Акциз салығы туралы ақпарат


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 12. Акциз салығы

  1. Акцизді төлеушілер

12. 2 Акцизделетін тауарлар

12. 3 Акциз ставкалары

12. 4 Акциз сомасын есептеу және төлеу тәртібі

12. 5 Салық кезеңі. Салық декларациясы

12. 1Акцизді төлеушілер

Жанама салықтардың бірі - акциз салығы.

Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық.

Акциз бюджет кірістерінің 2. 7 пайызын құрайды.

Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріне қарай монопольды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді.

Акциз әмбебаптық және жеке-дара акциздер деп бөлінеді. Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі. Оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Ал жеке-дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың тізбесі және акцизделетін қызмет түрлері.

Акциз салығы:

  • Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға.

Акциз салығын төлеушiлер :

1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын жеке және заңды тұлғалар;

2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

5) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, акцизделетiн тауарлардың конкурстық массасын өткiзудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
5
Жоғарыда көрсетілген ережелер ескерiле отырып, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.

Тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны; жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) ; шикi мұнай, газ конденсаты өткiзудi жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілір болып табылмайды.

12. 2 Акцизделетін тауарлар

Акцизделетiн тауарлардың саны мен көлемі жыл өткен сайын ықшамдалып келеді.

Акцизделетiн тауарлар тізбесі :

1) спирттің барлық түрлерi;

2) алкоголь өнiмi;

3) құрамындағы этил спиртінің көлемі 0, 5 проценттен аспайтын сыра;

4) темекi бұйымдары;

5) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;

6) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) ;

7) шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.

Мыналар салық салу объектiсi болып табылады:

1) акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған, өндiрген және ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

  • акцизделетiн тауарларды өткiзуi;
  • акцизделетiн тауарларды алыс-берiс негiзiнде ұқсатуға беруi;
  • алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
  • жарғылық капиталға жарнасы;
  • заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
  • өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
  • өндiрушiлердің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіру үшін пайдалануы;
  • өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;

2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;

3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;

4) конкурстық массаны, тәркiленген және (немесе) иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзуi;

5) акцизделетiн тауарлардың, акциздік маркалардың бүлiнуi, жоғалуы.

Мыналарға акциз салынбайды:

1) белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;

2) этил спиртiн өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi этил спиртi.

  • өндiрушiнің аталған өнiмдi өндiру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек әзiрлеу үшiн;
  • мемлекеттiк медицина мекемелерiне босатылса.

Операция жасалған күн болып саналады:

  • барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелтілген немесе берілген күнi;
  • тауар өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күні;
  • акцизделетiн алыс-берiс тауарларын беру кезiнде аталған тауарларды мердiгерге (ұқсатушыға) берген күн;
  • алыс-берiс тауарларынан акцизделетiн тауарлар әзiрленген кезде әзiрленген акцизделетiн тауарларды тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берген күні;
  • акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк қажеттерiне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күні;
  • акцизделетiн өнiм, акциздік маркалар бүлiнген жағдайда бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциздік маркаларды) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күні;
  • акцизделетiн тауарлар, акциздік маркалар жоғалған жағдайда акцизделетiн тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған күн.

Салық базасы

Тұрлаулы акциз ставкасы белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген заттай нысандағы акцизделетiн тауарлар көлемi ретiнде айқындалады.

Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрушi осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгiзбей беретiн бағалар бойынша анықталатын өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде айқындалады. Аталған құн осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығы енгізілместен өндіруші беретін бағалар бойынша айқындалады.

12. 3 Акциз ставкалары

Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын адамдарға өткiзiлетiн спиртке белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.

Акциз салығының ставкалары

1) акцизделетін тауарларға:

Рет №
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды
Акцизделетін тауарлардың түрлері
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)
Рет №:
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2
Акцизделетін тауарлардың түрлері: 3
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен): 4
Рет №: 1.
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2207-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: 80 көлемдік процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген концентрация дағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімін, емдік және фармацев тикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

600 теңге/

литр

Рет №: 2.
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2207-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

0, 1 теңге/

литр

Рет №: 3.
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2208-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: 80 көлемдік проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

100% спирт

750 теңге/

литр

Рет №: 4.
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2207-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: 80 көлемдік процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатураттал маған этил спирті; этил спирті және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

60 теңге/

литр

Рет №: 5.
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2208-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: 80 көлемдік проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын өзге де спиртті ішімдіктер
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

100% спирт

75 теңге/

литр

Рет №: 6.
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2208
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

100% спирт

500 теңге/

литр

Рет №: 7.
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2208
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Коньяк, бренди (отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

100% спирт

325 теңге/л

Рет №: 8
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2208
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

100% спирт

170 теңге/л

Рет №: 9
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2204, 2205, 2206 00-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Шараптар
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен): 35 теңге/л
Рет №: 10
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2204, 2205, 2206 00-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Шарап материалы (этил спирті мен Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа)
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен): 170 теңге/л
Рет №: 11
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2204, 2205, 2206 00-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

20 теңге/

литр

Рет №: 12
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2203 00
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Сыра
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

26 теңге/

литр

Рет №: 13
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2203 00-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0, 5 процентттен аспайтын сыра
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

0 теңге/

литр

Рет №: 14
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2402-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Фильтрлі сигареттер
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен): 1000 теңге/ 1000 дана
Рет №: 15
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2402-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Фильтрсіз сигареттер, папиростар
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен): 600 теңге/ 1000 дана
Рет №: 16
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2402-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Сигариллдер
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен): 1200 теңге/ 1000 дана
Рет №: 17
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2402-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Сигарлар
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен): 95 теңге/ дана
Рет №: 18
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2403-тен
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен):

1220 теңге/

килограмм

Рет №: 19
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 2709 00-ден
Акцизделетін тауарлардың түрлері:

Шикі мұнай, табиғи газ

конденсаты

Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен): 0 теңге/ тонна
Рет №: 20
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды: 8702, 8703, 8704-тен
Акцизделетін тауарлардың түрлері: Двигателінің көлемі 3000 текше см-ден жоғары жеңіл автомобильдер
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен): 100 теңге/ текше см

Жоғарыда көрсетілген ставкалары жөнінде қосымша қаулы қабылданып, кестенің 1-13 жолдарының қолданылуы 2014 жылғы 1 қантарға дейін, 14- 18 жолдарының қолданылуы 2011 жылғы 1 қантарға дейін тоқтатылған. Тоқтатылған мерзімде белгіленген ставкалар өндірілетін және импортталатын тауарлар бойынша бөлінген. Өндірілетін тауарлар бойынша төмендетілген ставкалар белгіленген.

2) Салық Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға - бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бойынша:

Рет №
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)
Рет №:
:
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен):

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)

(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-

2710 11590 0)

Дизель отыны

(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)

Рет №: 1
: 2
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен): 3
4
Рет №: 1
: Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен): 4500
540
Рет №: 2
: Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен): 0
0
Рет №: 3
: Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен): 5000
600
Рет №: 4
: Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен): 500
60
Рет №: 5
: Импорт
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен): 4500
540
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу тәртібі
Жанама салықтардың рөлін, маңыздылығын және әрекет етуші механизмін зерттеу және осының негізінде қазіргі Қазақстан экономикасындағы өзгерістер мен қалыптасқан жағдайға сәйкес оны әрі қарай жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар
Салық жүйесіндегі акциздің рөлі және алатын орны
Жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы
−жанама салық нәтижелерін талдау
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЛЫҚ КІРІСІН ЖӘНЕ САЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ
Жанама салықтардың дамуы
Акциз салығының экономикалық мәні
Жанама салықтардың қазіргі кездегі жағдайы мен олардың жаһандану жағдайындағы даму перспективалары
Акциз салығының салық базасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz