Ислам дінің пайда болуы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ислам дінінің қалыптасуы

Ислам ерте заманда арабтар исламға дейін әр түрлі құдайға - көкке ағашқа, тасқа табынған. Өз балаларынын аттарын Күн Ай деп қойған. Арабтардың табынатын қасиетті орны Қағба болды. Оның айналасына 960 құдайдың, яғни әр тайпа құдайының суреті ілінген. Адамдар Қағбаға парызын өтеу үшін барады. Онда киімдерін шешіп, шаштарын алғызған арабтар Қағбаны 7 рет айналып, қолдарын тигізіп қасиетті тасты сүйген. Қағбаны айналу кезінде біреулер киімдерін ауыстырса, кейбіреулер тыржалаңаш күйде болған. Еркектер күндіз, әйелдер түнде айналған. Айналған кезде олар ысқырып, қол шапалақтап, шуылдап дыбыс шығарған. Келесі күні мекеменің қасындағы екі таудың арасында жеті рет өтіп, құдай мүсіндеріне тағзым еткен. Үшінші күні Арафат тауына көтеріліп, Муздалифа жазығына барып от жағып, құрбандық шалған.

Кейін меккеге қайтып, қажылыққа арналған киімдерін шешіп, сол жерде қажылыққа келген адамдарды осы Қағба қасиетті тосын қорғаған курейшит тайпасы тамақтандырған. IV ғасырда Византиялық дипломанттар шіркеу адамдарын христиан дінін қабылдауға шақырады. Арабтарды шоқындырды, христиандық шіркеулер салды.

Бірақ ислам дінін арабтардың бәрі жаппай қабылдады деуге болмайды. Оны жеке тайпалар мен рулар ғана қабылдады. Осы исламға дейіңгі уақытты арабтар «джахилия» -«надандық» деп атады. Арабтардың ең жоғарғы жетістігі-ол б. з. б. . IV ғасырда араб жазуының үш түрін ойлап табуы.

Жазудың дамуы және бүкіл араб әлеміне ортақ араб тілінің пайда болуы мәдениеттің жоғарғы деңгейде болғаның көрсетеді.

Исламды қабылдағаннан кейін яғни VІІ ғасырда барлық қолдан жасаған құдайдың мүсіндері құлатылды.

Ислам біздің заманымыздан 622 жылында Арабстанда пайда болды. Ислам Алланың Мухаммед пайғамбардың сеніп, мойындалған. Аллаға берілген, тұжырымдалған, ішкі -сырты таза, өзіне-өзі сәйкес деген ұғымды білдіреді.

Алла тарапынан білдірілген әмір және туындылардың жиынтығын дін деп атайды. Діннің атын ислам деп Алла қойды. Ислам діні-тек бір қауымға немесе ұлтқа ғана тән емес, бір миллиардтан астам адам мойындаған дін.

Сондай-ақ ең соңғы ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже діні. Жинақтап айтқанда ол сенім бойынша өмір сүру діні болып табылады.

Мусылмандықтың негізгі бес парызға негізделген:

  1. Иман. 2. Намаз. 3. Ораза. 4. Зекет. 5. Хаж.

Иманда жеті қағида бар:

  1. Алланың барлығына сену, иман келтіру, Хазірет Мухаммед Алланың құлы, әрі пайғамбары болғанына көңілмен сеніп, мұны араб (құран) тілінде айту.
  2. Періштелерге сену
  3. Кітаптарына (құранға) сену
  4. Пайғамбарларға сену
  5. Ахирет күніне сену
  6. Жақсылық жамандықтың тағдырын Алладан деп білу.
  7. Өлгеннен кейін қайта тірілуге сену

Исламда мусылмандар өмірінің әр түрлі жақтарын реттеп отыратын көптеген тийым-шарттар бар. Мусылмандардың алкогольді ішімдіктер ішуіне, шошқа етін жеуге, құмар ойынын ойнауына тыйым салынған.

Ислам өсімқаршылыққа етпейді. Өмірде және ахиретте шаттыққа, бақытқа жету үшін ахиреттік міндеттер орындалуы керек. Онда Аллаға және пайғамбарға өзімізге, отбасымыз бен жақындарымызға, мемлекет пен халқымызға, адамгершілікке қатысты бірнеше міндеттер көрсетілген.

Ислам діні екі ірі сенім негізінде құралған:

  1. Алладан басқа құлшылық ететін тәңірдің жоқтығына сену
  2. Мухаммедтің Алла тарапынан адамзат баласына жіберілгеніне (пайғамбар екеніне сену)

Сондықтан Ислам діні бұны бір дәстүр түрінде: «Лә иләһә илла-аллаһ Мухаммед-ур-Рәсул-аллаһ» деген сөйлемді жинақтаған.

Қасиетті саналатын бұл сөйлемді тілімен айтып, жүрегіне бекіткен кісі Ислам дініне кірген болады.

Бұл сенімді - иман, ал сенушіні-мүшкін деп атайды.

Алланы тану: жер, көкте соқсыз нәрселерді жаратқан, жоқтан бар еткен және оларды жоқ ететін, әуелгісі, ақыры болмаған, үнемі бар болған, біреу болған, теңдесі, серігі болмаған, жаратылыстардын ешқайсысына ұқсамаған бар болуында еш нәрсеге мұқтаж емес Аллаға ғана сену-бұл исламның негізгі догмасы.

Мухаммед Арабстан тайпалары мен қауымдарының үлкен бөлігін өз дініне бағындырып, соңына ілестіреді. Олардың заманында Ислам әлемдік дінге айналды.

Қандай да бір қоғамды алатын болсақ, сол қоғамда діннің алатын орны ерекше болады. Американың бұрыңғы президенті Д. Кеннеди: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды мінез-құлықтарды сақтау керек»-деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатындінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Өйткені адамзат бастауы дінмен тығыз байланысты. Дін атауы қоғамға керек пе? Немесе діннің пайдасы бар ма? Деген сұрақ көптеген адамзаттың көкейінде жүрген сауал.

Қоғам тазалығына да үлкен әсер тиеді: Ислам дінінің негізгі принциптерінің бірі тазалық. Сондықтан Құранда: «Шексіз Алла тәубе етушілер мен таза болушыларды жақсы көремін. Бұл тазалық әрі дене, әрі ішкі рухани дүние және өмір сүріп жатқан ортамыз. «Дін тазалықтың үстіне орналасқан»» деп айтқан сөзіндегі мақсат діннің рухани жисмани (дене) және өмір сүрген қоғамындағы тазалықта үлкен мән бар екенің аңғартады. Таза болмағандық діни тұрғыдан күнәһар болады. Пайғамбарымыз болса ислам діні таза дін, сіздер де таза болыңыздар, жаннатқа ешкім кірмейді тек таза болғандар ғана кіреді. «Тазалық-иманның жартысы» деп айтқан сөздері адамзат баласына әр тұрғыдан таза болуды меңзейді.

Қоғамдағы адам өмірі мен тәрбиедегі орны: Дін адам өмірі мен тәрбиесіне қатты көңіл бөлуде. Б. Момышұлы «тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп айтқан сөзінде үлкен мән бар екенін білеміз. Сол себепте бір адам біреуді әдейілеп өлтірсе барлық адамды өлтіргендей болады және ол адамды мұның жазасы ретінде өлтірілуі керек деп бұйырады.

Сонымен жанұя бір мемлекеттің тірегі болғандықтан жанұядағы үйлену, ажырасу, мирас әке-шешеге құрмет ету ілімі сияқты мәселелерді қолға алады.

Адамзат баласын ғылымға үндейді: Қоғамдағы сауатсыздықты жою үшін адамдарды білімге шақырады. Ислам ешқандай ғылымға және ғылыми жаңалықтарға қарсы шықпады. Құранның алғашқы түскен аятында оқы (икро) деп түскен. Сонымен қатар Құранда білім үйренуде ғылымға байланысты көптеген аят бар. Бір аятта былай делінеді: «білгендер мен білмегендер тең бола ма?» Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) да бұл турасында бірнеше хадистері бар «ғылымның өлгені-ғалымның өлгені» және «әрбір мұсылман ер кісі мен әйел кісіге ілім үйрену парыз», «ілім-адамның нұры». Осылайша мұсылмандарды ғылымға шұғылдандыру нәтижесінде әлемге әйгілі мұсылман ғылымдары тарихта атын әріппен жаздырып кеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни сананы қалыптастыру мәселелері
Діннің әлеуметтік мәні
«Қазіргі діни лаңкестік білдірушілік ахуал әрекеттерінің насихат жұмыстарына тигізер зардаптары»
Араб халифаты, араб халифатының құрылуы
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ИСЛАМ ДІНІ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫНАН
Ислам діні жайлы
Ислам жайында
Заманауи тұлғалардың ислам дIнIн қабылдау себептерI
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz