Долотаны бұрғылауға механикалы беру


Долотаны бұрғылауға механикалы беру
Долатаны механикаландыру арқылы берудің принципі. Бұрғылау жұмыстарының автоматтандырылуы және механикаландырылуы еңбекті жеңілдету және еңбек шартын қауіпсіздендіру үшін негізгі жол болып табылады, тереңдікті ұлғайтумен байланысты бұрғылау қондырғыларының қуатын ұлғайту үшін және бұрғылаудың форсирленген режимдерін енгізу үшін әсіресе маңызды орынға ие.
Қазіргу уақыттарда көптеген жағдайларда бұрғылау колоннасының салмағын шыңырау забойын беру бұроғылаушымен қолмен атқарылатын жұмыс болып табылады. Бұрғылаушы берілген аудандағы бұрғылау шарттарын жақсы біліп және соған сай бұрғылау колоннасының берілісін реттеп отыруы қажет. Берілістің бірқалыптылығын лебедка (қалақша) тежегіші арқылы ұстап тұру өте қиын. Қолмен беріп отыру бұрғылаушыны қатты шаршатады, себебі ол бірмезгілде өлшеу приборларын бақылап, көзін талдырып және тежегішті қолмен ұстай отырып, физикалық сезінуі бойынша забойдағы долота жұмысы сипатын бақылап отыруы қажет.
Бұрғылаушының жұмысын бағалай отырып О. лацис пікірімен келіспеуге болмайды, ол қазіргі күнгі бұрғылаушы шеберлігі - ол физикалық жаттыққандық біліктілігі деп айтқан. Олар жылдар бойы жинақталады және өздігінше талантты, физикалық және психикалық біліктіліктерді қажет етеді.
Забойға берілген қысым шегінде бірқалыпты беру тек механикалық беріліс арқылы мүмкін болады. Мұнда келесі негізгі талаптар орындалуы тиіс.
- Бұрғылау колоннасының беру жылдамдығы өтпелі жыныстар беріктиігіне және долотаның тозу дәрежесіне сай болуы қажет
- Беріліс жылдамдығы жұмсақ бұрғылауда бірнеше ондаған метр сағаттан және қатты шарттарда бұрғылауда бірнеше сантиметрге дейінгі кең аралықта баяу реттелуі қажет.
- Құбырбұрғы тоқтаған кезде, сонымен қатар бұрғылау қозғалтқышы едәуір күштелеген кездерде жүйенің реверсі - забойдан долотаны көтеру қарастырылған болуы қажет.
- Автомат қарапайым және эксплуатациялауға қолайлы болуы қажет.
Барлық белгілі беру механизмдерін келесі төрт топқа бөлуге болады:
- бұрғылау үшін бөлінетін қуат шамасына байланысты жұмыс істейтін беріліс автоматтары;
- тальды арқанның немеес тростың (долотаға түсетін күш) керілуіне байланысты жұмыс істейтін автоамттар;
- бұрғылау колоннасының бірқалыпты берілісін жүзеге асыратын беріліс реттегіштері (реттегіштер беріліс автоматтарынан оларда бұрғылау колонасының реверсі болмауымен ерекшеленеді) ;
- бұрғылау колоннасының долотаға түсетін күштің берілген шамасы тұрақтылығын жүзеге асыратын салмақты тұрақтандырушылар.
Долотаны беру үшін арналған автоматтар мен реттегіштер. СССР кен орындарында долотаны беру үшін арналған реттегіштер мен жартылай автоматтардың бірқатары қолданылады. Олардың ішінде Скворцов автоматын, Шахназаров реттегішін, Хильд автоматын, ХЭМЗ автоматын, Островский автоматын, Оловянов - Грица беріліс реттегішін атап өтуге болады. Бұл автоматтар қазіргі уақыттарда қолданылмайды.
Мұнай өнеркәсібіне беріліс реттегішщтерін және автоматтарын енгізу және қолдануын тежеп отырған себептер олардың конструкциясының жетілмегендігі және техникалық күрделілігі болып табылады.
Соңғы жылдары ТМД елдерінің мұнай өндіру орындарында БАР - 150 бұрғылау автоматты реттегіші кең таралған, ол бұрғылау колоннасының беріліс жылдамдығын қолмен басқару және автоматты басқаруға, және МПД-1 долотаны беру механизмін басқаруға арналған.
БАР - 150, қағида бойынша электробұрғылау жағдайларында қолданылады. Беріліс жылдамдығы бұрғылау қозғалтқышының берілген ток күші шамасына байланысты болады. БАР -150 берілістің механизмінен, басқару станциясынан және басқару пультінен тұрады. Бұрғылау колоннасының забойға берілуі екі электроқозғалтқыштың: ассинхронды қысқа тұйықталған роторлы К қозғалтқшы және тұрақты ток қозғалтқышы В бірлескен жұмысымен жүзеге асырылады, олар жеке генератордан Г қоректендіріледі. Қозғалтқыш К дифференциальды редуктодың шестерясын z=159 144 суретте көрсетілген бағдарша бағытында айналдырады. Ал қозғалтқыш В z=150 шестернясын қарама - қарсы бағытта айналдырады. Механизмнің шығыс білігінің айналу жылдамдығы шестернялар z=159 және z=150 айналу жылдамдықтарының жарты айырымына тең болады. Қозғалтқыш В айналу жылдамдығын өзгерте отырып шамасы бойынша үздік болып келетінмеханизм шығыс білігінің айналу жылдамдығын, және соның салдарынан бұрғылау колоннасының түсіру және көтерілуінің үздік болып келетін жылдамдығын алуға болады. БАР -150 қажетті жағдайларда реверсті жүзеге асыратындығана қарамастан автомат болып саналмайды, себебі ол автоматқа тән артықшылықтарға ие емес. Ол жыныстардың механикалық қасиеттеріне және шыңырау тереңдігіне, долота жағдайы және типіне сай бұрғылау режимдері параметрлерін автоматты реттеуді жүргізе алмайды.
Құбырлы бұрғылауда БАР - 150 берілісті реттуші ретінде пайдаланылады. МПД - 1 механизмі долотаның бірқалыпты берілісін қамтамасыз етеді. Ол тжегіш құрылғыдан және басқару пультынан тұрады. Тежегіш құрылғы колодкалы пневматикалық басқарылатн тежегіштен және екісатылы редуктордан тұрады. Колодкалы тежегіш серіппемен тежеледі және мембранаға келіп түсетін ауа қысымымен қайта босатылады. Тежелудің мұндай жүйесінде ауа қысымының кезедйсоқ құлауы қауіптілік тудырмайды.
Сурет 145. МПД - долота берілсі механизмінің принципиальды схемасы
1 - ауаны шала тазалау сүзгісі; мұқият тазалау сүзгісі; 3 - аралық ауалы цилиндр; 4 - манометр; 5 - ауалы редуктор; 6 - манометр; 7 - беріліс жылдамдығын көрсетуші; 8 - электрлік жинау; 9 - редуктор; 10 - мембраналы қалпақша; 11 - пневматикалық тежегіш тұтқасы; 12 - тежегіш шкив; 13 - тежегіш серіппе; 14 - тахолгенератор; 15 - кабель; 16 - рама; 17 - жұлдызшалар; 18 - лебедка катушкалы білігінің жұлдызшасы.
Мембраналық қалпақшадағы ауа қысым бұрғылаушымен ауалы редуктор көмегімен орнатылады, ал ауалы редуктор басқару пультына орнатылады. Басқару пульты бұрғылаушының жұмыс орнында орнатылады. Бұрғылау режимін орнатылған режимінде долотаға түсетін күш мембраналық қалпақшадағы ауаның қысымына тура пропорционал болады.
Бұрғылаушы ауа редукторының тұтқасының жағдайын өзгерте отырып, тек долотаның берілу процесін ғана бақылайды және долотаға түсетін күштің белгілі бір шамасын орнатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz