдары үшін махаббат сұлулық әлемі,
өмір тылсымы. Әйел заты мен ананың орны ХХ ғасыр ойшылдары үшін ерекше.
Адамды сүю өнер ретінде санадан да артық етіп көрсетіледі. Шынайы махаббат
адамшылықтың белгісі екені айтылады. Н.Бердяев : Махаббат – адамның
өлімнен қашып, өмір сүруге қажет маңызды қасиеттердің бірі. Махаббаттың
пайда болуы әлдебір себептермен түсіндіруге де болмайды (мысалы, сұлулық,
ақыл, күш, т.б.). Егер мұндай себептер махаббаттың пайда болуында шынымен
белгілі бір рөл атқарса , онда ол ешқандай махаббат емес, ол тек иммитация
(еліктеушілік) болып табылады. Әрқашанда өте әдемі, ақылды, күшті адамдарды
таңдап сүю таңдау критерийінің ғана бар болғаны, ол тек сүю бар
болғандықтан сүйеді деп ойлауға болмайды.Дегенмен, психологиялық тұрғыдан
махаббат нақты себептермен анықталады. Қазақта Сұлу – сұлу емес, сүйген
сұлу, - демекші, негізінде сүйген адам өзінің таңдаған адамын бәрінен
сұлу, бәрінен ақылды деп сенеді.
Адам махаббатсыз өмір сүре алмайды. Адам өз сүйгенінің құлы. Ол
сүйгенінің кемшіліктеріне көңіл аудармайды. Оның жаны өзін-өзі адам етіп
көрсететін емес, өзгені адам етіп көрсететін, белгілі бір шешім іздейтін
үлкен энергияға толы махаббат тылсымында болады. Осы тұлға махаббаттың
адамға жақындығын өнермен, шығармашылықпен байланыстылығынан көруге болады.
Адам шынайы сүйгенде оның жаны ашылады. Махаббат адам тіршілігіндегі
физиологиялық, психологиялық шарттармен анықталмайды және өмірде біз бір-
бірімізді сүюге тиіспіз деген заң жоқ . Адам өзінің табиғи жаратылысының
жоғарғы шегінде метафизикалық тіршілік ретінде сүйеді. Өмір болған соң
кешегі бір-бірінсіз тұра алмайтын ғашықтар бүгін ажырасып жатады. Бұған біз
таң қалмаймыз. Себебі, адамдар бірін-бірі ұзақ сүйе алмайды. Өйткені
олардың арасындағы сезім жалықтырады және әлсірейді. Бірақ, адамдар бірін-
бірі өмір бойы сүйіп, ертегілердегідей бір күнде өмірден өтсе, біз үшін бұл
керемет.Бірақ мұндай махаббат өмірде болмайды дегенімізбен, сирек те болса
кездеседі.
Махаббат – адам тіршілігіндегі құпия. Бұл құпия философиялық мағынада,
бұл жасырылған немесе ерте ме кеш пе сол құпия ашылады деген сөз емес, бұл
жоғарыда орналасқан, бәріне көрінетін, бірақ қол жетпейтін құпия.
Ежелгі ойшылдар: Мен адаммын, сондықтан маған адамдық іс-рекет жат
емес, - деп айту арқылы адамның эмоциясын, әр түрлі қозуларын, жұмбақ
ойлары мен құштарлықтарын ескертті. Жанның бұл қозғалыстары ерекше,
қайталанбайды, олар жануарлар әлемінде жоқ. Адам тіршілігінің драмасы
құмарлықтың қануында ашылады.
Ағайындық (братская) махаббат. Сүйіспеншіліктің анағұрлым негізі
бар, сол сүйіспеншілікке махаббаттың барлық түрін енгізетін махаббат түрі –
ағайындық махаббат болып табылады. Оған жауапкершілік, қамқорлық, сыйластық
сияқты өзге адамға деген шынайы сезімдер кіреді. Ағайындық махаббат бұл
адамдық жаратылысқа ғана тән махаббат. Мысалы, бауырыңды жақсы көру арқылы
бүкіл ағайындарыңды жақсы көре аласың. Сондай-ақ , ана бір баласын ғана
жақсы көріп қана қоймай, өзге балаларын да сондай сезімде жақсы көреді.
Ағайындық махаббат өзіңді және басқаны сүюмен сипатталады.
Аналық махаббат. Бұл ананың өз ұрпағының өмірі мен қажеттілігіне жауап
беретін махаббат. Бұл орайда баланың өміріне жауап беру екі аспектіден
тұрады. Біріншісі – баланың өмірін сақтау және оның өсуіне қажетті
жағдайлар жасау. Екіншісі – баланың өмірді сүюіне, оның бұл өмірде жақсы
азамат болуға тәрбиелейтін махаббат.
Эротикалық махаббат. Егер ағайындық махаббат теңдік махаббатқа
негізделсе, аналық махаббат көмек беруге бейім болып келеді. Осы екі
махаббаттың қарама-қарсы түрі – эротикалық махаббатқа жатады. Ол түгелдей
бірігуді көздейді. Ең алдымен бұл ғашықтық уайыммен шатыстырылады. Ол сол
мезетке дейінгі екі адамның тосқауылдардан өтуі. Мұндағы ерекшелік бұрын
бірін-бірі білмейтін бөгде адамдардың уақыт өте жақын адамдарға айналуы.
Олар қанша жақындасқанымен оны толықтай білу мүмкін емес. Мұндағы жыныстық
құмарлық екі жақтың тек қосылуын талап етеді. Жыныстық құмарлық тек
махаббатпен болуы ғана мүмкін емес, ол жалғыздықтан қашу, өзгені және
өзіңді сезімдік жағынан қанағаттандыру. Ол сонымен бірге мансапқа ие болу,
өзгеге ауыртпалық түсіру, кемсіту секілді іс-әрекеттерге апаратын
сезімдерден тұрады.
Махаббат стильдері
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында канадалық психолог Джон Алан Ли
махаббаттың алты стилін сипаттап жазды, олардың бірқатарының атауы грек
стильдерімен сәйкес келеді: строгэ,агапэ,эрос,маниа,прагма және лудус.
Строгэ – нәзік достық, бір-бірін түсінуі және қабылдауы; қатынастары
сенімге негізделген және теріс, негативті сезімдермен ластанбаған. Мұндай
махаббат өте берік, оны ескішілдік те, айырылысу да өлтірмейді.
Агапэ - өз мүддесін құрбандыққа шалу, бас тарту, шексіз қадірлеу,
албырттығы басым, строгэмен салыстырғандашын көңілден шыққандығы төмендеу.
Эрос - өз сипаты жағынан албырт жастық махаббат, бірақ оны жас емес
адамдар да бір емес бірнеше рет басынан кешіруі мүмкін. Бұл махаббат адамды
түгел баурап алады, ғашық адам үшін әрбір сәт мейрам көрінеді. Эростық
махаббаттың тәндік жағы мықты, ал одан кейін міндетті түрде ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман
Адал ас - адамның арқауы
Патриоттық сезім
Адал сөздің айдыны кең
Сезім түсінігі
АДАЛ АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
Эмоция мен сезім
Жүрек
ӘЛЕМНІҢ АСЫЛ ДАНАСЫ
Сезім мүшелері
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь