Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері туралы


Жоспары
Кіріспе
I Негізгі бөлім
1. 1 Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері
1. 2 Қазақстан Республикасында меншік құқығы туралы заңдардың түрлері
1. 3 Меншік құқығын қорғау және пайда болу негіздері
1. 4 Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері
1. 5 2009 жылғы меншік түрлері және экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құн.
Қорытынды
Ұсыныс
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақтың әдеттік құқығында, мүлік түріндегі малдың құлағына салған «ен» сөзінен «ен-ші», «еншік”-”м-еншік» ұғымы көктеу, жайлау, күздеу, қыстау түріндегі жерлерге жеке меншік түрінде еніп қалыптасқаны сонау замандардан белгілі. Жеке меншіктің малға пайда болып, одан әрі дамуы, қазақ жеріне жеке меншік құқығының пайда болуына себебін тигізді деген де ұғым бар.
Қазақтың әдеттік құқығын зерделеген Фукс деген ғалым былай деп айтады: «…отбасылық таңбамен бірге еншісін алатын ұлдарына берілетін жеке меншік белгісіндегі ерекше таңбалар болды. Бұлар малдың құлағына салынатын «тілік», ендер болатын. Осыдан «тілік» - «ен» сөзінен еншісін алған ұлдарына бөлініп берілетін малға меншік ұғымы қалыптасты.
Ертедегі Римнің жеке құқығының арқасында меншік ұғымының қазақтың әдеттік құқығындағыдай мал арқылы пайда болмағандығын білеміз. Рим құқығында меншіктің иелену, пайдалану және билік ету деген үш белгісі бар екен. Осы бірінші белгісі ертедегі Римнің квирит тайпасының жерді қоныстану, жерді иемдену деген іс-әрекетінен шыққан екен. Ал екінші белгісі пайдалану құқығына қатысты ертедегі Рим-діктер былай дейді: «ескі азаматтық құқықтағы иелену ұғымын толықтыру үшін пайдалану ұғымын -пайдалы өнім алумен түсіндіреді. Осы иелену, пайдалану белгілерін дамыта отырып үй шаруашылығындағы затқа, мүлікке билік ету ұғымын кіргізеді.
Қазіргі біздің өмірімізде қолданылып жүрген азаматтық заң тілімен айтқанда, қандай да болмасын адамның заң негізінде үстемдік құрған затқа билік етуі, сол адамның «сол затқа» жеке меншік ұғымын қалыптастырған.
Осы ойды қазақтың әдеттік құқығындағы жеке меншік түсінігімен салыстырайық. Біріншіден, бір отар қойдың құлағына салынған «тілік» - «ен», сол бір отар қойға, бір қазақтың ен-ші, ен-шік, жеке м-еншік түріндегі құқығын алуына мүмкіндік береді.
Екіншіден, сол бір отар қойға өзінің «тілік» ен-ін салған қазақ қана жеке меншік түрінде билік жүргізе алады.
Үшіншіден, сол қазаққа, сол бір отар қойға билік етуге мүмкіндік береді. Сонда қазақтың әдеттік құқығындағы «енші» сөзі, рим жеке құқығындағы затқа-құқық түрінде туындап, «жеке меншік» түрінде қорғалынған.
Осы қазақтың әдеттік құқығындағы жеке меншік институты Ресей патша үкіметінің тұсында өзгерістерге ұшырап, кеңес өкіметінің тұсында өзінің өмір сүруін тоқтатты.
1990 жылы 15 желтоқсанда ҚазКСР-нің «Меншік туралы» заңы қабылданып, «жеке меншік» ұғымы енгізілді. Тәуелсіз еліміздің даму жолындағы жеке меншік институты өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді.
Бәрімізге белгілі, кеңес өкіметінің тұсында «тек қана мемлекеттік меншік» деген ұғым психологиямызға жақсылап сіңірілді. Жеке мен-шік жеке адамның өмірімен және тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. Жеке меншікті мо-йындамаған мемлекет ұзақ өмір сүре алмайды, тіпті, коммунистік Қытайдың өзі жеке меншікті мойындау арқылы өмір сүріп келеді. Ал кеңес өкіметі жеке меншікті мойындамағандықтан, жетпіс-ақ жыл өмір сүрді.
Демек, кеңес өкі-меті тұсынан қалған тек қана мемлекеттік меншікке қатысты психологияны өзгерту үшін бірнеше ұрпақ ауысуы керек. «Тек қана мемлекеттік меншік» деген ұғым адамдарды жеке өзіне еңбек етуден шеттетіп, тіпті қылмыстық заңға «туниядство-жалқаулық» деген норманы енгіздірді. Яғни, адамдардың психологиясында жұмыс істемесең «түрмеге отырғызады», бірақ «кеңес өкіметі» өз адамын далаға тастамайды, өлтірмейді деген ұғым қалыптасты. Осы ұғымның өзі жалқаулықты мықтап санамызға сіңірді. Бірнеше ұрпақтың бойында қалдырды. Бүгінгі күннің өзінде «жеке меншікті» толық түсінбегендіктен мойындамаған адамдардың қатары азайған жоқ.
Ендеше меншіктің адамына байланысты мысал келтірейік. Мысалы, «жеке сот орындаушысының» және «мемлекеттік сот орындаушының» қызметін алайық. Мемлекеттік сот орындаушысының қызметі мемлекеттік бюджеттен төленетін, шамамен жиырма-отыз мың теңге жалақыға байланысты. Осы жалақыны ол жұмыс істесе де, істемесе де алады.
Енді «жеке сот орындаушының» қызметі, жеке адамның өмірімен, тыныс-тіршілігімен, отбасымен тікелей байланысты болатынын білеміз. Қазақта «өзім дегенде, өгіздей қара күшім бар» деген мақал бар. Мысалы, жеке сот орындаушы бір миллион теңге өндіретін болса, сыйақыға жүз мың теңге алады. Ал он миллион теңге өндіретін болса, бір миллион теңге алады. Демек, алатын еңбек ақысы оның жұмыс істеу қабілетімен, жеке өмірімен байланысты ойлау жүйесіне, түптеп келгенде жеке меншікпен тығыз байланысты. Яғни, жеке сот орындаушысына мемлекеттік бюджеттен ешқандай еңбек ақы төленбейді, сондықтан оның жалқаулануға уақыты жоқ, өйткені ол өз еңбек ақысын өзі табады.
Ендеше, жеке меншік бізге не береді? Біріншіден, жеке меншік адамның ойлау қабілетін реттейді; екіншіден, тұрмыс-тіршілігін қалпына келтіртеді; үшіншіден, адамның жүріс-тұрысын, іс-әрекетін уақытқа бағындырады; төр-тіншіден, тіршілік үшін күрестің ең жоғарғы деңгейі ізденіс, талпыныс үнемі білімін жетілдіріп отыруға мәжбүрлейді; бесіншіден, үнемі ойлау процесі, іс-қимыл әрекеті ойдың немесе тұла бойдың қартаю процесін тежейді, себебі үнемі жеке тіршілігі үшін күрес оны спортпен айналысуға басқа да қимыл әрекеттерді жасауға итермелейді; алтыншыдан, жоқтан бар нәрсені жасап шығаруға тырысады, себебі тіршілік үшін күрес жеке адамды өмір үшін күрес жолына түсіреді; жетіншіден, жалқаулық жатып ішер арамтамақтықтан бостан босқа қарнын шығаратын семіздік ауруынан құтқарады, өйткені ұдайы жеке меншік үшін еңбек, адамды сыптай қылады.
Адам - ішкен-жегенінің нәтижесі десек, оның ішіп-жейтін азық-түлігі қайдан келеді. Осыған байланысты неміс философы Канттың «зат өзіңде» деген философиялық тұжырымы бар. Бұл ойды түсіну үшін Канттың ойын өзіміздің қазақы түсінігімізге салып көрейік. Сонда «зат басыңда, тіршілікке бейім ақыл-есіңде болмаса» сенің өміріңе қажетті «сырттағы затыңды кім алып келеді» деген сөз шығады.
Ендеше, «басыңдағы затың» білім, ілім және ғылым екен. Қазіргі тілмен айтқанда, өзіңнің басыңдағы білім мен ғылымнан жиналған зияткерлік жеке меншігің екен. Былай айтқанда ақыл-есің, мәселен Қытайдағы Чэнду қаласының тұрғыны Ян Ли компанияларға кәсіпкерлік кеңес береді деген лицензиясындағы жазуды сырттағы затты алып беретін өз басындағы ақыл-ой меншігіне айналдырады.
Ол қарыздарын алып беруге кеңес сұрап келген адамдарға көмектесу үшін, қарызын өтемей жүрген адамның психологиясын зерттеп «басыңдағы затына» айналған әдісті іске асыруға кіріседі. Қарыздар адамның табыс тауып отырған мейрамханасына, жұмыссыз жүрген жиырма адамға күніне жүз юань төлеп, қайыр сұрауға жібереді. Мейрамханаға қонақтардың келуі нашарлай бастағанын сезген жеке меншік иесі өз қарызын өтеп құтылады.
Енді бірде, жасанды түрде аяғы ауыр болып киінген әйелдерді «қарызымызды жинап жүрміз» деген жазуы бар тақтайшамен, қарызын өтемей жүрген жеке меншік иесінің конторына жібереді. Қоғам алдындағы дәрежесін түсірмес үшін жеке меншік иесі қарызын өтеп құтылады. Сонда қарыздарды күшпен қайтару қылмыс екенін, ал сот арқылы қайтаруға уақыт кететінін түсінген Ян Ли, өзінің және өзгенің тіршілігіне тиісті жеке меншігін қалыптастыру үшін «басындағы ақыл-ой» жеке меншігін пайдаланғаны байқалады.
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесіндс алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншідсн құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық катынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қон-дырманың элемент болып саналғанмсн қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтгы реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құкығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құкықтары тиесілі.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқаңда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті тиесілі құқығы басқа субъектік берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру жәке т. б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз-мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, тел алу жөке өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т. б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорға-латын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуіне құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады, " - деп жазылған.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құкығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік кұқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекетгік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Заң меншікті түрлергеде бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді (192-бап) .
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару орындарының қарауына жатады делінген. Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдар мен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қаты-сушыларымен тең негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.
Заңдарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Казақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (А к-тің бабының 1 және2 тармақтары) .
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан қорғайды.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.
Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіне деген жекедара (өзіндік) (тұтынушылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет.
Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 33-бабы І-тармақ) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс, баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі болады.
Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі (ортақ меншіктегі) үлесі оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіндік) меншікке бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзіндік) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады.
Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды, Кондоминиумның әр алуан түрінің құқылық тәртібінің ерекшеліктері заң кұжаттарымен айқындалады, ал "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңда тұрғын үй коңдоминиумы жайында айтылған.
Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ, меншік құқығымен тиесілі болады.
Меншік құқығының түрлеріне сипаттама берген кезде мүліктің құқықтық тәртібінің мазмұны мен ерекшелігі мүліктің қайсы бір түріне жататындығына байланысты келеді.
Жеке меншік азаматтардың мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады. Азаматтарға байланысты жеке меншіктің ұғымы түсінікті болса, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдастыру - құқықтық нысандарына көз жүгіртуіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 34-ші бабында көрсетілгендей заңды тұлғалар үлкен екі топқа бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды тұлға-лардың меншігі жеке меншік болып есептелінуі тиіс. Коммерциялық ұйымдарға келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қатарына шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік коорпаративтер жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардан қатары да заңда нақты анықтала отырып, олардың да ұйымдастыру-құқықтық нысандары жеке меншікке негізделеді.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншік құқығының субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану жөне билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі мумкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді, Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының қазынасын құрайды. Сонымсн қатар, Республика қазынасының катарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларга бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджст қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеге өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құратын мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығына негіздеп жүзеге асыруы мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығы заттық кұқық болғандықтан оны жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе уәкілдік берген мемлекеттік органның берген құзіретінің көлемінде ғана иелену, пайлалану және билік ету құқығын жүзеге асыра алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің меншік иесі мен құжаттарын сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Заң күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлығына сәйкес аталған кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде бекітілген және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттардан бас тарту мүмкіншіліктері жоқ.
Сонымсн қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына негіздеген мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (3 жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге; филиалдар мен еншілес кәсіпорындар құруға, жеке
кәсіпорындармен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға, өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға; жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен процент ставкасын төмен процентпен төлем алуға; басқа тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдік және кепіл болушылық болуға.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz