Ерік туралы жалпы мағлұмат


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЕРІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы өткен тарауларда айтылды. Кез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып жатады.

Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив - оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Өйтксні адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қойғанды, сонымсн бірге оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топка бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу шашалу, түшкіру т. б. ), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көріпетіи қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездердс белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» (Ж. Аймауытов) . Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуінен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т. б. ) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық т. б. ), бұларды да жойып отыруымыз қажет.

Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттерін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мсн кұбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді.

Адам бір түрлі жағдайда әр қилы, әр түрлі жағдайда бір қилы әрскет жасайтыны мәлім. Біз көп адамдардан «не тілесем, соны істеймін» деген сөзді жиі естиміз . Кейбір философия мсн психология ғылымдарының өкілдері осындай жеке пікірлерге тас кенедсй жабысып: «адам не істеймін десе де ерікті, өз қылығына өзі қожа» дейді.

Барлық тіршілік ерікке байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық жағдайлармеи байланысы жоқ рухани өзінше пайда болған күш», деп адамның барлық әрекеті, мұның ішіндс еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән бермейді.

Сөйтіп, ерік қимылдарыи өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүргсн ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысынын бірі болып ссептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.

Орыс ғалымдары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді. И. М. Сеченов: «Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек . . . ». «Адамның кез келген қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады» еріктің сыртқы ортадан тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.

Еріктін физиологиялық механизмі де ми кабығының рсфлекстік табиғатына жатады. Ерік процссінде жоғарыда айтылып өткен ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғаты II. М. Сеченовтен кейін зерттеген П. П. Павлов болды. II. П. Павлов және оның шә кірттері басқа анализаторлар тәрізді қозғалыс анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстар да түрлі тітір-кендіргіштермен уақытша нерв байланысына түсуге қабілетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, түрлі қозғалыстарды реттен, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар. Адамның көптегсн қозғалыстары іштей сөндеу арқылы да пайда болып отырады, мұндай сөздер қозғалыстың «басталу белгісі». Адам сөз сау алады немесе бір тоқтамға келеді, ал-мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарын Қозғалыс анализаторының нерв клеткалары мидың орталық сайының алдынғы жағына орналасқан. Осы жерде пирамида формасындағы алып нерв клеткалары бар. Бұлар нерв талшықтары арқылы қан бұлшық еттерімен байланысып жатады. Козғалыс анализаторын қүрайтын нерв талшықтарын пирамидалық депте атайды. Пирамидалык жолдың кызметінс зақым кслсс, адамның кимыл-қозғалысының берекесі кетсді, мұндайда оны паралич ауруы соғуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерік
Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні
Психология тарихы
Мұғалімнің бойындағы негізгі қасиеттер
Ес және адам
Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде
Тілдік қатынас туралы байланыс
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
Шаңғы аяқ киімдеріне гигиеналық талаптар
Берннің трансактілік талдау теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz