Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты және принциптері



1 Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты және принциптері
2. Оқулыққа енген материалдар және оларды оқыту туралы
3 Әдебиеттік оқудың түрлері
Бүгінгі бөбек — ертеңгі азамат — қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші — бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру негізі — бастауышта қаланады.
Егеменді еліміздің даму кезеңінде бөбектердің жеке тұлғасын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.
Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, еліміздің өмірімен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.
Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің йілуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу сабағының түбегейлі мақсаты-оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл- ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты және принциптері

Бүгінгі бөбек — ертеңгі азамат — қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең
алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші — бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек,
балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне
абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі,
баланың жеке тұлғасын қалыптастыру негізі — бастауышта қаланады.
Егеменді еліміздің даму кезеңінде бөбектердің жеке тұлғасын
қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.
Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, еліміздің өмірімен,
халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың
тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды
ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.
Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған
алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және
даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің йілуан
түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге,
қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш
сыныптардағы әдебиеттік оқу сабағының түбегейлі мақсаты-оқушылардың жеке
тұлғасын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу,
рухани дүниесін кеңейту, ақыл- ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал
ету.
Осы мақсатты орындау үшін оқу пәнінің алдына мынадай міндетер
жүктеледі:-оқушылардың дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқу дағдысын
қалыптастыру және жетілдіру;-оқушылардың көркем шығармаларды оқуға
дегенқызығушылығын ояту;-оқушылардың шығарманың түпкі мазмұн-мәнін
түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу,
күйіну- сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;оқушыларға мәтіндердің сөздер мен сөз
тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, олардың ана
тіліміздегі сөз мағыналарын түрленуіне көңілін аудару;
-окушыларды шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
-окушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін (ойын
еркін жеткізу, сауатты да мәнді, түсінікті жаза білу) дамыту;
-окушыларды өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
-балалардың бойында оларды жас өспірім мен үлкендердің үлгілі, ерлік
істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек
ету, адамкершілік, бір-бірін сыйлаушылық, адалдық пен шыншылдык,,
кішіпейілділік, ізгілік пен имандылық қасиеттерін дарыту;
-сүйікті отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы
материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен
құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен коркемдікті бағалай
білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
-бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру;
-оқушылардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын, біліктерін
жетілдіру, тілін онан сайын дамыта түсу; сыни түрғыдан пікір айтуға
үйрету;
-халқымыздың бостандык, бейібітшілік үшін жүргізген қаһармандық
күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер т.б ),
балалардың сана-сезімін Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы
рухында қалыптастыру;
-саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;
-еңбекке қызығу, еңбекқорлықка, еңбек адамдарын жоғары бағалауға
тәрбиелеу.
-Бастауыш мектептегі оқуды өмірмен байланыстыру, білімді жүйелі саналы да
берік меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру т.с.с. дидактикалық
принциптерге сүйенеді.

2. Оқулыққа енген материалдар және оларды оқыту туралы
Оқуға арналған материалдар әр сынып үшін "Ана тілі" кітаптарында
беріледі. Бұл оқу кітаптары жаңа бағдарламаның талаптарына сай жасалған.
Оқулықтарға енген материалдарды тақырыбы мен мазмұны жағынан топтасақ, екі
үлкен бөлімнен тұрады: көркем мәтіндер және ғылыми- танымдық мәтіндер.
Бұл бөлімдердің әрқайсысының мазмұныңда да, оқу әдістемесінде де өзіне тән
ерекшеліктер бар.
Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін қамтиды.
Жаңа оқулықтардағы материалдар жүйеленуі жағынан тақырыптық принциппен
орналастырылған, яғни бірнеше материал бір тақырыпқа жинақталып, топталып
беріледі. Мүндағы мақсат — белгілі бір тақырып бойынша оқушыларға түрлі
уақиғаларды суреттейтін сан алуан материалдарды оқыту арқылы жан-жақты
үғым, кең мағлұмат беру.
Оқулықтар тақырыптық принциппен құрылғандықтан, ондағы материалдар сол
орналасқан күйінде бірінен соң екіншісі оқытыла бермейді. Оқулыққа енген
шығармаларды мазмұнының оңайлығына, қиындығына, көлемінің үлкен-кішілігіне,
баяндалу стиліне, құрылысы мен жанрына қарай, қай мерзімдерде өтуге лайықты
болатынын мұғалім алдын ала ойластырады. Сондықтан да мұғалім оқу сабағына
кіріспес бұрын оқулықта берілген материалдармен түгелдей танысып, олардың
мазмұнын толық меңгеріп, оқытылу жолын жан-жақты қарастыруға тиіс. Осындай
жүмыстардан кейін қай материалды қашан, неше сағат оқытатынын белгілеп,
календарлық жоспар жасайды. Онда әр бөлімде берілген бір топ материалды сол
оқулықта орналастырылған тәртібімен өткен қолайлы ма, әлде әр түрлі
даталарға сай келтіру үшін, олардың орындарын ауыстыруга тура келе ме —
осылардың барлығын ойластырады.
III сынып оқулығында: "Ертегілер, мысалдар, мақал-мәтелдер" бір
бөлімге топталады. Мұнда берілген ауыз әдебиет үлгілерін тек осы болімде
ғана он-он бес күннің ішінде оқулықтағы тәртіппен өту керек деген мақсат
көзделмейді. Бұл материалдар жыл бойына әр кезеңге бөлініп оқытылғаны
дұрыс.
Календарлық жоспар жасағанда әр бөлім бойынша қайталауды қалай
ұйымдастырған тиімді, қорытынды сабақтарды өткізу үшін пайдаланылатын
материалдар қандай, жазу жұмыстарын қай кездерді қалайша жүргізген ұтымды —
осылардың барлығы көрсетілуге тиіс.
Тағы бір есте болатын жай: мүғалім кейбір материалдарды, яғни бір
бөлімде берілген шығармалардың ішінен ең қиындарын балалардың оқу дағдылары
мен біліктерін қалыптастыруға қажеттілерін, сыныпта оқыту үшін іріктеп
алады да, кейбір жеңіл-желпі материалдарды (оқушылардын өз бетімен
түсінулеріне киындық келтірмейтіндерін) үйден оқып келуге тапсырады.
Оқулықтарда әрбір мәтіннен кейін оқушыларға сұраулар қойылады сол
мәтін бойынша олардың өз беттерімен орындайтын жұмыс түрлері көрсетіледі.
Онда балалар мәтіннің мазмұнына байланысты түрлі жүмыстар орындаиды.
(Мәтінді бөлімдерге бөлу, әр бөлімге ат қою, бірнеше бөлімді біріктіріп ат
қою, жоспар бойынша баяндау, мәтіннен табиғат көріністерін, еңбек
әрекеттерін немесе басты кейіпкерлерді бейнелейтін үзінділерді тауып оқу,
сөздік жүргізу т.б. с.с.).
Оқулықтарда түрлі-түсті суреттер берілген. Мұғалім бұл суреттерді
талдау арқылы балаларға картинаны түсіну әдісін үйретеді. Сонымен қатар ол
картиналардың
авторларымен де таныстырған жөн
Оқулықтардағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы берілген
материалдар табиғаттану жөнінде оқушыларға ғылыми мағлұмат беруді қатаң
талап етпейді, өйткені жаңа бағдарлама бойынша, балаларды табиғатпен
таныстыру сыныптан бастап оқылады.

