Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

14-тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары

  1. . Өндірістік функцияның мәні
  2. . Жалпы, орташа, шекті өнімдер түсінігі
  3. . Екі өзгермелі фактормен жүргізілетін өндіріс. Изокванта
  4. . Шығынды азайту және пайданы жоғарлату ережесі
  1. . Өндірістік функцияның мәні

Өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды төрт негізгі түрге бөледі:

  1. шикізаттар мен материалдар;
  2. басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары;
  3. еңбек күші;
  4. капитал.

Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін көптеген өндіріс факторларын пайдаланады. Мысалы n түрлі дайын өнім өндіру үшін Х1, Х2, Х3……… Хn өндіріс факторлары қолданылатын болса, онда оның шығын векторын келесі түрде көрсетуге болады:

Х= (Х 1 , Х 2 , Х 3 ……… Х n )

Х1, Х2, Х3……… Хn-факторлар саны

Осы факторларды қатыстыра отырып, белгілі бір өнім өндірілетін болса, онда оны вектор түрінде былай көрсетуге болады:

У= (у 1 , у 2 , у 3 ………. у n )

у1, у2, у3………. уn - өндірілген өнімнің саны

Осы Х-өндіріс факторларының саны мен У-өндірілген өнім саны арқылы өндірістік процесті былай жазуға болады:

V= (X, Y)

Егер барлық өндіріс факторлары тек ғана бір өнім түрін өндіру үшін қолданылса, онда осы өндірістік процесті келесі өндірістік функция түрінде көрсетуге болады:

У=f (Х 1 , Х 2 , ……, Х n )

Өндірістік функция қолданылатын ресурстар мен өнім шығымы арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

  1. . Жалпы, орташа, шекті өнімдер түсінігі

Егер өндіріс шығындарын L-еңбек пен K-капиталдан тұрады деп қарастырсақ, онда өндірістік функция:

У = f (K, L)

Мұнда у - өндірілетін өнімнің ең жоғарғы көлемі. Айталық

У = f ( Х 1 , Х 2 , ……, Х n ) өндірістік функциясындағы Х1-айнымалы, ал қалғандарын тұрақты деп қарастырайық: У=f (Х 1 , Х 2 , …. . Х n ) -

Х 2 , …. . Х n -const.

Айнымалы фактордың өндіріске тигізетін ықпалын көрсету үшін жалпы, орта және шекті өнім түсініктері қолданылады. Жалпы өнім - бірнеше айнымалы факторлар санын пайдаланумен өндірілген игіліктердің саны. Жалпы өнімді пайдаланылған айнымалы факторлардың санына бөлу арқылы орта өнімді алуға болады:

Y TP

AP = =

X 1 X 1

Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады:

∆У

МP =

∆Х 1

Өндірісте айнымалы факторды (Х 1 ) пайдаланудың өсуімен жалпы өнім (У) де өсетін болады, бірақ бұл өсімнің берілген технология шеңберінде белгілі бір шегі болады. Басқа факторлар тұрақты болып, бір айнымалы фактордың санын көбейту арқылы өнім шығарғанда шекті өнім азаяды. Бұл жағдай шекті өнімділіктің азаюы заңын көрсетеді. Енді осы айтылғандарды кесте түрінде көрсетейік. Қысқа мерзімді кезеңде капитал тұрақты, ал еңбек (жұмысшылар саны) айнымалы фактор болсын.

Өнім шығару көлемі, дана TPL: Өнім шығару көлемі, дана TPL
Жұмысшылар саны, адам L: Жұмысшылар саны, адам L
Орташа өнімді лік, дана APL: Орташа өнімді лік, дана APL
Шекті өнімділік, дана MPL:

Шекті өнімді

лік, дана MPL

Өнім шығару көлемі, дана TPL: 0
Жұмысшылар саны, адам L: 0
Орташа өнімді лік, дана APL: 0
Шекті өнімділік, дана MPL:
Өнім шығару көлемі, дана TPL: 1
Жұмысшылар саны, адам L: 2
Орташа өнімді лік, дана APL: 0, 5
Шекті өнімділік, дана MPL: 0, 5
Өнім шығару көлемі, дана TPL: 3
Жұмысшылар саны, адам L: 3
Орташа өнімді лік, дана APL: 1
Шекті өнімділік, дана MPL: 2
Өнім шығару көлемі, дана TPL: 7
Жұмысшылар саны, адам L: 4
Орташа өнімді лік, дана APL: 1, 75
Шекті өнімділік, дана MPL: 4
Өнім шығару көлемі, дана TPL: 10
Жұмысшылар саны, адам L: 5
Орташа өнімді лік, дана APL: 2
Шекті өнімділік, дана MPL: 3
Өнім шығару көлемі, дана TPL: 12
Жұмысшылар саны, адам L: 6
Орташа өнімді лік, дана APL: 2
Шекті өнімділік, дана MPL: 2
Өнім шығару көлемі, дана TPL: 13
Жұмысшылар саны, адам L: 7
Орташа өнімді лік, дана APL: 1, 85
Шекті өнімділік, дана MPL: 1
Өнім шығару көлемі, дана TPL: 13
Жұмысшылар саны, адам L: 8
Орташа өнімді лік, дана APL: 1, 65
Шекті өнімділік, дана MPL: 0

Кестеде берілгендер бойынша еңбектің орташа және шекті өнімділігін анықтайық. Мысалы, 2 еңбек күшін пайдаланып өнім өндіргенде жалпы өнім саны TPL = 1дана болады. Ал еңбектің орташа өнімділігі:

TPL 1

TPL= 1; L=2 APL= = = 0, 5дана

L 2

TPL 3

TPL = 3; L= 3 APL = = =1

L 3

Шекті өнімділікті есептегенде жалпы өнім көлемі мен жұмысшылар санының өзгеруін ескереміз.

  1. ∆TPL = TPL2-TPL1= 1-0=1

∆L = L2- L1 = 2-0= 2

∆TPL 1

MPL = = = 0, 5 дана

∆ L 2

  1. ∆TPL = TPL3-TPL2=3-1=2

∆L = L3- L2 = 3-2= 1

∆TPL 2

MPL = = = 2 дана

∆ L 1

Енді кестеде берілген көрсеткіштерді графикте көрсетейік:

Өнім шығару көлемі

12

11

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 жұмысшылар саны

Кестеден көріп отырғанымыздай, өндірістік процесте тек бір ғана факторды қолданып және оның санын көбейткен уақытта шекті өнімділік азаяды.

  1. . Екі өзгермелі фактормен жүргізілетін өндіріс. Изокванта

Біз бір фактор өзгерген жағдайдағы өндіріс көлемінің өзгерісін қарастырдық. Қалған ресурстар (Х 2 , Х 3 , …. ., Х n ) тұрақты болды. Енді өндірістік функция бір емес, екі өзгермелі фактордан тұрады, ал өндіріс көлемін тұрақты шама ретінде қарастырайық:

1-ші кезеңде

Y= f (Х 1 , Х 2 , ……. Х n ) ; Y= f (Х 1 ) - айнымалы; (Х 2 , ……. Х n ) -const.

2-ші кезеңде

Y= f (Х 1 , Х 2 , ……. Хn) ; (Х 1 , Х 2 ) - айнымалы; У-const.

Мысалы, өнім өндіруде тек ғана 2 ресурс - еңбек пен капитал пайдаланылды деп қарастырайық. Берілген технология жағдайында өнім шығымы капиталдың көп қолданылуымен немесе еңбек ресурстарын өндіріске көп тартумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бірдей өнім шығару көлемін қамтамасыз ететін ресурстардың барлық үйлесімін біріктіретін болсақ изоквантаны алуға болады. Изокванта - бірдей өнім шығымын қамтамасыз ететін өндіріс факторларының шексіз көптеген комбинациясын көрсететін қисық немесе изокванта берілген өнім көлемін көптеген технологиялық жолдармен алуға болатындығын көрсетеді.

Изокванта картасы әртүрлі берілген факторлардың құрылымдарын қолданғанда алынатын өнімнің масимальды көлемін көрсететін изокванталар жиынтығы. Өндіріс факторлары өндірісте олардың өнімділігі оң шаманы көрсеткен жағдайда ғана қолданылады. Ресурстарға деген сұраныс тұтыну игіліктеріне деген сұраныстан туындайды. Егер шекті өнімді ақшалай түрде MRP арқылы, ал шекті шығындарды MRC арқылы белгілейтін болсақ, онда ресурстарды пайдаланудың ережесі MRP=MRC теңдігімен көрсетілуі мүмкін. Бұл пайданы жоғарлату үшін әрбір өндіруші (фирма) ресурстардың қосымша бірлігі жиынтық шығын өсімінен артатын жиынтық табыстың өсіміне қол жеткізбейінше ресурстардың қосымша бірлігін пайдалану қажеттігін білдіреді. Қысқа мерзімге қарағанда ұзақ мерзімде өндіріс факторларының өзгеруі икемді болады. Қысқа мерзімде кейбір факторлар өзгере алмайды. Мұндай факторларды тұрақты факторлар деп атаймыз. Ал ұзақ мерзімде барлық факторлар өзгере алады. Айталық, өндірушінің өндірісті ұйымдастыруы үшін қолында бар ресурстардың, дайын өнімнің бағасы мен ақшаның саны белгілі (тұрақты) және ол өндірістің екі факторын Х1 және Х2 қолданды дейік. Сәйкесінше олардың шекті өнімділігі:

MRP 1 = 60 және MRP 2 = 70, ал баға P 1 =5тг, P 2 =10тг.

MRP 1 60 MRP 2 70

= = 12 = =7

P 1 5 P 2 10

Демек, бірінші ресурсты пайдалану екіншіге қарағанда тиімдірек. Сондықтан да Х2 факторының бір бірлігінен бас тартып (үнемделетін ақша-10тенге) сәйкесінше Х1 факторының екі бірлігін сатып алу керек. Бұл жағдайда біз MRP2 = 70 болғандықтан өнімнің 70 бірлігін жоғалтамыз, бірақ Х1 факторының 2 бірлігін 120(60*2) сатып аламыз. Ұтысымыз 50 бірлікті құрайды. Осылай біз өлшенген шекті өнімділіктер бір-біріне тең болғанша ресурстарды қайта бөлетін боламыз. Бұл ереже өндіріс факторларының кез-келген саны үшін қолданылады:

MRP 1 MRP 2 MRP n

= =………. .

P 1 P 2 P n

  1. . Шығынды азайту және пайданы жоғарылату ережесі

Аз шығындар ережесі - бұл әрбір ресурсқа жұмсалынған ақша бірдей қайтарым-бірдей шекті өнім бергендегі шығындар аз жұмсалынатын жағдай. Барлық факторлардың қайтарымы бірдей болған жағдайда оларды қайта бөлудің қажеттігі жоқ. Өйткені басқалармен салыстырғанда көп табыс алып келетін ресурстар болмайды. Өндіруші тепе-теңдік жағдайда болады да осы жағдайда максимальды өнім шығымын қамтамасыз ететін өндіріс факторларының оптимальды үйлесіміне қол жеткізіледі. Ресурстардың шекті өнімділігі игіліктер өндірісіне оларды енгізудің өлшемі (шамасы) болып табылады. Өндірісте ресурстар қандай деңгейде қажет және оларды пайдаланудың деңгейі қалай анықталады? Ол ең алдымен осы факторлар алып келетін табыс пен оларды пайдаланумен байланысты шығындар арасындағы айырмамен анықталады. Өндіруші осы айырманы жоғарылатуды көздейді. Жетілген бәсеке жағдайында игіліктер мен ресурстардың бағасы белгілі болады. Осы жерден мынадай қорытынды жасауға болады: кез-келген ресурстың ақшалай түрдегі шекті өнімділігі натуралды түрдегі шекті өнімділік сияқты өзгеретін болады. Өйткені ақшалай көрсеткіш натуралды көрсеткішті тұрақты (белгілі) бағаға көбейту арқылы алынады. Сондықтан да ресурс өндірісте оның ақшалай түрдегі шекті өнімділігі оның бағасынан жоғары болғанша қолданылатын болады: MRP1≥1P1. Бұл ресурстардың бағасы бұл факторлардың шекті өнімділігін өлшейтіндігін көрсетеді.

MRP 1 MRP 2 MRP n

= =………. . = 1 немесе

P 1 P 2 P n

MRP i = P i

Пайданы жоғарылату ережесі өндірістің барлық факторларының шекті өнімділігі олардың бағасына тең болатындығын немесе әрбір ресурстың оның ақшалай түрдегі шекті өнімі оның бағасына тең болғанша қолданылатындығын білдіреді. Сондықтан да шектеулі өнімділік теориясына сәйкес өндірістің әрбір факторына сол фактор алып келетін табыс тиесілі болады.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Өндірістік функцияның мәні неде?
  2. Жалпы өнім дегеніміз не?
  3. Шекті өнім не үшін есептеледі?
  4. Изокванта дегеніміз не және нені көрсетеді?
  5. Пайданы жоғарлату үшін не істеу керек?
  6. Шығынды азайту ережесі қандай?

Тест

  1. Изокванта көрсетеді

а) жалпы өнім көлемінің қисығын

б) өндірістік функцияны

в) берілген ресурстар санымен өндіруге болатын әртүрлі өнім көлемін

г) орташа өнімнің қисығын

д) шекті өнімнң қисығын

  1. Изокванта немесе изокостада орналасқан кез-келген нүкте

а) өндірілген өнім санын көрсетеді

б) ақшалай көріністегі өнім көлемін білдіреді

в) ресурстардың нақты көлемінің комбинациясын көрсетеді

г) шығындар сомасын

д) өзгермелі шығындардың сомасын

  1. Өндіріс факторлары үйлесімінің мүмкін болатын әртүрлі варианттары мен шығарылатын өнім көлемі арасындағы өзара байланыс көрінеді

а) өндірістік мүмкіндіктер қисығымен

б) жалпы өнім шығымының қисығымен

в) өндірістік функциямен

г) ұсыныс икемділігімен

д) жалпы шығындар қисығымен

  1. Пайданы максималдайтын фирма қысқа мерзім ішінде өндірісті тоқтатады, егер

а) баға минималды орташа жалпы шығындардан кем болса

б) жалпы табыс жалпы шығындардан кем болса

в) жалпы табыс жалпы өзгермелі шығындардан кем болса

г) орташа өзгермелі шығындар бағадан кем болса

д) барлық жауап дұрыс емес

  1. Өндірістік функция көрсетеді

а) өнімнің шығуы мен өндірістік шығындар арасындағы байланыс

б) берілген шығындар көлеміндегі өндірістің максималды көлемі

в) шығарылатын өнім мен өндірістік шығындар арасындағы байланыс, берілген шығындар көлеміндегі өндірістің максималды көлемі

г) барлық жауаптар дұрыс емес

д) берілген шығындар көлеміндегі өндірістің минималды көлемі

Әдебиеттер:

1. Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М. Н., Киселевой Е. А. -Киров, 1997.

2. Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” / Под ред. А. С. Булатова. -М., 1997.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның шығу тарихы
Экономика және оның негізгі мәселелері
Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдалары
Экономикалық теория негіздерінің пәні және әдістері
А.Смит еңбектеріндегі классикалық саяси экономияның онан арғы дамуы
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері
Экономикалық ой - пікірлердің қалыптасуы. Мектептен және сыныптан тыс іс- тәжірибеден өту есебі
Маркстің экономикалық теориясы және қазіргі кезең
Экономикалык теория бойынша дәрістер
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz