Заңды мінез-құлық түрлері


Жоспар
2 Заңды мінез-құлық түрлері
3 Құқықтық сананың деңгейіне байланысты заңды мінез-құлық түрлері
Кіріспе
Азаматтардың құқықтық мінез-құлықтарының мәні мазмұны, құрылымдық компоненттері сипаттамалық белгілері және қалыптасу мәселелелері ерекше зерттеу объектісі ретінде қарастырылып саралану керек.
Құқықтық зерттеу пәні ретінде құқық жүйесінің өмірмен, әлеуметтік практикамен байланысын айқындау үшін құқықтық қоғам өміріндегі орнымен ақтаратын қызметі, мәні, мазмұны, құрылымы әлеуметтік функциялары құқықтық нормалардың шығу тегі, құрылымы және т. б да көптеген белгілік қасиеттерімен өзіндік ерекшеліктері нақтыланып зертелу кажет
Құқықтық мінез-құлықтың қалыптасуындағы құқықтық заңдардың, атап айтқанда ҚР Конституциясының және ҚР азамат кодексінің баптарындағы құқық нормалары өз диспозицяларында көрсетілу қалпында жеке-жеке алынып, олардың әр-қайсысының азаматтық құқықтық қатынастарды реттеудегі тәрбиелік тағылымдарының мәндері әр түрлі тұрғыдан жан-жақты ерекшеленіп, талдануы.
Құқықтық мінез-құлықты, құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал ететін құқықтық қорғау институттары мен құқықтық оқыту жүйелерінің жұмыстарын, құқықтық насихаттық мазмұны мен ұйымдастырылу нысандарын жетілдіру мен тиімділігін арттыру жолдары, тәсілдерімен әдістері жан-жақты қарастырылып нақтылануы.
Құқық, ұғымы мен “заң” ұғымдарының арасындағы алшақтықтарды, заңдардың өздерінің де әр түрлі болып келетіндігін, заңдардың жарлықтардан, қаулылардан және шешімдерден өзгешелігін анықтап алу қажет сонда ғана мінез - құлықтың қалыптасуында қандай заңдардың шешуші тәрбиелік рөл атқаратындығын түсініп, ұғынуға мүмкіндік туғызу керек.
Кез- келген Заң актілерінен мысалдарды көптеп келтіруге болады. Олай болса Республика азаматтарының бойына құқықтық белсенді мінез-құлықты белсенділікпен сіндіру-кезек күттірмейтін міндет онсыз жеке адамдардың, бүкіл қоғамның мүдделерін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген құқықтық мемлекетті орнықтыру мүмкін емес.
1 Заңды мінез-құлық түрлері және қалыптасу ерекшелігі
Заңды мінез құлық -құқықтың әлеуметтік нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез құлқы. Заңды мінез құлық арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Заңның талаптары орындалмаса, ол жансыз. Тұлғаның заңды мінез-құлқының көлемі мен үлгісі құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.
Құқықықтық нормативтік актілерде адамдарға, қоғамдық қатынастарға тигізетін ықпалын және қоғамдық қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеудің әлуеметтік тиімділігін анықтап, саралау өте ауыр әрі күрделі. Бұл құқықтық құбылыстар, параграфте жан-жақты қарастырылып анықтылғындай, Қазақстан құқық жүйесінде өзіндік орындары бар әрі белгілі бір құқықтық іс-әрекеттер (мінез-құлықтар) мен құқықтық рәсімдердің жиынтық мазмұнын бейнелейді. Мысал үшін құқықтық реттеудің атқаратын әлеуметтік қызметінің мәнін талдап көрелік. Құқық күшімен қоғамдық қатынастар қалыпқа түседі, реттеледі. Кейбір қатынастар заң арқылы, ал кейбіреулері заңға тәуелді нормативті актілердің күшімен реттеледі.
Заңды мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді, сондықтан пайда болатын, жүзеге асырылатын құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады.
Азаматтар заңның талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:
1) Белсенді заңды мінез-құлық
2) Бәсең (енжар) заңды мінез-құлық
Белсенді заңды мінез-құлық - лауазымды тұлғалардың азаматтардың бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері . Ондай әрекеттер қосымша уақыт, күш, кейде қаражат жұмсаумен байланысты.
Осындай мінез құлық басым болуы үшін қазіргі кезеңде қажетті шарттар баршылық. Ол-егеменді, дербес мемлекет пен ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық дағдарысты тоқтату үшін барлық күш-жігерді жұмсаудың қажеттігі, асқынып бара жатқан қылмысқа қарсы азаматтардың шама шарқынша күресу борышы. Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау -заманымыздың талабы. Белсенді түрдегі заңды мінез-құлықтың көріністері сан алуан. Ол -лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктеген міндеттерін қалтқысыз, санады түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсене қатысып, оларға көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бой көрсетіп, өз пікірін ортаға салу- міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.
Енжар заңды мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді қалай болса солай орындайды. Ал өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайдылықпен қарайды. Мысалы, сайлауға, заңның жобасын талқылауға қатыспайды, отбасын құрғысы келмейді. әрине, мұндай мінез-құлық заңға қайшы келмесе де, адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғамда ештене ұтпайды. Демек, екі тарап та ұтылыста болады. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын, немқұрайдылығын пайдаланып, қара ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасаулары мүмкін.
Заңды мінез-құлық бірнеше түрде болуы мүмкін .
Әрине, тек насихатпен адамдардың енжар мінез-құлқын белсенділікке айналдыру оңай емес. Ең алдымен белсенділік-жастайынан қалыптасатын қасиет. Оның негізгі шарты-еңбекке баулу. Заңдар да адал, ақ ниетпен істелген жұмыс үшін көтермелеу шараларын белгілесе, ол құқықтық белсенділікке негіз болады.
Құқықтық сананың деңгейіне байланысты заңды мінез-құлық (іс-әрекет) төмендегідей түрлерге жіктеледі:
1. Маргиналдық (маргинал-аралық) мінез-құлық - бұл мінез-құлық, бәрінен бұрын, заң бойынша жазаланудан қорқу мен өз есебінен жаңылып қалмау мақсатына негізделеді. Маргиналдық мінез-құлықты адамдар қай-сы сәтте де болса заңды оп-оңай аттайды (бұзады), сәті келсе, ыңғайлы жағдай туа қалса, құқықтық талаптарды дайын тұрады;
2. Конформистік құқыққа сай мінез-құлық . Мұндай мінез-құлық адамның құқықтық талаптарға конформистік түрде бас июіне (көніп, бағынуына) негізделеді. Мұндай мінезді адамның ұстанатын қағидатты “бәрі қандай болса, мен де сондаймын” болады. Мұндай мінез-құлық құқықтық нормаларды жете түсінбей, олардың байыбына бармай орындауға (атқаруға) негізделеді;
3. Жағымды құқыққа сай мінез-құлық - мұндай мінез-құлық қоғамда бар құқық нормаларының әділ және әділеттілігіне деген мызғымас сенімге, құқықты құрметтеуге және оны терең білуге негізделеді. Мұндай мінез-құлық құқықтың әдеттегі қалып бойынша, әр түрлі себептермен дәлелдердің іштей арпалысуынсыз орындалуынан (атқарылуынан) көрінеді
4. Құқыққа сай, әлеуметтік тұрғыдан белсенді мінез құлықтың түрі құқықтың құндылығының қажеттілігі жөніндегі мызғымас сенім мен құқықты құрметтеуге ғана емес, сонымен бірге құқыққа дәлелді түрде қарау мен оны жете түсінуге негізделген. әлеуметтік- құқықтық белсенділіктің сипаттамалық белгілері ретінде азаматтардың, барша халықтың өкімет тарапынан қабылданғалы отырған заңдарды талқылауға белсене қатынасуларын, қоғамда қабылданған заңдарды өздерінің күнделікті өмірінде мысалы, кәсіпкерлікпен шұғылдануда немесе басқалай іс-әрекеттерде пайдалана білулерін, тәртіп қорғау орындарының қызметіне белсенділікпен араласуларын қарастыруға болады.
Қоғамдық қатынастарды әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан реттеу құқықтық нормаларды, заң талаптарын жеке тұлғалардың мүлтіксіз орындауын, қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауын, қоғамға жат, зиянды әрекеттерден аулақ жүруін талаптайды жеке тұлғаның заңды әрекеті дегеніміздің өзі заң талаптарына сәйкес келетін әрі субъектілердің құқытары және міндеттерімен қабысып жатқан мінез-құлқы болып саналады.
Қорытынды
Заңды білу-заман талабы. Өйткені, құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы күн сайын арта түсуде. Жастарымызға қазіргі өмірдегі қоғамның қарым-қатынас заңдылықтарын терең ажырататын құқықтық сана, құқықтық мәдениет қажет. Тәлім-тәрбиелік мәселелердің барша табиғатына үңілсек, тіршіліктегі сан-алуан қолданбалы мәні зор әлеуметтік нормаларды-тарихи құқықтық жүйенің қайнар көзі немесе құқық ғылымының негізі деуге болады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан- ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық еңбек, т. б. әлеуметтік нормалар мен принциптердің алар орны ерекше. Жалпы әлемдегі даналардың, кемеңгерлердің, шешендердің тіпті өзіңнің ата-анаңның да айтқан ұлағатты сөздерінің бәрі құқықтық әлеуметтік мәнге ие. Бұның барлығы халықтың заңдылық пен әділдікке деген құштарлығын білдіреді. Адамның тағдыры-қоғам мен экономикалық жағдаймен шарттас болып келеді. Сондықтан да оның моральдық-психолгиялық өзгешеліктерінің түрлінше болып қалыптасуына әрқалай әсер етеді. Мәселен, адамаралық қатынаста әділдік өзара теңдік доқ жерде біркелкі құқықтық психологиялық жағдай болмайды. Мұның өзі халықтың әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларының асқынуына ықпал етеді. Сөйтіп, адамгершілік ар-намыс, ұят ұжданнан жұрдай болып, қаталдық, мейірімсіздік т. б. осы іспеттес жағымсыз қасиеттердің көріністері ретінде құқық бұзушылыққа әкеп соғады. Әр жастағы адамдардың көңіл-күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенімдері, қызығушылықтары әдет-дағдылары бірдей болып келмейтіндігі жөнінде пікірлер баяғыдан бар ұғым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz