Компьютерлік телекоммуникациялық техниканың және технологияның рөлі


Соңғы жылдары компьютерлік телекоммуникациялық техниканың және технологияның рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру бүгінгі күндері әркім үшін өте қажет. Қазіргі технологияның дамуы мен оның қолданылуының деңгейі-материалдық базасының дамуымен ғана емес, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдану білу қабілеттен де анықталады.
Қазіргі кезде халық сауатты ғана емес, білімді. Білім көзі ретінде қазір тек қана оқытушылар мен оқулықтар емес, орасан зор ақпарат тасқының тудырған бұқаралық ақпарат құралдары, Интернет және т. б. қызмет атқарады. Жаңа ақпараттық технологиялармен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен әртүрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процесстерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады.
Осы бағытты үстана отырып Керімбай атындағы №12 орта мектебінде Интернет жүйесін пайдалану жолында html -форматындағы Web-парақтарды дайындау және оны көрсетуді зерттеу жұмысын жүргізіп жөн көрдім.
Қазіргі уақытта әдебиетте, Web-беттерді құруді, көруді және ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған, бірақ оның қызметін, ерекшеліктерін, ұйымдастыру мазмұның анықтауда қалыптасқан біртекті көзқарас жоқ.
Мұндай түрлі пікірлер құбылыстың күрделілігін көрсетеді. Мысалы:
С. Симонович пікірінше html-дегеніміз бұл программалау тілінің бірі.
В. Гофф-html-(HyperText Markup Language) тілі-бұл гипермәтінді белгілеу тілі деп анықтайды. Бұл тілде компьютердің программалық және ақпараттық қамтуларының айырмашылықтарын көрсетпей құжат құруға болатындай жасалынған. С. Симоновичтің пікірінше Web-парақтарды дайындау қарапайым, яғни қолыменен (автоматты емес) жасау тиімді екендігін айтады, ал В. Гоффт пікірі керісінше, дайын өнімді (продукт) яғни реакторларды қолдануды тиіміді деп санайды. Оның тиімділігі уақытта және көп мүмкіншіліктерінде.
Сонымен Web-бет-гипермәтін технологиясы қолданылатын құжат. Web-беттерде әртүрлі форматтағы ақпараттар: мәтін, сурет, фотосурет, мультимедиа орналасуы мүмкін. Беттің басқа Web-беттермен қатынасы ақпараттық қызығушылық туғызады. Бір тақырыппен (мазмұнмен) байланысқан, бір Web-серверде орналасқан Web-беттер жиынтығын Web-сайт деп атайды. Сайт сөзі ағылшын тілінен аударғанда "орын" деген мағына береді де, нақты бір мекемеге немесе адамға тиісті болады. Web-сайт сөзінің құрылымы бойынша бір тақырыпқа арналған ақпараттардан құралған журналды еске түсіреді.
Сайт мәліметтерді интерактивті түрде беру құралы. Оның алғашқы беті болады, ал онда сайттың негізгі тарауларына (Web-беттерге) гиперсілтеме бар. Гиперсілтеме сайт ішінде еркін саяхаттауға мүмкіндік береді. Сайттың интерактивтілігін формалар (қалыптар), яғни сауалнамалар, тіркелу қамтамасыз етеді. Web-сайттар әдетте мультимедиалық болады, яғни оның мазмұнында мәтіннен басқа суреттер, анимация, дыбыстық және бейне ақпараттар болуы мүмкін. Сондай-ақ, Web-беттерде жылжымалы объектілер де болуы мүмкін. Жылжымалы объектілер JAVA- аплеттерді, ActiveX-тің басқару элементтерін қолданып құрылады.
Барлық Web-беттер мен Web-сайттар HTML тілінде жазылады. Web-беттерді құру мен түзетуді оңайлату үшін мәтіндік редакторлармен қатар арнайы қосымшалар да қолданылады. Бұл екеуінің қатарына Блокнот мәтіндік редакторы, Microsoft Word мәтіндік процессоры, Front Page, Hom Site, Internet Assistant және басқа қосымшалар жатады. Office пакетінің программалары (Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, Microsoft Publisher) HTML форматты файлдарды еске сақтай алады.
Web-сайттың жұмыс парақтары:
1-сурет
2-сурет
3-сурет
Бұл тілде компьютердің программалық және ақпараттық қамтуларының айырмашылықтарын ойламайтындай құжат құруға болатындай жасалынған. HTML технологиясы кәдімгі мәтіндік құжатқа басқарушы символдар (tage-тэги-тегтер) орналасқан құрылымнан тұрады. Тегтер мәтінінің өлшемін, сызылымын, түсін, мәтіннің орналасуын, беттегі графикалық бейнені мәтіндік құжатқа графикалық бейнені жасанды қозғалысты дыбыс, бейне енгізу мұмкіндігін береді, сонымен қатар осындай Web-беттермен мағыналы байланыс орнатады. Web-бет браузерде HTML тегі арқылы берілген түрде қарастырылады. Мұндай Web-бетті HTML-файл деп атаймыз. HTML-файлының кеңейтілуі . htm немесе . html.
Қазіргі кезде Web-бетті құруды бірнеше тәсілменен құруға болатынын белгілі, яғни қолменен және автоматты түрде. Автоматты түрде парақты жасау үшін мынадай редакторлар қолданылады: Front Page, сонғы кездерде көп қолданатын Macromedia Dreaweaver 8. 0 редакторлары. Web-беттің жобасын құрудың зерттеу барысында келесі кезеңдері анықталады:
парақты құрудың екі тәсілі;
құжаттың құрылымын анықтау;
суреттермен мәтіндік ақпаратты енгізу;
мультимедиалық объектілерді қою;
кестелермен жұмыс атқару;
беттерді бірнеше терезелерге бөлу; яғни құру жұмысында барлық гипермәтін тілінің аспектілері қарастырылады.
Орындалатын жұмыстар бірте-бірте күрделендіре отырып, жұмысты өздігінен орындау дәрежесіне жетеді.
HTML гипермәтінінің тіл белгілеу дамуы жалғасуда. Осылайша DHTML (Dynamic HTML), XML, VRML және т. б. тілдер пайда болды. Белгілеуі кеңейтілген XML (Extensible Markup Language) тілі HTML гипермәтін белгілеуінің кеңейтілуі болып табылады, сондай-ақ кеңейтілген басқарушы символдарды енгізу мүмкіндігі және де құжаттың дұрыстығын тексеру мүмкіндігі бар. Виртуалды шынайы тіл VRML (Virtual Reality Modeling Language) HTML гипермәтін тілінің белгілеуімен құрылған, ол көлемі 3D-графикті пайдалану мүмкіндігін береді. HTML - құжаттарын қалыптастырудың шығармашылық сипаты программалаумен бірдей болады, сол себепті бұл жағдайда, белгілі бір қиындықтарға әкеліп соқтыратын немесе қалыптастырылған құжаттын нақты тұтынушы компьютерінің экраннында қандай көрініс беретінің алдын ала болжау мүмкіндігін бермейді.
Сонымен жақсы HTML құжатын қалыптастыру үшін, бірқатар қарапайым ережелерді басшылыққа алудың өзі жеткілікті:
Web-парақтағы мәліметтерді орналасуы қарапайым әрі логикалық түрде қарап шығуға, оқуға ыңғайлы болуы тиіс.
Экрандағы ақпараттарды тізім немесе кесте түрінде жасауға тырысу қажет, сонда маңызды мәліметтерді оңай тауып алуға болады;
Бір суреттен кейін бірден екінші сурет орналаспағаны дұрыс, олардың ара қашықтарын біркелкі етіп, араларында мәтіндік ақпараттар берген дұрыс.
Ақпарат бөліктерге бөлініп берілсе, оларды оқу, түсіну жеңіл болады.
Егер Web-парақ үлкен болса онда құжат бөліктеріне жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет.
Суреттер мен графикалық бейнелерді пайдалану көптеген тұтынушыларды қызықтыруы мүмкін, бірақ суреттерді желі арқылы ұзақ уақыт алатыны есте болуы керек. Web-сайттың жұмыс парақтарын 1, 2, 3-суреттерден көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz