Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
1.2 Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) ... ... .4
1.3 Бағалы қағаздар ... ... .13
1.4 Мүліктік емес өзіндік құқықтардын ұғымы мен түрлері 19
1.5 Ар.намысты, қадір.қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғалы бері нарықтық қатынастарды орнату жолын таңдап алды. Бұл жаңа үрдіс біздің өмірімізге түбегейлі өзгерістер алып келді. Мұның көрінісі ең алдымен құқықтық салада айқын көзге түсуде. Сол себепті бұрынғы құқық жүйесінің орнына жаңа құқықтық қатынастарды реттеу мүмкіншіліктері қарастырылған құқықтық жүйе қалыптасып келеді. Елімізде жеке меншікке рұқсат беріліп, жекешелендіру процесінің бірнеше кезеңдері жүріп өтті. Экономикамыз қайта құрылып, мемлекеттік басқару құрылымы жаңа үлгіде қалыптасуда. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің жұмысымның тақырыбы «Азаматтық құқық объектілері» өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бір ғана мысал ретінде азаматтық құқық объектісі болып табылатын бағалы қағаздардың өзін алсақ та жеткілікті. Мұндай объекті бұрынғы Қазақ ССР-нің Азаматтық кодексінде мүлде жоқ болатын. Демек осы жұмысты жалғастыра отырып менің нарықтық қатынастардағы азаматтық құқық объектілері туралы көп мағлұмат жинап, білімімді едәуір көбейте түсетінім анық. Және бұл келешекте маған тигізер пайдасы мол болатыны да мен үшін түсінікті.
Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе. Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау болатынын сөзсіз. ихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі. Соған байланысты

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.
3. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
4. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. А.2003 ж.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. А. 2002 ж.
7. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы.
8. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы // Жеті Жарғы.
9. Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В., и Овчиников И.Н.. 1998г.
10. Гражданское право. Под.ред. доктора профессор юридических наук. А.П.Сергеева. Санкт-Петербург 1996г.
11. Основы гражданского право. М.Г.Маркова.
12. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.
13. Гражданское право. Е.А.Суханов.
14. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, «Әділет-Пресс», 1997г.
15. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ.Сапарғалиев. 1995ж.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
1.1 Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) ... ... .4
1.3 Бағалы қағаздар ... ... .13
1.4 Мүліктік емес өзіндік құқықтардын ұғымы мен түрлері 19
1.5 Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы 20
Қорытынды 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғалы бері нарықтық
қатынастарды орнату жолын таңдап алды. Бұл жаңа үрдіс біздің өмірімізге
түбегейлі өзгерістер алып келді. Мұның көрінісі ең алдымен құқықтық салада
айқын көзге түсуде. Сол себепті бұрынғы құқық жүйесінің орнына жаңа
құқықтық қатынастарды реттеу мүмкіншіліктері қарастырылған құқықтық жүйе
қалыптасып келеді. Елімізде жеке меншікке рұқсат беріліп, жекешелендіру
процесінің бірнеше кезеңдері жүріп өтті. Экономикамыз қайта құрылып,
мемлекеттік басқару құрылымы жаңа үлгіде қалыптасуда. Қазақстан қазіргі
кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет
болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді
бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді
туғызуда. Сондықтан менің жұмысымның тақырыбы азаматтық құқық объектілері
өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бір ғана мысал ретінде азаматтық құқық
объектісі болып табылатын бағалы қағаздардың өзін алсақ та жеткілікті.
Мұндай объекті бұрынғы Қазақ ССР-нің Азаматтық кодексінде мүлде жоқ
болатын. Демек осы жұмысты жалғастыра отырып менің нарықтық қатынастардағы
азаматтық құқық объектілері туралы көп мағлұмат жинап, білімімді едәуір
көбейте түсетінім анық. Және бұл келешекте маған тигізер пайдасы мол
болатыны да мен үшін түсінікті.
Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны
бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы
іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана
біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе.
Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау
болатынын сөзсіз.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі.
Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама
заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде
Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында Қасым ханның қасқа жолы атты акті
қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) Есім ханның ескі
жолы аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен
жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) Жеті жарғысы аталған жинақ болып
отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық
объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді.

1.1 Азаматтық құқық объектісінің түсінігі
1. Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
азаматтық құқық объектісі деп аталады. Басқаша айтар болсақ құқықтық
қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері бағытталғандары
құқық объектілері деп ұғынуға болады. Мүліктік және жеке мүліктік емес
игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Азаматтық құқық субъектілері өзара құқықтық қатынасқа түсетін маериалдық
және рухани құдылықтар азаматтық құқық объектілері болып табылады.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен
тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке)
жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар,
жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған
нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың
өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады; ә) жеке
мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі,
денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге
қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу
құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес
игіліктер мен құқықтар.
Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) және
физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты
туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан
Азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе
экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.
Сонымен, азаматтық құқық объектілерін төрт топқа жатқызуға да болады:
- мүлік;
- әрекет;
- интеллектуалдық қызмет нәтижелері;
- материалдық емес игіліктер[1].
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық
объектiлерi бола алады.
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде
шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық
қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық
белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар
мен басқа да мүлiк жатады.
2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға)
(ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан
Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе
мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк
құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi,
денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге
қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу

игiлiктер мен құқықтар жатады.
1.2 Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу)
Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның
ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, Азаматтық құқық
тұрғысынан алып қарағанда, физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен
жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін (болатын) сыртқы
материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Затты заңдық жағынан саралау (жіктеу) көбіне көп оның табиғи қасиетіне
(физикалық немесе экономикалық) немесе қоғамдық маңызына негізделеді және
әр құқық субьектілерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін
айқындайды.
Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және
қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу
екі жағдайға, яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына
және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Кейбір
жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда, әуе және теңіз
кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу кемелерін, ғарыш
объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке
теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн.
Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктер
де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл
құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік
тіркелуге тиіс (АК-тің 118-бабының 1-тармағы)[2].
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады.
Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады. (АК-тің
102-104 баптары). Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп
танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық
объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып
алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің
объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі
ықтимал.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген
барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар,
құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету
құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы,
тауар белгілері), егер заң құжаттарыңда немесе шартта өзгеше көзделмесе
және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандай да бір
объектіні алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік
құқығы мен өзге де құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда
аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан
еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және
айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп
азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы
заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң "айналымнан алынып тасталған" деген сөзді басқа да мағынада
қолданады — мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап
иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен,
айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару,
радий, гелий және т.т. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара
меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орнының рұқсаты
бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК-тің 116-бабының 3-
тармағы). Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып
тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.
Азаматтық құқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып
келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса
береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес
игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық
кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар — өмір, денсаулық,
тұлғаның ар-намысы және т.б.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән нәрсе
(АК-тің 120-бабы). Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен
айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын)
жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын
заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).
Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар
бірігіп, бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар
бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының
коллекциясын және т.б. айтуға болады. Күрделі заттарды бөлу мақсаты
Азаматтық кодекстің 121-бабында айтылған: күрделі зат жөнінде жасалған
мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның барлық құрамдас
бөліктеріне қолданылады[3].
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі
(АК-тің 122-бабы), Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық
құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ
(қосалқы) зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты
бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа
ілесіп жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қылшыбығы, т.б.).
Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыс деген заттар да
қаралған. Бұл затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп
отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар
Азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т.б.,
азық-түлік (өнім) дегеніміз өндірістік мақсатка орай затты пайдаланудан
түскен өнімдер болып табылады.
Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның заңды меншік иесі еншілейді.
Егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді,
жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым
құқығы берілуін қамтамасыз етеді.
Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарастырады. Азаматтық
кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға, егер заңдарда
өзгеше көзделмесе, жалпы ережелер қолданылады.
Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде Азаматтық немесе
заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық
шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген заңды тұлғаны
дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі орыңдайтын жұмысының
немесе қызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету
белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің
нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану
құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана
жүзеге асырады.
Азаматтық кодексте ақпарат жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет және
коммерциялық құпиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда,
коммерциялық және басқалай құндылығы бар ақпараттарға қатысты мәселелерге
мән берілген. Үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты
немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін
танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара
қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын
ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен
алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшілер немесе
азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтік немесе
коммерциялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға
міндетті (АК-тің 126-бабы).
Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар.
Ақша төлемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған
міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес
қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша.
Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал ірі-ұсақты
білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге қарызды бес жиырма
теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с. беріп өтеуге де болады.
Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша
қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады (АК-тің 127-бабы).
Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың
реттері, тәртібі мен шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар деп
танылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң
құжаттарыңда белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы Қазақстан
Республикасында жалпы негіздерде қорғалады.
Заттык құқық деп белгілі бір тұлғаның өз карамағындағы жеке заттарға
үстемдік (қожалык) етуін айтады. Әдетте адамның затқа катынасы әртүрлі
болады, біріншіден, ол сол заттын меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші,
үшіншіден, езгенің затын меншіктену құкығын еншілей алады1.
Олардын ара жігі занда өзіне тән ерекшеліктерімен айкындалады.
Азаматтык кодекс жүйесінде қүқықтың өзі меншік құкығы және басқалай
заттык құқык болып бөлінеді. Онын соңғысына жерді пайдалану құқығы,
шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару кұкығы және басқа да заттык
кұқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады[4].
Азаматтық кодексте заттық кұкық деген түсінік болған жоқ. Әрине, оның
мәнісін де түсіну қиын емес, өйткені кеңестік Азаматтық кодекс тұлға мен
затты, меншік иесі мен меншік объектісін байланыстыратын кұкыкты елемеді.
Азаматтық кодексте меншік құқығы заттык кұкыктың жалпы жүйесіндегі
негізгі кұқык институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық кққыктың
бірі болып саналады. Заң шығарушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған
өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттык құқықтың субъектілері сол
заттың меншіктен туатын ауыртпалығын көтерді немесе белгілі бір адамға
меншік иесінін. құқығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлық заттық
құкықтарға — меншік құкығына, сондай-ақ басқа да заттық құқықтардың
табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына
жататындығын айту керек. Ал құқықпен коғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз
(абсолютті) корғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнін
тиісуге қүкығы жоқ.
Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи
күйінде кездесетін физикалық дене және адамның пайдалануына болатын сыртқы
материалдык дүниенің нәрсесі деп түсіндіреді.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз — өкілетті жақтың немесе өзге
жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жақка
немесе (жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша
тікелей үстемдік (қожалық) ету құқығы болып табылады.
1 Затгық құқық барлық құқық жүйелеріне тән. Мысалы, Францияның
Азаматтық кодексінде мынадай заттық құқыктар бар: меншік кұқығы, пайдалану
және баспаналау, сервитут құқығы, кепілдін түрлері.
3 Әдебиетте затгық құқықтың басқа да анықтамалары бар. Мысалы, Ю.К.
Толстой затгық құқыкка мынадай анықтама береді: "Заттык құқық деп
шаруашылық жүргізу жүйесіндегі затқа тікелей ықпал ету жолымен өкілетті
түлғаның мүддесін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қүкықты айтамыз."
Гражданское право. Учебник. Ч.І. Подред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого, 326-
OCT.) '
2. Кеңес зандарында затгық қүқық ережелері әрқилы болды. РСФСР-дің
1922 ж. қабылданып, Қазақстан Республикасы аумағында 1964-жылға дейін
қолданылып келген Азаматтық кодексінде заттық қүқықтың бөлімдері болған
еді. Ол меншік құқығы, кұрылыс салу құқығы және кепіл кұкығы деп бөлінді.
Мұндай бөлудің өзі иелену құқығының, меншік кұкығы мен басқа біреудің
заттарын иелену құкығының классикалык түрінен біршама ерекшеленді. Алайда,
бұдан былай заттық құқыкты дамыту шектеліп қалды. Оған РСФСР-дің 1922 ж.
қабылданған Азаматтық кодексінен затты нактылы иеленуді алып тастауы
(меншік құқығымен әркез сәйкес келмеуіне бай-ланысты) оның дамуына кері
әсерін тигізді. Екіншіден, бірқатар объектілердің айрықша мемлекет
меншігіне айналуы да (жер және басқа табиғи ресурстар) оған себепкер болды.
Заң заттарды қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлуді қабылдамай тастады.
Демек, заттар өндіріс құрал-жабдығы және тұтыну заттары деп белінетін
жағдайға жетті де, ал жердің тек мемлекет меншігіне ауысуымен түсіндірілді.
Міне, сондыктан да 1964 жылғы Азаматтық кодексте заттық құкық арнайы
бекітілмей кояды, оған тек "Меншік кұкығы" деген бөлім енгізілді, бұл,
сайып келгенде, социалистік меншікке қолайлы жағдай туғызу үшін жасалған
болатын.
Жаңа Азаматтық кодексте заттык кұқық меншік құқығы нормалары ретінде
көрініс тапты, мұның өзі оның бұл құқықтармен заңдық табиғаты жағынан
біртұтас екендігін дәлелдейді Әрі бұл нормаларға тек аталған құқык еніп
қана қоймай, сондай-ақ өзге де меншік түрлері, мысалы, меншік иесі болып
табылмайтын адамдардың заттық құкықтары бекітілді (АК-тің 194және 195-
баптары).
Азаматтык кодекстің "Иелену мерзімі"1 деп аталып 240-бабы негізінде
иелену мен пайдаланудың жаңа заттык құкығы пайда болды. Біздің ойымызша,
енді иелену құкығының екі түрін бөліп қарауымыз керек: а) АК-тің 188 және
194-баптарына сәйкес меншік иесінің езіне берілетін мүлікті иелену күқығы
және меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттык құқыктары (АК-тің 195-
бабы); ә) мерзімдік иелену күкығы.
1 Мұндай дербес иелену бұрынғы орыс цивилистикасында "Өзіне иеле-ну"
деп аталды. Мұндай иелену айтарлықтай дербес, бұл өзі меншік кұқығына жата
қоймайды, бірақ меншікке жакын басқаға берілуі де мүмкін, тіпті иемдену
мерзіміне орай нағыз меншікке айналып кете алады, яғни уақытына байланысты
бастапқы түрін ауыстырады (Анненков К. "Система русского гражданского
права", Т.2., 1900., 517-бет. "Өзіне иелену" Наполеон Кодексінің 2230-
бабында каралған)[5].
Мүліктің меншік иесі болып табылмайтын мүлікті АК-тің 240-ба-бының
шарттары сақталса, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей 15 жыл бойы,не
өзге мүліктік кем дегенде 5 жыл, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе
заңды тұлға мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады.
3. Заттық құкықтар жөніндегі тиісті нормаларды жіктей отырып, оның
бірқатар белгілерін атап өтелік: занда бекітілген заттық құқықтың шектелген
шеңбері; заттық құкықтардың шексіздігі (абсолюттік күқьіқ): затқа тікелей
үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп "құкык жалғасуы"
өкілеттігі шығады; затты алудың занды тәсілдерінің нақтылы және қорғау
нысанының ерекшелігі.
Заттық құықтың тізбе шеңбері заңның езімен айқындалған (АК-тің 188,
194, 195-баптары), яғни тұлғалардьщ өз беттерімен заттық құқықтың жаңа
түрлерін жасауға хақысы жоқ. Айта кететін жайт, заттық құқықтың аясы тек
Азаматтык кодекспен шектеліп қалмай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір
заттық қүқықтар басқа зандарда көрініс табуы мүмкін.
Заттық құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл
барлық басқа субъектілердің аталған құқык өкілетгілігін жүзеге асыруына
бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа мазмұны
жағынан карама-қарсы тұрған міндеттемелік құқық. Бұл құқық бойынша міндетті
болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті
болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл
міндеттемелік қүқықты бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілеге негізделген
құқыктардың бәрі де міндеттемелік құқық болып табылады. Бүл құқықтарды
орындауды мәміле бойынша сол міндеттерді мой-нына алушылардан ғана талап
етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау, т.б.
міндеттер. Заттық құқык басқа құкықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді.
Заттық құқықтың объектісіне жеке дара белгілі бір мүліктер жатады. Бір-
біріне тектес заттар, сондай-ақ материаддық емес өзіндік игіліктер заттық
қүқықтың объектісі бола алмайды. Өйткені, заттық қүқыктың өзіне тән қасиеті
басқа біреудің иелігінен затты қайтару болып табылады әрі бұл затты сыйға
беруге болмайды1, заттай жүзеге асады.
Екінші жағынан алғанда, заттық құқықтың шексіз (абсолютті) сипаты
басқа адамдармен қатынасқа түскенде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік
иесінің кұқығына кол сұқпауға міндетті. Демек, заң меншік құкығын қорғай
отырып, азаматтарға өз құқығын жүзеге асыруға бөгет жасамауына жағдай
жасайды. Мысалы, меншік иесінін затты иелену немесе пайдалану құкығына
заңсыз түрде бөгет жасау әрекеттерінің бәрі де жоғарыда айтылған міндетті
бұзушылық болып табылады.
Заттык құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етпуі
болып табылады. Мұның өзі кұкық объектісі араға үшінші бір адамды салып
үстемдік етпейді дегенді білдіреді1. Бұл арада затқа үстемдік толық күйінде
болуы мүмкін, ал кейде заттык құқыктың шектелуіне орай шектелген түрінде де
кездеседі.
Заттық кұқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге
берген кезде өзінің құыгы иеленуш іретінде сақталып қалатындыгы деуге
болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі
мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекетгер жасауына, соның
ішінде мүлкін басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ
өзі меншік иесі больш кала беруіне құқылы. Басқаша айтқанда, мүлікке меншік
құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, онда ол виндикацияланады,
яғни меншік иесі өзінің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге кұкылы.
Мысалы, кепілге салынған мүлікке құқық басқа түлғаға кұкықты мирасқорлық
тәртібімен көшірілгенде кепіл сақталады (АК-тін 323-бабы). Затгык құкьіқ
мекемені меншіктену құкығы басқа адам-ға ауысқан кезде бұл мекеме өзіне
тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу кұқығының сақталып калуына
байланысты заттық құқықта сақталады (АК-тің 208-бабы).
Занда заттық құқықтың затты алудың занды тәсілдерінің нактылығы (АК-
тің 7-бабы 4-тармақшасы, 198-203-баптары) мен қорғау нысанының ерекшелігі
(АК-тің 260-261-баптары) көрсетілген[6].
4. Заттық құқықтың түрлері. Заттық құкық екі үлкен топка бөлінеді:
меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық күкығы2.
Азаматтық кодекстің 95-бабында заттық құкыктың үлгі тізімі келтірілген,
бірак, онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттык кұқыққа меншік кұкығымен қоса
жерді пайдалану құқығы, шаруашылык жургізу құкығы, оралымдыы басқару
кұкығы, басқа да заттық қүкықтар жатады.
Өзге заттық қүқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке билік
етуде қатысты болуы мүмкін (АК-тің 206-бабы). Сондай-ақ отбасы мүшелерінің
тұрғын үйді пайдалану құқығы ("Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 22-
бабы) және жер қойнауын пайдалану құқығы ("Жер туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы, 2-бөлім), тағы басқалар заттык күқыкқа қатысты бола
алады.
Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік
еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге кұқығы
бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілерінде өзгеше көрсетілмеген
болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік
органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға: 1) өзіне
тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорыннын, басқа да негізгі
қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш
жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге; 2) филиалдар
және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкермен бірге кәсіпорындар мен
бірлескен өндірістер құруға, оларға өндірістік және акша капиталын салуға;
3) жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының
¥лттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан төмен
сыйақымен (мүддемен) төлетіп алуға; 4) үшінші тұлғалардың міндеттемелері
бойынша кепілдеме немесе кепілдік беруге кұқығы жоқ (АК-тін, 200-бабы 1-
тармағы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заттық қүқықтың
жіктелуі (классификациясы) толық түрде берілмеген.1 Әдебиетте заттық
құқықтарды дәрежелеуге ұмтылыс бар. Айталық, Ю.К.Толстой құқықты мынадай
түрге бөледі: белгілі бір мүлікке катысты кұқық (мысалы, жер учаскесіне);
белгілі бір адамға қатысты құқық (мысалы, бөтен адамның үйінде өмір бойы
тұру құқығы); жария мүддеге байланысты бекітілген құқық (мысалы, жария
сервитуттар); жеке мүддені корғау үшін бекітілген құкык (мысалы, жер
учаскесін өмір бойы мұрагерлікпен иелену); белгілі шектелген қатынаста
бөтеннің затын пайдалануға берілген кұқық (мысалы, сервитуттар);бөтеннің
затына билік жасауға берілген құқык (мысалы, ипо-тека).1
Л.В.Шенникова заттық құқыкты өзінше жіктеп, оны мынадай топтарға
бөледі: 1) меншік иесінің мүлкіне шаруашылык жүргізуге занды тұлғалардын,
заттық құкығы; 2) азаматтардың мүлкін белгілі бір іпектеу шегінде
пайдаланатын сервитуттык түрдегі құкык; 3) ұйымдар мен азаматтардың жер
учаскесін пайдаланудағы заттык құқыктары; 4) мүліктің кепілі туралы
шарттағы кепіл ұстаушының өкілдігі2. Заттык құқыктардың бұдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz