Ежелгі Қытайдың мемлекеті және құқығы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі Қытайдың мемлекеті және құқығы

Б. э. д. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағыс тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте - «ли», шығыста - «и», батыста - «цзян» немесе «жун», оңтүстікте - «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген.

Б. э. д. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан эрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б. э. д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.

Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері:

1 кезең - Шан «Инь» кезеңі (б. э. д. ХҮІІІ-ХІ г. г. ) - құлиеленушілік қоғамның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен катар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б. э. д. ХҮІІІ - ХҮ ғ. ғ. ) - таптардың пайда болуының бастапқы кезеңдері ғана тән; э) кейінгі Шан (б. э. д. ХІҮ- XI г. ғ. ) - таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді.

2 кезең - Чжау кезеңі (б. э. д. XI - III ғ. г. ) - иерархиялық әлеуметтік жүйе пайда болады;

3 кезең - Цинь кезеңі (б. э. д. 221-201 ж. ж. ) және Хань кезеңі (б. э. д. III ғ. - б. э. III г. ) - жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады.

Қоғамдық құрылым. Кейінгі Шан кезінде халықтың жалпы санынан артықшылықты топ бөлініп шығады, оның құрамына билеуші - ван жэне оның туыстары, билеушіге жақын адамдар абыздар, шенеуніктер және бағынышты тайпалардың ақсүйектері кірген. Чжоулық Қытайда бірнеше разряд - әлеуметтік ранглер пайда болды. Ранг тұрғын үй мен жердің мөлшерін, құлдардың саны мен жалақының мөлшерін анықтаған. Цинь кезеңінде Шан янның жүргізген өзгертулері негізінде ақсүйектіліктің ранглері туралы жаңа ереже енгізілді, оған сәйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдындағы жетістіктері үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б. э. д. III ғасырдан бастап оларды сатып алуға рұқсат етілген. Сонымен, жаңа ақсүйектер пайда болды: мүліктік, әскери, қызметтік және саудагерлік.

Ең төменгі сатыда құлдар болған. Құлдықтың қайнар көздері түрліше болған: әскери қамау, қарыздық құлдык, сый ретінде алу, кылмыскерлер, шығынға ұшыраған шаруалар.

Қоғамның үстем тобы мен құлдардың арасында жер өндеумен айналысатын еркін қауым мүшелері болған.

Мемлекеттік құрылым. Құлиеленушілік Қытайда оның тарихының барлық кезеңінде басқарудың монархиялық нысаны болған. Билеуші - ванның қолында билік толығымен болған. Патша билігі құдайдың билігіне теңестірілетін Монархия мұрагерлік сипатта болған. Ежелгі Қытайда басқарудың сарайлық жүйесі болған. яғни, нақты анықталған құзіреті бар тұрақты түрде қызмет ететін мемлекеттік мекемелер болған жоқ, олардың орнына арнайы тапсырмаларды орындайтын тұлғалар, күңдер болған.

Шан дәуірінде патшаға жақын тұлғалардың арасында 20 жуық ресми титулдар болған, олар функциялары бойынша үш топқа бөлінген: біріншісі - азаматтық лауазымды тұлғалар, екіншісі - әскери лауазымды тұлғалар, үшіншісі - әртүрлі кеңесшілер, бал ашушылар мен көріпкелдер. Чжоу кезеңінде ванның ең жақын көмекшісі болып сян табылған, ол барлық шенеуніктерге. басшылық жасап, билеушінің әртүрлі тапсырмаларын орындаған. Сонымен қатар, үш гундер - патшаның басты кеңесшілері лауазымы болған. Цинь дәуірінде императордың жақын көмекшілері болып екі бірінші кеңесшілер - екі ченсина табылады, олар аппарат жұмысын басқарады, тайвэй - империяның қарулы күштерін басқарады және юйши дафу - барлық мемлекеттік аппаратты басқарады. Ченсяна, тэйвей және юйши дафу аса лауазымды тұлғалар болатын және «үш гун» атауын иеленді.

Жергілікті басқару. Шан және Чжоу дәуірінде Қытай өз көсем - билеушілері - чжухоулары бар көптеген иеліктердің жиынтығынан құралған болатын. Чжухоулар ванның жоғарғы билігіне бағынған. Цинь дэуірінде Шан Янның әкімшілік реформасына сәйкес патшалықтың аумағы 41 цездке бөлінді, олар валостар мен тиналарга бөлінді, ал алар, өз кезегінде, өз басқару органдары бар 10 қауымдастықтан құралды. Қауымның тұрғындары фулаоны (ақсақал) сайлаған, ал олардың арасынан староста - личжен сайланган.

Әскер. Шан патшалығында тұрақты әскер болған жоқ. Қажет болған жағдайда чжухоулар 3000, 5000, 6000 әскерлерден құралған отрядтарды ұсынған. Жиналған әскер әскербасы - қолбасшыға берілетін және жорыққа шығатын. Әскер екі бөлікке бөлінетін: жаяу әскер және арбалы әскер. Сонымен катар, халық мал мен арбаларды беретін. Әскердің үш түрі болған: жаяу әскер. атты әскер және қарулы арбакештер. Цинь империясында әскер бестіктер мен ондықтарға бөлінген. Жоғарғы қолбасшы болып императордың өзі табылған.

Сот жүйесі. Сот функцияларын тармақтарға бөлінген мем-лекеттік аппараттың көптеген өкілдері жүзеге асырған. Мемлекеттегі жоғарғы судья болып ван табылған. Жергілікті жерлерде сот істерін қараумен болыстықтың бастығы айналысқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының тарихы
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал
ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
Ежелгі Қытай мемлекеті
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Қытай тарихын мерзімдеу
Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы
Қытай халқының мәдениеті мен ғылымы
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Қосөзен аралығында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz