Қазақтың тұңғыш биолог - докторы Кәрім Мыңбаев 100 жаста


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Ғылым және Білім Министрлігі

Қарағанды облысының Білім Департаменті

«Қазақтың тұңғыш биолог - докторы Кәрім Мыңбаев 100 жаста»

Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері

және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»

Мазмұны:

  1. Кіріспе:

1. 1. Қолжазбаны қор қылмайық.

1. 2. Кәрім Мыңбаевтың ғұмырбаяны.

II. Зерттеу бөлімі:

2. 1. Ағалы-інілі Мыңбаевтар.

2. 2. «Аграрлық ғылымның көшбасшысы». Кәрім Мыңбаев - ғалым, патриот.

2. 3. Кәрім Мыңбаев туралы естеліктер:

а) Бауыржан Момышұлы мен Кәрім Мыңбаевтың достығы.

ә) Нұра азаматтарының ғалым жайлы естеліктері.

б) Кәрім Мыңбаев ұрпақтары.

2. 4. Кәрім Мыңбаевтың еңбектеріне шолу.

2. 5. «Көксағыз». Биологиялық ерекшеліктері және оны сұрыптаудың жаңа тәсілдері.

ІІІ. Қорытынды:

3. 1. «Қазақ ғылымының асқар шыңы - Кәрім Мыңбаевтың баға жетпес еңбектері -асыл қазынамыз».

3. 2. Ұрпақтар үндестігі.

Абстракт:

Зерттеу мақсаты:

Кәрім Мыңбаев ағамыздың сол жылдарда республика аймақтарында ауылшаруашылығының барлық саласын: егін, мал шаруашылықтарын ілгері дамытуда сіңірген еңбектері, идеялары жайлы құнды деректер жинау. Оны кейінгі ұрпақтардың оқып, зер салып зерттеп, керегін табуына жағдай жасау. Кәрім Мыңбаев ағамыздың еңбектерін, өмірін зерттеп, ғылыми өмірнамасын жасау, тың деректермен толықтыру.

Міндеттері:

  • Кәрім Мыңбаевтың өмірін зерттеп, еңбектерімен танысу;
  • ғылыми өмірнамасын жасау;
  • Кәрім Мыңбаев ағамыздың ауыл шаруашылығына сіңірген еңбектерімен, идеялары жөнінде деректер жинақтау;
  • Кәрім Мыңбаевтың халқымызға қосқан үлесі туралы жастарға насихаттау.

Қарастырылып отырған материалдар болашақ ұрпақ үшін, жалпы қазақ халқы үшін, тек халқымның жыртығына жамау болсам деген, ғылымның әр саласының көкжиегінде бір қолдың саусағына сиярлық шолпан жұлдызындай жарқыраған жерлесіміз, алаштың асыл азаматы, Кәрім Мыңбайұлы Мыңбаев ағамыздың өнегелі өмірі мен зерттеушілік қызметінің тарихи маңызын, оның адамдық болмысын тереңірек түсініп, бағалауда айтарлықтай тағлымды деп сенемін.

Болжау: Егер Кәрім Мыңбайұлы Мыңбаевтың өмірбаяны мен еңбектерін толық зерттеп, меңгеріп шықсақ, онда ой- жүйеміз кемел, қабілетіміз мол, ғалым атамыздың артында қалдырған мол мұрасын іске асыратын мол іскер, белсенді тұлға боларымыз анық.

Зерттеу кезеңдері: Туғанына 100 жыл толғалы отырған биология ғылымының докторы, Қазақ ғылым академиясының алғашқы корреспондент- мүшесі Кәрім Мыңбаев - қай марапаттың да тақиясына тар келмейтін тұлға. Өркениет есігін қағып отырған қазіргі қазақ жұртының асқақ арманындай алдын ораған озық ойлы Кәрім ағамызды аңыздан ақиқатқа жақындата танытсақ, ол бүгінгі заманымыздағы көкейкесті мәселелермен де құрдас болып шығар еді. Қазақстанның стратегиялық дамуының бірден-бір факторы ауылшаруашылығы ғылымын өркендету, биоресурстарды зерттеу тетігіне бас тіреп отырғанда; Кәрім ағамыз ғалым ретінде қайта туғандай.

Аз ғұмыры, яғни 42 жыл өмірінің ішінде еліміздегі генетика және ауылшаруашылығы ғылымдарын ілгерілетуде тыңнан түрең салып, сала ретінде дамуына елеулі үлес қосқан ардақты да асылазаматымыз Кәрім Мыңбаев жайлы деректер өте аз, болса да орыс тілінде. Сол үшін мен көп іздендім. Аудандық кітапхана, Ауылдық модельдік кітапханасына бардым. КарМУ-дің биология факультетінің биология факультетінің ұстазы Искаков Зейнолла Искакович ( бұл кісі Кәрім Мыңбаев ағамызбен жақын араласып, станцияларының бірінде еңбек еткен) . Шаушеков Темірғали Қырықбаевичпен, Астана қаласының мұрағатымен Қасеинова Гүлжан Исабекқызынан деректер алдым және де Кәрім атамызды көзі көріп, жақын араласқан адамдармен сұхбаттастым. Көп деректерді өзіміздің модельдік кітапханасынан алдым. Онда Кәрім атамыздың «Бетпақдала шөлі» кітабы бар, өкініштісі, орыс тілінде. Сол кітапты оқып, аударма жасап, зерттедім. Соның нәтижесінде мынандай жұмыстар атқардым ( ұрпақтары, достары мен еңбектерін анықтадым) .

Зерттеу жаңалықтары:

  1. Ауылдық модельдік кітапханасынан керек деректерді жинадым (кітаптан, газет-журнал бетінен) .
  2. Аудандық кітапханадан керекті құжаттар мен деректерді алдым.
  3. Аудан орталығында тұратын «Орталық Қазақстна»газетінің тілшісі, Кәрім Мыңбаевтың немересі Нұрхан Мыңбаев ағаймен сұхбаттастым.
  4. «Байтуған»ауылында тұратын немере - қарындасы Мыңбаева Ботагөз апаймен сұхбаттастым.
  5. Облыстық кітапханадан интернет арқылы алынған деректермен таныстым.
  6. КарМУ-дің биология факультетінің ұстаздары Шаушеков Темірғали Қырықбаевичпен, Искаков Зейнолла Искаковичпен сұхбаттасып, біраз құнды деректер алдым.
  7. Астана қаласындағы республикалық мұрағаттан деректер алдым.
  8. Астана қаласында тұратын немере-інісі Мыңбаев Ануармен т. б. сұхбаттастым.
  9. Абай қаласында тұратын Мыңбаева Гүлайым апаймен пікірлестім.
  10. Алматы қаласында тұратын Тінәлина Дариға апамен ұлы Сарын Кәрімовпен сұхбаттасып, құнды деректер жинақтадым.
  11. АҚШ - та тұратын ұлы Жаффармен интернет арқылы байланысып, сұхбаттастым.
  12. Ауылда тұратын Кәрім атамызды көзі көрген қариялармен әңгімелесіп, атамыз жайлы айтқанестеліктерін жазып алдым.
  13. Осы алынған деректерді жүйелеп, зерттей келе ғылыми жобамды жасадым.
  14. Кәрім атамыздың лайықты болатындай, ауылымның болашақтағы сұлу да көркейгендігін бейнелейтін макетін жасадым.
  15. «Ауылымның әсем табиғаты» тақырыбына ауылымның пайдасы зор өсімдіктерінен гербарий жинадым.
  16. Кәрім атамыздың туып-өскен жерінің макетін жасадым.
  17. «Кәрім атамыздың 100жылдығына» арнау өлеңдер жинағын, реферат, буклет, шығарма жаздым.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

  1. Аномастикалық комиссияның шешімі: № 385/ 3-4. 16 қараша 2006ж. 5 қыркүйек 2006 жыл № 351 шығуы 19/17. Облыстық маслихатттың 23 сессиясы. Ауылымызға Кәрім Мыңбаев есімі берілді.
  2. Мектебімізде Кәрім Мыңбаев мұражайы 2006жылы 16 қыркүйекте ашылды.
  3. 2006 жылы ауылымыздың бір көшесіне Кәрім Мыңбаев атамыздың есімі берілді.
  4. 2006 жылы аудан орталығында үлкен көшеге Кәрім Мыңбаев есімі берілді.
  5. 2006 жылы аудан орталығында атамызға арналып жасалған мүсін қойылды.

2006 жылы Мыңбаев Н. Х. «Дархан дала иесі» атты кітабы жарыққа шықты.

Зерттеу жұмысының қоланылуы: Бұл зерттеу жұмысы ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуда қолданылады. №№

Кіріспе

1. 1. «Қолжазбаны қор қылмайық»

ХХІ ғасыр - мәдениеттер майданының ғасыры. Ұлттық менталитеттің, ұлттық руханияттың майданының ғасыры. Бұл - ғаламдастыруға әрі жақындау, әрі ұлттардың өзін-өзі сақтау мұраты. Сондықтан біз «Мәдени мұра» (2004-2006жж. ) бағдарламасы қолға алынғанына қуаныштымыз. Біз рухани тәуелсіз халықпыз. Рухани тәуелсіздігіміз болмаса, біздің егемендігіміздің құныда жоқ. Ал «Мәдени мұра» осы тәуелсіздігіміздің, рухани тәуелсіздігіміздің бір белгісі іспетті. Мұндай бағдарлама кез келген ұлт үшін басты қажеттілік. Осы күнге дейін бізде К. Мыңбаев жайлы жөні түзу қолжазба қоры жоқ, мәдени мұраларымыз құнтталмай келеді. Егер де байыптап арар болсақ, кез келген К. Мыңбаевқа жақын, онымен таныс болған адамдардың қолында қол жазба бар. Ол - ертеңгі тарих. Қазір соны жинап алып, бір орталыққа қою керек, сол жерде жүйелеу керек. Біз қолжазбаның қадірін әлі түсінбей келеміз. К. Мыңбаев туралы деректер өте аз, ал қолжазбалары туыстарының, жора-жолдастарының және т. б. азаматтардың қолында. Егер біз келер ұрпақ өз жерлесі, дарынды ғалым Кәрім Мыңбаев жайлы көп білсін десек, соның бәрін бір жерге жинап, бағалап, қадірлейік білейік. Әр адамның үйінен мұра жай ашып, ол деректерді көрмеге қойып қойғанының халыққа еш пайдасы жоқ. Ғалым жайлы барлық құнды деректерді түгендейтін уақыт жеткен сияқты. Ғалым жайлы зерттеулер мен мағлұмат көп болса, нұр үстіне - нұр. Сол арқылы К. Мыңбаев бүгінгі ұрпаққа таныстыру, табыстыру: тағлым етер тұлғаның өнегелі өмір жолдарынан тәлім дарыту мәселесін қамтуға болады. Еліміздегі аграрлық ғылымның қазіргі деңгейі Қазақстан ғылымының дами бастауындатұрған талантты ғалымдар шоғырының ерекше дарыны және көрегендігі, әрі қажырлы еңбегімен де анықталады. Солардың ішінде үлкен ғалым - қайраткер К. Мыңбаевтың алар орны ерекше. Өзінің табиғи дарынының, ғаламат еңбекқорлығының ғылымға жан-тәнімен берілгендігінің, туған жеріне деген ерекше махаббатының арқасында маңдайына жазылған қысқа ғұмыры ішінде ол өз халқы үшін ерен еңбек атқарып, еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып кетті. К. Мыңбаевтың еңбектеріне шолу жасағанда ғалым араласпаған ауыл шарушылығының саласы болмағаны байқалады. Ауыл шаруашылығы мамандарымен кездесулерде ол әртүрлі дақылдарды өсірудің озық тәсілдерін ұсынып, насихаттап отырған және ғылыми еңбектерді жарыққа шығару арқылы тәжірибе алмасуға көп көңіл аударып отырған. К. Мыңбаев мұрағаттарын зерттеп, зерделеу мақсатымен аудандық мұрағатқа телефон шалғанда: «Бізде ондай дерек мүлде жоқ - дегенді естідік». Бұл жерден шығар қорытынды Кәрімдей дарынның кіндігінен шыққан ұрпақ болмаған соң, «жаны ашымастың қасында, басың ауырмасынның» кері келіп тұр. 1992 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Тарихи мұраны қорғау және пайдалану» заңы шықты.

Базаргелдінің Қәдірәлісінің зор арманы бар еді. Ел ішіне тыныштық, от басының амандығын айтпағанда, ер балаға зар еді. Қартайғанда ұлы туды. Баласын Мыңбай деп атайды. Мыңбай бастаған туысқандар Батыркөлдің жағасына қоныстанады. Оның бұл шешімді қабылдауына қоныс аударғандармен араласуы да бір себеп болады. Ауыл осы кісінің атымен аталады. Осы жерде оның бес ұл баласы туған. 1906 жылы Мыңбай ауылында Кәрім туады. Үлкен ағасы Кәрімге қамқор ғана болып қоймай, кәрімнің тұлға болып қалыптасуына көп ықпал тигізген. Туған жерге деген ыстық махаббаттан оятып, бауырының жалынды жас жүрегінде туған жерін аялы да жомарт өлкеге айналдырсам деген пейілін тудырады.

Молданың таяқтарына шыдамаған Кәрім ауылдан қашып кетеді. Ақмоладағы орыс-қазақ мектебінің бастауыш сыныбына оқуға қабылданады. Ол онда ең үздік оқушылардың қатарында болады. 1928 жылы Кәрім Ташкент қаласындағы Ортаазиялық мақта - ирригация институтының жаңа техникалық дақылдар факультетіне оқуға түседі.

1932 жылы 24 жастағы Кәрім институтты тәмамдап, жоғары дәрежелі агроном - егінші мамандығын алады. Ол Грузиядағы кавказ тәжірибе станциясына жолдамамен жұмысқа жіберіледі. Осы жылы Кәрімді Қазақстанға қайтарып, Алматыдағы селекция станциясына аға ғылыми - қызметкер етіп тағайындайды. Ол көксағыздан жасанды түрде бай шығым алу туралы мәселесін көп дамытқан. Сол жылдары бұл ғылымдағы өзекті мәселелердің бірі болған. Көксағыздан каучук өндіріліп, ол автомобиль өндірісінде бағалы шикізат есебінде пайдаланылады. Көксағыз өндірісінен жетінші орынды иеленіп келе жатқан Ресей, 1913 жылы екінші орынға шығады. Каучук әскер ісінің дамуында да кең қолданылған. Осы өнеркәсіптердің қажетінқамтамасыз ету үшін Кәрім ізденіп, мол еңбек жасайды. Қазақстан мемлекеттік институтының доценті, 27 жасар ғалым - Кәрім каучук тектес өсімдіктердің білімпазы ретінде танымал болады. Оны одақ көлеміндегі екінші Оңтүстік Қазақстан облысындағы каучук өндіретін шаруашылықтың техникалық директоры қызметіне тағайындайды.

Жұмысқа беріліп кіріседі, бірақ құлшыныс аздық етеді, білім де керек. Сол себеппен ол 1936 жылы Лениградтағы өсімдік зерттеу институтының аспирантурасына оқуға түседі. Атақты академик Н. И. Вавиловтың көмегімен «Көксағызды дамытудың негізгі жолдары» тақырыбында диссертациясын ойдағыдай қорғайды.

Қазақстанның ауылшаруашылығын көтеру мәселелерінде түбегейлі шешімдер қабылдағанда, К. М. Мыңбаев белсене араласып отырған. Егін шығымын көтеру, әсіресе бидай шығымын, Қазақстанның солтүстігіндегі шұрайлы жерлерді егістік жерлерге айналдыру мәселелерімен айналысады. Ол «Алдыңғы қатарлы ауылшарушылық ғылымы» атты көлемді еңбек жазады, бірақ бұл кітап тек 1949 жылы жарық көреді.

1948 жылдың 30 қыркүйегінде К. М. Мыңбаевтың өмірі қайғылы жағдайда үзіледі. Ол бірнеше Қазақстан ғалымдарымен бірге әуе апатынан қаза табады. Қаза тапқандар арасында біздің облысымыздағы Бұхар - Жырау ауданының тумасы: А. Б. Бабаев, Ф. С. Солодников, Хасен Наурызбаев, Сапар Нұғымановтар және т. б. бар.

Кәрім Мыңбаевтың өмірі қысқа болғанымен, бақытсыз болды деп айтуға болмайды. Оның өзі сүйіп істеген қызметі, бар бос уақытын беретін от басы болды. Артынан үш ұлы мен екі қыз балалары қалды: Жаппар, Гүлнор, Темір, Алла, Сарын.

Қазіргі таңда оның отбасы Санкт-Петербург қаласында тұрып жатыр. Бұл қалаға олар Кәрімнің қазасынан кейін, 1953 жылы оралған еді. Оның үлкен ұлы әке жолын жалғастыруда. Үлкен ғалым, инженер-электрик, АҚШ-тағы Нью-Йорк университетінің профессоры, политехникалық Санкт-Петербург университетінің проректоры, Ресейдің Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті.

Қызы Гүлнор - геолог, ал Алла - физик. Алланың сыңары Темір - белгілі дирижер, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, халықаралық бәйгенің иегері. Оның есімі тек қана ТМД елдерінде ғана емес, алыстағы шет елдеріне де белгілі. Жетпісінші жылдардың аяғында Қазақ симфониялық оркестірінің басшысы болады. «Фреска» балетіне музыка жазып, оны Алматыдағы қойылымын өткізеді. Қазір ол Мәскеуде тұрып жатыр.

К. М. Мыңбаевтың зайыбы - Мелица Васильевна Старчикова - Мыңбаева - ғылым докторы. Екеуінің бірнеше немерелері бар. Біріне Кәрімнің құрметіне есімін беріпті.

Кәрім Мыңбаев жан-жақты білімді, оқымысты болған. «Мені осы адамда бәрі таң қалдырады. Ол ғылыми әдебиетті көп оқитын, бірақ мені ең қатты таң қалдырғаны оның көркем әдебиеті саласындағы білімі. Тек қана қазақ әдебиеті емес, орыс және шетел классик жазушыларының шығармаларымен жақсы таныстығы. Ол маған Абай туралы көптеген әңгімелер айтатын. Абайдың шығармаларын маған қазақ тілінде оқып беретін. Аудармада шығармалардың өзгеріске ұшырағанына қатты қынжылатын. Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Әбділдә Тәжібаев сынды ақын-жазушылардың шығармаларын біліп қана қоймай, қадір тұтатын. Орыс әдебиетінің классиктерін де жоғары көтеретін. Толстой, Лермонтов, Пушкин, Чехов, Достоевский және т. б. орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларын сүйсіне оқитын. Гейне мен Гетені және басқа да еуропалық ақындардың өлеңдерін маған жатқа оқып беретін». К. Мыңбаев қазақ ақын жазушыларын оқып қана қоймай олармен таныс, достас болған. Кәрім әрқашан да отырыстың сәні болатын. Оның ашық мінезі, достарымен сыйласа білуі, бетке кемшіліктерін айтып отыратын тіке мінезіне дейін талантты да атақты адамдарды өзіне тартып тұрғандай әсер ететін». Ол Мұхтар Әуезов және оның жары Валентинамен, белгілі химик М. И. Усановичпен және Т. Н. Сумарокова, жазушылар Ғабит Мүсірепов және Әбділдә Тәжібаев, кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлымен жеке таныс болған.

Кәрім арманшыл еді. Бос арман емес, нақты жоспарланған нұсқалары да бар болатын. Ол өзінің туған елі Қазақстанды молшылық, береке биігінен көргісі келетін. Жер біткенді әдемі жасыл орай шалғын, бидайды жайқалған егіндік басып жатса деп армандайтын. Жаңбыр мен құрғақшылықтан қорықпайтын көксағыз өсіріп шығаруды да мақсат қойған еді. Ол селекционерлерге жабайы шөптермен күресудің тиімді жолын көрсетіп берді. Өз ісін сүйіп істеген Кәрім агроном мамндығын игерушілерді дайындауда да күш салған.

Туған жерінің жартысынан көбін алып жатқан шөлді жерлерді игеруді бала кезінен армандаған. Осы себеппен арнаулы ғылыми мекеме - Бетпақдала мал шарушылығы тәжірибе станциясын құрады. Кәрім шөлді игеру мәселелерін шешетін зерттемелер ұсынады. Арада көп жыл өтсе де, құрдастары, әріптестері және танитындар Кәрімді жылы сөзбен еске алады. Кәрім өмірді, адамдарды сүйетін, ол адамдар туралы былай деген: «Өмір деген дүниенің даму процесімен салыстырсаң, бір секундтай да емес, зулап өте шығады. Сол кірпік қаққандай қысқа өмірдің өзінде де қолдан келетін, қоғам пайдасына жарайтын іс істеген жөн. Иә, айта қаларлықтай күрделі еңбек істеу үшін не керек, не істеу керек. Әрине, бұл ұғымды алгебралық формулаға айналдырсақ, барлығы белгісіз болады да шығады. Адамға данышпан, кемеңгер болу үшін, төрт шарт керек екен-ау олар: талант, қабілет, іске шын берілу және демалысты дұрыс пайдалана білу. Кейде осылардың бірі, мысалы, талант болып, ақырғылары болмаса, немесе тіпті бәрі болып, ақыры - демалысты дұрыс пайдалана білмесе, алдыңғы үшеуі дамымай қалады екен . . . ».

Отан алдындағы зор еңбегі үшін 1977 жылдың 23 қазанында, бұрынғы Жезқазған облысының (қазіргі Қарағанды облысы) бір шаруашылығына оның есімі беріледі. Байырға Бетпақдала станциясы ғалымның атындағы шаруашылық болып қайта құрылады.

1986 жылы Кәрімнің ғылыми еңбектері «Шөлді дала - Бетпақ» деген атпен жарық көреді. Алматы қаласындағы бір көшеге Мыңбаев есімі беріледі. Ивановка ауылының орта мектебіне Мыңбаев есімі 1995 жылдың 1 қыркүйегінде беріледі, ал Ивановка ауылының өзіне 2006 жылы К. Мыңбаев есімі беріледі. Бұл оның есімінің әрқашан да ел есінде қала беретіндігінің куәсі.

Белгілі қазақ ғалымы Кәрім Мыңбаев шөлейтті жерлерді алпыс жылдай бұрын экспедициямен аралаған еді. Ерлеген адамдар үшін бұл қиын сапар еді. Оларды ұлан-байтақ, күн көзімен күйіп кеткен, сор топырақтар, құдығы сирек кездесетін Мойынқұм мен шөлді Бетпақдала қарсы алады.

Әрбір шөлдегі құдықты ең қымбат заттай бағалайды. Бірақ жұрт көбіне құбылмалы табиғат мінездеріне тәуелді болады. 1978 жылы Бірлік кентінің тұсынан бірінші Қазақстанның шөлді аймақтарына жүргізілетін су құбырлар тобының құрылысы басталды. Оны шағылдардың астынан табылған су қоймалары сусындандырады.

Адамдар шөлдің бейнесін өзгеріске келтіреді. Шағылдар бойымен бітік біткендей жолдар салынады. Ол осындағы басты үлестіруші күш болып табылады. Осы жол бойында, алғашқы елді мекендер салына бастайды. Олардың бірі - Жасұлан.

Мұнда көкөніс - сүт шаруашылығының орталық мекені болады. Кент ең соңғы нұсқамен, жергілікті ауа-райы ерекшеліктері ескеіле отырып салынған. Барынша адамдарға шөлді аймақтың ықпалын кем сездіретін жағдай жасалған. Тек қана шөл бейнесі өзгермей, бұрын мал асырағаннан басқа ештеңе білмеген адамдардың кәсібі де өзгереді. Су келегннен кейін, жүгері, көкөніс отырғызуға бейімделеді. Қазір жеміс бағы да жайқалып тұр. Басында мұны бастаған ғалымдардың да сенімі аз болатын. Қазір бұл бақ 200 гектардан артық жерді алып жатыр.

Бұрында шөлмен келе жатып, тәуліктеп еш жанды кездестіруге болмайтын. Қазір машинаны да көресіз, шағылдардың ар жағынан бой түзеген газ, мұнай құбырлары да көзге түседі.

Жолдағы көрсеткіштер «Шу» шаруашылығына жол сілтейді. Құстардың әрбір қанат қаққанымен, Кәрім Мыңбаевтың: «Көріпкел болмай-ақ, қоғамның күшіне сенуге болады: шөлді Бетпақдала аты ұмытылады. Бұл есім тек қана ескі географиялық оқулықтар беттерінде ғана қалады», - деген сөздері естілгендей болады.

ІІ. Зерттеу бөлімі

2. 1. Арқа төңірегінде, тіптен бүкіл Қазақстан аймағында биік болмысымен халық есінде мәңгі қалған ВАСХНИЛ-дің акдемигі, оның қазақ филиалының тұңғыш төрағасы, биология, ауыл шаруашылығы ғылымдары салсында жемісті еңбек еткен ғылым докторы, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, белгілі ғалым Кәрім Мыңбаев туралы жан-жақты жазылған естеліктері де, мақалалар мен көркем очерктер де аз емес. Кәрім жайында бүгінгі ұрпақ қолына тиген осындай дүниелердің болмауы себепті, оның өмір жолы мен ғылымдағы еңбегінен толық мағлұмат береліктей қажетті деректердің аз екенін мойындамасқа болмайды. «Ештен кеш жақсы» деп аталарымыз айтқандай, Кәрім Мыңбаев туралы ғылыми жоба жазуды қолға алуымның да бір себебі осы болатын. Материалдарды іріктеу, зерттеп, дайындау барысындақолға түскен деректер мен құжаттарды жүйелей келе, ағамыздың бірталай өмір баспалдақтарынан өткендігі айқындалды. Ғалым ағамыз туралы жазарда, оның осындай дәрежеге дейін көтеріліп, өсуіне алғы шарт жасаған, тәрбиелеген, өнеге көрсетіп, баулыған ортасына, шыққан елі мен жеріне тоқталмай өту мүмкін еместігін аңғардым. Өйткені Кәрім ағамыз туралы жазарда оның ағасы, Орталық Қазақстанда Совет өкіметін орнату үшін күрескен жалынды большевиктердің бірі болған Тұрысбек Мыңбаев туралы айтпауға болмайтынына көзім жетті. Өйткені Кәрімнің бар өмірінің қайнар бастауы Тұрсекеңнің өмір жолымен тығыз ұштасып, бітік байланысып жатқандай. Ендеше, Арқа ардақтыларына лайық азаматтардың қатарында Тұрысбек Мыңбаев пен Кәрім Мыңбаевтың қатар алатындығы ешқандай дау тудыра қоймайтыны ақиқат.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушылары
1932 жыл ашаршылық ақиқатын ашатын кез келді
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы мәселелерін зерттеу
Қазақстандағы әлеуметтік ауытқушылықтар. Болдырмау жолдары
Смағұл садуақасұлының өмірбаяны мен атқарған кәсіби қызметі
Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі
Дала өсімдіктері
Мендель белгілерінің тұқымқуалаушылық заңдары туралы ақпарат
АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ СЕМЕЙ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНҢ АШЫЛУЫ
Е. Бекмаханов – тарихшы, ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz