Жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның маңызы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның маңызы
2. Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі
3. Тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі
4. Адамның жеке басының дамуындағы әлеуметтік факторлар
5. Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тұлғаның әлеуметтену пролцесі жайындағы мәселені қоғам дамуының түрлі этаптарында көптеген ғаымдар қарастырып өтті. Олардың ішінде З. Фрейд, Ж. Пиаже, Б. Ананьев, Б. П. Парыгин, С. Л. Рубинштейн, К. А. Альбуханова - Снавская, И. С. Кон, Д. И. Фельдштейн, Н. В. Дельин, М. П. Дубинина, А. Ф. Помес. Олардың әрқайсысы өздерінің концепциясына сай «әлеуметтену» түсінігіне түрлі анықтамалар беріп өткен. Психологиялық сөздікте келесі анықтама берілген: «Әлеуметтену - бұл эволюциялық процесс. Ол субъектінің өзі индивидуалды іс - әрекетте, коммуникация факторында өзін жүзеге асырады ».
Жай сөзбен айтқанда, әлеуметтену - бұл индивидтің әрекет үлгісін, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды түсіну процесі. Әлеуметтену процесіне индивидті қоршағандардың барлығы қатысады: отбасы, көршілер, бала бақша, мектептегі құрдастары және т. б. Д. Спенсер бойынша әлеуметтену үшін үш фактордың әрекеті қажет: күту, әрекеттің өзгеруі және осы күтулерге сәйкес ұмтылыстар. Оның ойынша тұлғаның қалыптасу процесі 3 түрлі сатыда болады:
- үлкендердің әрекетіне балалардың еліктеуі мен соны қайталау сатысы;
- ойын сатысы, егер балалар жүріс - тұрысты рөлдердің орындалуы ретінде екенін түсінген жағдайда;
- топтық ойындар сатысы;
Күтпеген жердегі әлеуметтік әсер ету кез келген жағдайда екі немесе одан да көп индивидтер өзара әрекеттескенде орын алады. Мысалы, үлкендердің өздерінің мәселесі жайындағы әңгімелер балаға жеткілікті түрде қатты әсер етеді, бірақ бұны тәрбиелеу процесі деп айту жеткілікті.
Бала түрлі әсерлерді енжар қабылдамай, субъектінің белсенді позициясына обьектінің әсеріне біртіндеп қосыла отырып әлеуметтенеді. Бала белсенді, өйткені ол балада қажеттіліктер бар, егер тәрбие осы қажеттіліктерді ескеретін болса, онда бұл баланың белсенділігін дамытуға икемдейді. Егер де тәрбиешілер баланың белсенділігін «тыныш отыр» деп төмендететін болса, онда деформацияланған, енжар тұлғаны қалыптастыруы мүмкін. Баланың белсенділі толығымен жоғалады, соның нәтижесінде тұлға әлеуметтік бейімделмеген, үрейленген болып қалыптасады немесе белсенділік түрлі компенсаторлық амалдар арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Баланың әлеуметтенуінің элементтерін З. Фрейд көрсеткен. З. Фрейд бойынша тұлға 3 элементтен тұрады: «ид» - қанағаттануға ұмытылуға түрткі болатын энергияның шығу тегі; «эго» -тұлғаның шынайы принцип негізіне орныдайтын және «супер эго» - өнегелі бағалы элемент.
Жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның маңызы
Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е. С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік «Менін» бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, әлеуметтік - психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор! Тұлғаның қоршаған ортамен қарым - қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа - райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз. [31 бет, ] Жоғарыда келтірілген Маркстің топтауына сүйенсек, тұлға өз тағдырларын өзгертуге өз септігін тигізе алады. Қоршаған ортаның ұсынан моделі үнемі өз тұжырымдауымызға сәйкес келе бермейді. Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие. Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі - бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады.
Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі
Тұлғаның әлеуметтенуі тек әлеуметтік - бақыланатын және бағыттылық - ұйымдасқан жағдайлар жиынтығынан ғана емес, сонымен қоса, аяқ - асты жағдайларын да тәуелді болып келеді. Сонда адамдар өміріндегі кездейсоқ жағдайлар, конформды ойлау ерекшеліктері, өмірді көрген қиыншылықтары адамның өзіне тән қоршаған ортасына деген көзқарасын өзгертеді. Әлеуметтік жағдайларға саналы мөлшерде икемделу тұлғаның өзіне, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін жағдайларды сөкпей қолдап отырған жөн. Саналы түрде икемделу адамның, қоршағандардың өмірін жеңілдетеді. Көріп отырғандай, тұлғаны әлеуметтік - психологиялық тұрғыдан қарастыруда оның өзіне деегн субъективті көзқаарсы адамдардың қоғамдағы орнын белгілеуде маңызды мәнге ие. Индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіне еніп, бұл үрдіс негізінде қалыптасатын интегралды әлеуметтік қасиетін, яғни тұлғаның дамуын әлеметтенуден тыс қарастыру мүмкін емес. Тұлғаның әлеуметтенуін индивидпен қоғамдық тәжірибені жаңғырту және меңгеру үрдісі ретінде анықтауға болады, соның қорытындысы ретінде индивид тұлғаға айналып, өмір үшін қажетті психологиялық қасиеттерді, білімдерді, дағдылардыигереі. Р. С. Немов көрсетуі бойынша, әлеуметтенуі легеніміз бұл адамзатпен жасалған цивилизацияны индивидтің көп қырлытаным үрдісі, әлеуметтік тәжірибесін игеру, табиғи тіршілік иесіне қоғамдыққа ауысуы, индивидпен тұлға ретінде қалыптасуы. Әлеуметтену ұғымы кең қолданылғанымен, И. С. Кон пайдалануынша, оның нақты тұжырымдамасы жоқ. Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әлеуметтенудің ықпалы зор болғандықтан бұл ұғым алғаш рет ХІХ ғасырдың 40 жылдардың соңы мен 50 жылдарда американдық психологтары мен социологтары (А. Парк, Д. Доллард, Дж. Кольман, В. Уолтер тағы басқалар) суреттелген. Әлеуметтенудің әлеуметтік жүйег тұлғаның толық интеграциялы үрдісі ретіндегі ұғымын американдық социологтары (Г. Парсонс, Р. Мертон) туындаған. Т. Ергешевский бойынша қоғамдағы тұлғаның дамуына байланысты жаңа қоғамдастықтар туындайды. Олардың өзара әсерлесуі негізінде «жалпы адамгершілік қоғамдастық» құрылады. Кез - келген индивидті, әсіресе тұлға болып дамыған тіршілік иесін әлеуметтенусіз елестету мүмкін емес.
Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі әсіресе интенсивті түрде болашақ және жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін созылады. Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады. Тейяр бойынша, адамзаттың болашағының тарихының маңыздылығын казіргі қоғам дамуына тәуелді болып табылады. Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады:
1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді.
2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді.
3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады.
4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады.
Негізгі әлеуметтену феноминдеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т. с. с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т. с. с. есептелінеді. Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген іс-әрекет түрлерімен айналысады.
Тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас
ету ерекшелігі
Әлеуметтену контектісінде қарастылатын екінші аумағы қарым-қатынас та оның іс-әрекетпен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтенуді кеңейту, ұлғайту жағынан қарастырады. Қарым-қатынасты кеңейту ретінде адамның басқалармен байланысқа түсуін ұлғайту деп түсіндіріледі, ал осы тереңдету ретінде монологтық қарым-қатынастан диалогтікке көшу, децентрация, яғни қарым-қатынас жасаушыға бағдарлана алуы, оны нақты қабылдай алу мүмкіндігі қарастыралады. Әрине, тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындағылары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның «Менінің» қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында «Мен-бейнесін» түрліше қабылдайды. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык тұрғы немесе гуманистік психологияға, интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге сүйенеді. Тұлғаның «Мен - концепциясы адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған. Американ психологы У. Джемс «Психология принциптері» кітабында алғашқы болып «Мен Концепциясы» идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У. Джемс бойынша «Ауқымды Мен» құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық субъективті бағалаушы сана. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: - рухани «Мен» - материалды «Мен» - әлеуметтік «Мен» - денелік «Мен» Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді. 1 Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі.
Адамның жеке басының дамуындағы әлеуметтік факторлар
Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық факторлармен әлеуметтік факторлардың алатын орны мен рөлі жайлы түрліше пікірлер болады және қазір де бар. Мәселен: Ч. Дарвиннің Ілімін насихаттауда көп еңбек сіңірген неміс биологы Геккель адам мен қоғамның дамуын негізінен анықтаушы биологиялық фаторлар, ал қоғам дамуымен адам эволюциясының қозғаушы күші тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп есептеді. Сондықтанда дәл осындай қөзқарасқа негізделген әлеуметтік дарвинизмнің тууын көбінесе Геккельдің есімімен байланыстырады.
1869ж. Евгеника ілімінің принциптерінің тұңғыш тұжырымдаған Ф. Гальтон деген Дарвиннің немере інісі екенін жоғарыда ескрткенбіз. Сол Гальтон адамның болашақ ұрпақтарының тұқым қуалаушы сапаларын (денсаулығын, дарындылығын, ақыл-ой қабілеттерін) жақсартуға әсерін тигізетін факторларды зерттеуді ұсынды. Сонымен бірге озат ойлы ғалымдар евгениканың алдына гуманистік мақсаттар қойған болатын бірақ оның идеялары көп жағдайларда нәсілшілдікті, атап айтқанда фашистік нәсілшілдік атап айтқанда фашистік нәсілшілдік теорияларды актау үшін пайдаланылады. Қазіргі заманғы ғылымда евгениканың көптеген проблемалары, медициналық генетика саласында шешімін табуда.
Фашизм жеңілгеннен кейін түрлі нәсілдердің өзара қосылысуы зиянды болуы былай тұрсын, қайта биологиялық жағынан пайдалы екендігін дәлелдеген еңбектер щыға бастады. 1950 және 1951 жылдары ЮНЕСКО-ның барлық нәсілдерінің теңдігін жариялаған Мәлемдерінің зор иаңызы болды, өйткені оларда түрлі нәсілдердің ақыл-ой қабілетінің әр-түрлі екндігін көрсететін ғылыми мәлеметтері жоқ екендігі, сондықтан нәсіл аралық неке қауіпсіз екені айтылған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz