Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы


Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
Адам - бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.
Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын ѳзгертіп жѳне ѳзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді.
Жеке тұлға адамға қарағанда тармағында қолданылады. Жеке тұлға - бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.
Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке түлға болмайды жөне болуы да мүмкін емес.
Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.
Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т. б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны. Жеке адам - қоғамдық дамудың кайраткері, қоғамда белгілі жағдайда түратын саналы индвид және белгілі қоғамдық рөлді атқарады.
Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап ѳткен жѳн:
Біріншіден, жеке түлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көрністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.
Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен озара тәуелділігі. Жеке тұлға біртүтас бірлікті білдіреді, әрбір касиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моралдік сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Соңдыктан да жеке тұлға "жеке бѳліктерге" бѳлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.
Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған кѳптеген жѳне жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.
Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары жене т. б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-қүлқьш зертгейді. Психология ең аддымен жеке түлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын және темпераменті мен мінез-қүлқының психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңцамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік үстанымдардың жүйесін қамтиды.
Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.
Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін біддіреді.
Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Оларға ең алдымен - моралдік, екіншіден - ерік-жігер сапалары жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін жөне практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моралдік - ерік-жігер сапаларын мінездің негізін қүрайды деп айта аламыз.
Басқару жүйесі болып табылады, кѳп жағдайда "мен" деген ұғымды білдіреді. "Мен" - жеке тұлғаның өзіндік сапа қүрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қьшықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.
Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты эмоциялық реакцияның тандауына әкеледі.
Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері бұл иңдивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі саңдық-сапалық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылым.
Психикалық үрдістердің жүру сипаты, қасиеттердің көрінуі жеке тұлғаның психикалық белсенділігінің жағдайына байланысты.
Психикалық қалып дегеніміз жеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсінкі белсенділігі түрінде көрінетін психологиялық іс-әрекеттің тұрақты деңгейін айтады. Кез-келген оқиғаны бейнелеу - күрделі құбылыс. Ол өз құрамына біршама үрдістерді кіргізеді: түйсіну мен қабылдау, қайта жаңғыру, ойлау, сезім және т. б. қоғамдық және жеке мәні бар ықпал мен ой түйінін түсіну, соған сәйкес сезім туғызады, оның сипатына қарай жеке тұлғаның жалпы белсенділік деңгейін төмендетеді немесе арттырады. Психикалық іс-әрекеттің қалыптасқан деңгейі белгілі бір уақытқа жалғасуы сақталады.
Барлық кейінгі психикалық белсенділігі пайда болған жағдайға сәйкес жүріп отырады.
Психикалық қалып сыртқы және ішкі жағдайлардың себептеріне байланысты, бірақ оның динамикасы мен сипаты жеке тұлғаның қасиетіне байланысты.
Жеке тұлғаның бағыттылығы
Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орыңдауға үмтылысы төн, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.
Белсенділік - жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюга және оны орыңдауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.
Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап етуте болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретіңде тұрғын үйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар
жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз.
Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен сѳздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажетгілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және үнқағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңцау, киноға және театрға бару) болады.
Түрткілер (мотивтер) - бұл қажеттіліктерді канағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттіпік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.
Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын таңдай келіп, оның түрткілерін дұрыс түсіну қажет. Түрткілер бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктердің түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері, оқу әрекетің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.
Адамның танымдық кажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу - бүл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылғы.
Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады.
Жеке тұлғаның қалыптасуы
Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту және төрбелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психикалық сапалар мен үрдістердің қозғаушы күштері не?
Психология тарихында бұл меселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.
Биогенетикалық бағыттың түсіңдіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады.
Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік анғартып ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді. (біреулер қылмыс істеуге бейім келеді, кейбіреулер ұйымдастырушылық қабілетке бейімділік аңғартады және т. б. ) . Адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны, психикалық даму кезеңдері және оның пайда болу тәртібі алдын ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады.
Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер сияқты даму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімделушілік қызметін ескереді. Егер де социогенетикалық тұжырымдаманың айтқанына жүгінсек, онда мынадай мәселе түсініксіз болып қалады, неге бір әлеуметтік ортада әртүрлі адамдар қалыптасады, оның себебі неде?
Сонымен, биогенетикалық та, социогенетикалық тұжырымдама да жеке тұлғаның дамуы зандылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық та, социогенетикалык та психикалық дамудың қозғаушы күштерін анықтауға қабілетті емес.
Жеке тұлғаның дамуы туралы шет елде қабылданған белгілі теориялардың қателігі жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалау мен ортаның мәнін түсіндіруде емес, онда жеке тұлғаға әртүрлі ықпалдарды механикалық түрде тұжырымдайды, ол "ойыншық" ретінде қарастырылады. Соған сәйкес жеке тұлғаның белсенділігі жоққа шығарылады.
Жеке тұлғаның белсенділігі түрткілер жүйесі арқылы адамдарды іс әрекетке итермелейтін қажеттіліктер жиынтығымен байланысты. Қажеттіліктер тәртіп бойынша, пайда болғаннан кейін тез арада қанағаттандырылмайды.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
Егер де іштей жеке тұлға ортаға мәнді тәуелді болса, әлеуметтік психологияда суреттелетін және түсіңдірілетін адамдардың қарым-қатынасымен және өзара іс-әрекетімен байланысты оның мінез-құлқының түрлеріне жатады.
Әлеуметтік психологияда кең тараған теориялардың ішінде әлеуметтік үйрету теориясы жатады. Ол әлеуметтік психологияның бѳлімі жѳне пәні ретінде жеке тұлғаның әлеуметтенуін қарастырады.
Әлеуметтенуді қоғамдық тәжірибені индивидтің меңгеру және белсенді ондіру үрдісі, соның нәтижесінде ол жеке тұлға болып қалыптасады және өмірге қажетті білімді, дағдыны, ептілікті меңгереді, демек, белгілі міндеттерді шешу барысында олармен қарым-қатынас және іс-әрекет жасау қабілеттілігі деп түсінеміз.
Әлеуметтену - бұл адамның қоғамдық омірдің тәжірибесін меңгеруінің жан-жақты үрдісі. Әлеуметтену адамның әртүрлі адамдармен ѳзара тиімді қарьгм-қатынасқа қажетті адамзатгық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік нормаларды меңгеруін қамтиды. Сонымен қатар ол адамның қоршаған әлеуметтік шындықты белсенді танып білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті қабілеттіктерді дамытуды қажет етеді.
Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Индивидтің әлеуметтенуінің негізгі қайнар коздеріне жанұя, мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар, баспасѳз, радио, теледидар, білім беру жүйесі жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір-бірімен қарым-қатынас арқылы іске асады.
Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі - идентификация.
Балалар өсу және дамумен қатар ата-аналарьша, жора-жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және мінез-құлық түрлерін коптеп меңгереді. Сол адамдардан олардың көзқарасын және ѳмір тәжірибесін қабылдайды. Идентификация арқылы бала әлеуметтік және жыныстық мінез-кұлықтың әр түрлерін бойына сіңіреді.
Ата-аналар алғашқы сәбилік кезендегі балалар үшін идентификация негізгі қайнар кѳзі болып табылады. Одан әрі оларға жора-жолдастары, жоғары жастағы балалар және басқа үлкендер қосылады. Идентификацияның қайнар кезі не бойындағы бағалы қасиеттері мен жағымды мінез-құлық түрлері үлгі болатын басқа адамдар жатады.
Ерлер мен әйелдердің жеке тұлғасының қалыптасуында негізгі идентификациялық үрдістердің бірі жыныстық - ролдік жіктелу жатады. Жыныстық-рөлдік жіктелу дегеніміз бір жынысты адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына тән ерекшеліктерді меңгеру үрдісі.
Жыныстық-рөлдік жіктелуде негізгі қызметті ата-аналар атқарады. Отбасында жыныстық-ролдік мінез-қүлық тәрбиесінде балалар үшін үлгі-өнегенің козі - ата-аналар болып табылады. Балаларға ата-аналарынан олардың жыныстық-рөлдік ұстанымдары, соған сәйкес талаптары мен мінез-құлық үлгілері беріледі. Отбасында, әсіресе, ананың рөлі орасан зор. Қыз балаларға оның үлгісі, ер балаларға әкенің жеке басының өнегесі ерекше әсер етеді. Әкелеріне негізінен ер балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жүктеледі, олардан қыз балаларға қарағанда, ер балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Қыз балалар тәрбиесімен негізінен анасы айналысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz