Конфуций ілімінің ерекшелігі



1 Мифологиялық дүниетаным
2 Конфуций ілімі
Біздің жыл санаумыздан бұрын VII –VI ғасырдың аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж. –б.д.220ж.). Зерттеушілер бұл кезеңді "гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы" деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110ж. Қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап өткен:
1. Инь және Ян мектебі
2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.
3. Моистер мектебі.
4. Атаулар мектебі.
5. Заңгерлер мектебі.
6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).
Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII –VII ғасырларда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орнын босата бастаған кезі болатын. Инь және Ян ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬-әлемінің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлекте болатын қарама –қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспанмен жер, ұрғашымен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі –диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды.Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам –бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.
Екшнші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Конфуцийдің Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кунцзы, ұстазы Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 -479 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскер басының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Біздің жыл санаумыздан бұрын VII –VI ғасырдың аралығында қазіргі Қытай
мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан. Мифологиялық
дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша
гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж. –б.д.220ж.).
Зерттеушілер бұл кезеңді "гүлденген жүз философиялық мектептің өзара
тартысы" деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д.
110ж. Қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап
өткен:
1. Инь және Ян мектебі
2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.
3. Моистер мектебі.
4. Атаулар мектебі.
5. Заңгерлер мектебі.
6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).
Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын Өзгерістер
кітабынан (б.ж.с.д. VII –VII ғасырларда) алады. Бұл кезең мифологиялық
дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орнын
босата бастаған кезі болатын. Инь және Ян -әлемінің бастауында тұрған
мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс
ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар
диалектикалық бірлекте болатын қарама –қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары
аспанмен жер, ұрғашымен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты,
әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь
енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі –диалектикалық дамудың
көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды.Мұндай
өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам –бұлар үшкілдік
бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.
Екшнші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша
Конфуцийдің Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кунцзы, ұстазы Кун
деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 -479 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген.
Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскер басының семьясында дүниеге келді. 22
жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына
жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар
–тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында
көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі
саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр
болды. Бірақ та басқа Қытай Мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау
таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі
туралы оның шәкірттері жазып қалдырған Лунь юий (Сұхбаттар мен
пікірлер) атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен
тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. Лунь юрий -біздің
заманымызға дейін сақталған бірден –бір мәдени ескерткіш.
Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттері арнайы бөлінген қоғамға
жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.
Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші
кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл
бөлмеді. Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан
білейік,-деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк
тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп
түсінген. Кейіннен “аспан асты империя” деп аталуына да осы ұғым өз әсерін
тигізген сыңайлы.
Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол
–алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға
жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкендігі сыйлауы (сяо), әдет
–ғұрып, дәстүрді құрмет тұтуы (ли) жоғарғырғы дәрежеде болуы тиіс. Адам
тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсыла қылатын өскен ортақ.
Конфуций мемлекеттегі де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы
алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан
да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы
қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.
Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті.
Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен
материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің
шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін
жинақтап, бір жүйеге түсіруімен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа
ойлармен толықтырып отырған.
Мысалы, “адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған” деген қағида Мэн-
цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.
Сюнь-цзы Конфуций іліміне матеариалистік нышан енгізген. Әлемнің
негізі материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертедегі Қытай философиясының пайда болуы
Конфуций ілімі Қытай халқы үшін
Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер
Конфуцишілдіктің Кореяның басқару жүйесіне ықпалы
Көне Қытай философиясы туралы
Конфуцийдің әлеуметтік - адамгершілік ілімі
Қытай философиясының тарихы
Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері
Конфуцийдің пікірінше, адамгершілік туа біткен қасиет
Пәндер