Еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... .5
1 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТҮСІНІГІ. ОНЫ БАСҚАРУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау ... ... ... ...11
2 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН АЙМАҚТЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ САҚТАЛУЫ...17
2.1 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаттың бағыттары ... ... ... ... 17
2.2 Аймақтық кәсіпорындарда еңбекті қорғау туралы заңның сақталуы ... ... ... 19
3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ... 37
3.1 Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптарына белгіленген ұсыныстар ... ... 37
3.2 Еңбекті қорғау және өндіріс әдениеті ... .46
4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... .52
4.1 «Тенгизшевройл» . қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қазақстандық ірі көшбасшысы ... ... ... ... ..52
4.2 Өскемен «ТМК» АҚ.ның аймақтық өнеркәсіп қауіпсіздігі мен қоршаған орта менеджментінің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... .61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... .63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ..65
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
Бүгінгі күні елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде атап айтар болсақ, оның, өндірістегі жарақат пен өндірістік сырқаттың азаюы бойынша жұмысты ұйымдастыру мен біздің қоғамымыздың азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге жетіп отырғаны сөзсіз.
Әлбетте осы еңбекті қорғау мәселесінде жұмысты ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибеге ие бола отырып, осы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша орын алған кейбір проблемалар мен ұсыныстар да айтылып отыр.
Өзектілігі. Елімізде әйткенмен де осы қозғалып отырған маңызды мәселелердің бірі - ұйымдарда еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен басшыларды оқыту және олардың білімін тексеру отыр. Жалпы алғанда, біздің еліміздегі «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңына орай, жан-жақты қадағаланып отырылады. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің басшылығына сәйкес, білімін тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, атап айтар болсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық департаментінің емтихан комиссиясымен жүргізіледі. Негізінен өндіріс ұйымдарының басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті.
Қазіргі таңда, сондай ақ «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру» мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, осы ұйым бөлімшелерінің басқа жетекшілері ұйымдағы тұрақты әрекет етуші ұйымдарда (ТӘЕК-тен) оқытылып, білім тексеруінен өтуге тиіс.
1 Ажинурина Д. Еңбек ету бостандығы және оны қорғаудың мәселелері: заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты /Ажинурина Д.- Алматы: б. ж., 2005.- 21 б.
2 Азтаев Б. Государственная инспекция труда// Правовой вестник.- 2002. – N32.
-С.2
3 Армстронг М. Практика управления человеческими ресурсами / Пер. с англ.
под ред. С. К. Мордовина.- 8-е изд.- СПб.: Питер, 2005.- 832 с: Балтабаев М. Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті // Егемен Қазақстан.
- 2005. - 28 сәуір. -Б. 3
4 Аттестация рабочих мест: Методические рекомендации// Охрана
труда.Практикум.-2000.-№.-С.5-19
5 Ахметов А. Еңбек құқығы: оқулық / А. Ахметов, Г. Ахметов.- Алматы: Заң
әдебиеті, 2005.- 406 б.Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзекті мәселе//
Заман-Қазақстан. – 2006. – 28 сәуір. – Б. 6
6 Ашитов Б. Об объекте нарушения правил охраны труда [Текст] / Ашитов Б.//
Фемида.- 2006. – N9.-0. 7-83. Көш көлікті болсын//Егемен Қазақстан. – 2005.- 1 қыркүйек
7 Аяғанова А. Некоторые правовые аспекты охраны труда в качестве принципа
трудового права [Текст] / Аяганова А.// Фемида.- 2007. – N2.-0. 24-26
8 Әлеуметтік қолдау - айрықша міндет// Тарбағатай нұры.- 2004. - 21 ақпан.
9 Гайнуллина Ф. Защита прав трудящихся:взаимодействие профсоюзов с
органами государственной власти// Человек и труд.- 1995.-№10.-С.56-60
10 Гигиена труда: Гигиенические критерии оценки и классификация условий
труда по показателям вредности и опасности факторов производственной
среды, тяжести и напряженности трудового процесса. Руководство Р 2.2.755-99//Охрана труда.Практикум.- 2000.-Ш.-С.2-80
11 Дорош Е. Еңбек қатынасындағы өзгерістер// Заң газеті.- 2005. - 8 сәуір. - Б.
3
12 Закон РК «О безопасности и охране труда»// Казахстанская правда. - 2004
- 28 февр.
13 Калашников А.Н. За труд ответишь: ответственность за нарушение
законодательных и иных нормативных и правовых актов по охране труда//
Правовой вестник.- 2004. - N 8. - С. 13
14 Карагусова Г. (мин.труда и соцзащит). Создание системы управления
охраной трудой на национальном уровне – настоятельное требование времени:Доклад на парламентских слушаниях 23.05.2006// Правовой вестник.- 2006.N22. – С. 3
15 Карелов В. По проблемам производства и охраны труда: [Об охране труда и
произв.травматизме на предпр.обл.] // Рудный Алтай.- 1998.-24 марта
16 Карелов В. Тудиться без опасности// Рудный Алтай,- 2003. – 20 марта. – С. 2
17 Карменов К. К. Разработка демпфирующих рессорно-пружинных сталей для
уменьшения производственного шума в источнике возникновения [Текст]:
автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата технических
наук / К. К. Карменов.- Алматы, 2007.- 21с.

18 Клиновицкая В. Безопасный труд, как безопасный секс - шанс на
долголетие: [Об охране труда на предприятиях города]// Устинка.- 2001.-15
июня- С. 4
19 Конанбаев Н. Погибнуть на работе: [О состоянии охраны труда на
предпр.обл.в 1997г.]// Рудный Алтай.-1998.-20 янв.

20 Коржова Н. Государственная политика в области охраны труда// Вопросы
труда.- 1999.-Ш.-С.З-8
21 Косарев А. Охрана труда в условиях рынка// Советы Казахстана.- 1994,- 30
сент.
22 Кузнецов Г. Кого же охраняет Закон «Об охране труда?»// Казахстанская
правда.- 1997.-4сент.
23 Қазақстан Республикасының Конституциясы = Конституция Республики
Казахстан.- Алматы: Жеті жарғы, 2005.- 180 б.
24 Қазақстан тәуелсіздік жылдарында [Мәтін]: ақпараттық талдау жинағы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі; А. Б. Сұлтановтың редакциясымен.- Алматы: б. ж., 2006,- 380 б.
25 Қарақұсова Г. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзекті мәселе// Егемен
Қазақстан.- 2004. - 28 сәуір. – Б. 3
26 Лисьева С. Трудиться, чтобы не повредиться, или вернуться с работы
живым: [Об охране труда и производственном травматизме на предприятиях
области]// Деловой Усть-Каменогорск - 2000.-М5.-С.20-21
27 Манохина О.В. Условия труда на предприятиях ВКО// Статистический
пресс-бюллетень.- 2002. - N 2. - С. 163-170
28 Минченко В. Кого защищает инспектор труда?: [О деятельности
инспекторов труда] // Рудный Алтай.- 2002.-23 фев.-С.б
29 Мұқатай Ж. Мақсат-өндірістік жарақатқа жол бермеу // Дидар.- 2002.-
19қаңтар.-б.2
30 Охрана труда// Юрист (Казахстан).- 2002. - N 3. - С. 22-24
31 Охрана труда и техника безопасности в практической деятельности
субъектовРеспублики Казахстан /Сост. В.И. Скала.- Алматы, 2002.-276
с.
32 Охрану труда – на должный уровень// Рауан – Восход.- 2004. - N 8 (27
февр.). – С. 1
33 Өскемен Титан-Магний комбинаты = АО Усть-Каменогорский Титано-
Магниевый комбинат [Мәтін]: 1965-2005.- Өскемен: УК ТМК, 2005.- 45 б.:
суретті
34 Сейсебаев К. К. Безопасность рудных шахт: [учебное пособие] / Сейсебаев
К. К.- Усть-Каменогорск: [б. и.], 2006.-160 с: ил.
35 Тоқпатаев У. Еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі – білім саласының басты
мәселесі// Дидар.- 2003. – 17 мамыр . – Б. 2

36 Үншібаев Т. Еңбекті қорғау-ортақ мәселе// Заң және заман.- 2002.-N1.-
Б.123-126
37 Шевченко В. Новое экологическое мышление// Казахстанская правда
- 2003. - 8 июля. - С. 2

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТҮСІНІГІ. ОНЫ БАСҚАРУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау ... ... , ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН АЙМАҚТЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ
САҚТАЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаттың бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Аймақтық кәсіпорындарда еңбекті қорғау туралы заңның сақталуы ... ... ... 19
3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ... 37
3.1 Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптарына белгіленген ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
3.2 Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
4.1 Тенгизшевройл - қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қазақстандық ірі көшбасшысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
4.2 Өскемен ТМК АҚ-ның аймақтық өнеркәсіп қауіпсіздігі мен қоршаған орта менеджментінің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 5
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде атап айтар болсақ, оның, өндірістегі жарақат пен өндірістік сырқаттың азаюы бойынша жұмысты ұйымдастыру мен біздің қоғамымыздың азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге жетіп отырғаны сөзсіз.
Әлбетте осы еңбекті қорғау мәселесінде жұмысты ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибеге ие бола отырып, осы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша орын алған кейбір проблемалар мен ұсыныстар да айтылып отыр.
Өзектілігі. Елімізде әйткенмен де осы қозғалып отырған маңызды мәселелердің бірі - ұйымдарда еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен басшыларды оқыту және олардың білімін тексеру отыр. Жалпы алғанда, біздің еліміздегі Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңына орай, жан-жақты қадағаланып отырылады. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің басшылығына сәйкес, білімін тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, атап айтар болсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық департаментінің емтихан комиссиясымен жүргізіледі. Негізінен өндіріс ұйымдарының басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті.
Қазіргі таңда, сондай ақ Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, осы ұйым бөлімшелерінің басқа жетекшілері ұйымдағы тұрақты әрекет етуші ұйымдарда (ТӘЕК-тен) оқытылып, білім тексеруінен өтуге тиіс.
Олай болса, бұл мәселені шешуге тиісті кәсіподақтармен бірлесіп экономиканың салаларын басқаруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың тікелей қатысып шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен қамтамасыз ету Бағдарламасы әзірленіп бекітілген болатын.
Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының екі тармағына тоқталып өтер болсақ, бұл еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау және еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіру аса қажет болып отыр.
Үкімет Бағдарламасы ОН5А5 -18001 халықаралық стандартына сәйкес Қазақстанның кәсіпорындарына ЕҚБЖ енгізуді ұсынады, бірақ, бұл ретте де республикада (ОН5А5 - 18001 негізіндегі) ЕҚБЖ енгізу рәсімін және оның мазмұнын реттейтін, Ресейдегі секілді бекітілген МЕСТ жоқ.
Мақсаты: Олай болса, бітіру жұмысының мақсаты түрлі еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру, азаматтардың еңбегін қорғауда оларға қажет болған жағдайда әлеуметтік көмекті көрсету және осы бағытта еліміздің әр аймағында жүргізіліп жатқан түрлі мекеме мен ұйым, ірі компаниялардың істерін жан-жақты саралау жүргізіп қана қоймай, жақсы іс-тәжірибені өмірге енгізудің маңызын ашу.
Зерттеу міндеттері. Осы мақсатқа жету барысында мынадай, төмендегідей міндеттер алға қойылды.
- Еңбекті қорғаудың түсінігі мен басқаруды қамтамасыз ету жайын қарастыру;
- Еңбекті қорғауды қадағалау мен бақылаудың мәнін ашу;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ашып көрсету;
- Облысымызда осы еңбек қорғау мәселесінің жай-күйі;
- Еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталуын бақылау;
- Елімізде шетелдік жұмыс күшін қолдану мен олардың еңбегінің қорғалуы аясын бақылау жүргізу барысына аса мән берілді.
Зерттеу болжамы: Түрлі өндіріс және мекеме орындарында еңбекті қорғау жан-жақты қамтамасыз етілуін қадағалаумен қатар, олармен еңбек тәртібін сақтау мен түрлі жағдайлардың туындауы барысында қажетті жұмыс жүргізуде түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану
Олай болса, еңбекті қорғау мәселелеріне орай еңбек орындарында қызметкерлер мен еңбек етуші азаматтардың кәсіптік шеберлігін артыруға аса мән бері. Әр азаматтың өз білімін көтеріп, шеберлігін шыңдауына жағдайлар жасаудың маңызы аса зор.
Ғылыми жаңашылдығы:
- аймақтық кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың мәні мен мазмұны бүгінгі көзқарас бағытында анықталды;
- кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың мүмкіндіктері;
- еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті мәселелер қозғалды.
- еңбек процесінде еңбек қауіпсіздігін сақтаудың техникалық жайы айқындалды;
- кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін сақтаудың өндіріске тиімді жайы қозғалды.
Зерттеудің тәжірибелік мәні: ҚР кәсіпорындарда еңбек және әлеуметтік жағынан қорғау үшін өндірістің, кәсіпорындардың жұмыс процесіне енді.
Міне осы зерттеу нәтижелерін ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдалануға болады.
1 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТҮСІНІГІ. ОНЫ БАСҚАРУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Еңбекті қорғаудың мәні және қағидалары

Қазақстан Республикасының Конституциясында [23] адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету жарияланған.
Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық, медициналық, техникалық және экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
Мысалы, еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т,б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз. Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас бөлігінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылған, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген.
Дәл осындай жағдай еңбекті қорғаудың экономикалық аспектісі бұзылған кезде де орын алады, яғни, еңбекті қорғау қаржыландырылмаса және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кооператив мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне таралады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкерлердің өмірі
мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі
тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналарда көзделген:
- еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда;
- ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормаларда;
- әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормаларда;
- өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінде;
- қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерде.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі қағидалары Қазақстан Республикасы Еңбекті қорғау туралы Заңының 4- бабында көзделген [12]. Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметінің бірлесуін көздейді және келесі мынадай қағидаларға:
кәсіпорынның өңдірістік қызметінің нәтижелеріне қарағанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының үстемдігі;
меншік иесінің немесе оның уәкілетті өкілінің толық жауапкершілігі;
еңбекті қорғау міндеттерін осы мәселелерге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің экономикалық және әлеуметтік саясаттың өзге де бағыттарымен үйлестірудің нәтижесінде кешенді түрде шешу;
еңбекті қорғау саласында меншік нысанын және шаруашылық қызметіне қарамастан барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай талаптарды белгілеу;
кәсіпорындардағы еңбекгі қорғау және қауіпсіздік-техника талаптарының орындалуына мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру;
еңбекті қорғауға қатысты алдыңғы қатарлы ұлттық және шетелдік
тәжірибені, ғылым, техника жетістіктерін кеңінен пайдалану;
қызметкерлерді қорғайтын қауіпсіз техниканы, технологияны және құралдарды, еңбекті қорғауға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жасауды және енгізуді ынталандыру;
еңбекті қорғауды қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы;
кәсіпорындарда еңбектің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға жағдай жасайтын салықтық саясатты жүргізу;
кәсіпорындардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты, ал қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының нормалары мен ережелерін сақтауға қатысты экономикалық мүдделілігі;
кәсіпорындардың қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялау;
өндірістік мақсаттағы өнімдердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қатысты сертификациялауды жүргізу;
еңбек жағдайына сараптама жүргізетін мемлекеттік органдарының тікелей жұмыс орындарында, сонымен қатар жаңа және өңделіп жатқан кәсіпорындардың құрылысының жобаларында өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалау;
қызметкерлерді арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану кұралдарымен, емдеу-сауықтыру орындарындағы демалыспен және т.б. қамтамасыз ету;
өндірістегі әрбір қайғылы оқиғаны және әрбір кәсіптік ауруды қарау мен есепке алудың, қызметкерлердің өндірістік жарақаттың, кәсіптік аурудың деңгейі және еңбекті қорғауды жақсартуға қатысты шаралар жөнінде хабарландырылуын қамтамасыз етудің міндеттігі;
өндірісте қайғылы оқиғалардан жәбір шеккен немесе кәсіптік аурумен науқастанған қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғау;
жоғары және орта арнайы оқу мекемелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша мамандарды дайындау;
қызметкерлердің, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың және жекелеген тұлғалардың өкілдік ұйымдарының еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметіне жан-жақты қолдау көрсету:
- еңбекті корғау мәселелерін шешудегі халықаралық одақтастыққа негізделген.

1.2 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк
басқару, бақылау және қадағалау

Қазақстан Республкасының Еңбекті қорғау туралы Заңына сәйкес [18], еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдарға мыналар жатады.
Яғни, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, бұл орган еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту туралы заңдардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыраса, ал ауыл шаруашылық министрлігі, бұл министрлік машина-тракторлық парктердің техникалық жағдайына, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Сонымен қатар төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, бұл орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің жұмысын үйлестіреді, сонымен қатар, өнеркәсіпте жұмыс жүргізудің қауіпсіздігіне қадағалау жүргізеді.
Негізінен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімі жанындағы тәртіптік кеңес, бұл орган мемлекеттік тәртіпті нығайту және
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелерін қарайды.
Ал Бас Прокуратура, бұл орган республика аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де
нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына
жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады.
Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, бұлар тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын орындауды, жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Жоғарғы Сот қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, мәслихаттардың және әкімшілік басшыларының актілерінің орындалуын, республикалық және жергілікті билік органдарының өзара байланысын, халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары, олардың уәкілетті тұлғалары өздерінің қызметіңде жұмыс берушілерге, шаруашылық органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік билік пен басқарудың жергілікті органдарына тәуелсіз болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес әрекет етеді.
Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті тұлғалары мынадай құқықтарға ие. Атап айтар болсақ,
меншік нысанына және шаруашылық жүргізуіне қарамастан
кәсіпорындарға кез келген уақытта алдын-ала ескертусіз ешбір кедергісіз кіру;
министрліктерден, мемлекеттік басқарудың өзге де орталық және
жергілікті органдарынан, кәсіпорындардан, жұмыс берушілерден
қажетті ақпарат алу;
кәсіпорындардың басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар беру;
кәсіпорындарды, жекелеген өндірістерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орны мен жабдықтарды пайдалануды тоқтата тұру (тыйым салу);
- кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларына, қызметкерлерін еңбекті қорғау жөніндегі заң шығарушылық және өзге де нормативтік
құқықтық актілерді бұзғаны үшін айыппұл тағайындау, аталған тұлғаларды лауазымынан босату туралы ұсыныстар жасау, қажет болған
жағдайларда оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін прокуратура органдарына материалдар беру құқығына ие.
Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының өкілдеріне жүктелген функцияларды орындау үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Ал мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары өздерінің өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес негізсіз санкцияларды қолданғаны үшін жауапкершілікте болады.
Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғауға қатысты құқықтары мен міндеттері және олардың кепілдіктеріне келер болсақ, әрбір азамат еңбекті қорғау құқығына, яғни қауіпсіздік пен еңбек тазалығы талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығына ие.
Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасы Еңбек туралы заңында белгіленген негізгі құқықтардың бірі.
Еңбекті қорғауға құқық дегеніміз бұл:
- зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғаулы тиіс қауіпсіз жұмыс орны;
- мұндай факторлар өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе жұмысқа қабілеттің төмендеуіне әкелмеуі тиіс;
- қайғылы оқиғалар мен кәсіптік ауруларды міндетті түрде тергеу және мұндай жағдайларда әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
- ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз ету;
- жұмыстың және еңбек тәсілдерінің қауіпсіз әдістеріне үйрету;
- өзінің жұмыс орнындағы еңбекті қорғау жағдайы туралы, денсаулықка келуі мүмкін зақымдарға қатысты тәуекелдер туралы және оларды қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы шынайы ақпарат алу;
- өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда осы қауіпті ойғанға дейін жұмысты орындаудан бас тарту;
- кәсіпорындарды жобалау, салу және қолданысқа беру кезінде еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету;
- еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау;
- еңбекті қорғауды қаржыландыру.
Қауіпсіз жұмыс орнына құқық кәсіпорындардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары еңбекті қорғауға қатысты стандарттарға, ережелерге және нормаларға сәйкес болуы тиіс екендігін білдіреді. Жұмыс орны өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе еңбекке қабілеттің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін қауіпті, зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғалуы тиіс. Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғаудың жағдайына бақылауды ұйымдастыру және еңбек ұжымын осы бақылаудың нәтижелері туралы уақтылы хабарландырып отыру міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.
Еңбекті қорғау талаптарын сақтаған жағдайда өндірістегі қайғылы оқиғалар, жарақат алу, кәсіптік аурумен ауыру төтенше жағдайлар болып табылады. Алайда, егер мұндай жағдайлар орын алса, қызметкерлер өздерінің тікелей басшыларын немесе басшылықты кез келген қайғылы оқиға, кәсіптік аурудың белгілері туралы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін кез келген жағдайлар туралы жедел түрде хабарландыруға міндетті.
Жұмыс беруші мен басшылық қайғылы оқиғаны тергеу үшін, олардың алдын алу үшін және апат жағдайлары туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін барлық шараларды қолға алуға міндетті. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін тікелей қауіп төнген жағдайда бұл қауіпті жойғанға дейін олар жұмысты орындаудан бас тартуға, сонымен қатар егер бұл жұмыстар еңбек шартында көзделмесе, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысты істеуден бас тартуға құқылы. Бұл әрекеттер тәртіптік жауапкершілікті туындатпайды.
Өкінішке орай, мойындайтын бір жайт, ғылым мен техниканың қазіргі кезгі даму деңгейінде өндірістің адамға қатысты зиянды әсері әлі де толығымен жойылмаған.
Сондықтан, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары, ерекше температуралық жағдай, ластану және т.б. орын алған жұмыстарда қызметкерлерге нормаларға сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім және де маска, қорғанышты көзілдіріктер, қорғау, белбеулері, сабын және т.б. сияқты өзіндік қорғанудың өзге де құралдары берілуі тиіс.
Басшылықтың міндетіне тек өзіндік қорғану құралдарын беру ғана емес, сонымен қатар, оларды сақтауды, жууды, кептіруді, тазалауды, жөндеуді және т.б. қамтамасыз ету кіреді.
Зиянды еңбек жағдайлары орын алған жұмыста қызметкерлерге сүт және белгіленген нормаларға сәйкес оған теңестірілген азық-түлік өнімдері, ал аса зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге емдеу-сауықтырушылық сипаттағы тамақтану тегін берілуі тиіс.
Мемлекеттік стандарттарға, еңбекті қорғауға байланысты нормаларға, ережелерге жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қолданысқа беруге, машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды және өзге де өнімдерді, соның ішінде, шетелден әкелінген кұралдарды шығаруға жол берілмейді.
Олардың адамның ағзасына және денсаулығына әсері туралы токсикологиялық, санитарлық-гигиеналық, радиациялық, медициналық-биологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, материалдарды, шикізаттарды қолдануға тыйым салынады.
Еңбекті қорғауды қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қорлар, кәсіпорындар қаржысы және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпорындардың қызметкерлері осы мақсаттарға қатысты шығындарды көтермейді.
Еңбекті қорғау туралы заңдарда қызметкерлер мен жұмыс берушілердің міндеттері де көзделген.
Қызметкерлер өндірістік цехтардағы, құрылыс алаңдарындағы жүріс-тұрыс және жұмысты орындаудың белгілі бір ережелерін белгілейтін еңбекті қорғауға қатысты нормаларды, ережелерді және нұсқауларды сақтауға міндетті.
Сонымен қатар, қызметкерлер ұжымдық және өзіндік қорғану құралдарын дұрыс пайдалануға және қолдануға міндетті. Егер жұмысқа кірісудің міндетті шарты болып қауіпсіздік техникасына қатысты арнайы білім алу, нұсқама алу немесе емтихан тапсыру болса, онда қызметкер бұл талаптарды орындауға міндетті. Бұл талаптарды орындаудан бас тарту еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырылады.
Өз кезегінде, жұмыс беруші еңбекті қорғау талаптарын сақтауға қатысты жұмыстар жүргізуге міндетті, яғни жұмыс беруші немесе басшылық зиянды және қауіпті заттардың рұксат етілген деңгейін бақылауға, олардың асып кетуін болдырмауға, қауіпсіздік техникасына қатысты нұсқама беруге, дәрістер жүргізуге және қауіпсіздік техникасына қатысты ережелердің, нормалардың және нұсқаулардың орындалуын талап етуге, қызметкерлерді жұмыс орнының қорғалуының дәрежесі және қауіпсіздік деңгейі туралы хабарландыруға, қызметкерлерді ұжымдық және өзіндік қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар, жұмыс беруші өндірістік ғимараттар мен қызметкерлердің жұмыс орындарында өндірістік санитария мен гигиена талаптарының сақталуын бақылауға, еңбекті қорғау талаптарының орындалуына қадағалау және бақылау жасауға, еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікпен байланысты шаралар қолдануға міндетті.

2 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН АЙМАҚТЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ САҚТАЛУЫ

2.1 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаттың бағыттары

Жалпы алғанда Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат жан-жақты өзгертілген.
Сонымен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың [36] негізгі бағыттары мынадай;
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;
11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Негізінен жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрiстiк жарақаттануды азайту және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау мониторингін ұйымдастырады.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының Үкiметiнгің заңнамасына сәйкес, уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігi және еңбекті қорғау туралы заңнамасын сақтау жөніндегі:
1) жоспарлы-мемлекеттік орган жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
2) жоспардан тыс-қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ өтініштерге жедел назар аударуды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру негізінде жүзеге асырылады.
Әрі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың өтініші болған, сондай-ақ құжаттармен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргізіледі.

2.2 Аймақтық кәсіпорындарда еңбекті қорғау туралы заңның
сақталуы

Мемлекет өзінің азаматтарының еңбегін қорғауға құқықты кепілдейді. Ең басты кепілдік қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірісте еңбекті қорғаудың жоспарлы түрде үздіксіз, тұрақты түрде жақсаруы тиіс екендігінен көрініс табады [25].
Еңбек жағдайы өзінің ең кең мағынасында еңбек процесіндегі адамның жұмыс істеу қабілеті мен саулығына әсер ететін факторлардың, яғни сыртқы күштердің жиынтығы болып табылады. еңбек жағдайының терминін қолдануда оған әртүрлі мағына беріледі. Шын мәнінде адамға, оның денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер ететін факторлар өте көп. Әлеуметтік-экономикалық факторлар еңбеккерлердің бүкіл қоғамдағы жағдайын анықтайды. Олар ҚР Конституциясында, мамандардың еңбекақысын, дайындау және қайта дайындау мәселелерін, жалпы заңда әлеуметтік игіліктер мен кепілдіктерді реттейтін еңбек заңдарында орын табады. Мемлекеттің нормативті-құқықтық актілері бір ауысымдағы жұмыс уақыты ұзақтығын, санитарлық нормалар мен ережелерді, зейнеткерік және жасөспірім жастағылардың, жүктілік пен босану жеңілдіктерін, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер және басқа да еңбек қатынастарына байланысты толып жаткан мәселелерді қарастыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасы Конситуциясы мен Қазақстан Республикасы еңбек туралы 1999 жылғы Заңы және ҚР Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы заңы т.б. басқа да еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған арнайы нормативтік-құқықтық актілер қолданылады. Қазіргі таңда еліміздегі қалыптасқан жағдайға қарасақ. бұндай заңдардың қабылдануы және орындалуы әрқашан бір бағытта, яғни жұдырықтай жұмылып қажет дәрежеде жұмыс істеп тұрмайды. [24]

?
Сурет 2.1 - Еңбек қызметіне байланысты сәтсіз жағдайлардан қайтыс болғандардың саны

Қазақстан Республикасы статистика бойынша агенттігі мәліметтері бойынша республикамызда 2004 жылы еңбек етумен байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккен 3395 адам тіркелді, Жалпы сандағы әйелдердің үлесі 17,6 пайыз, 0,2 пайызы 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер екен. Бұдан 188 адам топтық жазатайым оқиғалардан, 291 адам кәсіби аурулардан, 41 адам уланудан зардап шекті. [24]

Кесте 2.1 - 2004 жылы еңбек етумен байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны.
2004

Жазатайым оқиғадан зардап шеккендер

3395

Әйелдер

17,06%

Жасөспірім

0,02%

Топтық жазатайым оқиғасы

188

Кәсіби ауру

291

Улану

41

?
Сурет 2.2 - 2004 жылы еңбек етумен байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны
Республика бойынша (1000 адамға шаққандағы жарақат алғандардың саны) орта есеппен жарақаттану коэффициенті 1,073 адамды құраған. Бұл көрсеткіш төменде көрсетілген.

Кесте 2.2 - Республика бойынша 2005 жылғы орта есеппен жарақаттану коэффициентінің статистикалық мәліметі
Жарақаттану

1,073

Тау-кен өнеркәсібі

2,965

Металл емес минералдық өнімдерді өндіру

2,955

Машина және құрал жабдық өндірісі

2,837

Химия өнеркәсібі

4,532

Жазатайым оқиғадан қайтыс болғандар

294

Әйелдер

19

Жасөспірім

1

?
Сурет 2.3 - Республика бойынша 2005 жылғы орта есеппен жарақаттану
Әрі тау-кен өнеркәсібі тәрізді экономикалық қызмет түрлерінде бұл көрсеткіш 2,965 адам, металл емес минералдық өнімдерді өндіруде - 2,955 машина және құрал-жабдықтар өндірісінде 2,837 адам, химия өнеркәсібінде 4,523 адамды құраған. Жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің ішінде 294 адам қайтыс болды, олардың 19 әйел және 1 жасөспірім.
Оқиғалар негізінен келесі түрде болды: қозғалатын, ұшқындайтын, айналатын заттар мен бөлшектер әсері (589 адам, оның 34 қаза болды); материалдардың, заттардың, құлауы, күйреуі, жердің опырылуы (сәйкесінше 551 және 53); зардап шегушінің жоғары биіктіктен құлауы (сәйкесінше 475 және 49).
Жазатайым оқиғалардың ең басты себебі зардап шегушінің абайсыздығы, аңғырттығы деп көрсетіледі. Осы себептен 1030 адам зардап шекті. Оның 66 - қаза болды. Жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 895 адамда жабық сынық, 285 адамда ашық сынық, 624 адам үстіртін жарақат, 303 адамда ашық жара, 335 адамда ішкі органдардың зақымдануы мен ми шайқалу жарақаттары, 176 күйік жарақаттары кездесті.
Дененің ең осал жерлері қолдың саусақтары (бұндай жарақаттан 354 адам зардап шекті), жіліншік, соның ішінде тізе (286 адам), бас (285 адам), қол білезігі.(263 адам) болып табылады.
2004 жылы ең жиі кездескен кәсіби аурулар: кәсіби бронхит (102 адам), омыртқа аралық дисктердің зақымдануы (62 адам), бейорганикалық заттардың уландыратын әсері (54 адам), қолдың вегетативті-сенсорлық (ангиневроз) полиневрапатия (42 адам).
Міне біздің экономикамызды "тұрақты экономикалық өсуге" жеткізуге тиісті өндіріс саласындағы еңбеккерлердің күнделікті өмірі осындай. Жүмыс орнында қаза болу дегеннің өзі ҚР "Еңбекті қорғау туралы"заңының бұылу дәрежесінің жоғарылығын көрсетеді. Содай-ақ келешекте еңбек қатынастарындағы қауіпсіздікке кепілдік беруге тиісті "ҚР еңбекті қауіпсіздігі және қорғау туралы" Заңындағы әйелдер мен он сегізге дейінгі жас еңбеккерлердің қауіпсідігін қорғауды талап ететін бабымен қоса (15 бап) осы саладағы негізгі принциптердің өзінің орындалу қатаңдығын арттыруды талап етеді. Яғни өндірістік қызметтің нәтижелеріне қарағанда адам өмірі мен денсаулығының артықшылығы, жұмыскер өміріне орны толмас зардап әкелетін өндіріс факторларының салдарының болдырмауы, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау талаптарына еңбеккерлердің еңбек жағдайына қүқықтарын қорғаудағы мемлекеттін кепілдігіне бүгін де ертең де көңіл бөлінуі, яғни жоғарыда келтірілген көрсеткіштер күннен күнге төмендей беруге тиіс (бірден жою мүмкіндігі жоқ әрине. Оны баяндама барысында дәлелдейміз). Жазатайым оқиғалардағы еңбеккердің өзі кінөлі деп саналған жағдайларды айтпағанда осы оқиғалардың көпшілігі жүмыс берушінің кінәсінен болды. Көп жағдайда жұмыс қабілеті жоғары жас шамасындағы адамдар қаза болды. Дөлірек айтсақ, 2004 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша зардап шеккендердің 1439 адам білікті 30 дан 45 жасқа дейінгі бірінші ауысымда жүмыс істеген адамдар.
Ал еңбек қызметінің түрлері бойынша еңбек қызметімен байланысты сәтсіз жағдайларға ұшырағандардың саны төмендегі кестеге қарастыра салыстыра қарасақ, онда сонау 2004 жылда 2006 жыл аралығында сәтсіз жағдайлардың азайғандығын төмендегі диаграммадан көре аламыз. [29]

?
Сурет 2.4 - Еңбек қызметіне баланысты сәтсіз жағдайларға ұшырағандардың саны
Бүгінгі таңда бұл жағдайға ғимараттардың, ескірген машиналар мен құрал-жабдықтарың қиын күйінің ықпалы бар. Сарапшылардың бағалауы бойынша тозу деңгейі көрсеткіші қазір 50 пайызды құрайды. Бұл онсыз да жоғары апат болу және жарақат алу деңгейін жоғарылатады. Сонымен бірге жүмыс орындарындағы жұмыс берушілер тарапынан болған көптеген олқылықтардың заңи органдар назарынан тыс қалғандарын байқаута болады. Бұл соңғы жылдардағы мемлекеттік еңбек инспекторы санының аздығын, олардың қолында арнайы бақылау-өлшеу құралдарының, арнайы лабораториялардың, көліктің болмауы, олардың кәсіпорындарды тексеру ауқымын төмендетеді, яғни жылына кәсіпорындардың 11-12 пайызын ғана тексеруге мүмкіндіктері бар. Бұның бәрі өнеркәсіп саласындағы бақылауды күшейтуді, ең алдымен еңбек қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа ҚР "Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі" туралы заңның орындалуын және сол заңның 5 тарауына сәйкес бекітілген мемлекеттік бақылаудың және оны үйымдастыру органдарының толық қанды жұмыс істеуіне қол жеткізуіміз керектігін көрсетеді. Ал ол мәселенің шешілуі мемлекет тарапынын жеткілікті қаржы бөлінуі мен жұмыс берушілердің еңбеккерлеріне деген "таза ниетіне " байланысты. Осы орайда еліміздің өнеркәсібінде айтулы орыны бар кәсіпорындар туралы бірқатар мәліметтерді келтіруімізге болады.

Кесте 2.3 - Еңбек қызметіне байланысты сәтсіз жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккендердің сипаттамасы

2002

2003

2004

2005

Жарақаттанудың жиілік коэфиценті

1,158

1,073

1,012

0,961

Әйелдер арасындағы жарақаттанудың жиілік коэффиценті

0,456

,416

0,353

0,357

Ішкіліктің салдарынан

0,014

0,016

0,013

0,011

Нашақорлық салдарынан
жарақаттанудың жиілік коэффиценті

,001

0,002

0,001

0,001

2.3 - кестенің жалғасы

2002

2003

2004

2005

Ірі және орта кәсіпорындардағы жарақаттанудың жиілік коэффиценті

1,302

1,226

1,188

1,137

Шағын және орта кәсіпорындар арасындағы жиілік коэффиценті

0,678

0,484

0,512

0,461

Мелекеттік кәсіпорындардағы жарақаттанудың жиілік коэффиценті

0,353

0,341

0,311

0,274

Жеке кәсіпорындарындағы жарақаттанудың жиілік коэфиценті

1,567

,370

1,278

1,254

Егер 2003 жылы республика бойынша өндірісте зардап шеккендердің саны 3402 адам болса, жазатайым оқиғалардың өнеркәсіптегі ең жоғары санын Қарағанды және Шығыс Қазақстан аймақтарында көруге болады, яғни 833 адам - жалпы республика бойынша көрсеткіштің 25 пайызы, басқаша айтсақ әрбір төртінші зардап шегуші.
Мысалға алар болсақ, өткен 2006 жылы Шығыс Қазақсьтан өңірінде болған түрлі кәсіпорындардағы болған жағдайларды саралар болсақ, еңбек қауіпсіздігі түрлі жағдайда ұшырасып отырған. [6]
Мысалға, 2006 жылдың желтоқсан айындағы болған еңбекті қорғау заңдылықтарын сақтамау немесе күтпеген жайлардың салдарынан төмендегідей оқиғалар кездескен.
2006 жылдың 4 желтоқсан айында түнгі сағат 11-де Тасжол комплексінің №1 Зыряндағы концентратты жөнелту цехында дымдалу басталғанын байқаған. Жедел жөндеу тобын дер кезінде шақыру барысында болатын кездейсоқ оқиғаның алдын алу дер уақытта шектелді.
Сөйтіп, тексеру барысында кабель торабында тоқ желілерінде қысқа байланысу болғанын тапты.
Ал сол желтоқсан айының 8-і күні ЗГОК Малеевка кенінде № 1 тобының жұмыс уақытының аяқталу кезінде жұмыс орнын тазарту жүргілізген. Бункерщик В. Зайцев оқушысы бункерді тазартып келесі сменге өткізуге даярлық тазалық жұмысын жүргізе бастаған. Осы уақытта екінші жағынан Қазмырыш-Транс ЖШС бульдозер машинисі В. Казаков жатқан топ үйіндіні ысырып тастамақшы юболып итере бастағанда, үйіндінің арғы жағынан көтерілген қол мен бас киім касканы көріп дереу жұмысын тоқтатқан. Сөйтіп, дереу қарап тексеру барысында тазарту жұмысын жүргізуге келген В. Зайцевті көріп дереу жедел медициналық көмекке жүгінген. Дер кезінде келген жедел жәрдем В. Зайцевтің аяғынан жарақат алғанын анықтап, Зырян қаласындағы Жедел жәрдем орталығына жеткізілген. Әрине осы уақиға негізін саралай қарасақ, кәсіпорын еңбеккерлерінің өзара келісімі болмағандығы, соның негізінде еңбек жарақатын алғандығы айқындалды.
Өскемен қаласындағы ЖДК локамативті құрама бригадасы бос вагондарды жалғастыруда вагондардың бір-біріне соқтығысады. Осының нәтижесінде ғираматтың бұрыштағы металл жасалған қоршауы мен жылу беру жүйесі зақымданды. Оқиғаға себепші болған жағдай уақытында теміржол бойының тазартылмауы болып отыр.
Сондай – ақ келесі бір жағдай Қазақмырыш – Ремсервис ЖШС – нің электр қызметінің шебері А. Харламов ӨМК балқыту бөлімшесінің әкімшілігінің 2-ші қабатында тұрып жылутехникасы бөлмесінен түтін шығып жатқанын көреді Қазақмырыш – ремсервис ЖШС қызметкерлері түтін шығып жатқан бөлменің есігін бұзып кіріп өртті сөндіре бастайды. Өрттің ошағын сөндіруге қосымша өрт сөндіруші команданы шақырады сөйтіп өрттің алдын алып, зардап шегушілер болмайды. Өрт шығуына басты себеп, электр жүйелерінің бір-бірімен жанасуынан болған.
Міне осындай еңбектің дұрыс қорғалмауының салдарынан өткен 2006 жылдың желтоқсан айында ғана 9 түрлі жағдайлар мен оқиғалар орын алды.
Ал 2007 жылдың қаңтар айында 6 түрлі оқиғалар орын алған. Оған мысал ретінде мынаны айтуға болады: осы қаңтар айының 19 күні Риддер – Скольник кенішіндегі Быструша кентінде бұрғылауда қазыған кендер құлаған. Тау жыныстарының құлау салдарынан осы № 3 бөлімшесінің жұмыскері В. Краев жамбасынан ашық жарақат алады. Осы оқиғаның болуына басты себеп, ұйымдағы технологиялық тәртіптің бұзылуынан болып отыр. Сондай-ақ еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауының салдарынан болып отыр.
Осы осы жоғарыда айтылған түрлі еңбек қорғау талаптарының орындалмауы кәсіпорынның еңбек өнімінің артуы мен оның өркендеуіне көп кедергі келтіруде. Әрі осыған орай еңбекті қорғау талаптарының орындалмауы жұмыскерлердің қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылып отыруына себепші болып отыр.

Кесте 2.4 - 2005 жылы зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылған жұмыскерлер
Барлық қызметкерлер

Барлығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Көлік және байланыс

Денсаулық сақтау

Зерттеулер

Барлығы

143100

81547

13223

19921

26283

2126

Ауыр және дене еңбегімен
айналысатындар

3064

2210

475

340

39

-

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жабдықтарда жұмыс істейтіндер

237

-

237

-

-

-

Санитарлық-гигиеналық
талаптарға сай келмейтін
еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер

40407

32066

2681

3675

1586

399

Шу мен вибрацияның жоғарғы деңгейі

15286

12044

1028

2157

43

14

МШК-дан асып түсетін жұмыс аймағындағы ауаның жоғарғы мөлшерде шаңдануы мен газдануы

21004

19053

1318

522

61

50

Қолайсыз температуралық
режим

5371

3641

575

1109

34

12

2.4 кестенің жалғасы
Ерлер

Барлығы

өнеркәсіп

құрылыс

Көлік және байланыс

Денсаулық сақтау

Зерттеулер

Барлығы

87240

57749

11199

12875

4178

1239

Ауыр және дене еңбегімен
айналысатындар

2969

2125

472

336

36

-

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жабдықтарда жұмыс істейтіндер

237

-

237

-

-

-

Санитарлық-гигиеналық
талаптарға сай келмейтін
еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер

32631

26524

2423

3066

297

321

Шу мен вибрацияның жоғарғы деңгейі

13011

10265

985

1738

16

7

МШК-дан асып түсетін жұмыс аймағындағы ауаның жоғарғы мөлшерде
шаңдануы мен газдануы

17811

16064

1171

475

53

48

Қолайсыз температуралық
Режим

4652

3045

497

1099

10

1

Әйелдер

Барлығы

өнеркәсіп

құрылыс

Көлік және байланыс

Денсаулық сақтау

Зерттеулер

Барлығы

55860

23798

2024

7046

22105

887

Ауыр және дене еңбегімен
айналысатындар

95

85

3

4

3

-

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жабдықтарда жұмыс істейтіндер

-

-

-

-

-

-

Санитарлық-гигиеналық
талаптарға сай келмейтін
еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер

77767

542

258

609

1289

78

шу мен вибрацияның жоғарғы деңгейі

2275

1779

43

419

27

7

МШК-дан асып түсетін жұмыс аймағындағы ауаның жоғарғы
мөлшерде шаңдануы мен
газдануы

3193

2989

147

47

8

2

қолайсыз температуралық режим

719

596

78

10

24

11

Қазіргі уақытта еңбек ресурстары елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден бір факторға айналды.
2006 жылғы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және еңбек туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ететін Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекторының қызметін сараптай қарастырсақ, өздерінің негізгі бағыттарының негізінде жұмыс атқарғанын көре аламыз. Олай болса, 2006 жылдың 1-ші желтоқсанына дейінгі уақытта Шығыс Қазақстан облысы аумағында 12642 шаруашылық және басқа да субъектілер, оның ішінде 11491, яғни (60,6 %) шағын кәсіпорындар, 977 (7,7 %) орта және 174 (1,4 %) ірі сонымен қоса 2630 бөлімшелері мен бірге 15173 шаруа қожалығы, 44184 заңды түрде тіркелген жеке шаруашылық жұмыс атқарып отырған. Сөйтіп, сараптай қарастырсақ, экономиканың түрлі салаларында 711 мың адам еңбекке жарамдылығын көрсетіп, тұрғылықты халықтың жұмыспен қамтылғанын көрсетіп отыр.
Мемлекеттік инспекторлардың бақылау жұмысы негізінен еңбек заңдылығының қатаң сақталуы мен өндірістік жарақат алудың алдын алуға бағытталған.
Міне сондықтан да тұрғылықты халықтар мен ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың арыздарын қарайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл сайынға елбасымыздың халыққа арнаған жолдауының әлеуметтік блогын халық арасында түсіндіруді үздіксіз жүргізіп келеді.
Ақпараттық-имидждік және насихат жұмыстары Мининстрлік пен департамент жоспарының негізінде, әрі алға қойған Бағдарлама негізінде;
- ҚР-да 2005-2007 жылдар аралығында әлеуметтік реформалар жүйесін;
- сонымен қатар 2005-2007 жылдар аралығында еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделініп отыр.
ҚР-ның Еңбек қорғау заңында болған өзгерістерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өндірісобъектілеріндегі еңбек жағдайын аттестациядан өткізу ережесіне баса назар аударып отырады.
Сонымен бірге, 28 сәуірде Бүкілдүниежүзілік еңбекті қорғау күніне байланысты ұйымдар мен мекемелер арасында түрлі жұмыстар ұйымдастырылып отырады.
Сондай жұмыстардың қатарына, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында айлық өткізіліп, 2006 жылда атқарылған істер сараланып отырылады.
Осы айлық қарсаңында Өскемен және Семей қалаларында еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеген баннерлер, транспоранттар ілініп, буклеттер мен лозунгілер облыс аумағына таратылды.
Атап айтар болсақ, теміржол транспорты кәсіпорыны 2006 жылды – Денсаулық және қауіпсіздік жылы деп жариялады.
Облыс аумағында облыс көлемінде мемлекеттік инспекторлардың ұйымдастыруымен, атап айтар болсақ, Еңбек қауіпсіздігіне-ерекше назар аударайық, Өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б. түрлі тақырыптарда семинарлар мен дөңгелек столдар ұйымдастырылып, лекциялар оқылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында еңбекті қорғау тақырыбында материалдар жарияланды.
2006 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығындағы жылдық ұйымдар мен мекеме басшыларының еңбекті қорғау бағытындағы білімін тексеру бағытында 1777 мекеме басшылары аттестациядан өтіп, олардың арасында 260 (14,6%) қанағаттанарлықсыз білімдерін көрсетті.
Жыл бойында жүргізіген тексерулер нәтижесінде 17175 (2005 жылдың 12 айында- 20725) бұзушылықтар айқындалып, оның ішінде 7737 (9178) еңбек заңдылығын бұзу, 9056 (11029) еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі нормаларының бұзылғандығы айқындалды.
Осындай тексерулер Курчатов қаласында, Бесқарағай мен Жарма, Көкпекті аудандарында Өскемен қаласындағы Май ААҚ, металл өңдеу мен машина жасау кәсіпорынында жүргізілді. Тексеру нәтижелері тексеру жүргізілген Курчатов пен Өскемен қалаланының, Бенсқарағай, Жарма, Көкпекті аудандарының кеңейтілген әкімшілік отырыстарында баяндалды. 2006 жылы мемлекеттік еңбек инспекторының тексеруінің нәтижесінде Стройкерамика ЖШС еңбек жағдайы нашар жерде жұмыс жұмысшыларының еңбек демалысы берілмегендігі анықталынды.
Еңбек қорғау мен оның қауіпсіздігін сақтау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудің жайы туралы сараптамаға аса мән бере қарап отырсақ, 2006 жылғы мемлекеттік еңбек инспекторының тексеруі 1392 мекемеде жүргізілген. Тексеру нәтижесі негізінде, 9056 бұзушылық анықталынып (2005 ж. – 11029) , оның ішінде 92 % аластатылды. Сонымен қатар, еңбек жағдайының дұрыс қамтамасыз етілмеуі – 2563, яғни 28,3 %-ды, еңбек қорғайтын жұмыскерлерді оқыту – 1510, яғни 16,7 %-ын, еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздікті нормативтік құқықтық жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғау түсінігі
Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары
Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі
Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтары мен міндеттері
Жұмыс жaғдaйлaрын тaлдaу және жұмысшылaрдың денсaулығын сaқтaу
ҚР-ның «Еңбек кодексі». Еңбек қауіпсіздік стандарттар жүйесі.Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілігі
Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні
Алматы қаласы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызмет басқармасы жалпы сипаттамасы
Пәндер