Әдебиеттік оқудың түрлері
Әдебиеттік оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу,
Дауыстап оқу көбінесе І-ІІ сынып оқушыларына тән болады. Бірақ I сыныпта
іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс.Іштен оқу I сыныпта-ақ
басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де
бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған
дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді I — II сыныптан бастап дауыстап
оқылған материалдар іштен оқуға беріледі), III сыныпта жаңа материалдар
алдын ала дайындық жұмыстарына кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда мәтін
мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі:
мәтінге сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б. III-IV
сыныптарда іштен оқылған мәтіндерге балалардың түсінген түсінбегендерін
түрлі сұраулар қойып,жауап алу арқылынемесе мәтін мазмұнын айтқызу
арқылы,мәтіннен кейбір сөздердітапқызу арқылы т.с.с. тексеріледі. Оқудың
бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу,шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары
орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы
қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені
түсінбей,мәнерлеп оқи алмайды,ал дұрыс оқымаса,түсінбейді.
Оқу сапасы дұрыс,саналы(түсіну),мәнерлеп және шапшаң оқу болып
бөлінеді.
Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана
бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп
оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің
сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті
түсінбей оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге таңдау
жасап отыаудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап
көрсетсек, төмендегідей:
1.Әріп,буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу
2.Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап ежелеп оқитындар.
3.Тілі келмегекдіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші
әріппен алмастырып (онда-оңға, күзет-күжет т.с.с.) оқиды.
Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын
ойластырады. Тәжірибелі мүғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін
мынадай жұмыстар ұйымдастырады:
1.Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жұмыс
ының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар
береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып
дағдыландырады; енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады.
2.Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.
3.Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып
көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, түрлі схемалар,
сызықтар бойынша мәтін ішіндегі сөздерді тауып, топтап, жіктеп жазу
т.б.с.с.
4.Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.
5.Қате оқыған жерін сыныпта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді.
6.Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.
7.Корсеткіш таяқшаны қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз, немесе көздері
нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап
бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.
8.Оқығанда орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.
Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де орфографиялық және
орфоэпиялық заңдар бар. Ол заңдар оқушыларды дұрыс сөйлету мен дұрыс
оқытуда басшылыққа алынады. Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасын
түсіндіру үшін, сөздерді тақтаға жазып көрсету қажет болғанда, олар тек
орфография ережесіне сай жазылады. Мысалы, ақ ешкі. Мұндай сөздерді
оқығанда агешкі деп айту керек екенін ескертіп, мұғалім балаларды солай
(ағешкі) оқытып үйретеді.
Түсініп оқу дегеніміз оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық,
терең ұғынуы болып табылады. Бұл әр сөздің, сөйлемнің мағынасына түсінуден,
әр бөлімді логикалық, психологиялық байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын
толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның
мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.
Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылады.
Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, үғым, бейне, жоғары сезімдер пайда
болады. Түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңіл, өздері
түсіне алатын, сюжетті мәтіндер оқытылады.
Оқушыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бір жолы алдын ала
дайындық әңгіме өткізу болып табылады. Сондай-ақ мәтін оқылмас бұрын
бақылау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын интонация
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Мектептегі әдебиет курсының мазмұны
Мектеп бағдарламасындағы тапсырмалар жүйесінің берілу жолдары
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Пәндер