Балалар әдебиетінің атасы



1 Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин
2 Спандияр Көбеев
3 Сәбит Дөнентаевтың балаларға арнап жазған шығармалары
4 Ахмет Байтұрсынұлы
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен –аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.
19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог.
Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы
болып табылады. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол
нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен –аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.
19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы.
Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында
балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог.
Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап
көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған
жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар Қазақ хрестоматиясы атты тұңғыш оқулығын
Кел, балалар, оқылық деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға,
талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей –ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,-
деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.
Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе,
екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер,
ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде
сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін
ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.
Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері –халқына
пайдасын келтіру, өнер –білім меңгерудің арқасында өз елін тастан сарай
салдырған, от пен суды пайдаланып, отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме
жүргізген мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі.
Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды
деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп:
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
Өнер –жігіт көркі, -деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды ... -
деп жастарға зор үміт артты.
Өнер –білім бар жұрттар
Өнер –білім бар жұрттар Мал істейтін жұмысты
Тастан сарай салғызды. От пен суға түсірді,
Айшылық алыс жерлерден Отынсыз тамақ пісірді.
Көзіңді ашып –жұмғанша Сусынсыз сусын ішірді.
Жылдам хабар алғызды Теңізде жүзді балықтай
Аты жоқ құр арбаны, Дүниені кезді жалықпай,
Мың шақырым жерлерге Білгендерге осылар -
Күн жарымда барғызды. Бәрі –дағы анықтай,-
Адамды құстай ұшырды Білмегенге танықтай.

Спандияр Көбеев
Қазақ жазба әдебиетін Ыбырай мен Абайдан кейін негізін салған
педагогикалық бағытын ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің өкілдерінің
бірі Спандияр Көбеев.
С.Көбеев өзінің әдеби қызметін педагогтық қызмет пен ұштастыра
жүргізді. Ол ұзақ жылдар мектепте мұғалім болып жас ұрпақты оқыту
тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосты.
С.Көбеев баларға арнап шығармалар жазды. Солардың кейбіреулеріне
тоқталып кетейік.
Балалар мен мұғалім.
Екі бала келе жатып бір кітап тауып алды. Бірі айтты: Кітап менікі, не
үшін десең, мен сенен бұрын көрдім. Бірі айтты: Жоқ, кітап менікі, не
үшін десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым. Осылай балалар кітапқа
таласып жатқанда оларға бір мұғалім келді де, балалардан сұрады: Оқи
білесіңдер ме? -деп.
Балар : Жоқ, оқи білмейміз, -дейді. Егер оқи білмесеңдер, кітап
сендерге неге керек, бұл кітапты мен алайын, қай бұрын оқи білгеніңе
берермін, -деді.
Құстың ұясы
Балар ойнап жүріп ағаштың ішінен бір құстың ұясын көрді. Бұл ұяның ішінде
екі балапан отыр екен. Балар алып үйіне әкелді. Әкесі баласына айтты: Бұл
балапанды ұядан неге алдың, -деп. Шешесіз балапандар тұра алмайды;
баласынсыз шешесі қайғырады, далада құр өліп қалады ғой, деді. Балалар
балапанды аяп, ұясына апарып қойды.
Атасы мен немересі
Ата қартайып күші кеміді; нашар көретін, нашар еститін болды; ішкен тамағын
алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз оның аяқ, қолы кәріліктен қалтыраушы
еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға тамақты бөлек
беретін болды, алдына жаман дастархан, жаман ыдысқа құйып. Немересі өзінің
әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмай, бір күні бір ағашты жонып
отырады. Әкесі көріп: Шырағым, не ғып жатырсың? -дейді. Сонда баласы
айтады: Аяқ істеп жатырмын, әжем мен екеуін атам құсап қартайғанда,
сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін,- дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың
баласы ұялып, әкеден бөлек отырғызып тамақ беруді қойды.
Қайыршы
Қайыршы бір мүсәпір білуші ем шал,
Үререге ит, тігерге тұяқ болмаған мал,
Ертеден кешке дейін қайыр сұрап,
Жүруші ед көрінгенін етіп амал.
Әркімнен бұл қалпымен жинағанын,
Жақсының құдай үшін сыйлағанын.
Ғарп –қасыр, ақсақ –соқыр, нашарларға –
Өзінен таратушы ед ылғи әман.
Арыстан, қасқыр әм түлкі
Бір арыстан ауырып, үлкен кең апанда жатты. Барлық аңдар оның көңілін
сұрап келеді. Бірақ түлкі келмеген екен. Қасқырдың түлкімен азғана
кемпірназы бар екен. Соның үшін арыстанға келіп айтты: түлкі сені құрмет
етіп, тым болмаса халіңізді де сұраған жоқ, -деп. Арыстан ашуланып түлкіні
шақыртты. Түлкі қасқырдың жамандағанын білді де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин
Балалар прозасы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы
Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері
Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсарин жайлы
Пәндер