Ортақ меншік ұғымы туралы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

1. ОРТАҚ МЕНШІК ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРI

2. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

3. ОРТАҚ ҮЛЕСТІК МЕНШІК

4. ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК

5. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.

Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі. Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан (1511-1520 жж. ) тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» атты акті қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж. ) «Есім ханның ескі жолы» аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж. ) «Жеті жарғысы» аталған жинақ болып отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. әңгіме біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе жатқан өзекті мәселелердің бірі.

Меншік құқығы қазақтардың әдеттегі құқығының ажырамас бөлшегі екенін осы «Жеті жарғы» баптарынан көреміз.

Академик С. 3. Зиманов қазақтардың әдеттегі құқығында меншік құқығының басымдылығы, мүліктік жауапкершіліктің жоғары болғандығын атап көрсеткен еді . Алысқа ұзамай-ақ ауыз екі сөз тіркестерінде қолданылып жүрген айыптың бірі тоғыз құн төлеу туралы еске сала кетсек те жеткілікті.

Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері

Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады делінген АК-ның 209-бабының 1-тармағында. Сонымен, заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан да көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да меншікке қатысушылар, ал құқық ғылымында және оқулық әдебиеттерде ортақтас меншік иелері деп аталады.

Көпсубъектілік ортақ меншіктің субъективтік құқығының ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік Ак-да өзінше ортақ меншік құқығы институтын бөліп алуға әкелді (АК-ның 11-тарауы) .

АК-ның ортақ нормалар ретінде көрініс табатын бір субъектілік құқық нормалары ортақ меншік құқығын да реттейді. Әрине, ол ортақ меншік туралы арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін шамада реттейді.

Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (209-баптың 2-тармағы. Үлесті меншікте мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікте болады, ал бірлескен меншікте ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, мүлікке ортақ меншік үлесті болып табылады.

Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едәуір бөлек болып келеді. Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиынтықта болуы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана болады, олар көбіне бірімен бірі туыстық қатынаста болады.

Бірлескен меншік заң құжатарында тікелей көзделген жағдайда

ғана белгіленеді.

Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен, ал ондай келісімге олар өзара қол жеткізе алмаған жағдайда, сот шешімімен бірлескен меншіктегі ортақ мүлікке ортақ үлесті меншік белгіленеді. Ортақ үлесті меншікті оған қатысушылардың келісімі бойынша немесе сот шешімі бойынша бірлескен меншікке айналдыру заңда көзделмеген.

Түріне қарамастан, ортақ меншік барлық оның қатысушыларының меншігі болып саналады, сондықтан ол көпсубъектілік меншік. Ортақ меншік құқығындағы меншік иелері арасында белгілі бір заттың жеке басы, мұндай заттардың жиынтығы немесе тұтас мүліктік кешен (мысалы, құқық объектісі ретіндегі кәсіпорын) түріндегі бөлінбеген объект болады. Сонымен ортақ меншіктің қатысушылары әрқайсы өзінше, басқаларынан бөлек, ортақ меншіктегі мүлікке түгелдей де, оның бөлек заттарына, бөліктері мен үлестеріне де меншік иесі бола алмайды.

Затқа ортақ меншікті заттың өз меншік иесі бар әрбір бөдшегіне меншік құқығынан ажырата алу керек. Мысалы, көппәтерлі үйде пәтерлердің әрқайсының және тұрғын емес жайлардың өз меншік иелері болуы мүмкін, ал ортақ меншік туындамайды. Бірақ, пәтерлердің барлық меншік иелерінің ортақ меншігі пәтерлерді бір бүтінге тұрғын үйге біріктіретін үйдің бөлшектері. Жылжымайтын мүлікке мұндай меншік, яғни жылжымайтын мүліктің жекелеген бөлігі азаматтардың немесе заңды тұлғалардың дара меншігінде, ал қалған бөліктері олардың үлестік меншік құқығында болса, ол кондоминиум деп аталады(АК-ның 209-бабының 6-тармағы) .

Ортақ меншік ұғымы кең ауқымды ортақ мүлік ұғымының негізгі түрі. Соңғы ұғым тек ортақ меншікті ғана емес, сонымен қатар ортақ заттық және міндеттемелік мүліктік құқықтарды да қамтиды. Сондықтан, ортақ меншік құқығын, ортақ мүлікке құқықтың түрі ретінде, басқа ортақ заттық және міндет-темелік құқықтардан айыру қажет. Ортақ заттық құқықтың неғұрлым заң жүзінде реттелген түрі-ортақ жер пайдалану құқығы. Бұл құқық, егер заңды түрде азаматтық айналымда жүрген болса, өзінің сипаты жағынан меншік құқығына жақын. Ортақ жер пайдалану құқығы, ортақ меншік құқығы сияқты үлестік және бірлескен болуы мүмкін. Басқа ортақ заттық құқықтар, мысалы, ортақ шаруашылық жүргізу құқығы немесе ортақ оралымды басқару құқығы, заң тұрғысынан онша реттелмеген, бірақ ондай құқықтардың болуын заң жоққа шығармайды. Мысалы, екі немесе бірнеше мемлекеттік кәсіпорындардың ортақ шаруашылық жүргізу құқығында осы кәсіпорындардың қаражатына тұрғызылған үй болуы мүмкін. Ортақ заттық құқықтар туралы заңнамада ол қылықтар болса ортақ меншік туралы азаматтық заңнаманың ұқсас қалыптарына жүгінуге болады.

Ортақ меншік

Ортақ меншік - екі немесе бірнеше адамның меншік құқығына тиесілі мүлік. Ортақ меншік үлесті және бірлескен меншік деген екі түрге бөлінеді. Үлесті меншік бойынша әрбір қатысушының Ортақ меншікте нақты үлесі болады.

Үлес мөлшері Ортақ меншікке қатысушылардың өзара келісімі арқылы ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай белгіленеді.

Кейін нарыққа қарай мүліктің бағасы өзгерсе де, бастапқы үлестері сол қалпында қала береді. Cондықтан қатысушылардың үлестері мүліктегі заттай үлес емес, құнындағы үлес те емес, ортақ құқықтық үлес болып танылады.

Кей жағдайда ортақ меншікке қатысушылардың үлестерін өздері емес, басқа адам немесе заң белгілейді. Мұндай жағдай қатысушылардың біреуінің заңды құқығы бұзылатын болғанда орын алады.

Ортақ үлесті меншік , сондай-ақ бірлескен қызмет шартын жасасу арқылы және жай серіктестік нысанында фермер қожалығын ұйымдастырған кезде пайда болады. Үлестеріне қарамастан Ортақ меншік қатысушыларға меншік құқығына тән барлық өкілеттіктер (иемдену, пайдалану, билік ету) беріледі.

Әрбір қатысушы үлесті меншіктегі тұтас мүлікке де, өзіне тиесілі үлеске де билік етеді.

Тұрғын үй ортақ меншік болып есептелінеді

Ортақ меншіктегі тұтас мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімімен жүзеге асырылады. Ал өзіне тиесілі үлеске қатысушы жеке-дара билік етеді, яғни өз қалауымен сатуға, сыйға тартуға, кепілге қоюға, мұраға қалдыруға құқылы.

Үлесті меншіктегі мүлікті иемдену мен пайдалану да барлық қатысушылардың келісімімен іске асырылады. Ал келісе алмаған кезде иемдену және пайдалану тәртібін сот белгілейді.

Ортақ меншіктің екінші түрі - бірлескен меншіктегі құқық үлестерге бөлінбейді. Қатысушылар өздеріне тиесілі үлесті тек Ортақ меншіктен шыққанда ғана айқындайды. Бірлескен меншік азаматтар арасында ғана (ерлі - зайыптылардың некелескен соң алған мүлкі, шаруа қожалығы құрылғанда, тұрғын үйді жекешелендіргенде) пайда болады.

Бірлескен меншіктегі мүлікті қатысушылар бірлесе иеленеді және пайдаланады. Олардың келісімімен өзгеше тәртіп те белгіленуі мүмкін. Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету де барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Бірақ мұнда ерекше тәртіп қолданылады: жылжымалы мүлікке меншік иелерінің біреуі билік еткенде басқаларының келісімі бар деп болжамданады, ал жылжымайтын мүлікке қатысты не нотариалдық куәландыруды талап ететін мәміле жасағанда басқа қатысушылардың жазбаша түрде келісімдері талап етіледі.

Ортақ үлесті меншік құқығы

Ортақ үлесті меншік құқығында оның әрбір қатысушысының белгілі бір үлесі болады. Бұл ортақ мүліктегі немесе оның құнындағы үлес емес, дәп ортақ меншік құқығындағы үлес. Бұл үлес ортақ үлесті меншіктің барлық басқа қатысушыларының үлестеріне қатысты бөлшекпен өлшенеді, мысалы, үлесті меншіктің барлық ортақ құқығына қатысты ¼, ½, 3/5, т. с. с. Сонымен, ортақ мүлік үлесті меншіктің қатысушылары арасында бөлінбейді, ортақ мү-ліктің құнындағы үлес бөлініп алынбайды.

Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлестері тең де, тең емес те болуы мұмкін. АК үлестердің теңдік презумпциясына сүйенеді. Егер заң құ-жаттарында немесе үлесті меншіктің барлық қатысушыларының келісімде-рінде өзгеше көзделмеген болса, олар тең (АК-ның 210-бабының 1-тармағы) .

Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлесін үлесті меншіктегі қатысушылардың өздері емес, заң актілері немесе осы құжаттарда белгіленген тәртіпте үшінші жақ анықтайтын жағдайлар көп емес. Мысалы, әрбір ортақтас меншік иесінің кондоминиумдағы ортақ мүлікке құқығындағы үлесі бөлек (жеке) меншіктегі тұрғын жайдың пайдалы алаңының немесе тұрғын емес жайдағы алаңның тұтастай үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Өсиет бойынша мұраға қалдырғанда өсиет қалдырушы өсиетке қалдыратын жылжымайтын мүлікке мұрагерді анықтауға құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Меншік және меншік құқығы туралы ұғымдар
Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)
Азаматтық құқық түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz