Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру туралы заңдарға жалпы сипаттама



І. Кіріспе
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру туралы заңдарға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4б.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ...5.6б.
2. Жұмыспен қамтудың нормативтік құқықтық актілерінің мәні ... ... ... ...7.9б.
3. Жұмысқа орналасу туралы заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.11б.
4. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.16б.
5. Жұмыс берушінің қызметкерлер арасындағы жауапкершілігі ... ... ... .17.18б.
6. Жауапкершіліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.24б.
7. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27.27б.
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28б. IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29б.
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру туралы заңдарға жалпы снпаттама.
Еңбек нарығының түсінігі. Қазақстанның және өзге де кеңестік мемлекеттердің нарықтық қатынастарға өтуі Кеңестік Одақ 1930 жылдан 1991 жылдарға дейін білмеген жұмыссыздықтың пайда болуына және еңбек нарығының туындауына алып келді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мәселесі елдің миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс.
Қазіргі заманда еңбек нарығы азаматтарды лайық жұмыспен тиімді қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастардың жнынтығын білдіреді.
Бұл қатынастардың субъектілері болып әрқайсысы еңбек нарығында ортақ және ерекше мүдделерге ие жұмыссыз тұлғалар, жұмыс берушілер меи мемлекет болып табылады.
Жұмыс күшінің иесі ретіндегі азаматтар еңбек нарығында тиісті ақылы жұмыс табуға тырысады. Жұмыс беруші табыс табу мақсатында өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс күшін табуға тырысады. Бұл ретте, мемлекет аталған қатынастардың өркениетті түрде даму және жұмыс беруші мен қызметкерден тиісті салықтар жинау мақсатын иелене отырып, реттеуші және үйлестіруші болып табылады.
Еңбек нарығын жұмыс берушілер мен жалданбалы қызметкерлер еңбек шарттарын бекітетін, еңбек құқығы қатынастарына түсетін құқықтық кеңістік ретінде де қарастыруға болады. Кең мағынада, мұндай құқықтық кеңістік ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдердегі Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының аумақтары табылады. Алайда, көп жағдайда мұндай құқықтық кеңістік ретінде азаматтарды жұмысқа қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге болады.
1. Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Алматы,2006.
2. Еңбек құқығы. Алматы,2002.
3. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы,2003.
4. А.Қ. Танкиева Жергілікті басқару. Алматы,2007.
5. Мұстафаев Т. Мемлекет механизміндегі жергілікті өкілді және
атқарушы органдар. Алматы,2006.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.
7. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы" Заңы. 11 шілде. 1997 жыл.
8. Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықгықактілер туралы"
Заңы. 24 наурыз. 1998 жыл.
9. Қазақстан Республикасы "Астанасының мәртебесі туралы" Заңы. 20
мамыр. 1998 жыл.
10. Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру туралы заңдарға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4б.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ..5-6б.
2. Жұмыспен қамтудың нормативтік құқықтық актілерінің
мәні ... ... ... ...7-9б.
3. Жұмысқа орналасу туралы
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-11 б.
4. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..12-16б.

5. Жұмыс берушінің қызметкерлер арасындағы жауапкершілігі ... ... ... .17-
18б.

6. Жауапкершіліктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19-24б.
7. Қызметкердің материалдық
жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .27-27б.

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .28б.
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...29б.

Кіріспе
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру туралы заңдарға жалпы
снпаттама.
Еңбек нарығының түсінігі. Қазақстанның және өзге де кеңестік
мемлекеттердің нарықтық қатынастарға өтуі Кеңестік Одақ 1930 жылдан 1991
жылдарға дейін білмеген жұмыссыздықтың пайда болуына және еңбек нарығының
туындауына алып келді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мәселесі елдің
миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс.
Қазіргі заманда еңбек нарығы азаматтарды лайық жұмыспен тиімді
қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды
қанағаттандырумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастардың
жнынтығын білдіреді.
Бұл қатынастардың субъектілері болып әрқайсысы еңбек нарығында ортақ
және ерекше мүдделерге ие жұмыссыз тұлғалар, жұмыс берушілер меи мемлекет
болып табылады.
Жұмыс күшінің иесі ретіндегі азаматтар еңбек нарығында тиісті ақылы
жұмыс табуға тырысады. Жұмыс беруші табыс табу мақсатында өзінің негізгі
қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс күшін табуға тырысады. Бұл ретте,
мемлекет аталған қатынастардың өркениетті түрде даму және жұмыс беруші мен
қызметкерден тиісті салықтар жинау мақсатын иелене отырып, реттеуші және
үйлестіруші болып табылады.
Еңбек нарығын жұмыс берушілер мен жалданбалы қызметкерлер еңбек
шарттарын бекітетін, еңбек құқығы қатынастарына түсетін құқықтық кеңістік
ретінде де қарастыруға болады. Кең мағынада, мұндай құқықтық кеңістік
ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдердегі Қазақстан
Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының аумақтары табылады.
Алайда, көп жағдайда мұндай құқықтық кеңістік ретінде азаматтарды жұмысқа
қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге болады.
Мемлекеттің еңбек нарығындағы негізгі және басты функциясы бұл еңбек
нарығының өркениеттік нысандарын қамтамасыз ету және дамыту қазіргі кезде
бұл мақсатты жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына кіретін халықты жұмыспен қамту
және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелеріне Қазақстан
Республикасының еңбек заңдары салыстырмалы түрде жақында - жұмыссыздық
проблемасының туындауымен ден қойды. Дәл осы кезден бастап Қазақстан
Республикасының еңбек заңдарында халықты жұмыспен қамту туралы бірқатар
құқық нормалары пайда болды. Қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту
қатынастары мыналармен реттеледі:
- жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы
Конституциясының нормаларымен;
- қызметкерлердің жұмыстан босау кезіндегі кепілдіктерін бекіткен,
жұмыссыздықтан қорғауға және еңбекке қатысты конституциялық құқықтың
маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Халықты
жұмыспен қамту туралы туралы заңымен;
- халықты жұмыспен қамтудың және жұмысқа орналастырудың негізгі
міндеттері мен функцияларын нақтылаған халықты жұмыспен қамту және жұмысқа
орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар туралы ережелермен;
- ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 Әлеуметтік қорғауды
қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу үшін ұйымдарда жұмыс орындарының ең
төменгі санын (квотасын) белгілеу мәселелері туралы қаулысымен; өз
қызметкерлері үшін халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтан қорғау шараларын
көздейтін, еңбек құқығының шарттық нормалары ретіндегі ұжымдық шарттар мен
әлеуметтік-әріптестік келісімдерінің нормативтік бөліктерімен.

1. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс берушінің:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен жеке еңбек және
ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
2) жұмысқа кабылдау кезінде қызметкерден осы Заңда көзделген, белгілі
бір еңбек қызметімен айналысуға және (немесе) белгілі бір қызметті аткаруға
мүмкіндігін растайтын құжаттар беруді талап етуге;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
4) қызметкерлерді көтермелеуге, оларды осы Заңда және де өзге де
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен тәртіптік және
материалдык жауапкершілікке тартуға;
5) өзіне қызметкер келтірген зиянды өтеттіруге;
6) соттың шешімі бойынша заңсыз деп танылған ереуілді ұйымдастыруға
және өткізуге қатысқан ретте ұйымның жұмысын тоқтатуға және қызметкерлерді
жұмыстан шығаруға;
7) өз кұқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында жұмыс
берушілер бірлестіктерін құруға және оларға кіруге;
8) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
9) егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкерді
оқытып -үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар.
2. Жұмыс беруші:
І) қызметкерлерге еңбек туралы заңдарға, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес
еңбек жағдайын қамтамасыз етуге;
2) қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға және ұжымдық шарт
жасасуға;
3) қызметкерлерді олардың еңбек міндеттерін орындауына қажетті
құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
4) жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкерді ұжымдық шартпен және
жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;
5) жалақыны және қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде
көзделген өзге де төлемдерді уақтылы жәнe толық көлемінде төлеуге;
6) еңбек туралы заңдардың, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын
сақтауға;
7) қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруы кезінде оның денсаулығы мен
өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілігін сақтаңдыруға;
8) қызметкерлердің еңбек қызметін және оларды зейнетақымен
қамсыздандыруға арналған ақшамның аударылуы туралы мәліметтерді растайтын
құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа өткізу;
9) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықrық актілерінде көзделген
тәртіп пен жағдайларда қызметкерге келтірген зиянды өтеуге;
1О) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатер
төндірсе, оны тоқтата тұру;
11) қызметкерге еңбек жағдайпарынын зиянды және қауіпті екендігі мен
кәсіптік аурудың мүмкін екендігі туралы ескертуге міндетті.

2. Жұмыспен қамтудың нормативтік құқықтық актілерінің мәні
ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының қолданылуына түсіндірме
жасаған халықты жұмыспен қамту органдарының актілерімен.
Нормативтік құқықтық актілердің мәні мыналардан көрініс табады:
1) олардың негізінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік
органдар құрылған және қызмет етеді;
2) жұмыссыздық, жұмыспен қамтылғандар, лайықты жұмыс және т.б. осы
сияқты жаңа түсініктерді бекітті;
3) жұмыссыз тұлғаның мәртебесін бекітті;
4) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
қағидалары мен бағыттарын анықтады;
5) ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 5-бабында халықты
жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер бекітілді;
6) азаматтардың халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын анықтады;

7) халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органньщ жұмысын
ұйымдастыруды ресми түрде бекітті;
8) жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, соның
ішінде, өз қызметкерлерін өндіріс ішінде оқыту және кәсіби дайындығы
жүйесін дамытуға және қоғамдық жұмыстарды өз қаражаты есебінен
қаржыландыруға қатысуын көздеді;
9) әлеуметтік жағдайы нашар азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарға
мақсатты әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін анықтады.
Сонымен, халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы
заңдарда жарияланғандай, мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты түрде тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді:
- еңбекке және кәсіп түрін таңдаудағы еркіндік құқығын;
- қызметінен негізсіз босатылған жағдайда құқықтық қорғануды;
- тиісті жұмысты таңдауда және жұмысқа орналасуда халықты жұмыспен
қамту жөніндегі уәкілетті органның тегін көмегін алуды;
- жаңа кәсіпке немесе мамандыққа тегін үйренудіжәне біліктілігін тегін
көтеруді;
- кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға берілген тапсырыстарға сәйкес
тиісті мамандарды тауып беруді.
Жоғарыдан байқағанымыздай, халықты жұмыспен қамту саласындағы
нормативтік құқықтық актілер жұмыссыздар үшін де, жұмыс берушілер ушін де
ерекше мәнге ие, себебі, олар жұмыссыздардың құқықтарын қорғайды, ал жұмыс
берушілер үшін қажетті мамандарды таңдауға септігін тигізеді. Сонымен
қатар, халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы бұл
құқық нормалары азаматтар мен жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту
және жұмысқа орналастыру жөніндегі уәкілеттік органмен қарым - қатынасын
реттейді.
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз және лайықты жұмыстың түсінігі. ҚР
Халықты жұмыспен қамту туралы заңның бірінші тарауында халықты жұмыспен
қамту саласындағы маңызды түсініктерге, сонымен қатар, осы саладағы
субъекгілерге келесідей заңды анықтамалар берілген;
Жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының
Конституциясына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы
келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты Және оларға
табыс немесе кіріс әкелетін қызметі. Басқаша айтар болсақ, жұмыспен
қамтылған тұлға - бұл өзінің еңбекке құқығын іс жүзінде жузеге асырушы,
яғни, еңбек қызметіне қатысушы тұлға. Бұл ретте ескеретін бір жайт, ҚР
Конституциясына және ҚР ҚР еңбек туралы заңына сәйкес азаматтарға
өздерінің еңбекке қабілетін дербес шешудің айрықша құқығы тиесілі. Заңдарда
көздемесе, еңбекке мәжбүрлеудің қандай да бір нысанына жол берілмейді.
Мысалы, ҚР қылмыстық кодексінде жазалау шарасы ретінде тузету жұмыстары
көзделген. Алайда, мұндай жұмыстарға тарту тек соттың негізінде ғана жүзеге
асырылады.
Сонымен, азаматтардың жұмыспен қамтылмағандығы оларды жауапкершілікке
тартудың негізі болып табылмайды.
Қандай тұлғалар жұмыспен қамтылған деп саналады екен? ҚР Халықты
жұмыспен қамту туралы заңының 2-бабына сәйкес, жұмыспен қамтылған халыққа
мына азаматтар жатады;
1. жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не толық емес
жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы
төленетін жұмысы (кызметі, кірісі) бар;
2. кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
3. өз бетінше жұмыспен айналысатын;
4. қосалқы кәсіпкерлікпен айналысатын және шарттар бойынша өнімді
өткізетін;
5. жұмысты азаматтық - құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын
азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің (артельдердің) мүшелері;
6. ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе
бекітілгендер;
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік
органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі
әскерлерінде, Республикалық Ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөніндегі агенттіктің бөлімдерінде және өзге де әскери
құрылымдарда қызмет етіп жүрген азаматтар азаматгар жатады.
Байқап отырғанымыздай, жұмыспен қамтылғандар түсінігі қызметкерлер
түсінігіне қарағанда әлдеқайда кең. Себебі, қызметкерлер жұмыспен
қамтылғандардың көпсанды болса да, бір бөлігін ғана құрайды.

3. Жұмысқа орналасу туралы заңы
Жұмысқа орналасу - азаматтың жұмысты іздеу және иелену үрдісі. Бұл
үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүмкін:
- азаматтың өзі жұмыс іздеп, оған орналасуы;
- халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі
- уәкілетті органның немесе халықты жұмыспен қамту жөніндегі жеке
агенттіктің көмегімен азаматтың жұмысты табуы;
- азамат өзі бұрын жұмыс істеген және кінәсіз қызметтен босатылған
өндірісте өзінің жұмыс берушісі арқылы жұмысқа орналасуы; - жұмысқа
орналасудың өзге де тәсілдері.
Мысалы, квота бойынша жұмысқа орналасу. Бұл тәсіл жұмысқа ораналасудың
арнайы нысанын - көмекті қажет ететін тұлғалар үшін жұмыс орындарын сақтап,
бұл жұмыс орындарына мүгедектерді, жасөспірімдерді және т.б. жіберуді
білдіреді.
Заңда лайықты жұмыс түсінігіне мынадай анықтама берілген: Тіркелген
жұмыссыз азаматтар өзінің кәсіби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы
мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, жұмыс орнының жағдайларына (ақы
төленетін қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс
орнына көліктің қолайлылығына сәйкес келетін жұмыс лайықты жұмыс деп
есептеледі. Мысалы, егер хирург дәрігерге медбикенің орнын, ал оқытушыға
мектепте еден сыпырушының орнын ұсынса - бұл лайықты емес жұмыс болып
табылады. Немесе құрылысшы-инженерге оның кәсібі және біліктілігі бойынша,
бұрынғы жұмыс орнындағьщай жалақысы бар жұмыс орнын ұсынса, алайда жұмыс
орнына дейінгі жолдың ұзақтығы 3 сағатты құраса, онда бұл жұмыс та лайықты
емес жұмыс болып табылады.
Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, сондай-ақ
екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін алдын-ала кәсіптік
даярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін болмаған
жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшеліктері мен еңбек туралы
заңдардың талапатарын ескеретін басқа да ақы төленетін (уақытша сипаттағы
жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
Жұмыс лайықты емес деп саналады, егер:
- ол жұмыссыздың келісімінсіз жұмыс орнын ауыстырумен байланысты болса;

- жалақысы бұрынғы жұмыс орнындағы орташа жалақыдан төмен болса;
- еңбек жағдайлары еңбекті қорғау және қауіпсіздік нормаларына сай
келмесе.
Ал кімдер жұмыссыз деп саналады екен? ҚР Халықты жұмыспен қамту
туралы заңында жұмыссыздарға мынадай анықтама берілген: Жұмыссыздар -
жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісуге дайын,
еңбекке қабілетті жастағы азаматтар: Жұмыссыз мәртебесін иелену үшін
халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда тіркелу қажет.
Жұмыссыздарды тіркеуге алу тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, жеке куәлігі,
әлеуметтік жеке кодты (ӘЖК) беру туралы куәлік, еңбек кітапшасы (немесе
еңбек қызметін куәландыратын өзге де құжат), арнайы білім, біліктілік
туралы құжаттар, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, салық төлеушінің тіркеу
нөмірі (СТТН) ұсынылған соң, ал бірінші рет жұмыс іздеп жүрген азаматтар
тұрғылықты жерінен анықтама берген соң жүргізіледі.



4. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту міндеттері
ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 1З-бабы Азаматтар халықты
жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласында мыналарға құқылы:
- жұмыс берушіге, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға немесе
жеке агенттікке тікелей жүгіну жолы арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға;
- шетелде өзі дербес жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға;
- халыққа жұмысқа орналастыруға қатысты көмек көрсететін халықты
жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардан және жеке агенттіктерден
ақпарат және кеңес алуға;
- қоғамдық жұмыстарға қатысуға;
- мемлекеттік органдардың, жеке агенттіқтердің және олардың лауазымды
тұлғаларының әрекеттерін (әрекетсіздіктері н), шешімдерін орталық атқарушы
органда немесе сотта шағымдауға;
- мақсатты әлеуметтік көмек алуға;
- оның келісімімен уәкілеттік органдардың кәсіби дайындықтан және қайта
дайындықтан өтуге жіберуіне.
Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтарының арасында аса
маңыздысы ретінде жұмыс орнын таңдау құқығын атауға болады. Азамат бұл
құқықты жұмыс берушіге - жалданбалы еңбекті пайдаланатын жеке немесе заңды
тұлғаға тікелей жолдануы арқылы жүзеге асырады. Жұмыс орнын таңдауға құқық
уәкілеттік органның немесе халықты жұмыспен қамту агенттігінің көмегімен де
жузеге асырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, азаматтар уәкілетті органдарда немесе халықты қамту
жөніндегі жеке агенттіктерде қызметгің, жұмысқа орналасудың, кәсіби білім
алудың түрін таңдау мақсатында кеңес және ақпараттар алуға құқылы.
Азаматтар уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби бағытылыққа, кәсіби
дайындыққа, қайта дайындықтан өтуге және біліктілігін көтеруге құқылы.
Біздің заңдарда алғаш рет азаматтар өз бетімен жұмыс іздеп, шетелде
жұмысқа орналасу құқығын иеленді. Бұл құқықты жүзеге асыру ушін мемлекет
мемлекетаралық келісімдерді жасасады. Бұларда көшіп-қонушылардың саны,
олардың біліктілік құрамы, еңбек жағдайлары мен мерзімдері көрсетіледі.
Жұмыссыздардың құқықтары:
- мақсатгы әлеуметгік көмек алу;
- зейнеткерлік жасына жеткенде және талап етілетін еңбек стажы болған
жағдайда зейнетке мерзімінен бұрын шығу;
- кәсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өту. Бұл кезде жұмыссыз тұлға
стипендия алады;
- жұмыссыз тұлғаның келісімі бойынша уәкілетгі орган оны төленетін
коғамдық жұмыстарға жібере алады. Бұл ретте тұлғаның жұмыссыз мәртебесі
сақталады;
- басқа жердегі жұмысқа ауысқан жағдайда өтемақы алуға құқылы.
ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 17 -бабы Жұмыссыздардың
жұмыспен қамту саласындағы Міндеттері: - ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы
заңын сақтауға;
- уәкілетті органдарға келіп тұрудың тәртібін, шарттарын және
мерзімдерін сақтауға;
- уәкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес
жұмыс күн! ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойьшша жұмыс берушіге өтініш
жасауға;
- уәкілетті органға:
- тұрғылықты жерін ауыстыруды;
- тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық - құқықтық сипаттағы
шарттар бойынша жұмысқа орналасуды; - кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануды;
- ұйымдық - құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға
құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
- мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
- зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда,
жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс істеу тәртібіне ықпал ететін өзгерістер
туралы мәліметтерді дер кезінде (бес жұмыс күні ішінде) табыс етугс
міндетті.
Жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар
Мемлекет жұмыссыздар үшін олардың материалдық жағдайының негізін
құрайтын белгілі бір әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақыларды белгілеген.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды еңбекке қабілетті жастағы, еңбек
етуге дайын, бірақ табысы немесе өзге де кірісі жоқ азаматтарға мемлекеттік
органдар тарапынан көрсетілетін уақытша материалдық және өзге де көмек
ретінде түсіндіруге болады.
Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға заңдарға сәйкес әлеуметтік
қорғаудың келесі түрлері көрсетіледі:
І) заңдарда белгіленген жағдайлардағы және мөлшердегі материалдық
көмек;
2) кәсіби дайындықтан өту, біліктілігін көтеру және қайта дайындықтан
өту кезінде оқудың ақысын төлеу;
3) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдем беру;
4) қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеу;
5) әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жүмыссыз тұлғаны
жерлеуге материалдық көмек беру.
Белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті органда тіркелген және жұмыссыздың
мәртебесін иеленген жұмыссыз азаматтар материалдық көмекке ие болады.
Материалдық көмекті алудың жағдайлары мен мөлшерін қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жұмыссыздың мамандығы сұранысқа ие емес жағдайда немесе азамат өзінің
бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан жағдайда,
жұмыссыздар өз келісімімен уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқу
орындарында білім алуға құқылы. Жұмыссыздарға кәсіби дайындықтан, қайта
дайындықтан өту және біліктілігін көтеру кезінде көрсетілетін әлеуметтік
дайындықтың жағдайлары және тәртібі заңдарда көзделген. Мұндай жағдайда
жұмыссыздарды оқыту еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып,
мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізіледі.
Жұмыссыздарға лайықты Жұмыс іздеуге жәрдем беру және оларды жұмысқа
орналастыру да әлеуметтік қорғаудың түрлерінің бірі болып табылады. Лайықты
жұмысты іздеуді және жұмысқа орналастыруды, халықты жұмыспен қамту
жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Бұл ретте заңдарда шетелде
жұмысқа орналастыруға қатысты тыйым салынбаған. Жұмыссыздардың қоғамдық
жұмыстардағы еңбегіне ақы төлеу де оларды әлеуметтік қорғауға жатады. Бұл
жағдайда ақының мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Сонымен қатар, жұмыссыздарды әлеуметгік қорғау ретінде әлеуметтік жағдайы
нашар азаматтар қатарындағы жұмыссы, тұлғаны жерлеуге материалдық көмек
беру де танылады.
Аталған құқықтар мен міндeттepдiң заңды кепілдіктері. Біздің мемлекет
азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асырудың кепілдіктерін жариялай отырып,
Қазақстан Республикасының ayмaғындa тұратын азаматтарға мыналарды
кепілдейді:
- кәсіп түрін таңдау еркіндігін;
- лайықты жұмысты таңдауда және жұмысқа орналасауда халықты жұмыспен
қамту жөніндегі уәкілетті органның немесе жеке агенттіктің тарапынан көмек
алуды;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің бос жұмыс орындары
туралы мәліметтерді беруін;
- халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетгі органның жолдамасы бойьшша
жаңа кәсіпке (мамандыққа) оқудың, біліқтілігін көтерудің, дайындықтан
немесе қайта дайындықтан өтудің тегіндігін;
- қызметтен негізсіз босатудан құқықтық қорғауды.
Азаматтардың еңбек нарығындағы және халықты жұмыспен қамту саласындағы
құқықтық жағдайы олардың (азаматтардың) уәкілетті органдар мен лауазымды
тұлғалардың шешімдеріне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты жұмыспен қамту және орналастыру
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
Жұмыспен қамту мониторингі бағдарламасын әзірлеу
Жұмыспен қамту мониторингі бағдарламасын іске асыру
Жергілікті атқарушы орган
Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ
Еңбек құқығы - оқулық
Еңбек туралы ұғым және еңбек нарығы
Пәндер