Жұмызыссыздықтың мәні және оның экономикалық проблемалары



Мазмұны

Кіріспе

І.ТАРАУ. Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары

1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері

1.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары

1.3 Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері және мемлекетке қарсы шаралар

ІІ.ТАРАУ. Жұмызыссыздықтың мәні және оның экономикалық проблемалары

2.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері

2.2 Жұмыспен қамту саясаты

2.3 Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер
Кіріспе

Жұмысыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының құрлымымен анықталады. Бірақ та жұмысыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені қайтаруымызға болады. Айталық жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.
Берілген бітіру жұмысымның мақсаты инфляцияны тежеу, экономиканың «қызып кетуінің» теріс салдарын болдырмау, инфляцияның теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының қажетті икемділігінің ұстау, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.
Монетаризімнің Чикаго мектебі – неошебералистік қозғалыстағы американдық монетаризмнің өзектілігі 50 –ші жылдардың соңы мен 60 –ші жылдардың басында экономикадан Нобель сыйлығының (1976 ж) лауреаты М. Фридменнің (1912 жылы туған) бірнеше басылымдарымен байланысты еді. Ол және оның жақтаушылары кейномандық ақша емес фактордан (мысалы инфляцияның) гөоі ақша факторын қалады.
Филипистің қисық сызығының пайда болуы, М. Блауг айытқандай, кенсандық революция кезеңіне тән қарапайым экономикалық кеңестерге деген экономика ғылымындағы алғашқы айтулы сенімсіздік 1958 ж. А. У. Фелипстің эмперикалық қисық сызығымен байланысты еді. М. Блауг экономикалық саясаттың мақсаты ретіндегі инфляцияның толық жұмыспен қамтудың кенсандық идеясын жалпы еткізді деп жазды.
Конфликтерде бағаның тұрақтылығы мен жұмысыздық қатар тұра алмайды; жұмысыздықты азайту инфляцияны жеделтету арқылы мүмкін, ал инфляцияны төмендету жұмысыздықты көбейтеді. Сондықтан бағаның тұрақтылығы мен жұмыспен қамтуға бір мезгілде қол жеткізу идеясының орнына бағаның тұрақтылығын болмаса жұмыспен толық қамтудытаңдау келді.
М. Фридмен және оның жақтаушылары Филипстің конструкциясын зерттей келе, былай дейді; қисық сызық тұрақты емес, әсіресе 60- шы жылдардағы әлем елдеріндегі экономикалық ситуацияның өзгеруінің әсері бар. Бұл кезде қисық сызықтың логикасына қарсы инфляцияның өсуі жұмысыздықты қысқартпай, керісінше ұлғайтты, 70 – шы жылдардың басында бір мезгілде инфляция мен жұмысыздық өсті. Бірақ монетарлық экономикалық ой – пікір келесі АҚШ – тағы республикалық үкіметі тұсында көп жетістікке жетті. Ол кезең рейгономика деп аталып, доллардың нақты нығайту арқылы инфляция баяулайды дейді.
Фридменнің «жұмысыздықтың табиғи нормасымен» байланысты, инетитуционалдың және заң – құқықтың детерминаторға сүйенеді (біріншісінде – кәсіподаққа, екіншісінде – жалақының төменгі дәрежесі жөнінде заң қабылданды. Ол жұмысыздықтың төменгі дәрежесін негіздеуге көмектесіп, осы кезде белгілі уақытқа дейін инфляция болмайды, М. Блаугтың пікірінше, экономикада тұрақты қайталайтын Т.Ж.Нү – ескі классыкалық доктаринаның қазіргі монетарлық түрі, ақша саны мен ұзақ мерзімдегі бағаның қатаң қарым – қатынасы, ол ставка пайызын тұрақты ұстайды.
Жүргізілген экономикалық өзгерістер көптеген экономикалық қарама – қайшылықтарды және тепе – теңсіздіктерді туғызды. Олардың негізгілері өскелең бағалар мен ақша масса көлемінің төмен қабілеті бар сұраныс пен өндірістің кірістер мен тұрғындардың нақты қажеттіліктерін және тауар өндірушілердің арасында сәйкестіктің болмауы.
Бұған салааралық қалыптасқан бағалық тепе – теңсіздіктерді, бюджеттің кірісі мен шығысын, салық дәрежесін және өндіріс мүддесін жатқызуға блады. Бұл қарама – қайшылықтардың нақты механизімін және нәтижесін анализдемей, экономиканы кризистен шығару шараларын қолдану мүмкін емес. Оларды қарастыруды инфляциядан бастау керек. Себебі ол көпфакторлы және қаржылық экономикалық тұрақсыздықта көрінетін экономикалық тепе – теңсіздігі.
Бағалардың күрт өсуі төлеу қабілеттінің төмендеуі мен қатар жүруі – реформа жүргізудің басты шарты. Алайда инфляцияны тек қана қағаз ақшаның көп мөлшерде болып, құнсыздануы деп қарастыруға болмайды. Инфляция тауар бағаларының өсуінен байқалса да, оны ақшалай құбылыс деп санау қате. Бұл әртүрлі нарықтық шаруашылық саласында ұдайы өндіріс диспорциясын туғызатын «Әлеуметтік – экономикалық» процесс. Осы күнге дейін күшті инфляция тұрақты инвестициялық процеске, тенгенің толық бағалы айырбасталуына қол жеткізуіне кедергі болып, тұрғындардың сатып алу қажеттіліктерін одан әрі түсіреді.
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жайында ғана іске асатынын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине бұл, тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама – қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек бұл – тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығы туралы сөз бола қалса, егер жұмыс күшінің ұсынымы сұранымнан көп болса, онда жұсысыздық көбейеді деген ұғым туады. Қандай өркениктті ел болмасын жұмысыздық проблемасын ерекше әлеуметтік қауырттылық әкелетін жағдай есебінде түсінеді. Сондықтан әр ел бұл мәселені шешудің өзіндік жолын іздейді және оның тиімді шешу жолдарын тауып отырады.
Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер

1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық // Алматы «Санат», 1998-47 бет – 57 бет, 405-411 –бб.
2. Экономика оқу құралы /Дайын Я.Ә. Әубәкіров және т.б. // алматы «Экономика», 1995-144 бет -60-61 б.
3. Көшенова Б.А. Ақша немесе банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы //Алматы «Экономика», 2000 – 328 бет -72-75 бб.
4. Қарақұсова А.Н. Ақша кредит саясаты және қаржы секторын дамыту //Егемен Қазақстан 2006 -29 мамыр.
5. Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз – Бюллетень N 1 // Алматы -2004-206-207 бб.
6. Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз – Бюллетень N 3 // Алматы – 2005 -76 б.
7. Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан // Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б.
8. Имашев М. Теңге, инфляция және қосымша құн. Қаржы және Аудит // Алматы -2003 -24-29 бб.
9. Райханұлы Н. Базарда жұмыс күні. Ақиқат. N 6 // алматы -2002 – 41-47 бб.
10. Нұрмұхамедова Ш.С. Жұмысыздық – кедейшіліктің басты себептерінің бірі. Вестник КазНу N 2 // Алматы – 2005 -132-134 бб.
11. Әбдиев Қ. Жұмысыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының - әлеуметтік экономикалық дамуы // Алматы – 2004 – 28 -29 бб.
12. Әбдиев Қ . Жалданып жұмыспен қамтылу. Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуы // Алматы – 2005 -30-31 бб.
13. Мамыров Н.К. Қазақстандағы адам дамуы //2004 жыл 76-81 бб.
14. Айтуғанов Ш. Жалқаулықты жегенге жұмыс көп // Нұр – Астана – 2005 – 18 тамыз.
15. Көнкесенұлы Б. Бізде жұмыссыздар жоқ // Қазақ елі – 2005 – 7 қыркүйек.
16. Нұрланов А. Тұрмысы төмендер қамқорлықтан қозғалмайды // Алматы ақшамы – 2004 – 17 шілде.
17 Самрат Ж. Базары бар құрлымының байланысы бар // Егемен Қазақстан – 2005 – 10 қыркүйек.
18. Байсақал Н. Әйелдің әлеуметтік ісіндегі әлпеті қандай // Алматы ақшамы – 2005 – 18 мамыр.




Қосымша әдебиеттер


1. Абдуллаұлы М. Астық қалай қымбаттайды? // Қазақ елі – 2004 – 25 ақпан.
2. Абдуллаұлы М. Рыноктардағы ақша бағасы // Қазақ елі – 2004 -21 сәуір.
3. Айманбетова Н. Өтпелі кезеңнің проблемалары және жүзеге асыру перспективалары; Инфляциялық таргеттеу //Егемен Қазақстан – 2004 19 мамыр.
4. Әбділда Ж. Құлмаханов Нұрқаділовтың «Но» Сын қалай пайдаланып жүр ? // Жас алаш 2005 – 4 маусым.
5. Жанділдин Ж. Өзімізді - өзіміз алдамайық // Айқын апта – 2005 29 қыркүйек.
6. Жандаулет Т. «Екі қолға бір күрек» тауып бермесек, «экономика көтерілді» деген бос доңғазалдан не пайда? // Жас алаш – 2005 – 4 маусым.
7. Ибришев Н.Н. Мемлекеттік қаржы саясатының әлеуметтік жағдайына әсері // Банки Казахстана – 2005 N6 21 -23 бб.
8. Мұқан Ш. Көтеоілген халық тұрмысын неге түземейді? // Жас алаш -2004 6 қараша.
9. Мұқанов Г. Ең бастысы -экономика // Түркістан – 2004 – 30 желтоқсан.
10. Мухамеджанова А. Инфляцияның мұнай бағасына қатысы бар ма?// Айқын – 2005 – 30 тамыз.
11. Мухамеджанова А. Ұлттық Банк пен Үкімет бір – бірін кіналайды; екеуінің келісе алмайтындығы инфляцияны ауыздықтау // Айқын -2005 14 қыркүйек.
12. Нұртөре Ж. Инфляция неден именді // Егемен Қвазақстан – 2006 17 мамыр.
13. Омаров Н. Барлық жерлерде жұмысыздық жөнінде жаған ақбар беру жаман әдетке айналған // Айқын – 2005 -28 маусым.
14. Сахариев Е. Мемлекеттің басты байлығы – адам // Ана тілі – 2005 -19 наурыз.
15. Шегебайұлы Б. Жұрт неге Алматыдан пана іздейді // Алматы ақшамы – 2005 -10 наурыз.
16. Шүкірбекова Ә. Жұмысыздық; дерек пен дәйек не дейді ? // Түркістан – 2005 7 шілде.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І-ТАРАУ. Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары

1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері

1.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары

1.3 Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері және мемлекетке қарсы шаралар

ІІ-ТАРАУ. Жұмызыссыздықтың мәні және оның экономикалық проблемалары

2.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері

2.2 Жұмыспен қамту саясаты

2.3 Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер

Кіріспе

Жұмысыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының
құрлымымен анықталады. Бірақ та жұмысыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның
өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже
бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені
қайтаруымызға болады. Айталық жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін
төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден
тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.
Берілген бітіру жұмысымның мақсаты инфляцияны тежеу, экономиканың
қызып кетуінің теріс салдарын болдырмау, инфляцияның теріс салдарын
төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының
қажетті икемділігінің ұстау, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің
экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі
тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты
жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді
саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.
Монетаризімнің Чикаго мектебі – неошебералистік қозғалыстағы
американдық монетаризмнің өзектілігі 50 –ші жылдардың соңы мен 60 –ші
жылдардың басында экономикадан Нобель сыйлығының (1976 ж) лауреаты М.
Фридменнің (1912 жылы туған) бірнеше басылымдарымен байланысты еді. Ол және
оның жақтаушылары кейномандық ақша емес фактордан (мысалы инфляцияның) гөоі
ақша факторын қалады.
Филипистің қисық сызығының пайда болуы, М. Блауг айытқандай,
кенсандық революция кезеңіне тән қарапайым экономикалық кеңестерге деген
экономика ғылымындағы алғашқы айтулы сенімсіздік 1958 ж. А. У. Фелипстің
эмперикалық қисық сызығымен байланысты еді. М. Блауг экономикалық саясаттың
мақсаты ретіндегі инфляцияның толық жұмыспен қамтудың кенсандық идеясын
жалпы еткізді деп жазды.
Конфликтерде бағаның тұрақтылығы мен жұмысыздық қатар тұра алмайды;
жұмысыздықты азайту инфляцияны жеделтету арқылы мүмкін, ал инфляцияны
төмендету жұмысыздықты көбейтеді. Сондықтан бағаның тұрақтылығы мен
жұмыспен қамтуға бір мезгілде қол жеткізу идеясының орнына бағаның
тұрақтылығын болмаса жұмыспен толық қамтудытаңдау келді.
М. Фридмен және оның жақтаушылары Филипстің конструкциясын зерттей
келе, былай дейді; қисық сызық тұрақты емес, әсіресе 60- шы жылдардағы әлем
елдеріндегі экономикалық ситуацияның өзгеруінің әсері бар. Бұл кезде қисық
сызықтың логикасына қарсы инфляцияның өсуі жұмысыздықты қысқартпай,
керісінше ұлғайтты, 70 – шы жылдардың басында бір мезгілде инфляция мен
жұмысыздық өсті. Бірақ монетарлық экономикалық ой – пікір келесі АҚШ – тағы
республикалық үкіметі тұсында көп жетістікке жетті. Ол кезең рейгономика
деп аталып, доллардың нақты нығайту арқылы инфляция баяулайды дейді.
Фридменнің жұмысыздықтың табиғи нормасымен байланысты,
инетитуционалдың және заң – құқықтың детерминаторға сүйенеді (біріншісінде
– кәсіподаққа, екіншісінде – жалақының төменгі дәрежесі жөнінде заң
қабылданды. Ол жұмысыздықтың төменгі дәрежесін негіздеуге көмектесіп, осы
кезде белгілі уақытқа дейін инфляция болмайды, М. Блаугтың пікірінше,
экономикада тұрақты қайталайтын Т.Ж.Нү – ескі классыкалық доктаринаның
қазіргі монетарлық түрі, ақша саны мен ұзақ мерзімдегі бағаның қатаң қарым
– қатынасы, ол ставка пайызын тұрақты ұстайды.
Жүргізілген экономикалық өзгерістер көптеген экономикалық қарама –
қайшылықтарды және тепе – теңсіздіктерді туғызды. Олардың негізгілері
өскелең бағалар мен ақша масса көлемінің төмен қабілеті бар сұраныс пен
өндірістің кірістер мен тұрғындардың нақты қажеттіліктерін және тауар
өндірушілердің арасында сәйкестіктің болмауы.
Бұған салааралық қалыптасқан бағалық тепе – теңсіздіктерді, бюджеттің
кірісі мен шығысын, салық дәрежесін және өндіріс мүддесін жатқызуға блады.
Бұл қарама – қайшылықтардың нақты механизімін және нәтижесін анализдемей,
экономиканы кризистен шығару шараларын қолдану мүмкін емес. Оларды
қарастыруды инфляциядан бастау керек. Себебі ол көпфакторлы және қаржылық
экономикалық тұрақсыздықта көрінетін экономикалық тепе – теңсіздігі.
Бағалардың күрт өсуі төлеу қабілеттінің төмендеуі мен қатар жүруі –
реформа жүргізудің басты шарты. Алайда инфляцияны тек қана қағаз ақшаның
көп мөлшерде болып, құнсыздануы деп қарастыруға болмайды. Инфляция тауар
бағаларының өсуінен байқалса да, оны ақшалай құбылыс деп санау қате. Бұл
әртүрлі нарықтық шаруашылық саласында ұдайы өндіріс диспорциясын туғызатын
Әлеуметтік – экономикалық процесс. Осы күнге дейін күшті инфляция тұрақты
инвестициялық процеске, тенгенің толық бағалы айырбасталуына қол жеткізуіне
кедергі болып, тұрғындардың сатып алу қажеттіліктерін одан әрі түсіреді.
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы,
яғни талаптануы тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жайында ғана іске
асатынын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне
сұраным мен ұсыным. Әрине бұл, тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін
реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама – қарсы әдіс деп қарауға
болады. Еркін еңбек бұл – тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығы туралы сөз бола қалса, егер жұмыс күшінің ұсынымы
сұранымнан көп болса, онда жұсысыздық көбейеді деген ұғым туады. Қандай
өркениктті ел болмасын жұмысыздық проблемасын ерекше әлеуметтік қауырттылық
әкелетін жағдай есебінде түсінеді. Сондықтан әр ел бұл мәселені шешудің
өзіндік жолын іздейді және оның тиімді шешу жолдарын тауып отырады.
Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі авторлардың
жұмыстары қарастырылды; Я.Ә. Әубәкіров, Көшенова Б.А., Жарқынбек О.,
Алдаберген А., Мұқаштегі М., Шокаманов Ю., Әбдиев қ., Мұқан М., Фридмен М.,
Блауг М., Филипс А.У., Самуэльсан П., Сухарукова В., Райханұлы Н., Байсақал
Н., Несіпбай А., Имашев М., т.б.
Дипломдық жұмысым кіріспеден, II тараудан тұрады. 1 –ші тарау,
инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары. Бұнда
инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері, инфляция деңгейін
анықтау жолдары, Қазақстандағы инфляция ерекшеліктерімен мемлекетке қарсы
шаралар. II – ші тарауда, жұмысыздықтың мәні және оның экономикалық
проблемалары. Бұнда қарастырғаным, жұмысыздық мәселесінің Қазақстандағы
кейбір ерекшеліктері, жұмысыздықтың пайда болу себептері, Қазақстандағы
жұмыспен қамту мен жұмысыздық проблемалары қарастырылған. Одан қорытынды,
негізгі пайдаланылған әдебиеттер және қосымша пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Берілген жұмыстың теориялық мәні келесі - экономикалық өсу
жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол
адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін экономикалық әрекет
жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Екіншіден жұмысыздық
(әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқырлауы) еңбек дағдыларын жазалтуға, яғни
жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және адам дамуына теріс
ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмысыздық тек жеке адамдардың ғана емес,
сонымен бірге жұмысыздардың әл – ауқатының деңгейін қолдауға,
мемлекеттердің мемлекеттердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі
бағдарламалардың іске асыруға байланысты елеулі әлеметтік, шығындарға
ұшыратады, ол мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін
ресурстарды қоғамнан ақшауландырады.
Жұмыстың тәжірибелік мәні;
- толық жұмыспен қамтуды қамтамассыздандыруға бағытталған айқын
саясат ұстау.
- жұмыспен қамтуды қамсыздандыруға бағдарланған жеделдетілген
өсу.
- Адам дамуын қамтамасыз етуге қаражаттарды біртіндеп жүйелі бағыттау
– біліктілік деңгейін көтеруге, өнімділік пен жолақыны өсіруге апаратын
жол. Сонымен қатар инфляция мен жұмысыздықты тежеумен байланысты
мемлекеттік бақылау және оны реттеу маңызды. Себебі, бұл екі құбылыстың
әлеуметтік экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар,
халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында
қайта бөлуге тірейді.

І-ТАРАУ. Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары

1. Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері

Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі және
тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция қоғамдық
ұдайы өзгерістегі диспропроцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен
шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез – келген экономикалық
формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары
арасында, комерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын сөзі – inflatio – ісу, қампаю, қабару деген сөзді білдіреді. Инфляция
тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жыдлардағы азамат соғысы кезінде
пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету прцесін
білдірген. ХIХ ғасырда бұл термин Англиямен Францияда қолданыла бастады.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық
әдебиеттерінде 20 – жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы анықтамасы – айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі – Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін
құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіну жеткіліксіз. [1400-411б-
б]
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән
ғажайып құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс,
оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс
сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің
экономикалық өміріндегі ең өткір прблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті тұрақты балютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайларда әсер
етеді. Мысалы, 70- жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының
өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет
көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7
пайызға, 1979 жылы – 9 пайызға артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының
өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға,
ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен
экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша
өлшемінің девальвациялануы мен ревальюциялануына, нарық коньюктурасының
өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және тағы басқаға
байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері
болады.
Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХIХ –
ХХ ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы
өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен
депресия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай
құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне
көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс
материалдарының бағасы өсіп кетеді. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толтыру барысында баға төмендеуі тиіс.

Сонымен баға өзінің инфляциялық себептеріне мыналарды жатқызамыз:
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе – теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тпшылығынан көрінеді.
Егер дефициті Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, онда
айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігі МV ═РО болса, М
мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. әсіресе,
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияы өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқада пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының өсуіне әкеледі. әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал,
олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
ондіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. өздері
илік жүргізетін нарықты бағаның төмендеуін олдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес
келмеуі көмектеседі. [2144-б]
Төртіншіден, елдің экономикасының анық болуы оның бірте – бірте
әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның
қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылға энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбатауына әкеледі.
Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. әрине өз
валютасын ревалюциялау ұлттық балютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай
импортын арзандатуға болады. Бірақ, ревальвация отандық тауарлардың
экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік нарықта бәсекестік
қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат алады, ол
инфляцияны күту нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен
өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең
басты міндетті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйіткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін. өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға
белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар – көкек 1992 жылы)
инфляцияның жоғарғы қарқынды тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың
бағаны көтеру мүмкіндегінен сақтанып, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын
жоғарлатты. Нәтижесінде, Ресей эконоикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі
бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны
куткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген нақты елдердің экономкалық жағдайына байланысты.
Айталық, Батыс Европада II дүниежүзілік соғыс біткен соң инфляция көптеген
тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық
құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатынасы,
инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. фактрорлар себепші болады.
Бұрынғы КСРО – ны алатын блсақ, жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы
жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе – теңсіздік
жатады ол әкімшіл - әміршіл жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән
жағдай ЖҰО – дегә әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, басу және қаржы
– несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі ұлттық табыстағы жалақы
үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктер.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция әдетте
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс
жылдарындағы мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз
ақшаларды шығаруға мәжбүр болады. Соңғы жылдары бірқатар елдердің
экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына
айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10 % - тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы кейнешілер мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс
пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға
мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20- дан
200 % ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ, көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қаркынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен
тауар бағасы шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада
азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300 % - ке жетті. Мұндай
жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын
болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген
бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу
қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946
жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген
сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысады.
Нәтижесінде, айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ал оның санының көбейуіне
тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды.
Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері блатындығын
атап өту орынды. Басыңқы инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
[372-75 б-б]
50 -60 жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты
қарқынмен жүрді. Ал, 70- жылдары ол бақылаудн шыға бастады, ұдайы
өндірістің қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына
айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70 – жылдардың екінші
жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ – та 1956-
1965 жылдары 1,7 %, 1966-1974 жылдары - 51 %, 1975-1980 жылдары – 9,3 %
болды. Англияда осы кезде 3,1: 6,0 және 17,9 %, Францияда 5,0 : 5,9 және
1,9 %. 80 – жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4 %
- ке тең болды. 1987 жылы -3,7 % - ке төмендеп, орташа инфляцияның үлгісіне
сәйкес келді. Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішінде
негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы,
жалақы өсуін тежеу шаралары.
Инфляция баланстанған, тепе – теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның
өсуі баяу, яғни барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай
жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл
бағалардың тұрақтануы кезіндегі экономикалық ахуалы білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу
керек. Күткен инфляция мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды,
мысалы Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру
алдында жасаған бағаны жоғарлату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады,
ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық
инфляция күтілген болса, онда халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп,
артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс
көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік
бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан
шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді.
Егер бағаның тұтқиылдан өсуі инфляцияны күту басталмаған экономикада орын
алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт
өсуі қысқа мерзімді құбылыс, л төмендейді деген үмітпен тұтынушылар нарыққа
сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап,
жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны
төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе – теңдік
жағдайына келеді.
Инфляция жұмысыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды, 1958 жылы ағылшын
экономисі А. Филипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сүраныс инфляция үлгісін
жасап, ұсынды. 1961 – 1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика
мәліметтерін қолданып, Филикс еңбекақы кесімдері мен жұмысыздық
деңейлерінің расындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты анықтаған.
Филипистің айтуынша, Англияда жұмысыздықтың 2,3 – 3 % - тен артық
өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмысыздықтың қысқаруы
баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша
айытқангда, ұлттық экономикада жұмысыздықты инфляцияның өсу қарқынын
арттыру арқылы қысқартуға болады.
Филипс есептеулерінің теориялық негізін З. Липси есімді экономисі
жасаған екен. Кейінен американ Р. Солоу және П. Самуэльсон Филипс қисығын
жетілдіріп, оның орташа үлгісін жасап берген. Олар Филипс моделінде
еңбекақы ставкасын тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде
Филикс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен,
жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақсыздандыру жағдайларын
анықтауда қолданылады. Х сызығында жұмысыздық деңгейі (% - пен), У
сызығында – тауар бағаларының өсу қарқыны (% - пен) көрсетілген. Филипс
қисығы осы көрсеткіштердің ара – қатынасын белгілейді:
Егер қалыптасып отырған жұмысыздық мысалы И1 (Р1 – инфляция
деңгейінде) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмысыздық деңгейін қысқарту
мақсатында белгілі ақша несие және қаржы – бюджет іс - шараларының
жүргізілуі қажет болды. Жұмысыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне
қосымша жағдай жасалады. ЖҰО-нің өсуі жалпы сұраныс өскен жағдайда тауар
бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі өскенде ұсыныс, өндіріс
арқылы өседі, түптеп келегнде ЖҰО өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс
факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша сұранысты қалыптасырады,
жұмысыздық қысқарады.айталық, жұмысыздықтың үлес салмаұы U2 – ге дейін
қысқарған болып, онда инфляция қарқыны Р2 – ге көтеріледі. Бұл экономиканың
қызуын арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптасыруы мүмкін. Сондықтан, үкімет
енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында
бюджет шығындарын қысқартады, қымбат ақша – несие саясатын іске қосады.
Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейге дейін түседі,
ал жұмысыздық сәл өседі, оның деңгейі U3 –ке жетеді.
Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филипс қисығын қысқа мерзімдік
экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде Филикс заңдылығы
сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.
Осы жағдайлардың расында сұранысты ынталандыру саясатының орны
ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмысыздықты қысқарту мақсатында іс -
әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді.
Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы
артады. Сонда Филикс қисығы концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі
жұмысыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның
өсуіне байланысты жүреді. Бірақ, уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны
нминалды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек
ұсынысы өспейтін болады.
Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек факторына қосымша
сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен
артық көтеру талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы
азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша жұмысшыларды жұмысқа алуды
тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып, жұмысыздықты
арттырады. Бұл мәселеге 60 жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше
назар аударған еді. Оның айтуынша жұмысыздықпен инфляция арұылы күресу
тиімсіз, керек десе, қауіпті іс - әрекет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің
номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықталған соң
инфляциямен бірге жұмысыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы
мүмкін.
Стагфляцияны Филипс қисығы арқылы солдан – оңға қарай жылжуымен
сипаттауға болады. Филикс қисығы жұмысыздық пен инфляция баламасын талдау
құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір
бар. Ал, тосын инфляция жағдайында бағалардың күрт өсуі жұмысыздықты
бұрынғыданда жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айытқанда,
статистикалық деректердің негізінде жасалған Филикс қисығы ұзақ мерзім үшін
тұрақты экономиканың заңдылығын көрсетеді. Филикс қисығының орнына 1979
жылдан бастап, АҚШ пен Англияда жұмысыздықтың табиғи деңгейі деп аталатын
теория қолданған. Теорияның мәні: ұзақ мерзімде жұмысыздықтың деңгейі оның
табиғи деңгейінен артса, қоғамда баяу инфляция экономиканың өсуіне,
қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.
Қоғамдағы жұмысыздық деңгейі оның фракциондық және құрылымдық
түрлерінен құралған болса, жұмысыздықтың табиғи деңгейі еңбек нарығының
құрлымымен анықталады. Бірақ, жұмысыздықтың табиғи деңгейін сақтап,
инфляцияның өсу қарқынын тьөмендетуге арналған экономикалық саясат әрқашан
оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, мына
мәселені ескеру қажет: жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін
төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқталмайды екен, керісінше біраз
уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса, Батыс елдерінің көбінде жұмысыздық
деңгейі өсуде. Мысалы, АҚШ – та жұмысыздықтың табиғи деңгейі 60 – жылдары 4
% - ке тең болса, 80 – жылдардың екінші жартысында 6-7 % - ке дейін өскен
екен.
Ал өз еліміздің жағдайына келетін болсақ, 2003 жылғы мәліметтер
бойынша ҚР-ның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында
Президент қойған бірнеше тапсырма болды. Оларды министрлік және жергілікті
басқару орындары орындауы тиіс.
Бірінші тапсырма – елдегі кедейлік масштабын төмендету. Бұл
министрліктің тұрақты айналысатын бірінші кезектегі басты тапсырмасы. Бұл
тапсырманы шешуде ең басты көңіл ауылға бөлінеді.
Кедейлік масштабын төментдету үкімет бағдарламасының бірнеше шаралары
бойынша іске асырылады. Оның ішінде қоғамдық жұмыс саласын кеңейту,
жұмыспен қамтылуын дамыту, табысы аз азаматтарға көмек ретінде
микронесиелер беру, ауыл тұрғындарын малмен, тұқыммен, ауыз сумен,
техникамен қамтамасыз ету шаралары.
Қазіргі кезде табысы кедейлік деңгейінен төмен 29 пайызды құрайды.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрі К. Келімбетовтың айтуынша, 2006
жылы үкімет кедейлік деңгейінде табыс табатын тұрғындар саны 20 пайызға
төмендейді деп күтуде.
Екінші тапсырма – жұмыспен қамтудағы белсенді жәрдем, еңбек
қатынастарының легализациясы және еңбек ресурстарының сапасын арттыру.
Эксперттік баға бойынша (диаграмма 1) жұмысыздар саны 2003 жылдың мамыр
айында 656,4 мың адам болды. Бұл 200 жылдың орташа жылдық көрсеткішінен
асып түсті. Көрсетілген динамика бойынша 2003 жылы жұмысыздық деңгейі 8 %
-тен аспады. Үкімет жаңа кәсіби білім беруде білімді, жұмыспен қамтамасыз
ету жүйесін, әлеуметтік қамсыздандыруды біріктіру жоспарланған. Сонымен
қатар, кадрларды қайта даярлау мәселесі е қарастырылды. Осылайша, 2002 жылы
20 мыңнан астам адам кәсіби оқытылды. әр адамның оқуына кеткен шығын 5000
теңгені құрады. Дәл осы жылы 211 мың қосымша жұмыс орны, ал қоғамдық
жұмыстармен 10 мың адам айналысты.
Үшінші тапсырма – жаңа механизм өндіру және әлеуметтік көмек көрсету
құралдарын жетілдіру. Бұл мәселені шешу үшін жұмыспен қамтуда және еңбек
қатынастарын жетілдіру туралы заңнама негізін тұрақтандыру жұмыстары
жүргізіледі. Ең алдымен еңбек кодекісін әзірлеу ҚР-нің жұмыспен қамту
туралы заңына өзгертулер енгізу және Еңбек туралы заңға толықтырулар
енгізді. 2003 жылдың сәсірінде тұрғындардың орташа номиналдық ақшалай
табыстары (диаграмма 2 ) 9201 тенгені құрап, 2002 жылдың сәуірімен
салыстырғанда 10,4 % ке өсті, нақтылы ақшалайтабыс 3,1 % ке өсті. Мысалы,
2003 жылдың қаңтар – наурыз айларында тұрғындардың жа басына
шаққандаақшалай табысы 28 722 теңге болды, бұл 2002 жылмен салыстырғанда
14,3 % ке жоғары болды. Нақты ақшалай табыс осы кезеңде 6,8 % - ке өсті
(1,2 диаграмма).

Диаграмма 1

Диаграмма 2

1.2. Инфляция деңгейін анықтау жолдары

Ұлттық валюта енгізілген кезден бастап ұлттық валютаның салыстырмалы
бағасы мен теңгенің эквивалентінің жасанды инфляциялық құнына дисэквивалент
үздіксіз енгізіліп отыр. Ақшаның (қағаздың) қызметі – ол экономикалық
қатынастарды белгілеу, тіркеу, бірақ оның қызметіне жаңа құн жасау
кірмейді. Ақша табиғатының бұрмалануы және мойындалмауы олардың айырбас
құралына жаңа жасанды құн жасау құралына айналуына, өзінің жеке құнына ие
болуына және осы құнды аластап алу құралы болып өзгеруіне әкеліп соқты.
Сондықтан, нарықтық өзгерістердің бас кезінде елдің қаржы, несие
құрылымдары өз назарларын аса рентабельді қаржы – қаражат саласына
шоғырландыра отырып, өндірістік қызметті қаржыландыру мен несиелендіруден
бойларын аулақ ұстайды.
Экономика мен қаржыны басқарудың қазіргі өз қүшіндегі режимі
объективті экономикалық заңдарды мойындап танығысы келмеді, инфляциның
материалдануын жүзеге асырды және оны өзін - өзі ұлғайту тетіктерімен
жарақтандырды. Сөйтіп сайып келгенде, қосымша құнның емес, инфлчцияны
өсірудің есептік – қаржылық тетігі іске қосылды.
Баланс пайдасы инфляцияның синониміне, хұқықсыз аластап алу тетігіне,
материалдық емес жасанды негізде инфляциялық процестерді тездетудің және
жаңа құн жасаудағы теріс бағытты нығайтудың құралына айналды. Нарықтық
ортада мемлекеттік статистика комитеті үдетіп отырған тиімсіз өндірістік
қорларды директивалы индексациялау өмірде жоқ құнды өсірудің қаржылық
тетігін іске қосуға әкеліп соқты. Экономикалық тетік (механизм) жалған
қосымша құнды үдетудің және оны экспроприциялық қызметнегізіне айналдырудың
бұрын көрмеген функциясына ие болды. Мемлекеттік статистика комитетінің
құндылықтарды нарықтық емес, диреткивалы индексациялау арқөылы және Ұлттық
банктің ұлттық валюта курысын белгілеу арқылы екі тәелсіз инфляциялық
тетіктің балансқа кіргізілуімен экономикалық ортаға эквивалентсіздік
стандартының енгізілуі басталды, соның ішінде бұл процесс тқтыну және
валюта ингфляцияларының арасында тепе – теңдікті бұзылу арқылы да жүзеге
асқанын айтуымыз керек.
Валюталық сұраным тетіктері арқылы тұтыну инфляциясын қосудың есептік
– тіркеу феномені пайда болып, ресми қызметке көшті. Эквивалентсіздіктің
негізінде заттандырылған және қайта жасалған қосымша құнды қайтадан бөлудің
қаржы жүйелері көбейе бастады. Экономикалық орта қоғамның қалтасынан
қосымша құнан жасалған материалдық игілікті қарпитын қаржы тетіктерімен
толықты. Ал, қоғамның мұндай сұғанақ құрал – қолдары жоқ болатын.
Экономиканы инфляциялық қыздырудың идеологиясы әсіресе өндірістік
салада ерекше келеңсіздікпен көрінді. Онда фискалдық салық құралдары
жиынтығымен бірге өндіріске қарсы орта құрылып, іс жүзінде өмір сүріп
тұрған өнеркәсіп потенциалын аздырып – тоздыра бастады. Көлік, энергетика,
отын, шикізат салаларындағы пайданың (жасанды құн( елеулі бөлігі түпкі өнім
шығаратын салалардағы шығынды құрады.
Сөйтіп экономикалық жүйе жасаған, қамтамасыз етілмеген есеп айырысу
массасының, жасанды құнның потенциалы көптеген қажыр – қайраттың
мәнсіздігін айқындап берді, халық пен мемлекеттің төлем жөніндегі
қабілетсіздігін үдете түсті. Ақшалай және бартерлік есеп айырысу
бірліктерінің эквивалентсіздік феномені немесе экономиканың есеп айырысу
саласында көлеңкелі потенциал қалыптасты.
Нарықтан тыс жасанды құн жасаған экономикалық ортада бюджет пен
зейнетақы қорына тұрақты төленбейтін борыштылық бұрын болып көрмеген
позитивке айналды және өзінің экономикалық мәне бойынша инфляцияның жүзеге
асырылмаған, жасырынып қалған қуатын байқатады. Қазақстанның нарықтан тыс
іщкі бағаларын құрау методологиясын теңгенің ішкі рыноктағы сатып алу
қабілетінің курсын мақсаткерлікпен кемітуге әкеледі және осы нарықтан тыс
көлемге ішкі және сыртқы рыноктағы ұлттық валютаның сатып алу функциясының
дисэквивалентінін (қос мәнділік) жасайды. Сыртқы рыноктағы сатып алу
қабілетінің өсу көлемі импорттың ынталандырушысы, мемлекетаралық сауда,
қапшықты бизнес пен валюталық операция салаларындағы үздіксіз иелену
(өнімсіз баю)объектісі болып табылады.
Жасанды жасалған құнның материалдық негізін жасанды құннан айыра
білмеушілік Қазақстан экономикасын қанауды қалыптастырады, елді адам
айытқысыз инфляцияға және қоғамдық тұтынушылық сұраныстың күйзелісіне
жетелейді.
Макроқаржігер – қоғамның экономикалық шығындары қазірде экономикалық
жүйенің экспроприяциялық мәнін тепе – теңестіруді сыртқы заемдар мен Ұлттық
банк несиелері арқылы жүзеге асыруға алып келді. Ал, бұл дегеніңіз шын
мәнісінде қаржыландырудың инфляциялық көзі болып табылады. Себебі, бұл
жағдайда ұлттық өндіріс пен тұтыным деңгейінің артуымен нығайтылмаған
айналымдағы ақша массасы көбейіп кетеді.
Экономикалық заңдар экономика жасамаған, жасанды көлемдерді табиғи
төлемшілер, яғни зейнеткерлер, қоғам, шаруашылық субъектілері немесе сыртқы
заемдар арқылы болашақ ұрпақтар төлеуін талап етеді. Экономика мен қаржы
әлеміндегі осындай шым-шытырық сәйкессіздіктермен күресу де бүгінгі таңдағы
басты міндеттердің біріне саналса керек.
Инфляцияны тежеу , экономиканың қызып кетуінің теріс салдарын
болдырмау, инфляцияның теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді
ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін ұстау, қаржы
нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық банктің
экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі
тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты
жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді
саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.
Бұдан басқа, Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу,
нарықтың шамадан тыс өнімділігін реттеу, валюталық режимді одан әрі
ырықтандыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыратын болады.
Экономиканың қызып кетуінің теріс салдарын болдырмау үшін мұнай мен
газ өндірудің ұтымды кестесін құра отырып, мұнай – газ секторы дамуының
елдің экономикалық джамуына ықпалын бағалау жүргізілетін болады. Номиналдық
ЖІҚӨ - нің өсу қарқынымен теңдестірілген мемлекеттік бюджет шығыстарының
өсу қарқынын қамтамасыз ететін фискалық саясат және бюджеттің мұнайдан
болмайтын тапшылығын біртіндеп төмендету жүргізілетін болады.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың жаңа схема бойынша жұмыс
істеуге көшуі жүзеге асырылады, бұл Ұлттық қордың экономиканың теңгерімді
дамуын және экономиканың қызып кету қаупін төмендетуді қамтамасыз ететін
макроэкономикалық реттеуіш ретіндегі рөлін күшейтеді.
Инфляцияның өсуінің теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді
ынталаныру үшін Ұлттық Банк теңгенің нақты айырбас бағамының икемділігін
қамтамасыз етеді, бұл ол бойынша бағаларды белгілеместен, теңгенің
қалқымалы айырбастау бағамы саясатын жүргізуді болжайды. Қажет болған
жағдайда инфляциялық күтуге таралуға қабілетті валюталық бағамның қысқа
уақыттық және алыпсатарлық ауытқушылықтарын әлсірету мақсатында валюталық
инфляция жүргізілетін болады.
Қражы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы шаралар
мынандай бағыттарда жүзеге асырылатын болады:
- банк секторының сырттан қарыз алуын реттеудің жанама әдістерін
(құралдардың), оның ішінде ең аз резервтік талаптарды есептеу әдістемесін
жетілдеру, валюталық өтімділік нормативтерін, банктік сектордың сырттан
қарыз алуын реттеудің жанама әдістерән (құралдарын), оның ішінде ең аз
резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру, валюталық өтімділік
нормативтерін, банктік сектордың сырттан қарыз алу лимитін, банктердің ашық
валюталық ұстаным лимиттерін белгілеу;
- қаржы секторындағы, әсіресе банк секторындағы одан әрі ырықтандыру
және бәсекелестік арттыру, оның ішінде, Қазақстан аумағындағы шетелдік
банктер филиалдарының қызметіне рұқсат беру мүмкіндігін қарау, қаржы
секторындағы монополияға қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, банктердің
шоғырландырылған қадағалау, меншік иелерінің құрылымы, аффилиирленген
тұлғалармен қарым – қатынас бөлігінде банктік қадағалау рәсімдерін
жетілдіру, Қазпочта АҚ-тың халыққа қаржылық қызметтер көрсету жөніндегі
мүмкіндіктерін кеңейту;
- Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құруды қоса алғанда, қор
нарығын одан әрі дамыту, инвестициялық банкинг саласындағы бәсекені
қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар жүзеге
асыратын операциялардың тізбесін кеңейту, корпаративтік басқару мәселелері
жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру.
Инфляцияға қарсы шаралар кешенінің іске асыру нәтижесінде инфляцияны
2006 жылы 5,7-7,3 % және 2007-2008 жылдары 5-7 % межесінде ұстап тұру
көзделіп отыр. Ұсынылған шараларды іске асыру экономиканың қызып кетуінің
теріс салдарының пайда болу қаупіп төмендетуге мүмкіндік береді, қаржы
нарығының тұрақтылығын сақтауға, бәсекелестікті ұлғайтуға және нарыққа
қатысушылар қызметінің ашықтығын арттыруға, бағалы қағаздар нарығын одан
әрі дамытуға ықпал ететін болады. [4 6-б]
Мемлекет басшының тапсырмасы аясында және Премьер Министердің нұсқауы
бойынша Премьер – Министердің орынбасары Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен
елімізде инфляциялық үдерісті реттеу мәселесі жөнінде кеңес өтті.
Атап айытқанда, инфляция өсуінің монетарлық және монетарлық емес
себептері, сондай ақ есептеудің халықаралық стандартын енгізу талқыланды.
К. Мәсімов өткен аптада Премьер – Министердің министірліктерге,
ведомстволарға және жеогілікті атқарушы органдарға инфляцияға әсер етуші
себептерді жою жөнінде бірқатар жедел шаралар әзірлеу, соның ішінде
заңнаманы жетілдіру саласында, толықтай алғанда мәселені шешуде жүйелі
қадам жасау жөнінде берген тапсырмасына назар аударды.

1.3. Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері және мемлекетке қарсы шаралар

Елдің еңсесін басқан қымбатшылық пен мемлекет қаржысының тақыл –
тұқыл қалпы теңгенің тұрақты болуына мұршасын бермеді. Теңгенің айырбас
бағамының ырыққа жіберілуі отандық өндірістің дамуына өзінің көмегі болуы
тиіс деген үміттің жалған болғаны белгілі. Бұл шараны Үкімет пен Ұлттық
банк біресе отырып жасаған. Олар сол кезден – ақ еліміздің алтын қоры теңге
бағамын ұстап тұруға толық жетеді деген. Сөйітсе де, күндеп, айлап баға
құтырып, инфляция біздің еліміздеде ұшығуда.
1999 жылғы инфляция деңгейі қандай?
1999 жылы республикалық статистика жөніндегі мәліметтерге қарағанда, ұлттық
валюта сол жылы инфляцияға ұшырауы байқалған. Елімізді бүтіндей алып
қарағанда, барлық тауарлар мен қызметтер бағасының қымбаттауы 1998 жылдың
желтоқсан айымен салыстырғанда 112,9 % - ті, ал оның 1999 жылғы шілдедегі
тұтыну бағасының индексі 101,1 % - ті құраған. Азық – бағаларының да
тиісінше 1998 жылда 115,5, шілдеде 100,6 % - ке көтерілген. 1998 жылы
желтоқсанмен салыстырғанда барлық тауарлар мен қызметтерге және азық –
түлік тауарларына шаққанда тұтыну бағасы Ақмола, Маңғыстау обылыстары,
Астана мен Алматы қалаларында тым жоғары болды. Ал, азық – түлік
тауарларына бағаның өсуі Ақмола,
Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан обылысында қатты байқалды.
Ақылы қызметтердің бағасы әр жерде әр түрлі. Дегенмен, 1998 жылы
желтоқсанда республика бойынша 107,4 % - ті құраса, жекелеген мысалы,
Оңтүстік Қазақстанда 127,2 % - ке жетті.
Шілдеде республика бойынша азық – түлік, азық – түлік емес
тауарлардың негізгі топтары мен ақылы қызмет көрсетудің орташа бағаларында
да өзгерістер болды. Жыл басындағы бағамен салыстырғанда, әлдеқайда
қымбаттады. Сөйтіп, ол 130,3 % ет және ет өнімдерінің бағасы 104,2, қант
– 119,0, көкеніс және жемістердің бағасы 128,4 % құрады. Сүт және сүт
өнімдері мен жұмыртқаның бағасы жалпы республика бойынша 76 – 108 %
аралығында болды. Нан және нан өнімдеріне баға Ақмола облысы (152,1 % ) мен
Астана қаласында (136,10) тым жоғары. Оларға қарағанда жағдай Қызылорда
(114,3 %), Ақтобе (116,3 %), Қостанай (118,1 % ) облыстарында біршама тәуір
болған.
Аталған мерзім ішінде киім, аяқ киім, тұрмысқа қажетті тауарлар
бағасы едәуір қымбаттады. Республика бойынша олар 106,6 – дан 116,5 %
аралығын құрады. Маңғыстау, Қарағанды, Алматы обылыстары мен Алматы
қаласында үйге тұтынатын тауарлар бағасы едәуір қымбаттаған. 1999
жылы ел бойынша көлік және байланыс қызметтері бағалары күрт өсті. Теңге
бағамының ырыққа жіберілуі мен жанармайдың қымбаттап кетуі осы салаларда
қызмет құнының өзін - өзі ақтамау салдарын туғызды. әлбетте мұның бәрі
айналып келегнде қарапайым халықтың қалтасын қағуда.
Республика бойынша 1998 жылы көлік және байланыс қызметінің бағасы
118,4 % - ке жетті. Баға Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында тым
жоғары болды. Бұларда осы мерзім баға тиісінше 134,1 % - тен 136,5 % - ке
жетті. Жағдай Ақмола (126,1 % ), Маңғыстау (119,5 % ) облыстары мен Астана
қаласында (125,8 %) мәз болған жоқ.
Ұлттық банк төрағасы Г. Марченко 2000 жылдың орта шенінен – ақ
жылдық инфляция болжамды деңгейден жоғары болмайды деген. Бірақ, бұл
жағдай аяғында бұдан сәл басқаша болды. Ұлттық банкте болған баспасөз
маслихатында 2001 жылдың инфляция деңгейі 9,8 % - ті құрағанын айытқан. Бұл
2000 жылға белгіленген индикативтік көрсеткіштен 0,3 пункте жоғары болды.
9,5 мөлшерде жоспарланған инфляция деңгейіне қол жетпеуіне қатар азық
– түлік тауарларының қымбаттауы әсер етті. Атап айытқанда жыл ішінде
қанттың бағасы – 40 % - ке, жеміс пен көкеніс – 30 % астам, жұмыртқа IV
тоқсанның өзінде 43 % - ке қымбаттаған. Ұлттық банк төрағасының пікірінше,
аталған тауарлардың бағасының жылдық есімі өзге тауардікіндей 10 %
төңірегінде болса, онда жылдық инфляция деңгейі 8,4 % шамасында болған еді.

Жалпы алғанда, 1999 жылдың II жартысында басталған оң үрдістер күшейе
түскен. Инфляция 1999 жылғы деңгейден 2 есеге жуық төмендеді. Төлем балансы
сальдосы жақсарып, елдің алтын валюта резерві біршама өскен. ҰБ-ның
Халықаралық валюта қоры алдында өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын толық
өтеді.
2000 жылдың аяғында ұлттық валютаның доллармен алғандағы бағамы 145,4
теңге болды.
Теңгенің жыл бойғы құнсыздануы 5,2 % - ті құрайды. Мемлекеттік құнды
қағаздар нарығында аухал да тәуір болды. Айналыс мерзімі 12 айдан және одан
да көп уақытқа шығарылған құнды қағаздардың үлесі 44 % - ке дейін өсті.
Банктердегі депозиттер ұлғайды. 2000 жылдың қарашасында халықтың
банктердегі салымдары 55 % - ке артып, 85,4 млрд теңгеге жеткен – ді. (593
млн долларға тең). Мерзімдік салымдардың ұлғаюуы нәтижесінде нақты секторға
несие беру де ұлғая түскен.
2001 жылдың 5 маусымында ҰБ төрағасы Г. Марченко мырза мамыр айының
қорытындысына байланысты баспасөз маслихатын өткізу барысында белгілі
болған басты жаңалық – елдің құнсыздану деңгейінің төмендегені. Сонымен
қатар, бас банкир Ұлттық қордың қоржынындағы қаржы жыл соңында 1,5 млрд
долларға жетуі тиіс деген.
Сонымен қатар, қол жеткізген тағы бір жетістігіміз – бұл
мемлекетіміздегі несие рейтінгенің бір саты жоғарлағандағы. Халықаралық
беделді рейтинг ұйымы солай баға берген екен.
Ұлттық қор қаражатының 900 млн долларға жетуі мемлекетіміздің
несиелік рейтінгі үшін маңызды көрсеткіш, - деді Григорий Марченко. 2005
жылғы бюджет талқылау барысында экономика және бюджеттік жоспарлау
министері К. Келімбетов пен Ұлттық Банк төрағасы Ә. Сейденовтың дерегі
бойынша, республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 1123390,2 миллион теңгеге
немесе ЖГО – нің 19,2 % - іне тең. Ал, шығыс бөлігі 10758525,3 милион
теңгені немесе ЖГО – ның 18,4 % - н құрайды. Жалпы екі жылға арналған
бюджеттік жобада бренд мұнайының баррелі 28 -33 доллар болады деп күтілуде.
Соған орай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚПАРАТТЫҚ ӨРКЕНИЕТТІЛІКТІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық жақтары
Жастар мен жұмыссыздық мәселесі
Салықтық жеңілдіктер
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Жастық шақ кезеңдері
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
Онлайн жарнаманың тілі
Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Пәндер